Жақыннан көргіштік. Миопия

Миопия

Жақыннан көргіштік (миопия)  — бұл көздің рефракция аномалиясы, миопия кезінде сурет көздің торлы қабығында емес, оның алдыңғы жағында орналасады. Соның әсерінен алыс қашықтықта орналасқан объектілер анық көрінбейді.

жақыннан көргіштік

Қалыпты және миопиясы бар көздің алыс қашықтықты көруі

Жақыннанкөргіштік және миопия жайлы материалды оқымас бұрын, алдымен көз анатомиясы деген тақырыпты қарай кетіңіз. Сонда осы тақырыпты жақсы түсінетін боласыз.

Мектеп бітірісімен миопия шамаммен 20-30% оқушыларда дамитыны белгілі, 5% да ол ары қарай дамып, көру қызметінің нашарлауына алып келеді. Прогрессирлеу жылдамдығы жылына 0,5 Д -1,5 Д дейін жетуі мүмкін. Жақыннан көргіштік ең жиі 8-20 жас аралығында дамиды. Жақыннан көргіштіктің пайда болу себебіне сипаттама беретін бірнеше теориялар бар. Олардың кейбіреуі нәсілге, жергілікті климаттық ерекшелікке және адам ағзасының денсаулығына байланысты деп айтса, біздің Қазақстан, Ресей және басқа да ТМД елдердінде Э.С. Аветисовтың ұсынған теориясы қолданылады.

Бұл теория бойынша жақыннан көргіштіктің бастапқы себебі болып, көз ішіндегі  цилиарлы бұлшықет әлсіздігі танылады. Ол көп жағдайда туа пайда болғанда әлсіз болғанына қарамастан, ұзақ уақыт өз қызметін атқарып тұра алады. Көз белсенді өсу кезінде ұзыннан өсіп, сопақша пішінге ие болады. Сонымен қоса, цилиярлы бұлшықеттің қанмен дұрыс қамтамассыз етілмеуі де аккомодация әлсіреуіне алып келеді. Қазіргі жастардың көп уақыт компьютер, смартфон, кітап алдында, жабық пәтерде  көп отыру арқасында көз бұлшықеттері аз қозғалады. Соның арқасында көз сопақша пішінге ие болып, оның қанмен қамтамассыз етілуі одан әрі төмендей түседі. Ал бұл өз кезегінде миопия туындауға күшті фактор болып келеді.

Көз анатомиясы

Қалыпты көздің анатомиясы. Көруге әсер ететін негізгі 3 құрылым

Прогрессирлеуші миопияны көпфакторлы ауру деп санауға болады. Көпшілік жағдайда жақыннан көргіштерге әсер ететін көз ішілік қысым. Ол 70% жақыннан көргіштерде көз ішілік қысым жоғары және склераның микродеформацияға бейімділігі арқасында көз сопақша пішінге ие болып, жоғары дәрежелі мипоия дамуға алып келеді.

Физиологиялық және патологиялық жақыннан көргіштікті ажыратады.

Физиологиялық жақыннан көргіштік көздің қасаң қабығы және көзбұршағының жарықты сындырғыш күшінің көз сопақтық көлеміне сәйкес келмеуінен пайда болады. Мұндай жағдай баланың белсенді өсу кезінде пайда болады. Бұл ең жиі кездесетін жақыннан көргіштік түрі және ол ешқашан мүгедектікке алып келмейді.

Лентикулярлы жақыннан көргіштік кезінде көзбұршақтың жарықты сындырғыш күші көбейе түседі. Мұндай жағдай диабет және ядролық склерозда пайда болады. Сонымен қатар кейбір препараттарды қабылдау (гидрализин, хлорталидон, фенотиазин) көзбұршақтың жарық сындыру күшінің көбеюіне алып келеді.

Миопия ауру кезінде көздің осьтік ұзындығы тым ұзын болып кетеді. Басты себебі, белсенді өсу кезінде көздің артқы үштен бір бөлігі шектен тыс ұзаруында.

Миопияның клиникалық көрінісі

Миопияның 3 сатысын ажыратады:

  • әлсіз – 3,0 Д дейін;
  • орташа – 3,25 Д бастап 6,0 Д дейін;
  • жоғары – 6,25 Д және одан жоғары.

Жақыннан көргіштер көру өткірлігі әрдайым 1,0 Д жоғары болады. Соның арқасында миопиялықтар жақында орналасқан заттарды анық көргенімен, алыстағы объектілерді дұрыс көре алмайды. Конвергенция және аккомодация сәйкес келмеуі ішкі тік бұлшықеттердің шаршауы және қыликөздіктің (косоглазия) дамуына себеп болуы мүмкін. Көп жағдайда бұған дейін жетпей, көздегі бұлшықеттердің астенопиясы туындау нәтижесінде, бас ауруы, көз шаршағыштығы көрінуімен сипатталады.

Жоғарыда аталғандардың барлығы стационарлы миопияға қатысты. Стационарлы миопия дегеніміз көз өсуі тоқтағаннан кейін ары қарай дамымайтын түрін айтады. 80% жағдайда миопия 1 сатыда тоқтайды, ал қалған 10-15% жағдайда 2 сатыда, 5-10% те 3 сатыға ауысып, жоғары дәрежелі миопияға дейін жетеді.

