Сүйектік остеофиттер. Табан өкше остеофиті

Остеофит

Остеофит сүйек тінінің патологиялық өсіндісі болып табылады. Көп жағдайда сүйектік өсінді симптомсыз өтеді, тек рентгенологиялық зерттеу кезінде ғана анықталады. Остеофиттер табан және қол сүйектерінің беткейінде, аяқ – қолдың буын аумағында пайда болуы мүмкін. Сонымен қоса, сүйектік өсінді омыртқа жотасының бойында да туындауы мүмкін.

Остеофит өзінің формасына байланысты осылай аталған. (грек. osteon – сүйек және phyton – өсінді). Сүйек тінінің өсіндісі жекелей немесе бірнеше өсінділік болады. Остеофит формасы әртүрлі болуы мүмкін, жіңішке тіс сияқты түрден толық өсінді түрінде кездеседі. Остеофит қалыпты сүйек тіні сияқты структуралардан тұрады.

Остеофиттердің келесідей түрлері болады:

  • сүйектік компактілі;
  • сүйектік кеуекті;
  • сүйектік-шеміршектік;
  • метапластикалық.

Сүйектік компактілі остеофиттер

Сүйектік компактілі остеофиттер сүйек тінінің компактілі затының туындысы болып табылады. Компактілі зат сүйек тінін құрайтын екі түрінің біреуі болып табылады. Сүйек тінінің компактілі заты әртүрлі қызмет атқарады. Біріншіден , бұл зат өте берік және үлкен механикалық күштемені көтере алады. Компактілі зат сүйектің сыртқы қабаты болып табылады. Екіншіден, бұл зат кейбір химиялық заттарды сақтаушы болып табылады. Дәл осы компактілі затта көп кальций және фосфор сақталады. Сүйектің компактілі қабаты біртекті болып келеді, ұзын және қысқа түтікті сүйектің орталық тұсында жақсы дамыған. (сан сүйегі,иық сүйегі,шынтақ сүйегі,сонымен қоса табан және саусақ фалангалары). Компактілі сүйек тіні сүйектің 75 – 80% қамтиды. Сүйектік компактілі остеофиттер табан сүйегі беткейінде дамиды және қол мен аяқ саусақтарының арасында болады.

Сүйектік кеуекті остеофиттер

Сүйектік кеуекті остеофиттер сүйек тінінің кеуекті затынан түзіледі. Бұл тін торлы құрылымды және сүйек пластинкалары мен трабекулаларынан тұрады. Сүйектің компактілі затына қарағанда кеуекті заты жеңіл, тығыздығы орташа және онша берік болмайды. Кеуекті зат түтікті сүйектердің соңғы бөлімдерінің түзілуіне қатысады (эпифиз), сонымен қоса кеуекті заттың барлық құрылымын түзеді (алақан сүйектері,омыртқа,қабырғалар,төс сүйегі). Түтікті сүйектерде кеуекті зат қан жасау қызметін қамтамасыз ететін қызыл сүйек кемігінен тұрады. Сүйектік кеуекті остеофиттер сүйек тініне үлкен күштеме түсуден пайда болады. Бұндай остеофит түрі барлық кеуекті және түтікті сүйек сегментінде пайда болады.

Сүйектік – шеміршектік остеофиттер

Сүйектік – шеміршектік остеофиттер сіңір тіндерінің деформациясы салдарынан пайда болады. Қалыпты жағдайда буын беткейі шеміршек тінімен жабылады. Шеміршек буындарда маңызды қызмет атқарады, себебі сүйектік буындар арасындағы үйкеліс азаяды. Егер шеміршек тіні үнемі жүктемеде болса және қабыну және буындардың дегенеративті аурулары болса, бұл тіннің деструкциясына әкеледі. Сүйек үлкен механикалық жүктеме әсерінен өсе бастайды. Берілген сүйек – шеміршектік өсінділер (остеофиттер), буын беткейін үлкейтеді, яғни түскен жүктемені бірқалыпты тарату үшін.

