Жүрек гистологиясы

Жүрек гистологиясы. Жүректің өткізуші жүйесінің морфофункциялық ерекшеліктері

Жүрек — қан тамырлар жүйесіне жүрек қан және лимфалык тамырлар жатады. Бұл жүйе организмде қанның, қоректік жәие биологиялық белсенді заттардың, газдардын және жылу энергиясының таралуын қамтамасыз етеді.

Жүрек — қан тамырлар жүйесінің жалпы мофофункциялық құрылысы.

  1. Жалпы кұрылысының архитектуралық принципі — жүрек — қан тамыр жүйесі түтікшелі және жабық болады.
  2. Тамыр сұйықтығына қарап қан және лимфа тамырларын ажыратады.
  3. Қан тамырлары артериялар, микроцикуляторлы тамырлар және веналар болып бөлінеді. Артериялар қанды жүректен тін мен мүшелерге жеткізеді. Веналар керісінше қанды жүрекке құяды.
  4. Лимфалық жүйе веналарға қосымша жүйе болады, олардын кұрылысында ұксастық бар.
  5. Тамырлардың кұрылысы гемодинамикамен, олардың қызметімен тығыз байланысты.
  6. Қан тамырларын әр түрлі тіндерден тұратын және өзінің жеке нервтік — трофикалык аппараты бар мүше ретінде қарастыруға болады.

Жүрек. Сыртқы ортаның әр түрлі кұбылыстарына байланысты организмнің тез өзгеріп, кайта қалпына келуіне басқа мүшелерден гөрі жүректің және қан айналу жолдарының көбі қатынасатындығы ғылыми дәлелденген. Организм қалыпты жағдайда болғанда жүрек бір күшпен жиырылса, адам жұмыс істегенде. Яғни қимылдаганда ол басқаша күшпен жиырылады. Сау адамнын жүрегі қалыпты жағдайда орта есеппен минутына 60 — 75 рет жиырылады.

Дамуы. Жүрек ең алғаш 3 аптаның басында мезенхималық жасушалардың жұп жиынтығы ретінде мезодерманың вицералдық жапырақшаларының астында пайда болады. Мезенхимадық жасушалардан алғаш екі жұп түтікше түзіледі. Кейіннен бұл түтікшелер қосылып эндокард түзеді. Түтікшелерге таяу мезодерманың вицералды жапыракшалары орналасакан Бұл жапырақшасының ішкі бөлігінен миокард, ал сырткы бөлігінен эпикард дамиды. Перикард мезодерманың париетальды жапыракшасынан дамиды. Миокард жасушалары — кардиомиобластар бөлінеді, олардың көлемі ұлғайып және 2 айда әртүрлі бағыттағы миофибриллалар пайда болады. Миобластар байланысқан жерден десмосомаға ұқсас кұрылым байқалады. Бұл кұрылым кейіннен кірістірмелі дискіге ауысады.

2 — айдың аяғында өткізуииі жүйенің қалыптасу белгілері пайда болады. 4 — айда өткізуші жүйенің түгел бөлімдерінің пайда болуы аяқталады.

Құрылысы. Жүрек қабырғасы үш қабықтан тұрады: эндокард, миокард, эпикард.

Эндокард

Ол жүректің ішкі қабаты. Олар жүрек камерасын ішінен, етті бүртіктерді, сіңір жіпшелерін және жүрек қақпақшаларын астарлайды. Эндокард калындығы әр жерде әр түрлі. Ол жүректің сол жақ камерасында жуан. Онда келесі қабаттарды ажыратады: 1) эндотелий, 2) субэндотелиалды қабат, 3) бұлшық етті — эластикалык қабат. 4) субэпикардиалды негіз.

Эпикард базальді мембранада орналаскан полигоналды жасушалардан түзілген эндотелимен төселген. Келесі дәнекер тінінен түзілген эпдотелий асты қабаты. Тереңірек етті эластикалық қабат орналаскан. Бұл қабатта эластикалық талшықтарды және тегіс салалы жасушаларды ажыратуға болады. Ең тереңгі қабат — жуан эластикалық, коллогенді және ретикулярлы талшыктары бар сыртқы дәнекер тінді қабат. Қан тамырлары тек осы қабатта ғана кездеседі. Эндокард жүрек камералрындағы қан аркылы диффузды түрде коректенеді.

Қақпақшалар

Жүрек карыншалары мен жүрекшелері, сондай-ақ жүрекшелер мен ірі тамырлар арасында қақпақшалар орналасады.

Қарынша-жүрекше /атриовентикулярлы/ қақпақшалары жүректің сол жағында — екі жарналық, оң жағында- үш жарналық. Олар эндотелимен астарланған аз мөлшерде тегіс миоциттері және эластикалық, коллогенді талшықтары бар болбыр талшықты дәнекер тіннен түзілген жүқа фиброзды табақшалардан тұрады.

