Туа пайда болған қисықаяқтық (маймақтық)

Табанның туа пайда болған деформациялары

Табанның деформациялары кең таралған ортопедиялық бұзылыстар болып табылады және ол әр түрлі себептермен шақырылады, осы себептерге байланысты деформациялар туа пайда болған және жүре пайда болған деп бөлінеді, ол өз кезегінде жарақаттан кейінгі (табан сүйектері сынғаннан кейін не сирақ-табан буыны шыққаннан кейін), статикалық (табанның сүйектері, бұлшықеттері және байлам аппаратының әлсіздігінен) және тірек-қимыл аппаратының басқа ауруларының нәтижесінде дамиды.

Туа пайда болған қисық аяқтық (косолапость)

Қаңқаның барлық туа пайда болған деформацияларының ішінде 65.5% құрайды, 1000 жана туған нәрестенің ішінде 5-10 жағдайда кездеседі. Ұл балаларда қыздарға қарағанда екі есе жиі кездеседі. Екіжақты қисық аяқтылық біржақтыға қарағанда жиі кездеседі. 10% туа пайда болған қисық аяқтығы бар балаларда қосымша сколиоз, қисық мойын және туа пайда болған жамбас буынының шығуы кездеседі. Қисық аяқтық басқа туа пайда болған аурулар сияқты туысқандар арасында кездеседі.

Этиологиясы: негізінен екі теория бар, бірінші теория бойынша ұрықтың біріншілік құрылуының ақауы және генетикалық дефект орын алады. Екінші теория бойынша жатыр ішінде қалыпты дамып келе жатқан ұрыққа сыртқы факторлардың (әсіресе, механикалық) әсері. Эмбриологиялық даму кезеңінде ұрықтың табаны физиологиялық эквиноварус фазасында болады. Эмбриональді дамудың осы фазасында сыртқы факторлардың әсері (жүктліктің 5-6 аптасында) осы патологияның дамуына әкеледі.

Жіктелуі:

  • Жеңіл
  • Орташа ауырлықта
  • Өте ауыр

Жеңіл —сирақ-табан буынында еркін қозғалыстар және қосымша күш салусыз түзетуге болады.

Орташа ауырлықта -қозғалыстар шектелген және табанды түзетпек болғанда серіппелі қарсыласу белгісі анықталады.

Өте ауыр деформация, қозғалыс мүлдем шектелген.

қисықаяқтық

Туа пайда болған қисық аяқтық көрінісі

Диагностикасы: қисық аяқтық табанның формасымен функциясының бұзылысымен бірге жүреді және табан бүгілген қалпында(эквинус), сыртқы жиегінің түсуімен(варус), алдыңғы бөлігі әкелінген(аддукция). Ең жиі компоненті сирақ сүйектерінің бұралуы(торсия) және сирақ-табан буынында қозғалыс аздап не айқын шектеледі. Туа пайда болған қисық аяқтылық клиникалық формасы жоғарыда аталған өзгерістерге және олардың қосарласуына байланысты. Айқын деформация табанның ішке қарай бұралуымен сипатталады. Сыртқы жиегі төмен және артқа қарай бағытталған, ал ішкі жиегі жоғары бағыталған. Табанның сыртқы беті алға және төмен жазылған, табандық беті артқа және жоғары бағытталған және табан өзінің ішкі бетімен сирақтың ішкі бетімен жанасады. Айқын қисық аяқтылық кезінде табан көлденең бүгіліп бақайлардың варусты деформациясы мен қатпар түзеді. Бір жақты қисық аяқтылық кезінде сау аяқпен салыстырғанда қысқа болады, сирақ атрофияланған және аяқ 1-2 см қысқарады. Айқын қисық аяқтылық кезінде сыртқы толарсақ үлкейеді және ішкісі атрофияланған.

Радиологиялық диагностика: Маңызды рольді табан мен сирақтың сүйек-буын аппаратының жағдайы атқарады. Тиімді әдіс рентгенологиялық. Шеткі функциональді жағдайда табанның рентгенографиясы қолданылады. Рентгенологиялық зерттегенде бұрыштық көрсеткіштеріне мән беру керек.

  1. Топай-өкшелі бұрыш (ТПУ) рентгенограмманың тура және  бүйір проекциясында анықталады. Бұл бұрыш мөлшерінің төмендеуі туа пайда болған қисық аяқтылық бар екенін дәлелдейді және оның дұрыс емес коррекциясын не рецидивін көрсетеді.
  2. топай-бірінші табан (ТППУ) және табан-бірінші табан(ПППУ) бұрыштары рентгенограммада тура проекцияда анықталады. Бұл бұрыштарды топай және табан сүйектерінің осіне сәйкес өлшейді. Егер бірінші табан сүйегінің осі жоғарыда айтылған сүйектердің осінен медиальді ауытқыса, онда бұрыш мөлшері минус таңбасымен белгілейді, егер латеральді плюс. Бұл бұрыштардың мөлшерінің салыстырмалы түрде аздап және айқынырақ азаюы табанның алдыңғы бөлігінің әкелінгенін білдіреді және көлденең табан сүйегі алды(Шопар) буынында табанның ішкі тайқуын анықтайды.
  3. Топай-үлкен жілікті (ТБУ) және өкше-үлкен жілікті (ПБУ) бұрышын рентгенограмманың табанды сыртқа қарай максимальды бүккендегі бүйір проекциясында анықтайды. Олардың ұлғаюы табан эквинусының айқындылығын не коррекциялау толықтығын көрсетеді. Сәйкес ТБУ мен ПБУ арасындағы табанды максимальды табандық және табан сыртылық бүккендегі айырмашылық сирақтабан және топайасты буындарындағы контрактуралардың айқындылық дәрежесін анықтайды және табанның бүккіш және жазғыш қызметін бағалауға мүмкіндік береді.

