Аналық без обыры

Аналық безі обыры

Аналық безі обыры (ісік) дегеніміз эпителиалды дамитын аналық бездердің қатерлі ісігі. Аналық безі обыры бөлінеді:

  • біріншілік, өзгермеген эпителиалды тінен дамиды;
  • екіншілік, тасымалдау нәтижесінде дамиды;
  • қатерсіз үрдіс;
  • ·метастаздық, эндометрия, омырау безі және асқазан – ішек жолдары зақымдалу нәтижесінде үрдіске енген аналық бездер.

Эпидемиологиясы. Аналық без обырлары әйелдерде көптеген жағдайда менопаузадан кейін анықталады, орташа жас 63 жас. 

Американдық акушер-гинекологтар ассоциация мәліметтері бойынша аурушаңдық 100 мың тұрғынға шаққанда 15-16 жағдайда өскен (жас тобы 40 жастан 44 жасқа дейін) 100 мың тұрғынға шаққанда 57 жағдайға дейін (жас тобы 70 жастан 74 жасқа дейін ).

Патогенезі: —Аналық бездің барлық қатерлі ісіктерінен эпителиалды қатерлі ісіктер  80-90% құрайды. Эпителиалды ісіктердің көзі болып аналық бездің тері эпителиі. —Аналық бездің екіншілік обыры қатерленген целиоэпителиалды  кистомалар нәтижесінде дамиды (онкология институтының мәліметтері бойынша, барлық целиоэпителиалды кистомалардың 45,8% қатерленеді), псевдомуцинозды кистомалар, герминогенді ісіктер (дермоиидты кисталар), жыныс стромасының ісіктері (гранулезожасушалы ісіктер, андробластомалар, текомалар). 

Құрсақ қуысы бойынша ісіктердің жайылуы серозды сұйықтықпен өтеді, жиі құрсақ қуысының ішкі қабырғасы зақымдалады, әсіресе оң жақ диафрагмаасты кеңістік, сонымен қатар, имплантационды жолмен зақымдалатын үлкен сальник. Сондай-ақ, ісіктердің диссеминациясы парааорталды және паракавалды түйіндерге лимфа жолымен өтеді. Лимфалық дренаж және лимфогенді метастаздану, жатырдың кең байламына және жамбастың құрсақ қабырғасында болады, сыртқы мықын, жабылатын және құртасты қосады. Ісік сирек жатырдың дөңгелек айналымы жолымен түйіндерге жайылады, кейіннен шап лимфа түйіндері қосылады. Көптеген жағдайда асқынған кезде науқастарда ретроперитонеалды лимфотүйіндер де анықталады. 

Аналық безі обырының гистологиялық жіктелуі:

—Аналық бездің эпителиалды қатерлі ісіктерінің негізгі жіктелуін БӘДҰ және FIGO өндеген. Номенклатура жасушаның түрін, ісіктің орналасуын, қатерлену деңгейін көрсетеді.

Эпителиалды жүретін аналық бездің қатерлі ісіктері.

Қатерлі серозды ісіктер:

  • Аденокарцинома, папиллярлы аденокарцинома. Папиллярлы цистаденокарцинома.
  • Беткейлі папиллярлы карцинома.
  • Қатерлі аденофиброма, цистаденофиброма.

Қатерлі муцинозды ісіктер.

  • Аденокарцинома. Цистаденокарцинома.
  • Қатерлі аденофиброма, цистаденофиброма.

Қатерлі эндометриоидты ісіктер.
—
—Карцинома:

  •      Аденокарцинома.
  •      Аденоакантома
  •      Қатерлі аденофиброма, цистаденофиброма.

—Эндометриоидты стромалды саркомалар.

  • —Мезодермалды (мюллеровалар) аралас ісіктер, гомологитті және гетерологитті.
  • —Ашықжасушалы (мезонефроидты) ісіктер, қатерлі. Карциномалар, аденокарциномалар.
  • —Бреннер қатерлі ісігі.
  • —Дифференцирленгенемес карциномалар. Классифицирленгенемес қатерлі эпителиалды ісіктер.

Аналық безі обырының клиникасы
Жиі симптомдары болып іштегі, белдегі ауырсынулар, іштің кебуі, асцит, гидроторакс табылады. Бірақта бұл симптомдар аналық бездің қатерсіз ісіктеріне де жатады.
Тек кеш сатысында ғана жалпы астенизация, жалпы дефекацияның және зәршығарудың бұзылуы байқалады.

