Экстрагенитальды патология кезінде етеккір фукциясының бұзылысы

Экстрагенитальды патология кезінде етеккір фукциясының бұзылысы (қалқанша безі және бүйрек үсті безі аурулары)

Етеккір цикл деп овуляция процессімен байланысты, қыз бала және әйел ағзасындағы, оның жыныстық сферасында айқын көрінетін периодты (циклды түрде қайталанып отыратын) өзгерістер және қан ағумен аяқталатын- етеккірді атаймыз. Етеккірлік цикл келесі шарттарға сай болса, онда ағымы физиологиялық болып саналады:

  1. үш сатылы болып келеді (овуляциямен — аналық жұмыртқасының бітісіп жетілуі және іш қуысына шығуы — және толығымен екінші фазамен — секреция фазасы);
  2. цикл ұзақтығы 21 күннен 35 күнге дейін, цикл ұзақтығы әрбір әйел үшін тұрақты;
  3. менструация ұзақтығы 2-7 күн, жоғалтқан қанның жалпы көлемі 80-100 мл;
  4. ағзаның жалпы жағдайы бұзылмайды және айқын ауырсыну белгілері болмайды.

Етеккір циклінің бұзылысы кері байланыстың универсалды механизмімен қиын нейрогумаральды реттелудің белгілі бір звеносына жағымсыз факторлардың әсерінен пайда болады. Етеккір циклінің себептері ретінде нервті және психикалық аурулар, стрессті жағдайлар, жағымсыз экологиялық факторлар, климатты ауыстыру, жағымсыз әдеттер,тамақ ішуінің бұзылыстары, дәрілерді қолдану, авитаминоз, гинекологиялық және экстрагенитальды аурулар, реттеуші жүйенің эволюциялық және инволюциялық қайта құрылуы, баланы омыраумен тамақтандыру және т.б. болуы мүмкін.

Зақымдалу деңгейіне байланысты етеккір циклінің орталық (қыртысты — гипоталамустық, гипоталамо — гипофизарлы, гипофизарлы), шеткі (аналық безді және жатырлық), аралас бұзылыстарын ажыратады, сонымен қатар қалқанша безі, бүйрек үсті безі аурулары және генетикалық ақаулардан етеккір циклінің бұзылысын ажыратады.

Етеккір циклы бұзылысының әртүрлі клиникалық түрлерін анықтау үшін келесі терминдер қолданады: «гиперменорея» немесе «меноррагия» (уақытында келетін етеккір мөлшерінің көп болуы), «гипоменорея» (етеккір мөлшерінің аз болуы), «полименорея»(етеккірдің ұзақ болуы,7 күннен көп), «олигоменорея» (етеккірдің қысқа болуы,1-2 күн) «пройоменорея» ( етеккір циклы ұзақтығының қысқаруы, 21 күннен аз), «опсоменорея» (етеккірдің сирек болуы, 35 күннен 90 күнге дейін), «аменорея» ( біріншілік-16 толған қыз балаларда етеккірдің болмауы, және екіншілік — бұрын болған ретті етеккірдің 6 ай және жоғары болмауы).

Жағымсыз экология, құрамында канцерогені бар тағам, суда және тамақта йод жетіспеушілігі қалқанша безінің әртүрлі ауруларына әкеледі. Бұл аурулар бас миының бөліктеріне, түрік ертоқымына, гипофизге әсер етуі мүмкін, себебі қалқанша без жағдайы мен гипофиз арасында тура және кері байланыс бар. Қалқанша безі — ішкі секреция безі, 3 гормон өндіреді (тироксин, трийодтиронин, кальцитонин). Алғашқы екеуі ағза мен тіндердің жетілуін, өсу процессін бақылайды, кальцитонин — клеткадағы кальций алмасуын реттейтін факторлардың бірі, өсу процессіне және сүйек аппаратының дамуына қатысады (басқа гормондармен бірге).

Қалқанша безінің фукционалды белсенділігінің көп (гипертиреоз, тиреотоксикоз), аз (гипотиреоз) болуы әртүрлі аурулардың себебі болады. Қалқанша безі гормонының секреция деңгейі басқа ішкі секреция бездерінің белсенділігімен (гипофиз, гипоталамус, бүйрек үсті безі, жыныс бездері), тамақта йодтың қалыпты мөлшерінің болуы, жүйке жүйесі жағдайымен (орталық және шеткі) байланысты. Сонымен қатар қалқанша безінің қызметіне басқа екі мүше өндіретін гормондар әсер етеді: гипофиз- ТТГ және гипоталамус-ТРГ.

