Сарышаяндар. Шаққан кездегі көмек

Сарышаян

Сарышаяндар (лат. Scorpiones) — өрмекші тәрізділер классының (Arachnida) бунақ аяқтылар отрядына жатады. Тек құрлықта және ыстық елдерде тіршілік етеді. Барлығы 1750-дей түрі бар, бірақ улы және адамға зиян 50 түрі бар. Адамға ең қауіптісі тропикалық түрлері. Сарышаяндар Орта Азия, Кавказ, Қырым және Қазақстанның Оңтүстігінде кездеседі. Сарышаяндар шөлейт жерлерде, ескі қыстақтарда мекендейді. Киім, төсектерге, үй ішіне кіріп, түнгі мезгілдерде шағады. Сарышаян денесінің терминальді бөлігінде орналасқан уы құйрық ұшындағы тістеуіш арқылы енгізеді, жиі жағдайларда адамдардың үйіне енеді және күндізгі уақытта тесіктерде тығылып, кешке қарай шығады. Адамдардың төсек орнына, аяқ киіміне кіріп алады.

Сарышаян дене құрылымы:

Сарышаян денесі кішкентай бас кеуде бөлігінен (лат. cephalothorax) және ұзын құрсақ бөлімінен (abdomen) тұрады, құрсағы екі бөлімнен тұрады: ұзынырақ кеңдеу бөлігі бас кеудеге жабысып орналасқан — преабдомен (praeabdomen) немесе мезосома; және артқы бөлімі, жіңішке, 5 бөлікті постабдомен (лат. postabdomen), немесе метасома. Бүкіл денесі хитинмен жабылған. Құрсақ бөлімінде алты жұп аяқтары бар, алдыңғы екі аяғы жақ кызметін қалған төрт аяғы қозғалу қызметін атқарады.

Ас қорыту жүйесі. Ішегі үш бөлімнен тұрады: алдыңғы, орта, артқы. Ауыз тесігі құрсақ бөлігінде орналасады және насос қызметін атқаратын кеңірдекке ауысады (лат. pharynx), кейін ол өңешке ауысады (лат. oesophagus). Өңеш орта ішекке ауысады, преабдомен аймағында 5 жұп шығару түтігі ашылады, кейін басқа мүшелер арасын толтырып тұрған бауыр орналасады. Орта ішек баяу артқы ішекке ауысады.

Нерв жүйесі. Нерв жүйесі жұтқыншақ арты ганглиден, жұтқыншақ маңы комиссурадан және құрсақ нерв түйінінен тұрады. Жұтқыншақ арты ганлиден көз бен хелицерге нерв жүйесі таралады.

Сезім мүшелері. Сезім мүшелері ішінен ең дамыған мүше көру. Кеуде бас бөлігінің жоғарғы жағында 2—8 көз орналасқан,олардың ішінде бір жұбы орталық көз деп аталады, ал қалғандары бүйір көздер. Сарышаяндарда бұдан басқа сезім мүшесі ескек тәрізді мүшелері бар (лат. pectines), ол пластинка тәрізді, ескекке ұқсас болып келеді. Олар құрсақ қуысының екінші абдоминальды сегментінде орналасады. Олардың жыныс мүшелеріне жақын орналасуы жыныстық қоздырғыш ретінде де қызмет атқаруы мүмкін.

Қан айналым мүшелері. Қан айналым мүшесі тұйық жүйе емес. Жүрек бел тұсында преабдоменде орналасады және бауыр арасында орналасады. Ол ұзын түтік ретінде болып сегіз камераға бөлінген. Әрбір камера бір жұп клапанды тесікпен қамтылған (остия); жүректің екі жақ шетінде екі басты артерия орналасқан: алдыңғы, басқа қарай бағытталған (лат. aorta cephalica), және артқы, постабдоменге бағытталған (лат. arteria posterior); бұдан басқа әрбір камерадан тағы бір жұп бүйір артерия шығады. Жүрек жиырылған кезде қан алдыңғы және артқы аортаға барады, одан кейін ұсақ тамырларға тарайды соңында екі құрсақ синустарында жиналады, кейін өкпе қапшықтарына бағытталып, көмір қышқыл газымен қанығып перикардқа тарайды, одан клапанды тесіктер арқылы диастола кезінде қайта жүрекке барады. Тыныс алу мүше преабдоменде орналасып, өкпе арқылы жүреді. Ол 8 ауа өткізгіш қап арқылы іске асады.

