Хирургия бөлімінің функционалды диагностика кабинеті

Хирургиялық бөлімнің функционалдық диагностикалық кабинетінде жұмыс істеу

Функционалды диагностика – заманауи технология көмегімен белгілі бір мүше, не жүйенің қызметін, қандай да бір жүктемеге қаншалықты бейімделе алатынын тексеруге мүмкіндік береді . Хирургияда әр түрлі тексеру әдістерінсіз диагноз қою мүмкін емес. Барлық зерттеу әдістері инвазивті және инвазивті емес болып екіге бөлінеді.

  1. Рентгенологиялық әдістер:
  • рентгеноскопия
  • рентгенография
  • екі және үш реттік контрастілеу арқылы зерттеу
  • Фармакологиялық препараттармен зерттеу
  • томография, бірінші орында КТ
  1. Ультрадыбыстық зерттеу:
  • құрсақ қабырғасы арқылы
  • өңеш арқылы (өңештің веналарының варикозды кеңеюінде және қатерлі ісігінде)
  • ас қорыту мүшелеріндегі қан айналымды зерттеу үшін доплерографияны
  1. МРТ – өңештің және бауырдың тамырларының және қатерлі ісікті ауруларын анықтауға болады. Гемохроматоз өте жақсы анықталады (темірмен асқын қанығу)
  1. Радионуклидтік зерттеу (бауыр циррозы, көкбауыр ісігі, қан кетуді, тағамның жылжу динамикасы)

Фиброгастродуоденоскопия (ФГДС) — гастроскоп көмегімен дәрігерге өңешті, асқазанды, он екі елі ішекті зерттеуге мүмкіндік беретін әдіс. Зерттеу барысында дәрігер мүшенің шырышты қабатының жағдайын, керек болса күмәнді аймақтан биопсия үшін кішкене қиынды ала алады. Әдіс өңеш ауруларын, гастритті, ойық жара ауруын, онкопаталогияны дер кезінде анықтауға ыңғайлы

Колоноскопия — бұл процедура тоқ ішекті колоноскоп арқылы ішінен қарауға мүмкіндік береді. Колоноскоп жұмсақ майысқақ, эластикалық зонд. Науқасты сол жақ қырына жатқызып артқы тесік арқылы приборды енгізеді. Дәрігер окулярда не экранда ішектің шырышты қабатын тексеріп қарайды, түрлі манипуляциялар жасай алады. Аспап көмегімен:

  • Биопсияға материал алады
  • Полипті алып тастауға болады
  • Шамалы қан кетуді тоқтата алады

Аноскопия — арнайы прибор анаскоп көмегімен тік ішектің ішкі қабатын зерттейді. 12-14 см тереңдікке тік ішекке енгізеді.

Ректороманоскопия — тік ішекті, сигма тәрізді ішектің төменгі бөлімдерін ректороманоскоп көмегімен тереңірек зерттеуге мүмкіндік береді.

Ультрадыбысты зерттеу – тіндердің құрылымын зерттейді.

Зерттеу кезінде тіндер арқылы ультрадыбысты толқындар өтеді. Түрлі орталар шекарасында сәулелерлің бір бөлігі шағылады, бір бөлігі түзу сызықпен таралып сынады. Датчик шағылған сәулелерді жинақтап, арнайы өңдеуден кейін сурет береді, оны маман талдап нәтижесін шығарады.

Бұл әдіс қарапайым әрі қымбат емес. Сондықтан кез келген науқасты зерттеуді осы әдістен бастаған жөн. Қарсы көрсеткіштері жоқ, қауіпсіз. Бірақ, нәтижелілігі маманның біліктілігіне алдын ала дайындалу қажет емес.

Компьютерлі томография ( КТ ) — қабаттап зерттейтін рентгенологиялық әдіс. Зерттелетін қабатты көлденең кесу арқылы сканирлейді, жіңішке рентген сәулесінің түйінімен келесіде компьютер арқылы сурет алынады. Сурет контрастын күшейту үшін контрастты заттарды қолданады. Қазіргі томографтар үш еселік суреттер алуға болады.

Магнитті-резонансты томография( МРТ ) – ядролы магнитті резонанстың физикалық күшін қолдана отырып ішкі мүшелерді зерттейді. Науқасты МРТ томограф жасап жатқан магнитті өріске орналастырады. Аппарат тез уақытта радио жиілікті импульс шығарады, тіндер осы импульспен резонанста түседі. Сутек атомының ядролары жауапты ауытқулар жібереді, осы ауытқу бізге сурет береді. МРТ мен зерттеу кезінде контрастты заттар қолданады. Контрастты заттар магнитті қасиетке ие.

Рентгенологиялық зерттеу әдістері — тіндердің рентген сәулесін түрлі дәрежеде жұтуына негізделген.

  • Рентгеноскопия — зерттелетін обьект суреті флуоресцентті экранда алынады.
  • Ирригоскопия —тоқ ішекті контрасты затпен ретроградты толтыру арқылы зерттеу. Тоқ ішектің морфологиялық өзгерістерін зерттеугемумкіндік береді.

Хирургиялық ауруларға диагностика

Рентгенография – рентгенологиялық зерттеудің бір түрі. Алынған сурет арнайы пленкаға немесе қағазға басылып алынады. Түрлі бездердің түтіктерінің өткізгіштігін зерттеу үшін қолданылатын, контрастты рентгенметодика дуктография деп аталады.

Жыланкөз жолдарын зерттеу фистулография деп аталады.

Контрастты затпен зерттеу зәр шығару жолдарын зерттеуде аса маңызды, мысалы:

  • экскреторлы урография
  • ретроградты пиелография

Қандай ауру болмасын ерте диагностика нақты диагноз қоюға, тиімді ем қолдануға маңызды мәліметтер береді . Дамыған техника заманында арнайы аспаптарды кеңінен қолдану арқылы науқасқа мейілінше сапалы көмек көрсетуде, әр науқасқа, әр дертке ыңғайлы мол ақпаратты әдісті қолдана біліңіз!

Ұқсас материалдарды қарай кетіңіз:

  1. Хирургиялық операция
  2. Хирургиядағы жаңа технологиялар
  3. Хирургияның даму тарихы

 

Материалды достарыңмен бөлісіңіз
comments powered by HyperComments
НашарОнша емесОрташаЖақсыТамаша (3 бағалар, орташа: 5,00 тен 5)
Загрузка...

Ұқсас материалдар ...