Іш жарықтары

Жарықтардың жіктелуі

Сыртқы жарықтар: iш қуысындағы ағзалардың жасанды немесе физиологиялық дефектілер арқылы iш пердесiмен бірге терi астына шығуы. Ал iш пердемен жабылмаған жағдай — эвентерация деп аталады.

Ішкi жарықтар: iшастардың немесе шажырқайдың әртүрлi қалталарына iшкi қуысы ағзаларының шығуы немесе диафрагма саңылауы арқылы iшкi мүшелердің кеуде қуысына түсуi.

  • Шығу тегi бойынша:
    -Туа бiткен
    -Жүре пайда болған
  • Орналасуы бойынша:
    -Шап (71,5 %)
    -Сан (10,4 %)
    -Кiндiк (3,9 %)
    -Іштің ақ сызығы (11 %)
    -Сирек кездесетін: бел, шат аралық, спингелиев сызығы (3,2%)
  • Ағымы бойынша:
    -Толық және толық емес
    -Асқынған және асқынбаған

Этиологиясы:

•Туа бiткен жарықтар iш қабы қабырғасының даму ақауы немесе жетiлмеуi нәтижесiнде дамиды. Мұндай балаларда туған кезiнде дайын жарық қабы болады.
  Мысалы, туа бiткен қиғаш шап жарығы.

•Жүре пайда болған жарықтар незiнде екi факторларды ажыратады:
–iшастар  қабырғасының әлсiздiгi – бейiмделу факторы
–iш қабы iшiндегi қысымның жоғарлауы өндiруші фактор

I. Iшастар қабырғасының әлсiздiгi дамиды: 

Жергiлiктi:

  • анатомиялық құрылысы бойынша
  • операция немесе жарақат нәтижесiнде
  • жұлын зақымдалуының немесе нерв      
  • талшықтарының қиылуы нәтижесiнде

Ағзаның жалпы жағдайымен байланысты әлсiздiк:

  • жастық – «тіндердiң қарттық болбырлығы»
  • ауру, аштық нәтижесiндегі, жүдеу кезінде
  • шамадан тыс семiру кезінде
  • асцит, жүктiлiк кезiнде iшастар қабырғасының  созылуында

II. Iш қабы iшiндегi қысымның жоғарлауы:

  • физикалық  күш түскенде
  • музыкалық аспаптарда ойнайтын адамдарда
  • босану кезiнде
  •  дефекация (iш қату) және зәр шығаруы қиындағанда (уретрада тас болғанда, фимоз кезiнде т.б.)
  • тұрақты жөтел кезiнде (созылмалы бронхит, бронхоэктаз, туберкулез, кезiнде)

Клиникалық көрiнiсi:  Ауру негiзiнен баяу дамиды, бiрақ кейде физикалық жүктемеден, жөтелден кейiн тез дамуы мүмкiн.

Субьективтi белгiлерi:

а) интенсивтi және иррадиациялы ауырсыну, ол вертикальды жағдайда, физикалық жүктеме кезiнде күшейедi. Бастапқы кезеңде ауырсыну айқын көрiнедi, бiрақ кейде болмауы да мүмкiн.
б) диспепсиялық бұзылыстар – лоқсу, құсу, кекiру, iш қату
в) дизурия

Обьективтi белгiлерi: 

  1. Жарық томпаюы – вертикальды жағдайда немесе күшену кезiнде шар тәрiздi немесе сопақша формалы iсiну пайда болады.
  2. Өз орнына келуi -өздiгiнен немесе қолмен келтiру арқылы жүргiзiледi. Бұл жарықтың классикалық белгiсi болып табылады.
  3. Жарық қақпасының болуы.
  4. «Жөтел түрткiсi» феноменi.
  5. Перкуссия кезiнде жарық қабында iшек болса – тимпанит, ал егер шарбы болса — тұйық дыбыс естiледi.
  6. аускультация белгiлерi – iшектi орнына келтiргенде шұрылдау естiледi.

Бастапқы кезеңде жарықты анықтау өте қиын. Жөтел түрткi феноменiн анықтау және науқастың жатқан күйiнде iш қабырғасы босаңсиды, сонда жарық қақпасын және каналын анықтау жалпы зерттеуде өте маңызды болып саналады.
Профилактика – ерте және жүйелi дене шынықтырумен айналысу, өз уақытында емделу. Балаларды қатты орауға және жылағанда жоғары қарай лақтырып көтеруге болмайды.

