Нашар көру және соқырлық себептері

Көру қабілетінің адам өмірінде қаншалықты маңызды екендігі туралы өте жақсы М.Горький былай дейді : «Көру қабілетінен айырылудан қорқынышты ештеңе жоқ». Ол сөзбен айтып жеткізілмейтін өкініш  және ол  адам әлемнің оннан тоғыз бөлігінен айырады. Шынында адам өзін қоршаған орта туралы 90% мәліметті көз ағзасы арқылы алады.  «Мың рет естігеннен бір рет көрген жақсы» деп бекер айтылмаған. Қазақта ең қымбат затты көзінің қарашығымен теңестірген. Бұл тегін айтылған сөздер емес. Біз көз арқылы қоршаған ортамен танысып қана қоймаймыз, табиғаттың сұлу көрінестерінен ляззат аламыз. Келешекте мамандық таңдауымыз да көзімідің көру қабілетіне байланысты. Көз ағзасы ең күрделі ағза және үнемі оны күтіп, сақтай білу керек. 

Дүние жүзілік Деңсаулық сақтау ұйымының мәліметтеріне жүгінсек, әлемде 40 миллионға жуық екі көзге соқыр және 50 миллион адам соқырлыққа жақын жағдайда күн кешуде. Сол себепті офтальмологияның өзекті мәселелерінің бірі соқырлықты болдырмау және емдеу. 

Көптеген жұйелі ауруларда көз ағзасымен бірге басқа ағзалар да зақымдалады. Мысалы, гипертониялық ауруда, васкулиттерде, қантты диабетте, бұйрек ауруларында, коллагеноздарда, және т.б. Бұл жәй офтальмолог қызметі қаншалықты жауапты әрі, күрделі екенін білдіреді.

Соқырлық ­ көру өткірлігінің екі көзде күрт төмендеуі немесе көрмей қалуы. Соқырлық іштен туа пайда болған және жүре пайда болған болып бөлінеді; егер көру  орталығындағы ми қыртысы зақымдалса ­қыртыстық соқырлық. Сонымен бірге абсолютты немесе медициналық соқырлықты (тіпті жарықсезгіштік болмаса, vіs =0)  және азаматтық соқырлықты (ең жақсы көретін көзде vіs =0.03, яғни наукас өздігінен еркін қозғалып, өзін ­өзі алып жүре алмайды) ажыратады;

Амовроз ­ ешбір  көзге көрінерлік анатомиялық өзгеріссіз абсолюты соқырлық. Ол ОЖЖ іштен туа  және жүре пайда болған ауруларының, функциональды  бұзылыстардың салдары (мысалы истерия).

Нашар көру ­ көру өткірлігінің жақсы көретін көзде 0,04 тен 0,3 дейін төмендеуі.

  Анық көру мына шарттарға байланысты:

  1. Оптикалық орталардың мөлдірлігі.
  2. Көру нервісінің және торлы қабаттың нервті-рецепторлы аппаратының қалыпты қызметі.
  3. Тор қабықта қараған заттардың анық бейнелері пайда болуы қажет.

Нашар көрумен соқырлықтың себептері

1. Рефракция патологиясы: бұл, бір көздің диоптриялық аппаратының күші сол көздің ұзындығына сәйкес келмеуі яғни, оптикалық аппараттың сындыру күші күшті немесе әлсіз, сондықтан фокустың арақашықтығы қалыпты көз ұзындығынан аз немесе көп; немесе көз ұзындығы қалыптыдан көп немесе аз сондықтан көздің сындыру аппаратының фокустық арақашықтығына сәйкес келмеуі болады.

2. Оптикалық құрылымдардың патологиясы: а) қасаң қабықтың қарауытуы қабыну үрдісіне байланысты пайда болады. Бұл кезде әр түрлі дәрежеде “ақ дақтар”(бельмо) пайда болады. Жаңадан пайда болған дақтарды ферментативті препараттардың (лидаза, стрептодеказа) көмегімен ыдыратып, қасаң қабықтың мөлдірлігін қалпына келтіруге болады. Егерде жара өтпелі немесе қабаттық болса, қасаң қабықты ауыстырып салу қажет.

б) Көз бұршағының қарауытуы немесе катаракта. Катаракта бұл көз бұршағының стромасының немесе капсуласының тұрақты, қайтымсыз қарауытуы. Катарактаның себептері:
1) жасқа байланысты зат алмасу өзгерістері- қарттық немесе жастық катаракта
2) токсикалық катаракта
3) сәулелік катаракта
4) жарақаттық катаракта
5) туа пайда болған тұқымқуалаушы катаракталар
6) екіншілік асқынған катаракталар (диабетикалық, эндокринді, коллагенозды, подагралық, инфекциялық және т.б)

Шыны тәрізді дененің патологиялары: туа пайда болған және жүре пайда болған деп ажыратады.

Туа пайда болған өзгерістерінен жиі кездесетін гиалоидтық артерияның қалдығын айтуға болады. Типтік жағдайда гиалоидтық артерия дәнекер тінді сабақ (шварт) сияқты көрінеді. Көз алмасы қозғалғанда шварт тербеліп тұрады. Шыны тәрізді дененің іштен туған патологиялық жағдайына біріншілік шыны тәрізді дененің гиперплазиясын да жатқызады.  Шыны тәрізді дененің жүре пайда болған патологиялары: тамырлы қабықтың қабынуында, жарақаттарда, жақыннан көргіштікте, көз алмасының ішіне енген бөгде заттарда (металл сынықтары, цистицерк) т.б. жағдайларда пайда болады.

3. Торлы қабық және көру нервісінің патологиясы. Тор қабықтықтың ауруларының арасында :
1.Қабыну сипаттағы зақымданулар (ретиниттер)
2.Қан тамыраларының қабыну өзгерістері (флебиттер, васкулиттер, артерииттер)
3.Ретиноваскулиттер
4.Дистрофиялық өзгерістер
5.Факомотаздар
6.Тор қабықтың ажыралуы
7.Тор қабықтың даму мүкістіктері
8.Тор қабықтың ісіктері

Көру нервісінің патологиялары :
Көру нервісінің қабынуы
Көру нерв дискісіндегі іркілу үрдістері
Көру нервісінің семуі
Көру нерв дискісінің друздары
Көру нервісінің ісіктері

Материалды достарыңмен бөлісіңіз
comments powered by HyperComments
НашарОнша емесОрташаЖақсыТамаша (әлі баға қойылмады)
Загрузка...

Ұқсас материалдар ...