Жыныстық ажырату физиологиясы. Жасқа сай өзгерістері

Жыныстық ажыратылу физиологиясы және жыныс бездері функциясының жас ерекшелігіне қатысты өзгерістері.

Жыныс бездері жыныс гормондарын бөліп шығарады. Оларға әйел жыныс гормондары, оның ішінде эстрогендер, прогестиндер кіреді. Ерлер жыныс гормондары- андрогендер. Бұлардың барлығы табиғаты стероидты болып келетін алғы шарт — холестериннен түзіледі. Жыныс гормондарының қатарына оларды реттеуге қатысатын жыныстық факторларды да жатқызу керек — гонадолиберин, фоллитропин, лютропин. Көбеюдің реттелу үрдісіне планцетадан бөлініп шығатын хориондық гонадотропин, хориондық соматомаммотропин, сонымен бірге аденогипофиз гормоны — полактин және оны өндіруді реттейтін – пролактостатин және пролактолиберин. Жыныстық ажырату эмбриональдық және постэмбриональдық кезеңдердің бірқатарын қамтиды. Болашақ баланың генетикалық жынысы аналық без бен сперматозоидтың қосылған сәтінен анықталады. Ол жыныстық хромосомалардың жиынтығымен анықталады. Кариотип 46 ХХ әйел типінің,  ал кариотип 46 ХУ- еркектің гені.

6 аптаға дейінгі құрсақ ішілік дамуда әйел және ер жыныстың бездері бір ажыратылмаған ұйытқыдан дамиды. Ол қыртыстық және милық заттан тұрады. Мюллер өзегі әйел ағзасында жатыр мен жатыр түтігіне, ал ерлерде ішкі жыныс мүшелері қалыптасады. Ұрықты ажыратпалы детерминдеуші ұрықтың ерлер типі  гені У- хромосомада орналасқан.  Осы генге сәйкес ағзада арнайы мембраналық ақуыз Н-У- антиген бөліне бастайды. Дамып келе жатқан ағзада  осы ақуызға арналған рецептор бар. Н-У-антигенің осы рецепторлармен байланысуы аталық безге бірінші гонаданың айналуын индуцирлейді. Егер аналыққа эмбриональдық даму кезеңінде Н-У- антиген енгізетін болса, кариотиптің әйелдікі екеніне қарамастан  оның дамуы ерлердікі сияқты болады. Ер адамның ағзасындағы ішкі жыныс мүшелерінің ажыратылуы  аталық без қосымшасы,  ұрық шығарушы өзек,ұрық көпіршіктері және сыртқы жыныс мүшелері, мүшеқап, аталық без және несеп шығарғыш өзек міндетті түрде андрогеннің қатысуымен, сонымен бірге — тестостеронның қатысуымен жүреді.

Қандай жолмен ерлер ағзасында ажыратылу жүреді? Негізгі фактор- тестостерон. Мұнан басқа, Сертоли клеткасында Мюллер түтігігінің регрессиясын туындататын фактор жасушадан бөлінеді. Бұл факторды антимюллер факторы деп атайды. Ол гликопротеиннен тұрады. Тестостерон басты андрогендік гормон ретінде Лейдиг клеткасында бөлінеді. Сыртқы клеткалар құрсақ ішілік дамудың 8-12 аптасынан бастап, аналық хориондық гонадотропиннің, әрі қарай ФСГ және ЛГ, сонымен бірге ұрықтың әсерінен іске қосылады.Тестостерон  жасуша нысаналарына әсер етіп, фермент 5-альфа-редуктаза әсерінен ол 5-альфа-дигидротестостерон меншікті гормонына айналады. Жасушада дигидротестостерон арнайы рецепторлармен байланысып, ондағы хроматинмен байланысып, нәтижесінде — сәйкес гендер белсеніп, қажетті ақуыз синтезі белсенеді. Бұл рецептор У-хромосомадағы  генмен реттелді. Ішкі және сыртқы жыныс мүшелерінің дамуына әсер етумен қатар тестостерон гипоталамустың ерлер бойынша ажыратылуына қатысады, гонадолибериннің циклдік орталығының дамуын бөгейді.

