Дюфалак

Дюфалак дәрілік заты

Әсер ететін зат: Лактулоза (Lactulose)

АТХ

A06AD11 Лактулоза

Фармакологиялық тобы. Іш өткізетін заттар

Нозологиялық классификация (МКБ-10)

  • A09 Диарея  және гастроэнтерит инфекциялық  түрі (дизентерия, диарея бактериальды)
  • K30 Диспепсия
  • K59.0 Іш қату
  • K63.8.0* Дисбактериоз
  • K72.9 Себебі анықталмаған бауырлық жеткіліксіздік
  • Z100* КЛАСС XXII Хирургиялық практика

Құрамы және шығару формасы

Шәрбат 100 мл
лактулоза 66,7 г
Қосымша зат: тазартылған су  —  100 мл дейін  

Полиэтиленді  флакондарда  200, 500 немесе 1000 мл, өлшеуіш стаканмен;

Сипаттамасы. Ақ түсті немесе қоңырқай түсті жабысқақ сұйықтық

Дюфалак дәрілік заты

Дюфалак дәрілік заты

Фармакологиялық әсері. Фармакологиялық әсері – іш өткізгіш, дезинтоксикациялық, ішек перистальтикасын стимулдеуші.

Фармакодинамикасы. Гиперосмотикалық іш өткізгіш әсер етеді, ішек перистальтикасын стимулдайды, фосфат және  Ca2+ тұздарының сіңірілуін жақсартады , аммоний иондарының шығарылуына әсер етеді. Лактулоза тоқ ішектің ішектік флорасыммен төмен молекулалы органикалық қышқылдарға ыдырайды нәтижесінде pH төмендеуі  және осмотикалық қысым жоғарылауы болады. Бұл әсер ішек перистальтикасын стимулдайды және үлкен дәреттің консистенциясына әсер етеді. Іш қату болмайды және тоқ ішектің физиологиялық ритмы қалпына келеді.

Бауырлық  энцефалопатия және бауырлық (пре)кома кезінде эффект ацидофильды бактериялар (мысалы  лактобактерия) көбеюіне байланысты протеолитикалық бактериялар басылуымен түсіндіріледі. Ішектің босатылуы тоқ ішекте осмотикалық қысым төмендеуінен және  бактерия  стимуляцисынан  құрамында азот бар токсикалық затттардың азаюынан болады; Ішекте сальмонелла өсуін және бактерия бөлінуін қысқартады.

Фармакокинетика. Абсорбция төмен;сіңірілмей, тоқ ішекке жетеді, онда ішек флорасымен ыдырайды. 45–70 мл дозада толықтай метоболизденеді; үлкен дозада — бөлігі өзгермеген түрде шығарылады.

Көрсеткіштері

  • Іш қату: тоқ ішектің босатылуын физиологиялық қалпына келтіру;
  • Медициналық мақсатта үлкен дәретті жұмсарту (геморроидальды түйіндер, анальды тесік немесе тоқ ішекке операция кезінде);
  • Бауырлық энцефалопатия — бауырлық кома емі және профилактикасы;
  • Ішек дисбактериозы; сальмонелла және шигелламен шақырылған энтерит, бактерия тасымалдаушы сатысындағы сальмонеллез; шіріген диспепсия синдромы (жас балаларда тамақтан уланған кезде).

Қарсы көрсеткішері:

  • Белсенді компонент фруктоза, галактоза, лактозаға жоғары сезімталдық;
  • Галактоземия;
  • Ішек өтімсіздігі.

Абайлап қолданылу қажет:

  • Қант диабеті.
  • Жүктілік кезінде және лактация кезінде қолданылуға болады

Жағымсыз әсері

  • Алғашқы күндері  метеоризм (2 күннен соң басылады) болуы мүмкін, артық қолданған кезде іштегі ауырсыну, диарея байқалады.
  • Асқазан – ішек бұзылыстары: метеоризм, жүрек айну, құсу. Үлкен дозада қолданған кезде— диарея.

Дәрілермен өзара әрекеттесуі. Лактулозаның тоқ ішектегі pH төмендетуіне байланысты, 5-аминосалицил қышқылы сияқты препараттар инактивтенеді.

Қолдану тәсілдері мен дозалары

Ішке, тамақ кезінде (таңертен), доза индивидуальды тағайындалады.

Іш қату мен дәретті жұмсарту мақсатымен

Жасы Бастапқы доза, мл Демеуші доза, мл
Ересек 15–45 10–25
Бала 7–14 жас 15 10
Бала 3–6жас 5–10 5–10
 3 жасқа дейінгі бала 5 5

2 күн пайдаланған соң препараттың дозасын науқас қажетінше азайтуға болады. Клиникалық әсері 2 күннен соң болады. Ол лактулоза әсеріне байланысты. Егер 2 күннен соң әсер болмаса препарат дозасын немесе қабылдау жиілігін көбейтеді.

Бауырлық кома және прекома кезінде: бастапқы доза — 30–45 мл 3 рет күніне. Кейін индивидуальды демеуші дозаға ауысады. Демеуші доза кезінде дәрет жұмсақ күніне 2–3 рет, ал рН  5,0–5,5 болуы қажет.

Жедел жағдайларда Дюфалак®  клизма түрінде 300 мл препаратты және 700 мл сумен қолданады.

Ішек  дисбактериозын емдеу кезінде: 1 жасқа дейінгі балаларға бір күндік доза — 1,5–3 мл, 1–3 жас — 3 мл, 4–7 жас — 5 мл,  7 жастан жоғары және ересектерге — 10 мл.

Сальмонеллез, шигеллез емі кезінде: алғашқы 10–12 күн — 15 мл 3 реттен, бір апта үзілістен кейін   — сол дозада  күніне 5 рет.

Артық дозада пайдаланған кезде

Симптомдары: іштегі ауырсыну, диарея.

Емі: препарат қабылдауды тоқтату немесе азайту.

Өндіруші. Солвей Фармасьютикалз Б.В., Нидерланды.

Сақтау шарттары. Жарықтан қорғалған жерде, 10–25 °C температурада. Бала қолы жетпейтін жерде сақталу қажет.

Сақталу мерзімі. 3 жыл.

 

Материалды достарыңмен бөлісіңіз
comments powered by HyperComments
НашарОнша емесОрташаЖақсыТамаша (1 бағалар, орташа: 5,00 тен 5)
Загрузка...

Ұқсас материалдар ...