Бүйректің шумақшалы фильтрациясын есептеу

Кокрофт-Голт формуласы бойынша бүйректің шумақшалы фильтрациясы

Шумақшалы  фильтрация (ШФ)— судың ультрафильтрациясы және  плазманың төмен молекулярлы компоненттерінің шумақшалы фильтр арқылы өтуі. Қалыпта шумақшалы фильтрация жылдамдығы 100-120 мл/мин, яғни бүйректік плазма ағымының 20%, әр минут сайын бүйрек шумақшаларында ультрафильтрация процесіне ұшырайды.

Шумақшалардағы фильтрация пассивті процесс. Ол жүрек жұмысы арқылы туындайтын  гидростатикалық қысымға байланысты орындалады. Ультрафильтрация кезінде шумақша капсуласына капиллярдан қан сары суының  төмен молекулалы заттарымен сұйық бөлігі енеді, ал капилляр саңылауында ақуыз және ірі молекулалы заттар қалады.

Шумақша фильтрация жағдайын инулин клиренсі көрсетеді, ол шумақша клиренсін басқа заттар клиренcімен салыстырмалы көрсетеді. Яғни, инулин молекулалары, 1,4 нм, ол шумақшалы  капиллярдың базальды мембраналарының диаметрінен кіші, сондықтан молекулалар бүйрек шумақшаларының қабырғасынан оңай өтеді. Нәтижесінде шумақшалы фильтратта инулин концентрациясы қан сары суындағы концентрациясына тең болады. Инулин  бүйрек каналдарында секрецияланбайды және реабсорбцияланбайтындықтан, оның клиренсі шумақшалы фильтрация көлеміне байланысты болады және нормада  100-150 мл/мин құрайды.

Қандай симптом кезінде бүйректің шумақшалы фильтрациясы Кокрофт-Голт формуласы бойынша есептеледі?

Созылмалы бүйрек жеткіліксіздігі.

Қандай ауру кезінде бүйректің шумақшалы фильтрациясы Кокрофт-Голт формуласы бойынша есептеледі?

Бүйректің шумақшалы фильтрациясын есептеу бүйректің кейбір аурулары кезінде өте маңызды (созылмалы гломерулонефрит, амилоидоз, нефрит, диабетикалық гломерулосклероз және т.б) және бұл көрсеткіштің төмендеуі созылмалы бүйрек жеткіліксіздігінің ерте көрінісі болып табылады. Аздаған немесе біршама ( 60 тан 50 мл/мин) бүйректің шумақшалы фильтрациясының төмендеуі осы аурулар кезінде бүйректің концентрациялық функциясының төмендеуіне және қанда мочевина мен креатинин деңгейінің жоғарылауына әкеледі. Созылмалы пиелонефрит кезінде науқастарда шумақша емес, каналшалар зақымдалады, ертерек бүйректің концентрациялық қызметі төмендейді, ал шумақшалы фильтрация көрсеткіші кейінірек төмендейді. Бүйректің шумақшалы фильтрациясын және бүйректің концентрациялық қабілетін бір уақытта анықтау (құрғақ жеумен Зимницкий сынамасы) дифференциальді-диагностикалық мағынаға ие.

бүйректің шумақшалы фильтрациясы

Кокрофт-Голт формуласы бойынша бүйректің шумақшалы фильтрациясының жылдамдығы қалай өтеді?

Таңертең ұйқыдан оянған науқас 300-400мл (1,5-2 стакан) су немесе ашты емес шай ішеді  кейін 10-15 мин соң  дәретханаға барып, зәр шығарады. Зәр шығарудың аяқталу уақытын анық белгілейді, төсекке жатып бір сағаттан соң жеке ыдысқа зәр шығарады және қайтадан зәр шығарудың анық аяқталған уақытын белгілейді. Бір сағаттан соң жеке ыдысқа екінші порциялы зәрді жинайды. Зәр жинаудың ортасында венадан 6-8 мл қан алады. Лабораторияда әрбір сағаттық порциядан зәр көлемін алып, минуттық диурезды анықтайды. Сонымен қоса, әрбір екі сағаттық зәр порциясы және қан сары суындағы креатинин концентрациясын анықтайды, кейін формула бойынша эндогенді креатинин клиренсін анықтайды:

  • F1 = (u1/p)v1,
  • F1 – шумақшалы фильтрация;
  • U1 — зәрдегі креатинин концентрациясы;
  • V1 – зәрдің бірінші порцясындағы минутты диурез;
  • р – қан сары суындағы креатинин концентрациясы.
  • Зәрдің екінші порциясындағы өлшем соған ұқсас болады:
    F2 = (u2/p)v2.

Кокрофт-Голт (мл/мин) формуласы:

ШФЖ = а × (140- адамның жасы) x дене салмағы (кг) /  қан сары суындағы креатинин (мкмоль/л)

Бұндағы а=1,23 ( норма ШФЖ 100-150 мл/мин ер адамдар үшін)

а=1,05 (норма ШФЖ  85-130  мл/ мин әйел адамдар үшін)

Физиологиялық жағдайда шумақшалы фильтрация көлемі психикалық және физикалық жағдайға байланысты болады, сонымен қоса тағам құрамы, гидратация дәрежесі, тәулік уақыты әсер береді. Бірақ өзгеріс қалыптыға жақын деңгейде болады. Жас үлкейген сайын шумақшалы фильтрация деңгейі ақырындап төмендейді (1% жыл сайын, 40 жастан кейін).

Шумақшалы фильтрация деңгейінің жоғарылауы:

  • Қант диабетінің ерте кезеңі
  • Гипертониялық ауру
  • Нефротикалық синдром
  • Жүйелі қызыл жегі
  • Жүктілік
  • Тұзды ерітінділер енгізу

Шумақшалы фильтрация деңгейінің төмендеуі:

Патологиялық жағдайда шумақшалы фильтрация жылдамдығы төмендейді, яғни бүйректің фильтрациялық қабілетінің төмендеуі және қызмет ететін нефрон санының азаюымен байланысты. 50- 30 мл/мин және одан төмен болса азотемия және уремия дамиды.

  • Гипотония
  • Шок
  • Гиповолемия
  • Дегидратация
  • Айқын жүрек жеткіліксіздігі
  • Бүйрек қысымының жоғарылауы
  • Созылмалы бүйрек жеткіліксіздігі

Ұқсас материалдарды оқи кетіңіз:

  1. Бүйрек несеп жолдарын тексеру. Бүйрек пальпациясы
  2. Жедел бүйрек үсті безі қыртысының жеткіліксіздігі
  3. Бүйректі лабораторлы — аспапты зерттеу тәсілдері.
  4. Созылмалы бүйрек жетіспеушілігі. Гемодиализ
  5. Бүйрек поликистозы
  6. Бүйрек амилоидозы

 

Материалды достарыңмен бөлісіңіз
comments powered by HyperComments
НашарОнша емесОрташаЖақсыТамаша (3 бағалар, орташа: 5,00 тен 5)
Загрузка...

Ұқсас материалдар ...