Сонымен қатар қатерлі миопия (myopia gravis) деген түсінік бар. Бұл кезде мипоия өмір бойы тоқтамай дами береді.

Миопия даму жылдамдығы:

  • Жылына мипоия 1Д дейін жоғарыласа, бұл баяу прогрессирлеуші миопия деп аталады;
  • Жылына миопия 1Д артық жоғарыласа, бұл жылдам прогрессирлеуші мипоия болып табылады.

Жақыннан көргіштік динамикасын бағалауда көз осьінің ұзындығын эхобиометрия әдісімен өлшеу арқылы анықтайды.

Барлық прогрессирлеуші миопияның жоғары сатысында, периферилық хориоретино-дистрофия дамуымен бірге жүреді. Олар өз кезегінде көздің торлы қабығының жыртылуы мен сылынуына себеп болады. Статистика көрсеткендей барлық торлық қабық сылынудың 60%-ы миопиялық көздерде жүреді.

Жоғары дәрежелі миопиясы бар науқастар көп жағдайда көз алдында «ұшып жүрген жіптер, нүктелерге»  (muscae volitantes) шағымданады. Бұл көздің шыны тәрізді денесіндегі дистрофиялық өзгерістеріне болады. Шыны тәрізді денедегі фибрилл жіпшелері жуандау және ыдырау нәтижесінде, олар бірі бірмен қосылып конгломерат түзеді. Нәтижесінде көз алдында жіп, нүктелер, әртүрлі заттар жүргендей көрінеді. Негізінде мұндай көрінстер кез келген көзде болады, бірақ көп жағдайда байқалмайды. Ал мипоиялық ұзыннан созылған көзде, мұндай жіп тәрізді құрылымдар анық байқалады.

Жақыннан көргіштікті (миопия) емдеу

Мипоияны түзету үшін екі жақты ойыс әйнек арқылы көздің көруін жақсартуға болады.

жақыннан көргіштікті түзету

Жақыннан көргіш көзді екіжақты ойыс әйнекпен түзету

Емдеу рационалды коррекциядан басталады. 6 Д дейінгі миопияда толықтай коррекция тағайындалады. Егер миопия 1,0 -1,5 Д және прогрессирленбейтін болса, онда көзілдірік арқылы коррекцияны қажет кезде ғана пайдалануға болады.

Әлсіз миопия кезінде 3,0 Д дейін, көзілдірікті тек алыстағы заттарды қарау үшін пайдалунға болады, ал жақындағы заттар, кітап оқу, жазу және т.б үшін көзілдірікті шешуге болады.

Коррекция ережесі науқастағы аккомодация жағдайына байланысты. Егер аккомодация әлсіз болса, онда коррекция үшін күші 1,0-2,0 Д азырақ көзілдірік немесе әрдаймы тағу үшін бифокальды көзілдірік тағайындайды.

6,0 Д артық миопия болған жағдайда, науқасқа әрдайым коррекция үшін жақыннан және алыстан киетін көзілдірікті таңдау ұсынылады.

Миопияны алдын алу

Жақыннан көргіштікті алдын алу аса маңызды шаруа болып табылды. Ол бала жасында басталуы керек. Алдын алудың негізін бала денсаулығын жақсартуға, физикалық жағдайын күшейтуге бағытталған шаралар құрайды.

Физикалық жаттығулармен (шаңғы тебу, малту, жүру, велосипед тебу) айналысу ұсынылады. Көп уақыт таза ауада өткізген дұрыс. Шектен тыс жүктеме, жылдам қозғалуды талап ететін спорт түрлеріне қатыспаған жөн.

Сонымен қатар, дұрыс қашықтықта оқу және жазу (35-40 см), сабақ қарау орнының дұрыс жарықтануына мән беру керек.

Жақыннан көргіштік дамуы мүмкін қауіп тобындағы балаларға аса көңіл бөлген дұрыс. Бұл топқа бұрын миопия дамыған балалар жатады. Осындай балалармен көздің аккомодациясын жаттықтыру үшін арнайы жаттығулар жасайды.

Аккомодациялық қабілеттілікті жақсарту үшін 2,5% ирифин ертіндісін немесе 0,5% трпикамид ертіндісін қолданады. Оны 1 тамшыдан екі көзге де түнгі уақытқа 1-1,5 ай бойы тамызады (көзге көп жүктеме түсетін уақытта жасаған дұрыс). Көз ішілік қысым жоғары болғанда, 0,25% тимол малетті 1 тамшыдан түнге  тамызады, бұл көз ішілік қысымды шамамен 1/3 ке дейін 10-12 сағатқа дейін төмендетуге мүмкіндік береді.  (А.В. Свирин, В.И. Лапочкин, 2001).

