Реамберин

РЕАМБЕРИН

Саудалық атауы: РЕАМБЕРИН

Халықаралық патенттелмеген атауы: жоқ

Дәрілік түрі: Инфузияға арналған 1,5 % 400 мл ерітінді

Құрамы:

  • 400 мл препараттың құрамында
  • белсенді зат -6,000 г натрий сукцинатының меглюмині, ол келесі: 3,490 г N-метилглюкамин (меглюмин), 2,112 г янтарь қышқылы жазбасы бойынша алынған,
  • қосымша заттар: натрий хлориді, калий хлориді, магний хлориді (сусызға шаққанда), натрий гидроксиді, инъекцияға арналған су.
  • 1 л-ге иондық құрамы:
  • 147,2 ммоль натрий-ионы, 4,0 ммоль калий-ионы, 1,2 ммоль магний-ионы, 109,0 ммоль хлорид-ионы, 44,7 ммоль сукцинат-ионы, 44,7 ммоль — N метилглюкаммоний-ионы.
  • Осмоляльдігі 31 З мОсм/кг.

Сипаттамасы. Мөлдір, түсіз сұйықтық

Фармакотерапиялық тобы. Су-электролиттік тепе-теңдікке әсер ететін ерітінділер

АТЖ коды В05ВВ

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы. Фармакокинетикалық зерттеулерді жүргізгенде N -(1-дезокси- D-глюцитол-1-ил)-Х-метиламмоний натрий сукцинаты бірақ сәтте жойылған және қан плазмасында анықталмаған.

Фармакодинамикасы. Реамберин антигипоксиялық және антиоксидантты әсерге ие теңестірілген изотониялық ерітінді болып табылады. Ерітіндінің құрамына енетін компоненттер организмнің метаболиялық үдерістеріне қатысады.

Препарат Кребс циклының ферментативтік үдерістерін көтермелейді (натрий суцинаты жасушаішілік метаболит болып табылатындықтан энергиялық статусты жақсартады) және жасушалардың майлы қышқылдар мен глюкозаны жоюына түрткі болады, қышқылдык-сілтілік тепе-теңдікті және қанның газ құрамын қалпына келтіреді.

Препараттың құрамына кіретін негізгі иондардың концентрациясы сол иондардың (натрий, калий, магний, хлор иондарының) қан плазмасындағы концентрациясына сәйкес келеді.

Орташа диуретикалык әсерге ие.

Қолданылуы. Ересектер мен 1 жастан үлкен балалардағы түрлі этиологиядағы жедел улануларда

Қолдану тәсілі мен дозалары

Ересектерге: көктамыр ішіне минутына 90 тамшы (1-4,5 мл/мин) жылдамдықпен тамшылатып енгізеді — тәулігіне 400-800 мл.

Препаратты енгізу жылдамдығы мен дозалауды науқас сырқатының ауырлық дәрежесіне сәйкес аныктайды.

Балаларға: күн сайын 1 реттен дене салмағына шаққанда 6-10 мл/кг есебімен 3-4 мл/мин жылдамдықпен, бірак тәуліғіне 400 мл-ден асырмай енгізеді.

Препаратты енгізу курсы — 11 күнге дейін.

Ренамберин препараты

Жағымсыз әсерлері

Жылдам енгізгенде:

  • ыстықты сезіну
  • дененің жоғарғы бөліктерінің кызаруы

Қолдануға болмайтын жағдайлар

  • жекелей көтере алмаушылыкта
  • мидың ісінуі қатар жүретін бас сүйек-ми жарақаты жай-күйінде
  • бүйрек қызметінің айқын бұзылуында
  • жүктілік пен лактация кезінде
  • 1 жасқа дсйінгі балаларға

Алколоз кезінде абайлап колдану керек.

Дәрілермен өзара әрекеттесуі. Антибиотиктермен, суда еритін витаминдермен, глюкоза ерітінділерімен жақсы үйлессді.

Айрықша нұсқаулар. Препараттың ағзадағы аэробты үдерістерді көтермелеуіне байланысты метаболиялық алколоздың дамуы, қандағы ғлюкоза концснтрациясының төмендеуі мүмкін.

Дәрілік заттың көлік құралдарын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Көлік құралдары мен кауіптілігі зор механизмдерді баскару қабілетіне әсер етпейді.

Артық дозаланғанда

  • Препараттың артық дозалануы туралы деректер жоқ.
  • Жағымсыз әсерлері күшейгенде симптоматикалык ем жүргізу керек.

Шығарылу түрі мен қаптамасы. Резеңкеден жасалған тығынмен тығындалған және алюминий қалпақшалармен немеее аллюминий және пластмассаның біріктірілген қоспасынан жасалган қалпақшалармен қаусырылған сыйымдылығы 500 мл шыны бөтелкелердс 400 мл-ден.

Әр бөтелкені мемлекеттік және орыс тілдеріндегі қолдану жөніндегі нұсқаулығымен бірге картон пәшкеге салады.

Сақтау шарттары

  • Жарықтан қорғалған жерде, 25°С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
  • Препаратты мұздатып қатыруға жол беріледі.
  • Ерітіндінің түсі өзгергенде немесе шөгінді болғанда препаратты қолдануға жол берілмейді
  • Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі. 5 жыл

Қаптамасында көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары. Рецепт арқылы

Материалды достарыңмен бөлісіңіз
comments powered by HyperComments
НашарОнша емесОрташаЖақсыТамаша (1 бағалар, орташа: 5,00 тен 5)
Загрузка...

Ұқсас материалдар ...