Орталық жүйке жүйесінің гистологиясы

Орталық және шеткі жүйке жүйесінің гистологиясы

  1. Жүйке жүйесінің жалпы морфофункционалды сипаттамасы. Эмбироналды даму көзі.
  2. Перифериялық нервтік жүйе. Нервтік түйіндер, жіктелуі. Жұлындық түйіннің құрылысы.
  3. Нервтік бағаналардың құрылысы.
  4. Орталық нерв жүйесі. Жұлын. Жұлынның сұр және ақ затының сипаттамасы.
  5. Жұлынның сұр заты. Нейрондар құрылымы, глиоциттер. Ядролар, олардың құрылысы, функционалды сипаттамасы.
  6. Автономды нервтік жүйенің жалпы морфофункционалдық сипаттамасы және бөлімдері. Преганглионарлы және постганглионарлы нервтік талшықтар.

Нерв жүйесі организмдегі барлық тіршілік процесстерінің реттелуін және олардың сыртқы ортамен байланысуын қамтамасыз етеді. Анатомиялық кұрылысына байланысты нерв жүйесі орталық және перифериялық болып екіге бөлінеді. Орталық нерв жүйесіне бас миы мен жұлын, ал перифериялыққа — перифериялық нерв түйіндері, бағаналар және нерв ұштары жатады. Физиялогиялық көз қараска байланысты нерв жүйесі соматикалық және автономды болады.

Нерв жүйесі нерв түтігі мен ганглиозды пластинкадан дамиды. Нерв түтігінің краниалды бөлігінен бас миы мен сезу мүшелері дамиды. Нерв түтінің денесі мен ганглиозды пластинкадан жұлын, жұлындық және вегетативті түйіндер. организмнің хромаффинді тіні калыптасады. Нерв түтігінің бүйір кабырғасында үш аймакты: эпендима, ол жұлын өзегін астарлайды, жамылғы қабатты және шеткі шершеуді ажыратады. Жамылғы қабаттан жұлынның сұр заты, ал шеткі шершеуден ақ заты дамиды.

Нерв түйіндері

Нерв түйіндері — орталық нерв жүйесінен тыс орналасқан нейрондардың жиынтығы болып табылады. Олар сезімтал (жұлын) және автономды (вегетативті) болып екіге бөлінеді. Нерв түйіндері сыртынан дәнекер тінді капсуламен коршалған. Түйіннің нейрондары псевдоуниполяры (сезімтал түйін) және мультиполярлы (вегетативті нерв түйіні) болады. Түйіндерде нейрондардан баска нерв талшықтары; мен глиоциттер бар. Жұлын түйіндерінің афферентті, вегетативті — эфференітті.

Сезімтал (жұлындық) түйіндер

Сезімтал нерв түйіндері жұлынның артқы түбірі мен бас сүйегі нервтері бойымен орналасады.

Жұлын түйіндері дәнекер тінді капсуламен қоршалған. Оның перифериясында псевдоуниполярлы нейрондардың денесі жиынтығы орналасқан, ал орталық бөлімі осы жасушалардың тармақтарынан түзілген. Дендриттері периферияға келіп, осында рецепторлармен аяқталады. Аксондары қозуды жұлынның сұр затына немесе сопақша миға әкелетін артқы түбірді түзеді. Жұлын түйіндерінің нейрондары глия жасушаларының қабаттарымен (олигдендроглиялар) мантийнді глиоциттермен қоршалған.

Перифериялық нерв бағаналары нервтер

Перифериялық нерв бағаналары — нервтер — миелинді, миелинсіз талшықтар мен дәнекер тінді қабықтардан — эндоневрий, периневрий, эпиневрийден тұрады. Эндоневрий жеке нерв талшықтарын қоршайды және болбыр талшықты дәнекер тіннен түзілген. Периневрий кезектесіп орналасқан жасушалар мен фибриллдер. қабаттарынан түзілген; ол нерв талшықтарының будаларын қоршап жатыр. Эпиневрий — бұл тығыз талшықты дәнекер тіннен түзілген нервтің сыртқы қабығы,

Орталық нерв жүйесі. Жұлын

Жұлын екі симметриялық бөліктерден тұрады. Жұлында орталық бөлімінде орналасқан сұр затты және перифериясындағы ақ затты ажыратады. Ақ заты көлденең бағытталған миелинді талшықтардан түзілген. Жұлынның сұр заты көлденең кесіндісінде көбелек немесе «Н» әрпі сияқты көрінеді. Оларда жұп мүйіздердер: алдыңғы немесе вентральды, артқы немесе дорсальды, бүйір немесе латеральды орналасқан. Жұлынның сұр заты мультиполярлы нейрондардан, миелинді және миелинсіз талшықтардан және нейроглиядан тұрады.

орталық жүйке жүйесінің гистологиясы

Жұлын гистологиясы

Сұр заттағы морфологиясы мен қызметтері ортақ нейрондар жиынтығын -ядро деп атайды.