Табанды рентгенологиялық зерттеудің тиімділігі бақылау және емдеу динамикасындағы көрсеткіштерді салыстырып талдағанда арта түседі. Рентгенологиялық көрсеткіштердің өзгеруі деформацияны коррекциялаудың тұрақтылығын не тұрақсызыдығын, буындық контрактуралардың күшею не бәсеңсуін көрсетеді

Емі: Егер уақытында деформацияны емдемесе ол өрши береді және баланың жүрісі дұрыс болмайды. Балалар ортопедиясында туа пайда болған қисық аяқтылық емі ең ауыр мәселе болып табылады.

Ем неғұрлым ерте басталу керек, бірақ кең тараған табанды  жұмсақ дәкемен редрессация әдісі толықтай табанның әкелінуін және супинациясын жоймайды және орта және өте ауырлықтағы қисық аяқтылықты емдемейді. Кейіннен ұзақ мерзімге гипсті таңу әдісі қолданылды, бірақ ұзақ мерзімді этапты гипстік таңу салу ЕДШ, массаж, физоиоем жасауға мүмкіндік бермейді.

Туа пайда болған қисық аяқтылықты емдеудің ерте функциональді әдісі белгілі бір бұлшықеттерге  және гипсты таңуға әсер ету арқылы жүзеге асады және бұл кезде этапты табанды бекітуші поливиктан туторлар қолданылады, ол физиоем, ванналар, массаж, ЕДШ қолдануға мүмкіндік береді. Циркулярлы гипсты таңу санның ортаңғы үштен бірінен бастап күш салмай тізе буынында бүгілген және табанды коррекцияланған қалпында салынады. Табанның сыртқы бетіне сынатәрізді төсем салады, оны гипс кепкеннен соң алып тастайды. Үй жағдайында табанды коррекция жағына қарай белсенді қозғалыстар жасап, оны ұстап тұру үшін табанның ішкі бетіне төсемелер салады. Барлық коррекцияны күштеп салмау керек. Тізе буыны бүгілген қалпында гипсті таңу салынған науқастар жүрмеу керек. Ересек балалар  деформацияны толық коррекциялағаннан кейін аяққа жазылған қалпында гипстік таңу салуға болады және ол толықтай кепкеннен соң (2-3 күн) күш түсіруге болады. Дұрыс қалыпта бекітілген  табанға ерте күш түсіру функциональді емнің бір бөлігі болып табылады және ол аяқтың тіректік функциясын қалпына келтіреді. Бұл әдіс үлкен жастағы балаларда (2-3 жас), консервативті емнен кейін рецидивтерді және әр түрлі этиологиядағы паралитикалық қисық аяқтылықты емдеуде тиімді.

Туа пайда болған қисық аяқтылықтың барлық элементтерін жойып, жүйелі түрде профилактикалық шаралар (ЕДШ, түнде салынатын бекітуші таңулар)  жүргізгеннің өзінде балаларда деформацияның рецидиві болуы мүмкін. Туа пайда болған қисық аяқтылық тірек-қимыл аппаратының  жиі рецидив беретін аномалиясы болып табылады. Қисық аяқтылықтың ары қарай жүргізілетін емі коррекцияланған аяқтың бұлшықеттерін шынықтыруға және деформацияның алдын алуға бағытталу керек.

Балаларға оперативті ем әдісі және оның көлемі  табанның қалдық деформациясының көлеміне байланысты. Операцияның негізгі мақсаты этапты гипс арқылы тартылмаған табанның ригидті тіндерін кесу. Табанның эквинусы (бүгілу) және өкше аймағындағы варусты жағдайды коррекциялау қиыншылық тудырады. Бұндай жағдайда оперативті ем ахилл сіңірін тері астынан созумен шектеледі. Егер ахилл сіңірін тері асты арқылы созу мүмкін болмағанда операцияны  табанның артқы медиальды релизмен толықтырады, яғни байлам, сіңір, капсуланы(тендолигаментокапсулотомия) кесу, бұл тіндердің қарсыласуын жояды және ешбір артық күштемесіз табанның редрессациясын жасауға мүмкіндік береді. Ересек жастағы балаларда  деформацияның ауыр түрінде кең ауқымды операция қолданылады. Тендолигаментокапсулотомияны 3 табан сүйегі негізі проекциясында алдыңғы үлкен жілік бұлшықетінің сіңірін табанның сыртқы бетіне транспозициялаумен толықтырады.

Табан деформациясын жою- туа пайда болған қисық аяқтылықтың комплексті емнің бір бөлігі ғана. Операциядан кейін бұлшықет қызметін қалпына келтіру емдеу курсының негізгі болып табылады. Реабилитацияның негізгі әдісі- ЕДШ болып табылады және біржақты қисық аяқтылық болса  және бір жақ аяқ сау жақпен салыстырғанда қысқарса ортопедиялық аяқ киім кию керек.

Туа пайда болған қисық аяқтылықтың оперативті коррекция тактикасын таңдағанда жұмсақ тіндерге операция негізгі болып табылады. Балалар организмінің компенсаторлық мүмкіншіліктері жақсы дамыған, сондықтан табанға сүйектіпластикалық операциялар кеш мерзімде жүргізілу керек, яғни ересектік кезеңде.

Материалды достарыңмен бөлісіңіз
comments powered by HyperComments
НашарОнша емесОрташаЖақсыТамаша (2 бағалар, орташа: 5,00 тен 5)
Загрузка...

Ұқсас материалдар ...