Ерлер жыныстық гормондары әйелдер мен ерлерде бүйрек үсті безінде түзіледі. Андрогеннің басты түзілетін жері  — аталық без. Аталық без ерлер  жыныстық гонадасынан сперматогенез жүріп, андрогендер түзіледі.Бұл ерлерде 74-75 күнге созылады. Ішкі сөлініс қызметі ата безінде жыныс гормондары- андрогендердің түзілуіне байланысты. Олардың ішінде ең негізгісі және ең белсендісі- тестостерон. Андростерон тестостероннан 6-10 есе әлсіз болады.

Тестостеронның физиологиялық әсерлері:

  • Гонаданың жыныстық ажыратылуына қатысып, біріншілік жыныстық белгілердің  дамуына  ішкі және сыртқы жыныс мүшелері, екіншілік жыныстық белгілердің дамуына түк басу мен қаңқаның ерлер типі бойынша қалыптасуы қатысады;
  • Қаңқа мен ағзаның барлық тіндерінің өсуін белсендіріп, өсуін жылдамдатады.
  • Анаболитикалық әсерден тұрады;
  • Қаңқа бұлшықетінің ақуыз синтезін, басқа да тіндердің ақуыз синтезін белсендіреді;
  • Құштарлық пен потенцияны қамтамасыз етіп, жыныстық  қылықтың еркектік ерекшелігін қалыптастырады;
  • Сперматогенездің реттелуіне қатысады;

Жыныс гормондары

Аналық жыныс безі эмбриональды кезеңде жыныс гормондарын бөлмейді, ал аталық без андроген өндіруші қабілетке ие. Осы айырмашылыққа сәйкес эмбриональдық кезеңде ішкі және сыртқы мүшелердің ажыратылуы жүреді. Әйел ағзасында бұл үрдіс ажыратуды қажет етпейді, ажырату генетикалық тұрғыдан анықталып қойылған: Мюллер түтігінен жатыр және жатыр түтігі түзіледі. Әйелдерде сыртқы жыныс мүшелер  аптадан  апталық құрсақ ішілік кезеңнен ажыратылады. Ол урогенетикалық синустағы жыныс төмпегінен және лабиосакральды орамнан бастау алып, одан қынаптағы, клитордағы, үлкен және кіші еріндері, қынап кіреберісі түзіледі.

Бүйрек үсті, аналық без фетопланцентарлық жүйеде түзіледі. Ағзада эстрогендер 3 түрде болады: эстрон, эстрадиол және эстриол. Физиологиялық белсенділігі жағынан эстрадиол асып түседі. Эстриол эстрадиолдың метаболиті болғандықтан физиологиялық тұрғыдан белсенділігі төмен. Қанда эстрогендер бауырда түзелген глобулиндермен байланысады. Эстрогендердің метаболизмі бауырда жүреді. Олар және оның метаболиттері глюкурон және сера қышқылдарымен байланысып, ағзадан өт пен несеп арқылы шығарылады.

Эстрогендердің физиологиялық әсерлері:

  • ФСГ және ЛГ синтезін басады, аденогипофиздің гонадолиберинге жауабын азайтады, сол арқылы фолликулдың дамуы мен пісуіне қатысады.
  • Сыртқы және ішкі жыныс мүшелерінің дамуын белсендіреді.
  • Екіншілік жыныс белгілерінің дамуын белсендіреді
  • Эндомеридің пролиферациясын шақырады.
  • Жыныс мүшелерінің қан айналым үрдісін жақсартады.
  • Анаболикалық әсер етеді.
  • Сүйек тіні алмасуына қатысады, дамуын жылдамдатады.
  • Үлкен мөлшерде минералокортикоидтар сияқты әсер етеді.

Прогестин – жүктілік гормоны деп аталады. Өйткені ол жүктілік барысының өтуін дұрыстайды. Прогестин гормонының әсерінен жатыр қабырғалары босап және ұрықтанған жыныс жасушасы оңай орнығады, сондай-ақ көпіршіктің жетілуі тоқталады. Жануарларға тәжірибе жасап көргенде, сары дене бұзылған кезде жүктілік тоқталады да ұрық ағзадан шығарылады.