Жүрекше қакпашалары миоциттерінің Гольджи аппараты, ЭПТ жақсы дамыған. Арнай гранулалары өте көп.

Қолка доғасы мен жүректің сол жақ жүрекше шекарасында қолқалы қақпақшалар орналасқан. Қолқалы кақпашалардың үш кабатын ажыратады: ішкі, ортаңғы, сыртқы.

Миокард

Жүректің бұлшық етті қабығы көлденең жолақты бұлшық ет жасушаларынан — кардиомиоциттерден тұрады. Миокардтың бұлшық етті элементтері арасында болбыр талшықты дәнекер тіннің аралык қабаты, нервтер, тамырлар орналасады. Кардиомиоциттер жиырылғыш жүрек миоциттері және өткізгіш жүрек миоциттері болып екіге бөлінеді.

Жүректің жиырылгыш (жұмысшы) миоциттерінің пішіні тік бұрышты. Олардың ұзындыктары 50 — 120 мкм. Жасуша сарколеммамен қапталған.

Жүрек гистологиясы

Қарыншалардың кардиомиоциттері соматикалық бұлшық етті талшықтарға қарағанда Т- жүйелердің өзекшелерімен жақсы жабдықталган. L-жүйелердің өзекшелері (саркоплазмалық ретикулумның кеңеюі) және Т — жүйелері диадалар түзеді. Миоциттердің орталық бөлігінде 1-2 ядролар орналасқан. Миофибриллалар арасында көптеген митохондриялар мен түтікшелер болады.

Жүрекше миоциттерінің өсінділері бар және көлемдері кішірек болады. Оларда митохондриялар, миофибриллалар, саркоплазмалык торлар аз. Бұл кардиомиоциттер сондай-ақ гормондар синтездейді. Жүрекше миоциттерінің гранулярлы эндоплазмалық торы мен Гольджи аппараты жақсы дамыған және арнайы гранулалары көп болады. Т-жүйелері нашар дамыган.

Кардиомиоциттер өзара кірістірмелі дисктер аймағында байланысады. Гистологиялық препараттарда олар қою жолақ болып көрінген.

Жүректің өткізуші жүйесі

Жүректің өткізуші жүйесі — импульсті қалыптастырушы және жүректің жиырылғыш жасушаларына өткізуші бұлшық етті жасушалар. Өткізуші жүйенің құрамына синусты — карыншалы түйіншек, қарыншалы — жүрекшелі түйіншек, карыншалы-жүрекшелі буда енеді.

Бұлшық етті жасушалардың үш түрін ажыратады.

Өткізуші жүйе түйінінің жасушалары. Импульстің қалыптасуы синусты түйінде жүреді. Оның ортаңғы бөлігінде өздігімен жиырылуға қабілетті пейсмекерлі жасушалар орналасқан. Олар кішірек мөлшерлерімен ерекшеленеді. Пішіндері көпбұрышты, диаметрі 8-10 мкм. Миофибриллалары аз және ретсіз бағытта орналасқан. Саркоплазмалық ретикулумы нашар дамыған, Т-жүйесі жоқ.

Түйіннің перифериясында ауыспалы жасушалар орналасқан. Олар жіңішке, созылған жасушалар. Миофибриллалары жаксы дамыған. Көбінесе бір бағытқа бағытталып, рет ретімен орналасады. Кейбір ауыспалы жасушалардың Т-түтікшелері болуы мүмкін.

Өткізуші жүйенің будасы мен олардың аякшалары жасушалары буда болып орналасады, (Пуркинье талшықтары) құрамына ұзыншақ миофибриллалар енеді. Будалардың жасушалары үлкен, Т-жүйелері толығымен болмайды. Миофибриллалар болбыр талшықты дәнекер тіннің аралық қабатымен қоршалган.

Өткізуші миоциттердің шекаралары кірістірме диск түзеді. Кірістірмелі дискте миоциттен миоцитке қозу өтетін жерді — саңылаулы байланысты байқауға болады. Жүрек етінің басқада ерекшелікгері бар. Мысалы, жасушалар аралығында анастомоздар болады және кардиомиоциттерде ядро ортасында орналасқан.

Эпикард — жүректің сыртқы кабығы. Ол миокардпен тыгыз өсуші дәнекер тінінің жұқа пластинкасынан түзілген. Оның бос беті мезотелимен қапталған. Эпикардтың дәнекер тінінде коллоген талшықтарының үстіңгі қабатын, эласткалық тапшықтар қабатын, терең коллогенді — эластикалық қабатарды ажыратады.

Ұқсас материалдарды қарай кетіңіз:

  1. Орталық жүйке жүйесінің гистологиясы
  2. Гистология және цитология даму тарихы

 

Материалды достарыңмен бөлісіңіз
comments powered by HyperComments
НашарОнша емесОрташаЖақсыТамаша (1 бағалар, орташа: 5,00 тен 5)
Загрузка...

Ұқсас материалдар ...