Сүйектік – шеміршектік остеофиттер ірі буындарда түзіледі, яғни буын беткейіне түсетін салмақ жоғары жерлерде пайда болады. (тізе және мықын – сан буындарында).

Метопластикалық остеофиттер

Метапластикалық остеофиттер сүйек тінінде жасушалардың бір түрінен екінші түріне ауысқан кезде пайда болады. Сүйек тінінде 3 басты жасушаларды бөліп қарастырады – остеобласт, остеоцит және остеоклас. Остеобласт сүйектің жас жасушалары болып табылады және арнайы жасуша аралық зат (матрикс) түзеді. Кейін остеобласттар остеоцитке айналады. Остеоциттер бөліну және жасуша аралық зат өндіру қасиетін жоғалтады. Остеоциттер зат алмасуға қатысады және сүйектің органикалық және минералдық заттарын қалыпты ұстап тұрады. Остеокластар ақ қан жасушаларынан түзіледі (лейкоцит) және ескі сүйек тінін бұзу үшін қажет.

Остеобласт, остеоклас және остеоциттердің метапластикалық остеофиттердегі сандық ара қатынасы әртүрлі болады. Бұл остеофиттер сүйек тінін зақымдайтын қабыну немесе инфекциялық аурулардан соң пада болады. Сонымен қоса кейбір жағдайларда метапластикалық остеофиттер сүйек тіні регенерациясы бұзылған кезде пайда болады.

Остеофиттер пайда болуының себебі:

  • сүйек тіні қабынуы;
  • сүйек тініндегі дегенеративті процесс;
  • сүйек сынуы;
  • мәжбүрлі жағдайда ұзақ уақыт болу;
  • сүйек тінінің ісік аурулары;
  • эндокринді аурулар.

Табан остеофиттері

Табан остеофиттері өкше сүйегінде пайда болады. Өкше остеофиттерінің пайда болу себебі өкше фасциясының қабыну – дегенеративті өзгерістері болуы мүмкін. Бұл фасция өкше төмпешігіне жабысып, өкшенің көлденең күмбезін ұстауға қатысады. Өкше фасциясының үнемі зақымдалуы оның қабынуына әкеледі. (плантарлы фасциит).
Сонымен қоса остеофиттер аяқ үлкен саусағының тырнақ айналасында пайда болуы мүмкін. Бұндай остеофиттер тырнақ пластинкасын ығыстырып ауырсыну тудыруы мүмкін.

Табан остеофиттері келесідей түрде көрініс береді:

  • ауырсыну синдром;
  • табан функциясының бұзылыстары.

Ауырсыну синдромы.

Ауырсыну сезімі өкше остеофиттерінің басты көрінісі болып табылады. Табан ауырсынуы жүктемеден соң күшейіп, үдейді. Ауырсыну симптомдары таңертең айқын болады. Ол кешке қарай зақымдалған фасциялар регенерацияға ұшырап, қысқаруына байланысты. Таңертең жүріс кезінде осы қысқарған фасцияда қайта жыртылу болып бұрынғы қалпына дейін созады. Ауырсыну ақырындап азаяды, кейін қайта пайда болуы мүмкін. Егер остеофиттер үлкен саусақтың дистальды фаланганың негізінде пайда болса (тырнақ пластинкасы астында) ол ауырсыну сезімдеріне әкеледі. Ол бұл остефиттер механикалық түрде тырнақ астында болатын нерв ұштарын қоздырумен байланысты.

Өкше функциясының өзгерістері. Табан функциясының өзгерістері массивті өкше остеофиттерінде байқалады. Ауырсыну сезімдері қатты болады және ол қысқа уақытқа ақсақтыққа әкеледі. Науқас қатты ауырсыну әсерінен зақымдалған аяғына күш түсірмейді және жүрген кезде табанның алдыңғы бөлігіне күш түсіреді.

Табан ауруы, остеофиті

Өкше сүйегінде орналасқан остеофит көрінісі

Өкше остеофиттерінің диагностикасы.

