Сот медициналық танатология және мәйіт сараптамасы

Сот-медициналық танатология және мәйіт сараптамасы

Танатология (Тһаnаtоlоgіа — өлім туралы ілім) — өлу заңдылықтары және осыған байланысты мүшелер мен тіндерде пайда болатын өзгерістер туралы ілім.

Өлімді ажырататын белгілер:

  1. Мәйіттің қозғалмауы
  2. Терінің бозаруы
  3. Тыныстың болмауы
  4. Жүрек соғысы мен пульстың болмауы
  5. Реакциялардың болмауы

Өлімнің нақты белгілері:

  1. Дене температурасыны 20 о С дейін түсуі,тік ішекте 23 о С дейін
  2. Лярше дақтарының болуы
  3. Қарашықтың формасының өзгеруі (Белоглазов белгісі)
  4. Ерте мәйіттік белгілер (сууы, мәйіт дақтары, мәйіттің кебуі, аутолиз)
  5. Кеш өзгерістер немесе мәйіттік өзгерістер трансформациясы

Өлім дәрежесі:

  1. Зорлықпен
  2. Зорлықсыз

Зорлықпен өлім — бұл қоршаған ортаның әр түрлі факторлары әсерінен болатын өлім (механикалық, физикалық, химиялық, биологиялық ,психикалық)

Зорлықпен өлімге: өлтіру, өзін өзі өлтіру, қайғылы жағдай

Зорлықсыз өлім — бұл аурудан, ағзаның физиологиялық қартаюдан болатын өлім.

Кенеттен келген өлім — жасырын ауру салдарынан болған өлім. Бұндай өлім зорлықпен өлген өлімге күдік тудырады, сот — медицина сараптамасының міндеті кенеттен өлім және зорлықпен өлімді ажырату болып табылады.

Зорлықпен өлім себептері:

  1. Денеге түскен дөрекі жарақаттар
  2. Көп қан кету (50-70% яғни, 2,5-3,5 л. дейін баяу қан аққан кезде, ал тез ірі қан тамырларынан қан ағысы 200-500 мл. дейін болса);
  3. Бас сүйегінің соғылуы және зақымы
  4. Жүрек зақымы және соғылуы
  5. Ағзалар қысылуы
  6. Шок 3-4 дәрежесі
  7. Эмболиялар
  8. Қанмен аспирация (тыныс жолдарына қан кету);
  9. Жүректің рефлекторлы тоқтауы (жүрек тұсына тұйық затпен соққы алғанда т.б)

Мәйітті сот-медициналық сараптама келесі әрекеттерден тұрады:

  • тергеуші тағайындаған сараптама тағайындауларын түсіну және нақтылау
  • қойылған сұрақтарға жауап беру және берілген мәліметтер толықтығына көз жеткізу және қосымша материалдар талап ету
  • сараптама жоспарын құру
  • зерттеуге қажетті материалдарды және медициналық құжаттарды түсіну
  • Мәйіттің киімдерін қарау
  • Мәйітті сыртқы зерттеу
  • Мәйіті ішкі зерттеу
  • Биологиялық обьектілерді алу және жарақат әкелуші затты, киімді қосымша зерттеуге алу
  • Қосымша зерттеу нәтижелерін түсіну
  • Жеке лабораторлы және инструменталды зерттеу жүргізу
  • Барлық зерттеу қорытындыларына анализ және синтез
  • Диагноз құру
  •  Қорытындыларды негіздеу және нақтылау
  • Сарапшы қорытындысын рәсімдеу

Мәйітті сот-медициналық сараптама техникасы

1.Сыртқы қарау — жарақат орны, формасы, саны, өлшемі және басқа да ерекшелітері

2.Ішкі зерттеу — үш аймақты ашу:бас, плевра, іш аймағы. Ашуды әдетте жарақаттанған аймақтан бастайды, мысалы бас-сүйек зақымында бас аймағынан бастайды

Бөлшектенген мәйіттерді (мысалы, темір жол апаты) зерттеу алдында дұрыстап тігеді

Асылған және мойынды қолмен буындыру кезінде мойын тіндерін және органдарын зерттейді.Кеңірдек, бұғана кеуде емізік тәрізді бұлшықет аяқшаларын, ұйқы артериясын зерттейді.Тыныс жолдарының бітелуіне күдік болса трахея және негізгі бронхты зерттейді

Төбелес кезінде өлімге алып келетін жарақаттар болғанда беттің жұмсақ тіндерін алады және мойын аймағы, жүректен шығатын үлкен тамырларды зерттеуге алады.

Материалды достарыңмен бөлісіңіз
comments powered by HyperComments
НашарОнша емесОрташаЖақсыТамаша (3 бағалар, орташа: 5,00 тен 5)
Загрузка...

Ұқсас материалдар ...