Зәр шығару мүшелері: Зәр шығару мүшелері әлі толықтай зерттелмеген және екі жіңішке ұзын тамырлардан тұрады (мальпиги тамырлары), ол артқы ішектің артқы бөлігіне ашылады.

Сарышаян шағуы

Улы аппарат. Буылтықты майысқақ метасома («құйрық») анальды қызмет, немесе тельсон, улы инемен аяқталады. Тельсон ішінде жұп улы оавльды формалы без орналасады, ол үстіңгі және сыртынан толық бұлшықет қабатымен қапталған. Бұлшықет жиырылған кезде бездер улы секрет бөледі. Ине және тельсон формасы әр түрлерінде әртүрлі болып келеді.

Сарышаян шаққан кезде не істеудің қажеті жоқ:

  • Шағылған аяқ немесе қолға жгут салудың қажеті жоқ. Себебі ол қан айналымына кері әсер етіп, гангренозды жағдайға әкелуі мүмкін.
  • Жараны күйдірудің де қажеті жоқ, себебі ол жараның одан ары үлкеюіне әкеледі.
  • Шағылған жерді кесудің қажеті жоқ, ол одан сайын адамды жарақаттайды.
  • Алкоголь қабылдауға тиым салынады, себебі ол зат алмасуды жылдамдатып одан сайын удың тарауына әсер етеді.

Сарышаян шаққан кездегі клиникалық көрініс

Сарышаян шаққан кезде адам қатты ауырып,тырыса бастайды.Шаққан жері ісіп, тіпті өлі еттену байқалады. Жалпы улану белгілері: бас айналу, бас ауыру, құсу, ентігу,әлсіздік, адинамия, жүрек соғуы байқалады. Ауыр жағдайда жүйке жүйесіне әсер етіп: есі бұлыңғырланып, аяқ қолы тартылады. Тіпті кейбір кезде жүрек жетіспеушілігі болуы мүмкін.

Сарышаян шаққан кезде не істеу қажет:

  1. Шағылған жерді шұғыл түрде арнайы құралмен сорып алу немесе стоматит, тіс жегі жоқ сау ауыз құрылысы арқылы уды сорып алу қажет. Периодты түрде сұйықтықты түкіріп отыру қажет және шара аяқталған соң ауызды таза сумен шайқау керек. Бірақ, бұл әдіс тек шағылған соң алғашқы 5-10 минут ішінде ғана қолданған дұрыс.
  2. Кейін шағылған жерді спиртпен сүртіп, зиянды микробтар түспес үшін антисептикалық дәке таңу қажет.
  3. Ауырсынуды және ісінуді басу үшін мұз басуға болады.
  4. Кейін зардап шегушіні горизонтальды қалыпта жатқызып, шағылған аяғын қозғалтпай тыныш қалыпта демалуы қажет.
  5. Осы іс – шараларды орындаған соң зардап шегушіні жақын маңдағы стационарға жеткізу қажет. Стационарда новокаин егіп анальгетик беру керек (наркотик салуға болмайды). Дезинтокцикациялық емдеу, аяқ қолдың тартылуын емдеу, ауруды сездірмейтін дәрілер қолдану қажет.

Ұқсас материалдарды қарай кетіңіз:

  1. Өрмекшілер. Шағу кезінде не істеу керек?
  2. Масалардан құтылу жолы
  3. Қандалалар. Жою тәсілдері
  4. Биттер, сіркелер және олардан құтылу жолы

 

Материалды достарыңмен бөлісіңіз
comments powered by HyperComments
НашарОнша емесОрташаЖақсыТамаша (2 бағалар, орташа: 5,00 тен 5)
Загрузка...

Ұқсас материалдар ...