Жұлындағы нейрондар арасында жасушалардың келесі түрлерін бөледі:

  1. түбірлі жасушалар, олардың аксондары алдыңғы түбірдің құрамында болып жұлыннан кетеді;
  2. Ішкі жасушалар, олардың тармақтары жұлынның сұр затында синапстармен аякталады;
  3. Будалы жасушалар, олардың аксондары жұлынның ақ затында талшықтардың будаларын түзеді.

Артқы мүйіздерде жұмсақ қабатты, желатин тәрізді затты, артқы мүйіздердің меңшікті, ядроларын, төс ядроларын ажыратады. Артқы мүйіздер кірістірмелі жасушаларға ассоциативті және комиссуралды жұлынның сұр затында орналасады.

Желатин тәрізді заттарға және кірістірмелі жасушалар арқалык ганглилердегі сезімтал жасушалардың және алдыңғы мүйіздердегі қозғалтқыш жасушаларының арасындағы байлайланысты орындайды.

Артқы мүйіздің меншікті ядросы мен төстік ядро кірістірмелі нейрондардан түрады, олардың аксондары жұлынның ақ затынан өтіп, бас миына бағытталган. Нейрондары ассоциативті соматикалыкка жатады.

Бүйір мүйіздері кірістірмелі нейрондардың денесінен түзілген ядролардан тұрады. Олардың аксондары алдыңғы мүйіздердегі соматикалык мотонейрондар аксондарымен бірігіп, жұлынның алдыңғы түбірін түзеді. Нейрондары вегетативті ассоциативтігі жатады.

Алдыңғы муйізде ядро болып біріккен, ірі мультиполярлы қозғалтқыш нейрондардан тұрады. (эфферентті). Бұл ядролар моторлы соматикалық нейрондардан түзілген. Алдыңғы мүйіздерде моторлы жасушалардың медиальды және латеральды топтарын ажыратады. Біріншісі дене бұлшық еттерін, екіншісі аяқ — қол бұлшық еттерін нервтендіреді.

Жұлында макроглия мен микроглияның түгел түрлері болады.

Вегетатвті нерв жүйесі

Организмнің вицералды қызметтерін, қан қысымын, тері бөлінуін, дене температурасын, зат алмасу процесстерін және т.б. бақылаушы нерв жүйесінің бөлімін автономды немесе вегетативті нерв жүйесі деп атайды.

Вегетативті нерв жүйесі өзінің физиологиялық ерекшеліктері мен морфологиялық белгілеріне байланысты симпатикалық және парасимпатикалық болып екіге бөлінеді. Көп жағдайларда мүшелерді нервтендіруге екеуі бір кезде қатысады.

Вегетативті нерв жүйесі орталық және периферялық бөлімдерден тұрады. Орталық бөлім бас миы мен жұлынның ядроларынан, ал перифериялық бөлім нерв бағаналары мен өрімдерден түзілген.

Вегетативті нерв жүйесінің орталық бөлімніндегі ядролар орталық және сопақша мида, сондайақ төс, бел сегменттерінің бүйір мүйіздерінде орналасқан. Симпатикалық нерв жүйесіне жұлынның төс және бел бөлімдеріндегі бүйір мүйіздерінде орналасқан вегетативті ядролар жатады. Парасимпатикалық нерв жүйесіне бас сүйек нервтеріндегі III, IV; IX, X жұп вегетативті ядролары мен жұлынның сегізкөз бөліміндегі вегетативті ядролары жатады. Орталық бөлім ядроларының мультиполярлы нейрондары вегетативті нерв жүйесініне ассоциативті нейрондарынан түзілген. Олардың аксондары орталык нерв жүйесінен кетеді және перифериялық нерв түйіндерінің нейрондарында синапспен аяқталады. Бұл вегетативті нерв жүйесінің преганглионарлы талшықтары. Олар негізінде миелинді болады.

Автономды (вегетативті) нерв түйіндері

Автономды (вегетативті) нерв түйіндері функционалдық белгілеріне және орналасуына байланысты бөлінеді:

  • симпптикалық, олар преганглионарлы талшықтарды вегетативті ядроларда, орналасқан, жасушалардан, алады. (Вегетативті ядролар жұлынның төсті және бел сегменттерінде орналаскан);
  • парасимпатикалық олар преганглионарлы талшықтарды вегетативті ядроларда орналасқан жасушалардан алады. (Вегетативті ядролар жұлынның сегізкөз бөлімінде және орталық, сопакша мида орналасқан).

Вегетативті түйіндер сыртынан дәнекер тінді капсуламен қапталған. Түйіндер мультиполярлы нейрондардан тұрады. Нейрондардың дендриттерінің саны көп және қатты тармақталады. Аксондары ішкі мүшелерге түседі. Әрбәр нейрон және оның тармақтары гиалды талшықтармен қапталған.

Материалды достарыңмен бөлісіңіз
comments powered by HyperComments
НашарОнша емесОрташаЖақсыТамаша (1 бағалар, орташа: 5,00 тен 5)
Загрузка...

Ұқсас материалдар ...