Көп жағдайда диагноз науқас шағымдарына сүйене отырып қойылады, сонымен қоса зақымдалған табан аймағын жалпы қараудан кейін қойылады. Диагнозды нақтылау үшін инструментальды диагностика әдістерін қолдану қажет.
Табан остеофиттерін анықтау үшін рентгенографиялық әдіс қолданылады. Рентген көрінісінде табан остеофиттері сына тәрізді және т.б түрде болуы мүмкін және өкше төмпешігінен шығып тұрады.

Табан остеофиттерінің емі. Табан остеофиттерінің емі зақымдалған жерге күш түсірмеуден басталу қажет. Табан остеофиттерінің емінде арнайы ортопедиялық ұлтарақтар қолдану жақсы әсер көрсетеді.

Табан фасциясы үшін фиксациялар түрлері:

  • тейпирлеу;
  • түнгі ортез қолдану.

Тейпирлеу буындар мен бұлшықеттердің жақсы фиксациясы үшін арнайы жабыстырғыш лентаны теріге жабыстырумен байланысты. Оны сүйек- бұлшықет зақымдалуы кезінде және профилактика ретінде қолданады. Бұл әдіс табан остеофиттері болса эффективті әдіс болып табылады. Арнайы пластырды қолдану өкшенің бойлық күмбезін және табан фасциясын физиологиялық қалыпта ұстауға көмектеседі. Бұл әдісті емдік физикалық жаттығулардан соң қолдану қажет. (гимнастикадан кейін табан фасциясының ұзаруы болады). Әдіс үшін арнайы жабыстырғыш лента (тейп) немесе қарапайым кеңдеу лейопластр қолдану арқылы жүргізіледі.

Түнгі ортез арнайы ортопедиялық әдіс, ол арқылы науқастың аяғын фиксациялауға және қызметін қалпына келтіруге көмектесетін әдіс. Ол арнайы аяқ немесе буынға арналған корсет болып табылады. Бұндай ортопедиялық құрылғылар аяқты тік бұрышта фиксациялауға көмектеседі (табанды максимальды сыртқа бүгу), яғни түнгі уақытта табан фасциясын қалпында ұстайды. Кейін бұл фасция қысқармай қалпына келеді және тіндері микротравмаға ұшырамайды. Қажетті терапиялық нәтиже болу үшін түнгі ортезды күн сайын бірнеше ай бойы қолдану қажет.

Остеофиттерді емдеудің келесі әдістері:

  • физиотерапия;
  • медикаментозды ем;
  • хирургиялық ем.

Физиотерапия. Табан остеофиттерін физиотерапевтикалық емдеу әдісі қазіргі таңда жиі қолданылады. Бұл әдістер сүйек өсінділерін жоймайды, тек эффективті түрде ауырсыну сезімдерін азайтады. Физиотерапия және ортопедиялық ұлтарақпен арнайы аяқ – киім қолдану және түнгі ортездарды пайдалану көп жағдайда ауырсыну симптомдарын азайтады.

