Шіру инфекциясы

Шіру инфекциясы

Шіру инфекциясы дегеніміз — тіндердің өліеттенуі мен олардың кейін шіріп ыдырауымен сипатталатын жараның инфекциялық асқынуы.

Жамбас сүйектері сынған кездегі несеп флегмоналары, тіршіліксіз тіндері мол жаншылған жарақаттар, диабеттік өліеттенулер, тоқ ішек жарақаттанған кейінгі іштің алдыңғы қабырғасының флегмоналары, тістелген және атылған жарақаттар шіру инфекциясымен жиі асқынады. Әдетте шіру флегмонасы аэробтық және спора түзбейтін анаэробтық инфекциямен қосарланып жүреді. Жара өте қатты ластанбаса шіру флегмонасы уланусыз өтеді.

Этиологиясы. Шіру инфекциясын қоздыратын микроорганизмдер әртүрлі болады.

Клиникасы. Шіру инфекциясы кезінде тіндердің өліеттенуі баяу, толассыз жүреді, шектелу байқалмайды, жұмсақ тіндер мен сүйектерді қамтып ауыр интоксикация дамиды.

Шіру инфекциясы

Тіндердің ыдырауы нәтижесінде мол қанды экссудат пен сасық иісті газ бөлінеді. Белоктардың ыдырау процестері мен ашу процестері күшейе түседі. Қанға бөлінетін токсиндер жүйке жүйесінің қызметін бұзып, шеткі қан құрамында өзгерістер туғызады, гипопротеинемияны одан әрі өршітіп, су-электролит тепе-теңдігін бұзады. Науқаста қалтырау байқалады, дене қызуы қатты көтеріліп, ми қабығының қозу белгілері пайда болады, ас қорыту, несеп түзілу процестері бұзылады.

Жарадағы жергілікті өзгерістер өліеттенген тіндердің сасық иісті қара бурыл түсті массаға айналуымен сипатталады.

Қайта қалыпқа келу процестері баяулайды немесе тоқтайды. Осы кезде магистралды ірі қантамырлары жақын орналасса қан кету қаупі күшейеді. Анаэробтық клостридиялық емес инфекциядан шіру инфекциясы баяу таралуымен, газ түзілісінің бәсеңдігімен айқындалады. Тіндерде газдың көбірек жиналуы инфекцияның аралас сипатты екенінің дәлелі.

Емдеу. Емдеуді шұғыл түрде бастау керек және ең алдымен өліеттенген тіндерді түбегейлі кесіп алып тастау қажет, қалташықтар мен іріңді іркілістер бар жерлерді жою, және жеткілікті дәрежеде дренаждап, ұзақ уақыт жуып отыру қажет.

Антибактериялық және қарқынды емдердің принциптерінің ауыр іріңді инфекцияны емдеудің приницптерінен айырмашылығы жоқ.

Ұқсас материалдарды қарай кетіңіз:

  1. Жедел іріңді хирургиялық инфекция
  2. Инфекциялық токсикалық шок. Жедел көмек

 

Материалды достарыңмен бөлісіңіз
comments powered by HyperComments
НашарОнша емесОрташаЖақсыТамаша (1 бағалар, орташа: 5,00 тен 5)
Загрузка...

Ұқсас материалдар ...