Медициналық арахноэнтомология

Медициналық арахноэнтомология

Инфекциялық аурулардың қоздырғыштарын тасымалдаушы арнайы және механикалық таратушылар.

Табиғатта кездесетін жұқпалы инфекциялық аурулардың басым түрі жануарлар арқылы адамдарға тарайды.

Жұқпалы аурулар — зардапты вирустардың, микоплазмалардың, хламидийлердің, риккетсиялардың, спирохеталардың организмге еніп, онда өсіп-өну және өмір сүру салдарынан туатын аурулар. Жұқпалы ауруларды кейде тек «инфекция» деп те атайды. Олар:

  • ішектің;
  • жоғарғы тыныс жолдарының;
  • қанның;
  • сыртқы қабықтардың аурулары болып бөлінеді.
    Ішек ауруларында (мысалы А-гепатиті) вирус ас қорыту жолдарына ауыздан кіріп, ішектен нәжіспен бірге шығады. Тыныс жолдары ауруында шырышты қабықтар зақымданады және организмге вирус ауамен кіреді. Қан немесе трансмиссивті аурулар (әртүрлі энцефаломиелиттер, гемаррагиялық безгектер) аурудан сау адамға және жануарларға қан; сорғыш насекомдар арқылы беріледі.

Инфекциялық ауруды таратушылар 2 топқа бөлінеді:

  • Механикалық немесе арнайы емес таратушылар
  • Арнайы немесе биологиялық таратушылар

Механикалық таратушылар инфекциялық аурудың қоздырғыштарын ауыз аппаратымен,тұмсығымен немесе сыртқы қабаттарымен таратады және ішекке енуі де мүмкін. Бұл қоздырғыштар жәндіктердің денесінде даму кезеңін өтпейді, көбеймейді. Механикалық таратушыларға құмырсқа, тарақан, сона, шыбын — шіркейлер жатады.

Биологиялық немесе арнайы таратушылардың денесінде қоздырғыштар белгілі бір даму кезеңін өткізеді, көбейеді.

Арнайы таратушылар қоздырғыштарды 2 әдіспен жұқтырады:

  • Инокуляция әдісі
  • Контаминация әдісі

Инокуляция әдісінде қоздырғыштар тасымалдаушының қан жүйесіне қан сору арқылы түсіп, жұғады. Инокуляция әдісімен кененің шағуы арқылы кенелік энцефалит, Қырым геморрагиялық қызбасының қоздырғыштары таралады.

Контаминация әдісінде қоздырғыштар жәндіктердің нәжісімен адамның сыртқы терісіне түседі, шағу кезінде зақымдалған тері арқылы адамның денесіне түседі. Бұл әдіспен бүрге арқылы оба аруы, бит арқылы бөртпе сүзегі таралады.

Трансмиссивті инфекциялар әсіресе көктем, жаз мезгілінде көп таралады. Бұл ауруларды таратушы буынаяқтылардың зиянды және пайдалы түрлері бар.

Медициналық маңызы бар буынаяқтылар 2 класқа бөлінеді:

I— Өрмекші тәрізділер топтамасы:

  1. Шаяндар отряды
  2. Өрмекшілер отряды
  3. Кенелер отряды

IIЖәндіктер класы:

  1. Тарақандар отряды
  2. Биттер отряды
  3. Бүргелер отряды
  4. Қандалалар отряды
  5. Қосқанаттылар отряды

Ұқсас материалдарды қарай кетіңіз:

  1. Сарышаяндар. Шаққан кездегі көмек
  2. Өрмекшілер. Шағу кезінде не істеу керек?
  3. Биттер, сіркелер және олардан құтылу жолы
  4. Қандалалар. Жою тәсілдері
  5. Кенелер. Кене шаққанда не істеу керек?

 

Материалды достарыңмен бөлісіңіз
comments powered by HyperComments
НашарОнша емесОрташаЖақсыТамаша (2 бағалар, орташа: 5,00 тен 5)
Загрузка...

Ұқсас материалдар ...