Білезік және толарсақ буындырының анатомиясы

Білезік және толарсақ буындарының топографиялық анатомиясы

Білезік буынына дистальді бөлім жатады. Білезіктің проксимальді бөлімі regio carpi деп аталады. Дистальді бөлімінде metacarpus және саусақтар орналасқан. Білезіктен алақанды және жанғы бөлімін ажыратады.

Ортаңғы білезік аралық буын, ол білезік сүйектерінің проксимальді қатары мен дистальді қатарының аралығында орналасқан. Қызметі жағынан кәрі жілік білезік буынымен өзара сабақтас. Сол себепті буын мен буын басы:бір басы қайықша тәрізді сүйектен тұрса, екіншісі басты сүйек пен ілмек тәрізді сүйектен құралған.
Білезік аралық буын, ол білезік сүйектерінің құраушы жеке сүйектерінің аралығында орналасқан. Буын беттері гиалинмен қапталған және үйлесімді орналасқан. Буын қапшықтары өте қысқалау келіп буын беттерінің жиегіне барып өзара тартылып орналасқан.

Байламдары:

  • білезік сүйегінің сәуле бағытта орналасқан  байламы, lig. carpiradialis ,ол басты сүйектің алақандық бетінен басталып, сәуле бағытта шашырап маңындағы білезік сүйектеріне бекиді.
  • буынның алақан бетіндегі сүйек аралық алақандық байламы; lig. Intercarpialia palmaria орналасса, сыртқы бетінде сыртқы сүйек аралық байлам орналасқан.

Бұршақ тәрізді сүйекті буын, articulation ossis pisiformis, бұл буын бұршақ тәрізді сүйек пен үш қырлы сүйек аралығында орналасқан, гиалин шеміршегімен қапталған. Буын беттері өзара сәйкес келеді.

бізік анатомиясы

Байламдары:

  • бұршақ алақандық байлам,lig.pisohamatum, ол бұршақ сүйегі мен ілмек сүйегінің аралығында орналасқан.
  • бұршақ алақандық байлам , ол бұршақ бұршақ –ілмек сүйектік байламның тікелей жалғасы болып саналады.

Білезік алақандық буын ол екінші қатардағы білезік сүйектерінің дистальді беті мен алақан сүйектері негізінің буын беттерінің беттесу нәтижесінде құралған. Бұл буын топографиялық орналасуына қарай өз алдына дербес екі буыннан тұрады:

  1. бас бармақ білезік алақан буыны трапеция сүйегінің ер тәрізді дистальді буын беті мен 1 алақан сүйегі негізінің буын бетінің беттесуінен құралған. Буын екі білікті ер тәрізді жай буынға жатады. Буын беттері гиалимен көмкерілген және сәйкес келген. Буын қапшықтары буын бетінің жиегіне барып бостау орналасқан.
  2. білезік 2-5 алақан сүйектік буындары ол білезік сүйектердің екінші қатардағы трапеция тәрізді басты, ілмекті сүйектердің дистальдік буын беті мен 2-5 алақан сүйектері.

Саусақ артериялары тері асты жасушаларында және жанғы беткейінде орналасқан. Әрбір саусақта төрт артерия бар. Бұл төрт артерияның екеуі алақандық бөлікте, ал қалған екеуі жанғы бөлікте орналасқан. Алақандық бөлікте орналасқан артериялар жақсы дамыған және олар беткей алақандық артерия доғасынан басталады. Бұл артериялар дистальді фалангқа дейін барып, кішкене анастоматикалық доғалар түзеді. Артериялар дистальді фалангіге барып артерия торларын түзеді. Ол артерия торлары жұмсақ тіндерді қоректендіреді.

Жанғы бөлікте орналасқан артериялар негізінен дистальді фалангаға дейін бармайды, олардың функцияларын алақандық артериялардың тармақшалары атқарады. Веналар басқа мүшедегі сияқты алақандық бөліктен шығып жанғы бөліктен әрі қарай жалғасып кете береді.

Саусақтардың иннервациясы төрт нервтері арқылы іске асады. Ол нервтер артериямен бірге, бірақ кішкене тереңдеу орналасқан (фиброзды сіңірмен салыстырғанда). Саусақтардың алақан жағының иннервациясы ортаңғы және кәрі жілік нервтердің тармақтары арқылы іске асса, ал жанғы бөліктің иннервациясы кәрі жілік және оның шыбығының нервтері арқылы іске асады.Саусақтың жаңғы бөлігінде орналасқан нервтер тек ортаңғы бөлікке дейін барады, ал әрі қарай саусақтардың екі аймағында саусақтың алақан бөлігінде орналасқан нервтер нервтейді. Фалангтердің алақан аймағында жартылай цилиндр тәрізді фиброзды каналдар орналасқан. Бұл каналдарда сіңірлер орналасады. Фиброзды каналдар сүйек үсті затқа жақсы бекіп бүккіш сіңірлерді мықты қылып ұстап тұрады. Олар дистальді фалангаға дейін созылады. Кейбіреулерінің мықтылығы сонша сақина, крест тәрізді байламдар түзеді. Фиброзды синовиальді қуысында саусақтардың бүккіш сіңірлері орналасқан. Әрбір сіңір өзінің перифириялық бөлігінде екі аяқшаға бөлінеді. Ол аяқшалар ортаңғы фалангаға барып бекиді. Аяқшалар арасында тесік бар. Ол тесік арқылы саусақтарды терең бүккіш сіңірлерлер өтеді. Ол сіңірлер саусақтың дистальді фалангаларына барып бекиді. Синовиальді қуыста саусақтың алақан бөлігінің екі сіңірі орналасқан: біреуі беткей, екіншісі терең.
Алақан деңгейінде бұл екі синовиальді қуыста кенейген және дорба немесе қап тәрізді.
Бұл қаптың біреуі 5-саусақ деңгейінде орналасқан. Ал екінші синовиальді қап 1-саусақ деңгейінде орналасқан. Екі синовиальді қапта бір бірімен байланыспайды. Соған байланысты қабыну кезінде(мысалы күбірткі) білекке өршуі мүмкін.

Саусақта іріңді арулардан көбіне күбірткі мен флегмоналар кездеседі. Олар әртүрлі микротравмалар нәтижесі: саусақты кесіп алу, жырып алу т.б. сонымен қатар оған қоса ішкі ауруларда әсер етеді мысалы авитаминоз, қант диабеті, ағзаның жалпы микроағзаға деген төзімділігінің төмендеуі, қан айналымның бұзылуы. Негізгі қоздырғыштар стафилококк. Бұл кезде теріні ашып ірінді шығарады.

 

Материалды достарыңмен бөлісіңіз
comments powered by HyperComments
НашарОнша емесОрташаЖақсыТамаша (1 бағалар, орташа: 5,00 тен 5)
Загрузка...

Ұқсас материалдар ...