Балаларда жүргізілетін функционалды сынамалар

Балаларда жүргізілетін функционалды сынамалар

Клиноортастатикалық сынама

Балының жатқан күйіндегі пульс жиілігі мен АҚ өлшенеді, одан кейін вертикальды жағдайда өлшенеді. Қалыпты жағдайда баланы тұрғызған кезде пульс жиілігі 1 минутта 10 нан аспайды, систолалық АҚ 5 – 10 мм.сын.бағ. артық көтерілмейді. Жүрек – қантамыр жүйесінің бұзылысында пульс жиілігі өте көп жоғарылайды және АҚ төмендеуімен сипатталады. Патологиялық варианттары

  1. Гиперсимпатикотониялық
  2. Гипердиастолиялық
  3. Асимпатикотониялық
  4. Симпатикоастениялық
  5. Астеносимпатиялық

Шалков сынамасы

  • Ең басында баланың қалыпты жағдайдағы пульс жиілігі мен АҚ өлшенеді.
  • Эрлангер – Гукер формуласы бойынша қанның минуттық көлемі (МК= пульстік қысым х пультік жиілік) өлшенеді.
  • Осыдан кейін балаға оның режиміне байланысты жүктеме түсіріледі:
  • Төсектік: горизонтальды жағдайдан отырған жағдайға 3 рет ауысу, одан кейін  5, 10 рет
  • Жартылай төсектік, жалпы және дені сау балаға: 5 рет 10 секундта отырып тұру, одан кейін  10 рет  20 секундта, 20 рет  30 секундта. Жүктемеден кейін 3, 5, 10  минутта пульс жиілігі және АҚ өлшенеді.

Сынама қалыпты деп есептеледі егер де жүктеме жүрек фукциясының бұзылыстарына әкелмесе:

  1. Жүктеме баланы шаршатпаса;
  2. Пульс жиілігі және қанның минуттық көлемі 25% — дан артық көтерілмесе;
  3. Систолалық АҚ 10 мм.сын.бағ. артық көтерілмесе;
  4. Диастолалық АҚ өзгермесе немесе біраз азайса;
  5. Жүктемеден кейінгі көрсеткіштер қалыпты жағдайға 3 минуттан кейін келетін болса.

Балалардағы сынамалар

Төсектік режимдегі науқас бірінші жүктемеде горизонтальды жағдайдан отырған жағдайға 3 рет ауысу керек. Егер сынама теріс болса (пульс жиілігі 35%-ға жоғарыласа, систолалық АҚ 25 мм.сын.бағ. көтерілсе, көрсеткіштер 15 минутта не  одан да көп уақытта қалпына келсе) бірнеше күн (2 — 3 күн) өткеннен кейін осы жүктемені тағы да түсіреді. Егер де қалыпты нәтиже алынатын болса екінші жүктемеге көшеді – екінші жүктемеде 5 рет горизонтальды жағдайдан отырған жағдайға ауысу.

  • Сонымен әрбір келесі жүктеме науқасқа алдыңғы жүктемеге қалыпты жауап қайтарғанда ғана тағайындалады.
  • Бұл науқасты бір режимнен келесі режимге ауыстырудың көрсеткіші. Мысалы, төсектік режимнен жартылай төсектік режимге.

Жүрек – қантамыр жүйесінің патологиясында Шалков сынамасында біршама өзгерістер болады: пульс және қанның минуттық көлемі 50%-дан артық көтеріледі, систолалық қысымы 15-20 мм.сын.бағ немесе одан да жоғары артқан, көрсеткіштердің қалпына келуі 5-10 минутта немесе одан да көп уақытта болады.

Генч сынамасы

  • Генч сынамасы (ХХ ғасырдағы неміс дәрігері). Бала төсекте горизонтальды жағдайда терең дем алып, қалыпты дем шығарады. Одан кейін мұрынын қысып, демін ұстайды (дем алмайды). Осы пауза ұзақтығы есептеледі.
  • Бұдан кейін бала мөлшерленген (дозаланған) жол жүреді, яғни 30 секундта 44 метр. Осыдан кейін тағы бір мәрте дем шығарғаннан кейінгі дем тоқтату қайталанады.

Мектеп жасындағы дені сау балаларда бірінші сынама – 12-13 сек, екінші сынама –  біріншіден аз, бірақ 50%-дан көп емес. Жүрек патологиясында екінші сынама бірінші сынамадан 50%- дан аса төмен.

Штанге сынамасы

  • Штанге сынамасы (ХХ ғасырдағы орыс халқының дәрігері), педиатриялық вариант. Бала жатқан, отырған немесе тұрған қалпында терең 3 рет дем алуы керек, ал төртінші рет қалыпты дем алғаннан кейін мұрынды қысып, демді жібермей және осы жағдайда максимальды уақытқа дейін болуы керек.
  • Осы пауза ұзақтығы есептеледі.

Жоғарыдағыда айтылып кеткендей соңғы (төртінші) дем алу терең болмауы тиіс. Олай болмаған жағдайда  дем алу бұлшықеттеріне шектен тыс күш түседі, бала шаршайды және нәтижелердің шынайылығына күмән туады. Қазіргі кездегі зерттеулер бойынша Штанге сынамасының қалыпты (нормативті) көрсеткіштері 6-13 жасқа дейін 16, 26, 32, 34, 37, 39, 42 және 39. Жүрек патологиясы кезінде уақыт қысқарады.

Ұқсас материалдарды қарай кетіңіз:

  1. Қыз балаларды зерттеу тәсілдерінің ерекшелігі (ВОЗ бойынша)
  2. Баланың денсаулық тобын бағалау
  3. Баланың өсу мен дамуы бойынша анаға ақпарат

 

Материалды достарыңмен бөлісіңіз
comments powered by HyperComments
НашарОнша емесОрташаЖақсыТамаша (2 бағалар, орташа: 5,00 тен 5)
Загрузка...

Ұқсас материалдар ...