Емі: 

Оперативтi түрде жүргiзiледi. Операция екi кезеңнен тұрады:

  1. жарықты кесу – жарық қабын ашу, шығару. Ішкi мүшелердi орнына келтiрiп, мойын бөлiгiндегі қапты тiгiп байлау.
  2. Жарық қақпасының пластикасы

Жансыздандыру жергiлiктi түрде жасалады (новокаин немесе лидокаинмен)

Операция алдындағы дайындық – гигиеналық ванна және операциялық алаңды қыру, операция алдында тазарту клизмасын қояды. Операциядан кейiнгi кезең — өкпе асқынуын алдын алу, метеоризмен күрес жүргiзiледi.

Операцияға қарсы көрсеткiш: Ол абсолютті және салыстырмалы болып бөлінеді.

Абсолюттi – жедел инфекция, туберкулез, қатерлi iсiктер, айқын тыныс алу және жүрек жетiспеушiлiгi кезінде.
Салыстырмалы — ерте шақ, жүктiлiктiң соңғы 2-3 айы, уретра стриктуралары, простата аденомасы кезінде.

Операция жасауға болмайтын жағдайда бандаж қолданылады. Бандажды әр адамға жеке түрде таңдау керек және түнде шешiп қояды. Бандаждың кемшiлiгi – тiндердiң жарақаты мен атрофиясы, созылмалы экзема тыртықтың түзiлуi және тағы да басқа.

Шап каналы жарығында қолданылатын хирургиялық ем:

Шап каналы: қабырғалары-

  1. Алдыңғысы- сыртқы қиғаш бұлшық ет апоневрозы
  2. Артқысы- іштің көлденең фасциясы
  3. Жоғарғысы- іштің ішкі қиғаш және көлденең бұлшық еттерінің төменгі шеті
  4. Төменгісі- Пупартов байламы.
Жирар әдісі

Жирар әдісі бойынша жарықты емдеу

Жирара-Спасокукоцский әдісі -Ұрық жолының үстінен шап байламына қарай сыртқы, ішкі және көлденең бұлшық еттерді бірақ алып шап байламына тігеді. Төменгі апоневроз лоскутын тігіс арқылы жоғарғы апоневроз лоскутына бекітеді.

Жирара-Спасокукоцский әдісі

Жирара-Спасокукоцский әдісі көрінісі

Кимбаровский тігісі-  бірдей тканьдерді біріктіру.Инені іштің сыртқы қиғаш бұлшықетінің жоғарғы апоневроз лоскуты шетіне 1см шеткері енгізеді, одан кейін инені бұлшықет шетінен өткізіп тағы да сыртқы қиғаш бұлшықеті шетінен тігеді. Осы жіппен шап байламын тігеді.

Кимбаровский әдісімен операция

Кимбаровский тігісінің көрінісі

Бассини әдісі: шап каналының артқы қабырғасы бекітілуі үшін жарық қапшығын алғаннан кейін ұрық жолын шеткері итеріп, оның астынан ішкі қиғаш және көлденең бұлшықеттерді іштің көлденең фасциясымен бірге шап байламына тігеді.

Кіндік жарығы

Кіндік жарығы –деп кіндік аймағынан құрсақ қабырғасының әлсіз жері арқылы құрсақ қуысындағы мүшелердің шығуы.Әйелдерде кіндік жарығы еркектерге қарағанда екі есе жиі кездеседі, себебі жүктілік кезінде кіндік сақинасының керілінуіне байланысты.Жарық қақпасы кіндік сақинасы болып табылады.
Емі: Ерте мерзімде оперативті түрде дефекті жабу.

Кіндік жарығында қолданылатын тәсілдер:

Сапежко әдісі: бір жағынан іштің ақ сызығының апоневрозының бір шетін ала, ал екінші жағымен іштің тік бұлшықетінің қынаптық бөлігінің артқы- медиальді бөлігін ала бөлек тігіс салу.

Мейо әдісі: екі көлденең кесу арқылы терімен бірге кіндікті кеседі. Жарық қапшығын алған соң, жарық қақпасын кеңейтеді де, апоневроздың төменгі лоскутын П-тәрізді тігіспен жоғарғы лоскутқа, ал дубликатураны төменгі лоскутқа жеке тігіспен тігеді.