Сонымен қатар еңбек ету режимін де дұрыс ойластырған дұрыс. Дамып келе жатқан (прогрессирлеуші) миопия кезінде әрбір 40-50 минут кітап оқу (компьютер, телефон, және т.б) кейін 5 минут бойы көзді дем алдыру керек. Жақыннан көргіштіктің 6,0 Д артық болғанда көзге жүктеме уақытын 30 минутқа дейін азайтып, ал демалыс уақытын 10 минутқа созу керек.

Кальций препараты, балық майы (рыбий жыр), витаминдерге бай тағамдар қабылдаған дұрыс. Семіруді алдын алып, баланың белсенді өсу кезінде эндокринді ауруларға тексеріліп отырғаны дұрыс.

Миопияның асқынуын және дамуын алдын алуға медикаментозды профилактика да маңызды.
Кальций глюканатының 0,5 грамм тамақ алдында, балаларға күніне 2 г деңгейде қабылдаған, ересектерге 3 г деңгейінде 10 күн бойы қабылдау тиімді. Препарат тамырлардың өткізгіштігін төмендетіп, қан құйылуды алдын алып, көздің сыртқы қабықшасын күшейтеді.

Склераны күшейтуге аскорбин қышқылы әсер етеді. Оны 0,05-0,1 гр 2-3 рет күніне 3-4 апта бойы қабылдайды.

Жақыннан көргіштікті лазерлік коррекция арқылы емдеу

Көзілдірік киетін адамдардың негізгі арманы көздегі құралдан немесе контакттілі линзадан құтылу болып табылды. Мұндай мүмкіндікті лазерлік коррекция ұсынуда. Барлық жарнамаларда бұл әдісті керемет қылып жарнамалайды. Ал біз болсақ, оның ақ қара жақтарын айтып, сіздерге толықтай ақпарат бермекпіз.

лазерлік коррекция

Көзге лазерлік коррекция жүргізу кезіндегі көрініс

Лазерлік коррекцияның жұмыс істеу принціпі. Жақыннан көргіштік кезінде көз сопақша пішінге ие болады, сондықтан көздің оптикалық жүйесі жарықты торлық қабыққа емес оның алдыңғы жағына орналастырады. Соның арқасында алыстағы объектілер анық көрінбейді. Лазерлік коррекция жасағанда, көздің алдыңғы жағында орналасқан мүйізді қабатты жалпақ қылу арқылы көздің оптикалық жүйесі қалпына келеді. Нәтижесінде осындай жалпақ мүйізді қабаттан өткен жарық көздің торлы қабығына нақты түсетін болады.

көздің көруін коррекциялау лазермен

Лазерлік коррекция жүргізу сатылары. 1- көз сыртқы қабығынан лоскут жасау; 2- лазер сәулесі арқылы мүйізді қабаттың бетін тегістеу; 3- қалпына келтіру

Қазіргі уақытта негізгі лазерлік коррекцияның екі түрі қолданылады. Олар:

  • ФРК (фоторефракционды кератэктомия) – операция барысында лазер тек көздің мүйізді қабатына әсер етеді. Бұл әдіс әлсіз және орташа дәрежелі миопия кезінде көмек береді.
  • ЛАСИК (лазерлік кератомилез) – көздің мүйізді қабатының ортаңғы бөлігіне әсер ететін операция түрі. Бұл әдіс арқылы жақыннан көргіштіктің кез келген деңгейін және алыстан көргіштікі емдеуге болады.

Жарнамаларда айтқандай емес, лазерлік коррекцияны жүргізгуге қарсы көрсеткіштер бар. Операцияны өткізбес бұрын әрбір науқас мұқият офтальмологиялық зерттеуден өтеді.

Операцияны жасауға ең қолайлы жас 19-40 жас аралығы.

Лазерлік коррекция жүргізуге абсолютті қарсы көрсеткіштер:

  • кератоконус (туа пайда болған мүйізді заттың тұрақсыздығы)
  • глаукома (көз көру нервісінің атрофиясымен жүретін, көз ішілік қысымның жоғарылауы);
  • катаракта (көзбұршағының мөлдірлігінің жоғалуы);
  • көздегі қабыну және аллергиялық аурулар;
  • Жалпы ағзадағы ауыр ауруы бар науқастар (диабет, ревматизм және т.б);
  • құрғақ көз синдромы (көз жасының жетіспеушілігі немесе жас түзілудің бұзылуы).

Келесідей жағдайда көзге лазерлік коррекцияны кейінге шегеру қажет:

  • жүктілік және бала емізу кезеңі. беременность и весь период кормления ребенка грудью;
  • торлы қабықтағы дистрофиялық өзгерістер.
  • Жедел көздің және жалпы ағзадағы инфекциялар, толықтай емнен және тұрақты ремиссия кезеңіне дейін тосу қажет.

Ұқсас жазбаларды оқи кетіңіз:

  1. Көз анатомиясы, физиологиясы және құрылымы
  2. Көздің көру қызметі
  3. Көз ішілік қысымды өлшеу
  4. Көздегі жас ағзасының аурулары

 

Материалды достарыңмен бөлісіңіз
comments powered by HyperComments
НашарОнша емесОрташаЖақсыТамаша (3 бағалар, орташа: 5,00 тен 5)
Загрузка...

Ұқсас материалдар ...