ДиагностикасыМіндетті тексеру:

1. ректо-вагинал зерттеу
2. кіші жамбас мүшелерін УДЗ
3. асқазан мен ішекті рентгенологиялық зерттеу

Қосымша тексеру:
1. диагностикалық лапароскопия
2. құрсақ қуысының обзорлы рентгенографиясы
3. пневмопельвиография
4. СА-125
5. КТ

Аналық безі обырының сатылары

I саты Процесс аналық безде ғана шектелген.
IA Процесс бір аналық безде шектелген, асцитжоқ, сыртқы беткейде ісік жоқ, капсула интактілі.
IB Процесс екі аналық безді қамтыған, асцитжоқ, сыртқы беткейде ісік жоқ, капсула интактілі.
IC IA және IB сатыларындағыдай, біреуінде немесе екеуінің беткейінде ісік анықталады капсуламен, с асциттік сұйықтықта ісікті жасушалар бар.
II Процесс кіші жамбас бойнша таралған бір немесе екі аналық безді қамтыған.
IIA жатырға немесе жатыр түтікшесіне таралған.
IIB кіші жамбастың басқа тіндеріне жайылған
IIC IIA және IIB сатыларындағыдай, біреуінде немесе екеуінің беткейінде ісік анықталады капсуламен, с асциттік сұйықтықта ісікті жасушалар бар.

III ісік бір немесе екі аналық безді қамтыған. Құрсақ қуысына жайылған, бауырға беткейлі метастаз берген және құрсақ қуысы аймағында басқа да мүшелерге метастаз берген, ретроперитонеалды және шап лимфотүйіндері енген.
IIIA кіші жамбастан аса ісік визуалды шектелген, но микроскопиялық құрсақтың шөгуі анықталады.
IIIB құрсақ қуысындағы метастаздар диаметрі 2 см дейін, ретроперитонеалды және шап лимфотүйіндері енбеген.
IIIC құрсақ қуысындағы метастаздар диаметрі 2 см асады, ретроперитонеалды және шап лимфотүйіндері енген.
IV алыс метастаздар

Аналық безі обырын емдеу

Негізгі ем әдісі болып хирургиялық табылады. Аналық бездің қатерлі ісігі болған кезде жатырдың қынапүсті ампутациясы немесе жатыр экстирпациясы жатырды, қосалқыларымен, үлкен сальникті біруақытта алып тасталынады. Жатырды толығымен алып тастау жатыр мойнының қынапты бөлігіне қосымша процесстер енген кезде жасалынады.

Жатыр қосалқыларын екі жақты алып тастау ерте ме кеш пе процесс екі аналық безі зақымданғанда болады. Аналық безі обырының метастаз беруінің негізгі көзі болғандықтан шарбы резекциясы міндетті түрде жасалынады. Хирургиялық ота кезінде экспресс-биопсия міндетті және негізгі болып табылады, өйткені ісіктің құрылымы мен сипаты жайлы нақты ақпарат береді.

Аналық без обырын емдеуде химиотерапияда маңызды рөл атқарады және оперативті еммен бірге жүргізіледі. Аналық без обыры кезінде жиі платиналар, циклофосфан, таксол,
метотрексат, лофенал, фторурацил және басқа да цитостатикалық препараттар қолданылады.

Химиотерапевттік препараттармен ем жүргізуге көрсеткіш болып табылады:

  1. радикалды операция жүргізілгеннен кейін  метастаздар мен қайталанулардың алдын алу;
  2. қалған ісік ошақтарын ликвидациялау және радикалды емес операциялардан кейін ұсақ диссеминаттар;
  3. радикалды операция жүргізу мақсатында ісік өсуінің стабилизациясы үшін  паллиативті операциядан және диагностикалық лапаротомиядан кейін;
  4. уақытша стабилизация және аурудың асқынған сатыларында науқастын өмірін ұзарту үшін;
  5. операцияалды дайындық сапасында операция жүргізуге қолайлы жағдай жасау мақсатында.

Препараттарды таңдай кезінде келесі факторларды ескеру қажет:

1. Науқастың жалпы жағдайы.
2. Қантүзу жүйесінің жағдайы.
3. Дене салмағы.
4. Асциттің болуы.
5. Ісіктің гистологиялық түрі және әртүрлі препараттарға оның сезімталдығы.

Гормоналды терапия қосымша мағыналы болады. Науқастар менопаузадан кейін тестостерон пропионат қабылдайды күніне 50 мг бұлшықет ішіне 2 ай бойы, содан кейін тілдің астына метилтестостерон күніне 30 мг, біртіндеп мөлшерін 10 мг дейін түсіреді.

Болжамы: Аурудың болжамын анықтайтын негізгі факторлар болып келесілер табылады:
1. FIGO бойынша процесстің сатысы.
2. Гистологиялық түрі
3. Қатерлігінің гистологиялық деңгейі.
4. Ісік диссеминациясын көрсететін факторлар.
5. Асциттік сұйықтықта немесе құрсақ қуысы қабырғасының жуындысында қатерлі жасушалардың болуы.
6. Аналық бездің беткейіне Ісіктің жайылуы.
7. Капсуланың енуі.
8. Көрші тіндермен тығыз өсуі.

Материалды достарыңмен бөлісіңіз
comments powered by HyperComments
НашарОнша емесОрташаЖақсыТамаша (2 бағалар, орташа: 5,00 тен 5)
Загрузка...

Ұқсас материалдар ...