Ауыз аймағының анатомиясы

Ауыз аймағының топографиясы

Ауыз аймағы (Regio oralis)

Шекаралары:

  • Жоғарғы жағынан — мұрын пердесінің негізі арқылы жүргізілген горизонталь сызық
  • Төменгі жағынан — иек–ерін қатпары арқылы жүргізілген горизонталь сызық
  • Бүйірлерінен -мұрын еріндік қатпарлармен.

Ауыз қуысы (Cavitas oris)

  • Vestibulum oris. Бір жағынан еріндер мен ұрт, екінші жағынан тістер мен қызыл иек арасында орналасқан қуысты кеңістік
  • Cavitas oris propria. Жоғары жағынан қатты және жұмсақ таңдаймен, алды мен бүйір жақтарынан тістер, қызыл иек және жақ сүйегінің альвеолярлы өсіндісімен, төменгі жағынан тіл мен ауыз диафрагмасымен , артынан аранмен шектелген.

Ауыз қуысының кіреберісі.

Ерін мен ұрттың шырышты қабатының альвеолярлы өсіндіге ауысатын аймағында ауыз қуысының кіреберісінің жоғарғы және төменгі күмбездері ( formix superior et inferior ) қалыптасады. Күмбездер арқылы түзілген шырышты қатпарды кіреберістің өтпелі қатпары деп атайды. Әдетте жоғарғы күмбез жақ үсті қойнауынан төмендеу орналасады. Мұның синусит кезіндегі операцияда маңызы зор.

ауыз қуысы

  1. Arcus palatopharyngeus;
  2. Tonsilla palatina (таңдай бадамшасы);
  3. Arcus palatoglossus;
  4. Dorsum linguae;
  5. Isthmus faucium;
  6. Uvula (тілше);
  7. Palatum molle;
  8. Raphe palati (жік)
  9. Palatum durum;
  10. Philtrum;

Еріндер –( labia oris). Жоғарғы және төменгі еріндер – ауыз қуысының алдыңғы жағын құрайды. Ерін сыртынан терімен, ішінен шырышты қабықшамен жабылған. Екі еріннің қосылатын жерін – comissura labiorum деп атайды. Шырышты қабықша жоғарғы еріннен қызылиек (gingiva) бетіне созылып, орта сызық бойымен – жүгеншік (frenuli labii superioris et inferioris) түзеді.

Бұлшық еттері:

Жиырғыш: Ауызды жабуға, ерінді бір-біріне тигізуге,еріндерді алдыға қарай жылжытуға қатысады. m.orbicularis oris: pars marginalis ,pars labialis

Жазғыш: Ауыз бұрыштарын және жоғарғы ерінді көтеруге, төменгі ерінді түсіруге қатысады:

  • m.levator anguli oris et m.levator labii superior;
  • m.depressor anguli oris et m. depressor labii inferior;
  • m.zygomaticus minor et major.

Қанмен қамтамасыз етілуі:

  • a. Communis externa: a. Facialis (a.Labialis superior, a. Labialis inerior)
  • a. maxillaris (a. Palatina descendens)

Нервтенуі

  • n.trigeminus- шайнау және ауыз қуыс бұлшықеттерін нервтендіреді
  • —n.maxillaris – жоғарғы ерін бұлшықеттерін және таңдайдың шырышты қабықшасын нервтендіреді
  • n.mandibularis – төменгі ерін бұлшықеттерін және ауыз қуысының төменгі артқы бөлігін нервтендіреді
  • n.nasopalatini – мұрын-таңдай нерві:
  • n.palatinus major
  • n.palatinus minor

Таңдай

Жұмсақ таңдай құрамына кіретін бұлшық еттері:

  1. M. Palatopharyngeus жұмсақ таңдай мен hamulus pterigoideus- тен басталып, төмен жұтқыншаққа arcus palatopharyngeus қабатына келіп, қалқанша шеміршектің артқы жиегі мен жұтқыншақ қабырғасында аяқталады.
  2. M. Palatoglossus
  3. M. Levator veli palatini
  4. M. Tenzor veli palatini
  5. M. Uvulae

Пирогов — Вальдейер сақинасы: Жұтқыншақта лимфаденоидты түзіліс сақина түрінде орналасады: екі таңдай бадамшалары, екі түтікті, бір жұтқыншақты (мұрын жұтқыншақты), бір тіл және лимфаденоидты тіннің ұсақ жинақталуы. Осының бәрі қосылып лимфаденоидты жұтқыншақты, яғни Вальдейер-Пирогов сақинасын құрайды.

Материалды достарыңмен бөлісіңіз
comments powered by HyperComments
НашарОнша емесОрташаЖақсыТамаша (1 бағалар, орташа: 5,00 тен 5)
Загрузка...

Ұқсас материалдар ...