Жыныстық жетілу кезеңдері

  • I) пубертат;
  • II) жыныстық жетілген кезең;
  • III) жыныс әрекеттің бәсеңдеуі.
  1. Пубертат– әйел мен еркек жыныс ағзаларының репродуктивті жүйе қызметінің құрылу кезеңі. Ол жыныстық жетілумен аяқталады — ұрпақ өрбітуге қабілетті болады. Ол өз кезегінде 3 фазадан тұрады:
    1) Балалық фаза (препубертатты фаза) — жыныс жетілу алдындағы 2-3 жыл мерзімді жатқызады. Ұл балаларда 10 жасында, қыздарда 8 жасында аяқталады. Пубертат белгілерінің дамуында бүйрек үсті бездерінің гормондары қатысады.
    Адренархе — жыныс жетілуінде бүйрек үсті без гормондары қатысатын уақыты мерзімі. Бұл кезең бүйрек үсті бездерінің белсенділігі төмен андрогендер синтезі мен секрециясы жоғарлауымен сипатталады. Олар қолтық асты мен шат аймағында түктер пайда болуына, қолтық асты және май бездерінің қызметтеріне әсер етеді. Қыз балаларда адренархе 6-8 жасында басталады.
    2) Бейтарап фаза (меншікті пубертатты кезең)– ұлдарда шамамен 10 жастан 14 жасқа дейін, қыздарда 9-дан 12 жасқа дейін созылады. Осы шақтан жыныс бездерінің, ішкі және сыртқы жыныс ағзаларының дамуы, екіншілік жыныс белгілерінің пайда болуы тез жүре бастайды. Аталық безде эпителиальды қабаттың және интерстициальды тіннің өсуі болады.
    Анабезде фолликулдардың жылдам өсуі болады,гормональды активтілік жоғарылайды. Бейтарап фаза шап аймағында түктердің өсуінен бастап, ұлдарда ата бездің үлкеюінен, сүт бездерінің қыздарда ісінуімен және олардың аздап ауыру сезімімен жүреді. Ұлдарда ол алғашқы поллюцийге дейін және қыздарда алғашқы менструацияға дейін кездеседі.
    жасы 12,8±1,2жас.
  • Телархе-қыздарда сүт бездерінің дамуы 8-10 жас аралығында болады.
  • Менархе -алғашқы менструацияның пайда болуы.

3) Ересек (постпубертатты кезең) – ер балаларда 14-тен 18-ге дейін, бойжеткендерде орташа 13-тен 16 жасқа дейін созылады. Жыныс әрекеттің кезекпен дамуы және екіншілік жыныс белгілерінің толық түзілуі болады. Жігіттің организмі жыныстық қатынасқа түсуге, жұмыртқа жасушаны ұрпақтандыруға, эякуляцияға қабілетті болады. Қыздарда жыныстық циклдың дамуы аяқталып, менструациялық және овуляциялық цикл жүреді.
II. Жыныстық жетілген кезең (жеткіншек).Бұл мерзім әр адамда жеке-дара жүреді. Әйел адамдарда ол 16-18 жасына, ал ерлерде 18-20 жасқа сай келеді. Осы кезең ер мен әйелдің бала тууға дайындығымен, қанда гормондардың максимальды дәрежеде болуымен сипатталады.

III. Жыныс әрекеттің бәсеңсуі ерлерде шамамен орташа 60 жастан кейін, әйелдерде 45-50 жас шамасына сай келеді.Адамның жыныстық мінез-құлқы – соматикалық компонент пен реттеуші механизмдер кіретін жалпы репродуктивті қызметтің іске асырылуына бағытталатын жыныстық жүйе әрекетінің көрінісі.

Ерлердегі және әйелдердегі климакс кезеңі, ерекшеліктері.