  • Виброакустикалық терапия. Зақымдалған аймақта қан айналымын жақсартады. Ауырсыну сезімдерінің азаюына әкеледі. Табан остеофитін емдеуде «Витафон» құрылғысын пайдаланады. Бұл виброакустикалық құрылғы ағза тіндеріне микротолқынды импульстер арқылы әсер етеді. Құрылғы екі диапазонды жиілікте жұмыс істейді – 20 Гц тен 4,5 кГц және 200 Гц тен 18 кГц дейін. Жұмыс кезінде құрылғы жиілігі өзгеріп тұрады және терең вибрация әсері туындайды. Курс ұзақтығы ауырсыну синдромының әсеріне байланысты.
  • Емдік массаж. Табан сүйегіне механикалық әсер ету қан айналымына және табан фасциясының регенерациясына әсер етеді. Сонымен қоса механикалық қоздыру табан остеофиттерінің ауырсыну синдромын жоюға көмектеседі. Массажды жасаған кезде максимальды ауырсыну нүктесін тауып алу қажет. Кейін үлкен саусақтармен ауырсыну нүктесін 5 – 7 минут бойы массирлеу қажет. Қозғалыс тез емес, бірақ қатты болу қажет. Массаж ұзақтығы 7 – 8 минуттан аспау қажет және екі күнде бір рет жасау қажет.
  • Емдік шынығу. Арнайы гимнастикалық жаттығуларды жасау өкше фасциясын жаттықтыруға негізделген. Үнемі және дозалық жүктемелер фасцияны серпімді және эластикалық етеді. Емдік гимнастика шынықтырудан соң жасалады, себебі шыныққан соң сирақ бұлшықеттері созылып, қызады. Емдік шынығу ұзақтығы (симптоматикаға байланысты ) 3 – 8 аптаға созылады.
  • Лазерлі терапия. Жарықтық сәулелену әсері регенеративті әсерді жақсартады және тіндердегі қан айналымды жоғарылатады. Лазерлық терапия ісінуді басып, ауырсынуды азайтады және қабыну процессін жояды. Лазерлі терапия 2 сатыда жасалу қажет. Алғашында 10 процедура импульсты жиілікпен 50 Гц және күші 80 мВт 4 проекцияда жүргізіледі. Процедура күн сайын 10 бойы жүргізіледі. Екінші курс екі аптаға созылады, ол кезде сәулелену жиілігін 80 Гц дейін жоғарылатады.
  • Соққы-толқынды терапия. Дыбысты толқындардың импульстері тіндерге өтіп ауырсыну импульстерін бөгейді және ісінуді азайтып, зақымдалған тіндерді қалпына келтіреді. Сонымен қоса соққы — толқынды терапия байланысу аппаратына жүктемені азайтады, яғни шөккен тұздарды ұсақтайды. Процедура ұзақтығы 10 нан 30 минутқа дейін созылады. Әрбір процедурадан соң нәтижесіне байланысты үзіліс 3 — 21 күнге дейін созылады. Орташа курс ұзақтығы 5 – 7 сеанс.
  • Рентгенотерапия. Рентген сәулесі терең тіндерге өтіп, импульстерді бөгейді. Рентгендік сәулелену үлкен энергия және қысқа толқынға ие. Бұл әдіс остеофиттерді жоймайды, тек ауырсынуды ұзақ уақытқа бөгейді. Курс ұзақтығы 10 сеанс. Әрбір процедура 10 – 12 минутқа созылады.

Медикаментозды ем

Медикаментозды ем қабынуға қарсы заттарды сырттай қолдануға негізделген. (гель және мазь). Бұл заттар ауырсынуды басады және табан фасциясының регенеративті процессін күшейтеді.

  • Флексен
  • Диклофенак
  • Индометацин
  • Кетопрофен

Егер қабынуға қарсы дәрілер көмек бермесе дәрілік блокада жасауға болады. Емдік блокада эффективті әдіс болып табылады, медициналық препаратты патологиялық ошаққа енгізуге негізделген.
Хирург ауырсыну нүктесіне шприцпен дәрі енгізеді.

Табан остеофиттіне блокада жасау үшін келесідей дәрілер қолданылады:

  • Гидрокортизон
  • Кеналог
  • Дипроспан

Хирургиялық ем.

  • Хирургиялық ем егер науқастың аяқтарындағы фалангаларында остеофиттер пайда болса және медикаментозды емнен көмек болмаған кезде жасалады.
  • Операция эндоскопиялық жолмен жасалады. Хирург 2 үлкен емес диаметрі бар тесік жасайды. Бір тесіктен арнайы камера енгізіледі, ал екінші тесіктен қажетті құрылғылар енгізіледі. Табандағы остеофитке жету үшін табандық фасцияны кесу қажет. Кейін арнайы құрылғы арқылы сүйек тінін кеседі және остеофитті алып тастайды. Операция жергілікті анестезия арқылы жасалады.
Материалды достарыңмен бөлісіңіз
comments powered by HyperComments
НашарОнша емесОрташаЖақсыТамаша (әлі баға қойылмады)
Загрузка...

Ұқсас материалдар ...