Рациональды антибиотикотерапия принциптері

Рациональды антибиотикотерапия принциптері

  1. Қоздырғыш идентификациясы және оның антибиотикотерапиясын анықтау. Барлық лабораториялық пробалар емнің алдында лабораторияға түсу қажет. Қоздырғышты анықтау екі түрге бөлінеді: тікелей және тікелей емес. Тікелей: нативті препараттарды тікелей микроскопиялық зерттеу ( жағынды). Тікелей емес: иммуноферментті зерттеу: хромотографиялық: серологиялық тест.
  2. Оптимальды препаратты таңдау:
  • препарат фармакокинетикасы мен фармакодинамикасы
  • макроорганизм ерекшеліктеріне байланысты

Антибиотиктерді дұрыс қолдану

Фармакокинетикалық аспектті ойға алу қажет: препараттың ошаққа жетіп, қажетті концентрацияда эффект түзу, дәрінің  тіндік бөгеттен өту ерекшелігін және ағзада мүшелерде сақталуын білу қажет. Кейбір жағдайларда дәрінің белсенді қасиетке ие болуы үшін  микробтық қабыну ошақтарында дәстүрлі емес әдістерді қолдануға болады:  эндолимфатикалық, плазмофорез кезінде енгізу немесе жаңа дәрілік формалар липосомальды формалар және нанобірліктермен қамтылған антибиотиктер.  Фармакодинамика тұғысынан антибиотиктердің әсер ету спектрін және қабыну қоздырғышына байланысты таңдау қажет.

  1. Препараттың оптималды дозада және оптимальды жиілікпен енгізілуі. Орташа терапевтикалық концентрация минимальды басыңқы концентрациядан 2- 5 рет жоғары болуы қажет. Минимальды басыңқы концентрация 0,0Х-0,00Х мкг/л және төмен болуы қажет. Орташа терапевтикалық концентрация қоздырғыш түріне байланысты, оның орналасуына және ауру ауырлығына байланысты. Орташа терапевтикалық концентрация белгілі деңгейде бір тәулік бойы антибиотик енгізілу дозасына және жартылай шығарылу периодына байланысты. Антибиотикті енгізу жолы биожетімділігіне, ауру ауырлығына және патологиялық процесстің орналасуына байланысты болады. Көптеген бактерияға қарсы препараттардың эффективтігі қандағы  концентрация деңгейіне және қанда белсенді концентрацияда ұстау уақытына байланысты болады. Қанда препарат деңгейі тәулік ішінде өзгермелі болмауы тиіс. Кейбір топ антибиотиктерінде (аминогликозид) постантибиотикалық период бар, олардың  әсері стабильды концентрацияға емес, пиктік концентрацияға байланысты болады. Сондықтан тәуліктік дозаны терапевтикалық дозаны жоғарылататын және нефротоксикалық әсерді төмендететін бір реттік енгізілу болу қажет.
  2. Эффективті антибиотикотерапияға кері әсер ететін себепті жою (локальды инфекция ошағын дренирлеу, бөгде денені алу)
  3. Сауығу болғанша емді жалғастыру және инфекция рецидивін алдын алу үшін, одан кейін тағы 3 күн емделу қажет.
  4. Қандағы препарат концентрациясына немесе микробтық қабыну ошағына фармакокинетикалық мониторинг жүргізу, нәтижесінде емдеу схемаларына өзгеріс енгізуге болады. ( эффект жоғарлату, жағымсыз әсер нәтижесін төмендету) Бауыр және бүйрек жеткіліксіздігі кезінде антибиотиктердің ағзада таралуы маңызды.
  5. Емделуге микробиологиялық қадағалау жүргізу (ерте бақылау антибиотикотерапияның 3-4 күні, кеш бақылау антибиотикотерапияның  аяқталуынан соң 3-7 күн)
  6. Антибиотикотерапияны 1 препаратпен жүргізу дұрыс ( монотерапия).

Ұқсас материалдарды қарай кетіңіз:

  1. Антибиотиктер. Түрлері, пайдаланылуы

 

Материалды достарыңмен бөлісіңіз
comments powered by HyperComments
НашарОнша емесОрташаЖақсыТамаша (2 бағалар, орташа: 5,00 тен 5)
Загрузка...

Ұқсас материалдар ...