Климакс — бұл әйелдердің етеккір тоқталған мезеті. Осы етеккір паузасынан соң ол бала көтермейді. Осынау «өмір өзгерісіне» әйелдер 40—60 жас аралығында келіп жетеді. Етеккір мүлдем тоқталар алдында оның келіп-кету кезеңінің реттілігі бұзылады. Етеккір паузасы кезінде де, одан соң да жыныстық қатынасты тыюдің ешбір негізі жоқ. Әйтсе де әйелдің осы өтпелі кезеңде жүкті болып қалуы әбден мүмкін нәрсе, сондықтан егер де бала көтермеуге бел буса, онда ол жыныстық қатынаста етеккір тоқтағаннан кейінгі 12 ай бойына барлық сақтану шараларын мұқият жасап бағуы қажет. Етеккір тоқтағанда, әйел өзін жүкті болып қалдым деп ойлауы мүмкін. 3-4 айдай кідіріп барып үзілістен кейін келген етеккірді ол тіпті түсік деп санайды. Сол себептен де егер 40-50 жас аралығындағы әйелдің бір уақта қайтадан етеккірі келе бастаса, оған мұның етеккір тоқтауы екендігін айтып түсіндіру қажет. Етеккір тоқталған кезінде әйелдер өздерін жайсыз сезінеді — мазасызданады, көңіл-күйі құлазиды, ыстығы көтеріледі (дене қызуы тосыннан қолайсыз көтеріліп кетеді), өн-бойы салдырап ауырады, жабығыңқы жүреді. Етеккір тоқтағаннан кейін көптеген әйелдердің көңіл күйі көтеріңкі жағдайда болады. Етеккір тоқталған кезінде көп кідірістен соң (айлар, жылдар өтіп) қан тағы да ағып, іштің төменгі жағы ауыра бастаса, дәрігерге көрінулері керек. Олар өздерінің ракқа немесе басқадай бір қатаң дертке шалдықпағандықтарына көз жеткізгені жөн. Етеккір тоқтағаннан кейін әйелдің сүйегі күйректеніп, сынғыш болады. Кездейсоқ сынықтан сақтану үшін олар құрамында кальций бар тағамдарды көбірек ішіп жеуі қажет. Енді бала көтермейтін әйелдің қолы босайды да, ол бұдан былайғы жерде немерелерін бағып немесе оған өзі тұрған жерде қоғамдық пайдалы істермен айналысуға мүмкіндік туады.

Ол жыныстық гормондардың (андрогендердің) функциясы жетіспеушілігінен пайда болады, 40-70 жас аралығында кездеседі. Медицинада бұл қалыпты физиологиялық құбылыс саналады. Ал оның патологиялық түрінде жүрек-қан тамыр­лары және несеп-жыныс жолдарында кеселдер пайда болады да, еркектің жүйке жүйесінде қалыпсыздықтар байқалады. Жалпы, бұл – еркек ағзасы қартаюының бір белгісі.Климаксқа соқтыратын бұдан басқа да себептер бар. Олар – жыныс органдарының қабыну аурулары (орхит, эпидидимит, орхоэпидидимит), жұмыртқа (тас) ісігі, жұ­мыртқадағы қан айналымының бұзылуы, иондық сәуле­ле­нудің, кәсіпорындағы зиянды, улы заттардың әсері, ішімдіктен улану, қандай да бір себептермен кастрация (піштіру, тарттыру, аталықсыздандыру) жасау. Еркектер климаксы 45 жасқа дейін басталса – ерте, 60 жастан асқанда басталса – кеш басталған деп есептеледі. Жүрек-қан тамырлары тарапынан климакс былай білінеді: жүрек соғысы жиілейді, бет пен қол қатты ысынуды сезінеді, қызарады. Кейде адамның басы айналып, ол өзін есінен танып қалардай сезінеді, ауа жетпегендей болады, көз алды қарауытады. Эмоциялық және физикалық салмақ түскенде жүрек соғуы жиілейді, кейде онда іркіліс сезілуі мүмкін, жүректің жоғарғы тұсы түйнеп ауырғандай болады. Қан қы­сымы қалыптан ауытқиды. Несеп-жыныс жолдарының жұ­мысында қалыпсыздықтар пайда болады.

Материалды достарыңмен бөлісіңіз
comments powered by HyperComments
НашарОнша емесОрташаЖақсыТамаша (1 бағалар, орташа: 5,00 тен 5)
Загрузка...

Ұқсас материалдар ...