Сан жарығы

Сан жарықтары: шап жарықтарына қарағанда сирек кездеседi. 40-60 жас аралығындағы әйел адамдар ер адамдарға қарағанда 15-20 рет жиi ауырады. Ол — әйел адамдардың жамбас сүйегi кең және оның бұлшық еттерi мен тамырларының айқындығы жоғары болуымен, және пупартов байламының берiктiгiнiң аз болуымен байланысты.

Сан жарықтары Скарпов ұшбұрышында орналасады. Сан жарықтарының клинико- анатомиялық ерекшелiктерi-ол пупартов байламынан төмен орналасады. Бұл бөлiмнiң анатомиялық ерекшелiгi хирургтер үшiн өте маңызды. Пупартов байламы мен жамбас сүйегi арасында кеңiстiк орналасады, ол мықын қыры байламы арқылы пупартов байламынан қасаға сүйегiнiң тармақтарына дейiн барып, 2 лакунаға бөлiнедi: 1. бұлшықеттi. 2. тамырлы.

Сан үшбұрышы (Скарпов)- қабырғалары:
1) Сыртқы жағынан- m.sartorius
2) Ішкі жағынан- m. Adductor longus
3) Түбі шап байламы. Үші болып екі бұлшық еттің қиылысқан жерін айтады.

Пупартов асты кеңiстiгiнiң 2/3 бөлiгiн құрайтын бұлшықеттi лакунада мықын-бел бұлшықетi мен сан нервiсi орналасады.
Тамырлы лакунада сан артериясы мен венасы орналасады. Шап байламынан 3 см-ге төмен сан венасына үлкен терi асты венасы түседi. Бұл лакуна май тiнiмен жабылған, онда лимфа түйiндерi орналасады. Сан жарығының түзiлуi кезiнде жарық томпаюының қалыптасуы. Сан каналының iшкi сақинасынан басталады. Сан сақинасының диаметрi ер адамдарда — 1,2 см, әйел адамдарда — 1,8 см болады.

  Жарық пайда болуымен түзiлетiн сан каналының қабырғалары:

  1. жоғары жағынан-шап (пупартов) байламы.
  2. төменгi жағынан –қасаға байламы.
  3. iшкi жағынан — Жембернатов байламы.
  4. сыртқы жағынан — сан венасының медиальды бөлігі.
  5. Ер адамдрда лакунарлы байламы қысқа және мықты, әйелдерде ұзынырақ болады.

Сан жарықтары үлкен болмайды немесе сирек кездеседi. Айқын ауырсыну симптомымен, қысылу мен бiрiгiп өсуiне бейiмделуiмен бiрге жүредi. Iрi тамырлар жақын орналасатындықтан операция қиынға түседi. Шап жарығына қарағанда сан жарығының генезi күрделi, клиникалық көрiнiсi айқын емес.  Жарық қабының сыртында сан венасы орналасады. Жарық томпаюы сан артериясының сыртында орналасса, онда ол сыртқы немесе бүйiрлi тамырлы лакунарлы сан жарығы болуы мүмкiн.

•Жарық қабы пупартов байламы астымен сан артериясы мен венаның үстiнде орналасса, онда ол ортаңғы тамырлы лакунарлы сан жарығы болады. Атиптi жарықтарды операция кезiнде анықтайды. Сан жарықтары пупартов асты кеңiстiгiнiң кез-келген бөлiгiнде түзiлуi мүмкiн:
I. Сан жарықтарының түрлерi:

•1. тамырлы лакунаның жарығы
•2. бұлшықеттi лакуна бөлiмiндегi жарықтар
•3. лакунарлы байламының жарығы

Сан жарықтарының клиникасы:

