Есту мүшесінің жасқа сай құрылыс ерекшелігі

Есту ағзасының құрылысы

Есту мүшесінің жасқа байланысты құрылысының ерекшеліктері, топографиясы және олардың ЛОР патологиясындағы маңызы.

Сыртқы құлақ – auris externa-құлақ қалқаны мен сыртқы дыбыс жолынан тұрады.Құлақ қалқаны –auricula-ол терімен қапталған серпінді шеміршектен түзілген. Құлақ қалқанының сыртқы формасы мен шығыңқы жерлері шеміршекке байланысты: бос қайырылған жиегі-anthelix, құлақ бүртігі-tragus,оның артында жатқан құлаққа қарсы бүртік –antitragus деп аталады. Сыртқы есту жолы- meatus acusticus externus — екі шеміршекті және сүйекті бөліктен тұрады. Шеміршекті дыбыс жолы жалпы алғанда бүкіл сыртқы дыбыс жолы ұзындығының үштен бірін құрайды.Сүйекті дыбыс жолы- porus acusticus externus, тұтас дыбыс жолы ұзындығының үштен екісін құрайды.

Тұтас дыбыс жолының бағыты жалпы алғанда фронтальды, бірақ ол түзу жүрмей горизонтальды жазықтықта да, вертикальды жазықтықта да, S тәрізді иілім жасайды.Сол себептен дабыл жарғағын көру үшін құлақ қалқанын артқа,жоғарыға және сыртқа карай тартып,оны түзулеу керек.Жолдың шеміршекті бөлігінде май бездері болады.Дабыл жарғағы –membrana tympani-сыртқы және ортаңғы құлақ шекарасында жатады.

Ортаңғы құлақ

Ортаңғы құлақ –auris media-дабыл қуысын жұтқыншақтың мұрын бөлігімен жалғастыратын есту түтігінен тұрады.Дабыл қуысы- cavitas tympanica- самай сүйегі пирамидасының негізінде сыртқы дыбыс жолы мен ішкі құлақ арасында орналасқан.Онда дыбыс тербелістерін дабыл жарғағынан лабиринтке беретін үш кішкене сүйектен тұратын тізбек орналасады.

Дабыл қуысында 3 кішкене дыбыс сүйекшелері болады:

  • Балғашық
  • Төс
  • Үзеңгі

Сүйекшелер тізбегі 2 қызмет атқарады:

  • Дыбысты сүйек арқылы өткізу
  • Дыбыс тербелістерін механикалық жолмен беру

Есту мүшесінің жасқа сай ерекшелігі

Есту жолының ішкі шетінің қиғаш орналасу қалпына байланысты жарғақ қиғаш, ал жаңа туған нәрестелерде горизонтальды орналасады.Ересек адамда дабыл жарғағы сопақ пішінді келеді; ол жұқа жартылай жарық өткізетін пластинка болып табылады, орталығында жалпақ воронка тәрізді ішіне қарай тартылған кіндік- umbo membranae tympani – болады.

Ересектерде сыртқы есту түтігі қабынғанда пальпациялағанда құлақ түйіні аймағы,ал балаларда аралық құлақтың жіті қабынуы кезінде ауырады,өйткені жас балаларда сыртқы есту тесігінің сүйек бөлімі болмайды.

Құлақ қалқанының алдыңғы жағындағы тамырларында тері асты клетчаткалары жоқ,сондықтан үсуге бейім

Сыртқы есту түтігінің ұзындығы балаларда 0,5-0,7 см болса, ересектерде 3 см.

есту мүшесінің құрылысы

Есту мүшесі құлақтың құрылысы

Үлкен адамда дабыл жарғағы есту түтігінің төменгі қабырғасымен салыстырғанда 45 градус бұрышта, ал балаларда 20 градус шамасында болады.

Есту түтігі ересек адамдарда ұзындығы 3,5 см,

Есту түтігі екі жасқа дейінгі балаларда қысқа және кең болады

Үңгір ересек адамдарда 1см ге дейінгі тереңдікте жатады,сәбилерде алғашқы жылдары емізікше өсінді бетіне жақын орналасады

Дабыл қуысының көлемі үлкен емес( 1см3 шамасындай ) және ол қабырғасына қойылған,сыртқы дыбыс жолы жағына қарай қатты қисайған дабыл аспабына ұқсайды. Дабыл қуысының алты қабырғасын ажыратады.

  1. Дабыл қабырғасының латеральды қабырғасы-paries membranaceus-дабыл жарғағы мен сыртқы есту жолының сүйекті пластинкасынан түзіледі. Қуыстың жоғарғы күмбез тәрізді кеңейген бөлігінде –recessus membranae tympani superior- екі есту сүйекшесі- балғашықтың басы мен төс жатады.
  2. Дабыл қуысының медиальды қабырғасы лабиринтке жалғасып жатады да, сондықтан лабиринттік қабырға paries labirinthicus деп аталады. Онда екі терезе: ұлуға алып баратын дөңгелек-fenestra cochleae, ол membrana tympanisecundaria-мен тартылып жабылған және vestibulum labirinthi ішіне ашылатын сопақ терезе –fenestra vestibuli- орналасады. Соңғы тесікке үшінші дыбыс сүйекшесінің-үзеңгінің табаны еніп тұрады.
  3. Дабыл қуысының артқы қабырғасында –paries mastoideus-те m.stapedius орналасуға қырат бар. Recessus membranae tympani superior артқа қарай емізік тәрізді өсіндінің үңгіріне –antrum mastoideum-ге жалғасады, ол үңгірге өсіндінің ауалы ұяшықтары-cellulae mastoideae ашылады. Antrum mastoideum-емізік тәрізді өсінді жағына қарай еніп тұрған кішкене қуыс. Ол емізік тәрізді өсіндінің сыртқы бетінен spins suprameatica артындағы есту жолының артқы қабырғасымен шектесетін сүйек қабатымен бөлінеді. Әдетте сол жерде емізік тәрізді өсінді іріңдегенде үңгірді ашады.
  4. Дабыл қуысының алдыңғы қабырғасы ішкі ұйқы артериясына жақын жанасып жатқандықтан paries caroticus деп аталады. Бұл қабырғаның жоғарғы бөлігінде есту түтігінің ішкі тесігі – ostium tympanicum tubae auditivae орналасады.

Балалардағы ерекшелігі: ол жаңа туған нәресте мен сәбилерде кең ашылып тұрады, инфекцияның жиі-жиі жұтқыншақтан ортаңғы құлақ қуысы мен одан әрі бассүйек ішіне өтіп кетуі осыған байланысты.

  1. Дабыл қуысының жоғарғы қабырғасы немесе –paries tegmentalis-пирамиданың алдыңғы бетінде tegmen tympani-гe сәйкес келіп,дабыл қуысын бассүйек қуысынан бөліп тұрады.
  2. дабыл қуысының төменгі қабырғасы немесе түбі –paries jugularis екеуі көрші орналасып, бассүйектің негізі жағына қарайды.

Есту түтігі (Евстаий түтігі)

Ауаның жұтқыншақтан дабыл қуысына келуіне арналған ,қуыс ішімен сыртқы атмосфера қысымы арасындағы тепе-теңдікті сақтайтын түтік.

Ішкі құлақ немесе лабиринт ,самай сүйегінің пирамидасының қабатында дабыл қуысы мен ішкі дыбыс жолы арасында орналасады.Сүйекті және жарғақты лабиринтті ажыратады.

Сүйекті лабиринт 3 бөлімнен тұрады:

  • Кіреберісті
  • Жартылай дөңгелекті өзектер
  • Ұлу

Ұлу кіре берістен алға қарай, медиальды біршама төмендеу,ал жартылай өзектері артқа қарай, латеральды және одан жоғары қарай орналасады.

Жарғақты лабиринт, сүйекті лабиринттің ішінде орналасады.Онда есту және гравитация анализаторларының шеткі бөлімдері оналасады. Іші эндолимфамен толған, жарғақты лабиринт пен сүйекті лабиринт арасында перелимфалық кеңістік бар.

Ұқсас материалдарды қарай кетіңіз:

  1. Құлақ зақымдалуы
Материалды достарыңмен бөлісіңіз
comments powered by HyperComments
НашарОнша емесОрташаЖақсыТамаша (2 бағалар, орташа: 5,00 тен 5)
Загрузка...

Ұқсас материалдар ...