  • Сан жарығының үлкен түрлерi сирек кездеседi. Жарық қабының шығуына iш перде алдындағы май немесе лимфа түйiндерiнiң томпаюы себеп болады. Сан каналының берiктi емес қабырғасы жарық қабы мен iшкi мүшелердi ерте жарақаттайды. Ол жарықтың орнына келмеуiмен, бiрiгiп өсудiң дамуына әкеледi.
  • Сондықтан олар жиi орнына келмейтiн жарық болып, жиi қысылады. Сан жарықтарының құрамына шарбы, ащы iшектiң iлмегi, жатыр қосалқылары кiредi.
  • Жарық үлкен болмаса, жарық қысылуы пайда болады. Шарбының қысылуы кезiнде клиникалық көрiнiсi айқын емес. Ауру пупартов байламы мен санның алдыңғы беткейiнде жағымсыз сезiмдерден басталады. Ауырсыну физикалық жүктемемен және жүрiспен байланысты, жүдеу адамдарда сан жарығының клиникалық ағымы айқын көрiнедi.
  • Күшенген кезде, физикалық жүктеме кезiнде пупартов байламынан төмен томпаю пайда болады, тыныштық жағдайда ол жоғалады. Томпаю болғанда ауырсыну сезiмi бiрге жүредi.
  • Науқастар жүрген кезде шап бөлiмiнде ауырсыну пайда болатынына шағымданады. Бұл ауырсыну аяққа берiледi де, адам қозғалысы өзгередi.
    Объективтi қарағанда: ешқандай өзгерiстер табылмайды, сондықтан науқастың шағымына жақсылап назар аудару қажет.
  • Сан каналының қабырғасының икемдiлiгi аз және Скарпов ұшбұрышында үлкен май қабаты жарық томпаюын анықтауды қиындатады. Науқастар пупартов байламы бөлiмiнде ауырсыну физикалық жүктеме кезiнде пайда болатынына шағымданады. Жөтелген кезде шап байламынан төменгi бөлiгiнде томпаю үлкейедi, ал басқанда азаяды. Осы белгiлер сан жарығының диагнозын қоюға мүмкiндiк бередi.

Емi: Шап жарығына қарағанда, сан жарығына операция жасау қиындыққа түседi. Бұл сан жарығы кезiнде күрделi анатомиялық ерекшелiгiмен, iрi тамырлардың жақын орналасуымен, сан каналының икемдiлiгiмен түсiндiрiледi. Операцияны Вишневский бойынша жергiлiктi анестезиямен жасайды.

  1. Сан жарығына 2 жолмен келуге болады: – шап арқылы
  2. Сан арқылы

Сан арқылы операция жасаған кезде тамырларға параллельдi өтетiн вертикальды тiлiк жасайды және пупартов байламына параллельдi өтетiн қиғаш тiлiк жасайды. Қиғаш тiлiк ең қолайлы, тиiмдi әдiс. Жарық қабын ашқанда өте абай болу керек, өйткенi оның сыртынан сан венасы, төменгi жағынан үлкен терi асты венасы, iшкi қабырғасынан қуық орналасады. Жарық қабын түбiнен ашып, тiгiп байлайды. Жарық қабы қысылған кезде қысылған сақинаның тiлiгiне дейiн ашады, әйтпесе, жарық құрамы iш қуысына жылжып кетуi мүмкiн.

10-15% — да жабушы артерия төменгi   iшастар үстi артериясынан атиптi түрде сан каналының төменгi, iшкi, жоғарғы шетiмен жарық қабы мойнын толығымен қамтып өтедi. Мұндай жағдайда сан каналының барлық  қабырғалары тамырмен жабылған. Бұл хирургтер үшiн өте қауіптi, сондықтан оны «өлiм тәжi» (corona mortis) деп атаған.

Бұл анатомиялық жағдайды бiлу қан кетудiң алдын алады. Оны кесер алдында тiгiп, байлау қажет. Жарық қабын алып тастағаннан кейiн сан каналы ашылады, оны тiгу керек.

Тігудің көптеген әдiстері бар:
1)Пупартов байламын қасаға сүйегiнiң горизонтальды тармағымен бiрiктiрiп тігедi.  (Бассини, Абрагимов әдiсi).

2)Сан каналының сыртқы сақинасын iштiң сыртқы қиғаш бұлшықетiнiң апоневрозымен, мықын қыры бұлшықетiмен жабады. (Герцен, Уотсон-Чейн, Вреден, Прокунин т.б. әдiстер)

Шап арқылы операция жасағанда шап жарығына сияқты тiндi тiлiп кеседi. Жарық қабын толығымен алып тастайды. Пупартов байламын Купер байламымен бiрге тiгiп, сан каналының iшкi сақинасын жабады. Бұл жiп iштiң көлденең және iшкi қиғаш бұлшықетiн қамтып, жараға тiгiс салынады.

Iш жарығының асқынулары (қысылу, орнына келмеуi, копростаз, қабыну)

Ұқсас материалдарды қарай кетіңіз:

  1. Қысылған жарықтар
  2. Қысылған шап жарығы
  3. Қысылған шап жарығы ауру тарихы
  4. Ntesen—Roeeettl бойынша диафрагма жарығына операция
Материалды достарыңмен бөлісіңіз
comments powered by HyperComments
НашарОнша емесОрташаЖақсыТамаша (1 бағалар, орташа: 5,00 тен 5)
Загрузка...

Ұқсас материалдар ...