Етеккір қызметінің бұзылуы

Қалқанша безі гормондары өндірілуінің жоғарлауымен байланысты жағдайды гипертиреоз немесе тиреотоксикоз деп атайды. Тиреотоксикоз қабыну, ісікті процесс, нейроинфекция, психикалық жарақаттар нәтижесінде дамиды. Бұл кезде тіндердің катехоламиндерге сезімталдығы жоғарлайды және андрогендердің эстрагендерге айналуын жоғарлатады. Ол жыныс гормондарын байланыстыратын айналымдағы глобулинді жоғарлатады. Бұдан эстроген мен андрогендердің қарым-қатынасы бұзылады. Симптомдары: неврологиялық бұзылыстар, қозғыштық, шаршағыштық, тершеңдік, ашуланшақтық, қол және денесінің дірілі, арықтау, тахикардия, жүрек ырғағының бұзылуы, дисфункционалды жатырдан қан кету, аменорея, бедеулік, түсік тастау, терісінің жұмсаруы және ылғалдануы.

Қалқанша безі гормондары өндірілуінің төмендеуімен байланысты жағдай гипотиреоз деп аталады. Оның себептері туа біткен бұзылыстар, йодтың ауыр жетіспеушілігі, хирургиялық араласулар, ісіктердің сәулелі терапиясы болуы мүмкін. Гипотиреоз гипофиздің гонадотропты фукциясының бұзылысына әкеледі. Гипотиреозбен ауыратын бедеу әйелдерде эстроген, андроген және ЛГ денгейлері қатты жоғарлайды, ол клиникалық олигоаменореямен, етекір циклінің лютеинді фазасының жетіспеушілігімен көрініс беруі мүмкін. Жалпы симптомдар: себепсіз салмақ қосу, ағзада сұйықтық жиналу (шырышты ісік — тері асты қабатында гликозаминогликандардың жиналуы нәтижесінде дамиды), науқас таңертең беті, көзі ісіп тұрады. Науқас терісі құрғақ, дауысы қырылған, дене қызуы төмен. Әлсіздік, науқас баяу, ұйқығыштық, шаршағыштық, бұлшықет әлсіздігі, анемия (эритроциттер мен гемоглобин мөлшерінің төмендеуі), терінің сарғыштығы, шаш жұқаруы және көп түсуі, қанда холестерин деңгейінің көтерілуі және атеросклероздың ерте дамуы тән. Жүйке жүйесі жағынан:бас ауруы, көңіл-күйінің төмен болуы, депрессия. Есте сақтау қабілеті бұзылады, жұмыс қабылеті төмендейді. Жүрек-қан тамыр жүйесі: артериалды қысымы төмен, бірақ жұмсақ систолалық гипертензия тән. Пульс жиілеуі. Асқорыту жүйесі жағынан созылмалы іш кебу тән, зерттегенде жиі өт-тас ауруын анықтайды. Репродуктивті жүйе: қанда пролактин мөлшері жоғарлайды, ол сүт безінен бөліністермен сипатталады, етеккір циклын бұзады және бедеулікке әкеледі. Гипотиреоз кезінде етеккір циклінің бұзылысы әртүрлі болуы мүмкін: көп, ұзақ етеккірден оның жоқ болуына дейін, ановуляторлы, дисфункционалды қан кету.

Емі: қалқанша безі гормонының синтетикалық аналогы.

Бүйрек үсті безі қыртысының аурулары сирек кездеседі және олардың ерте диагностикасы қиын. Оған Аддисон ауруы (біріншілік бүйрек үсті безінің жетіспеушілігі)- глюкокортикоидтар мен минералокортикоидтардың тапшылығы, Кушинг синдромы-глюкокортикоидтардың көп болуы, біріншілік гиперальдостеронизм жатады.

Аддисон ауруы

Клиникалық көрінісі: шаршағыштық, әлсіздік, тәбетінің болмауы, жүрек айнуы, іш өту, іштің ауырсынуы, ортостатикалық гипотония (жиі) немесе гипогликемия (сирек) нәтижесінен бас айналуы, гиперпигментация, әсіресе ауыз қуысы шырышының және қатты таңдайдың, ауыр дегидратация. Лабораторлы диагностикасы: гиперкалиемия, гипонатриемия. Қан сары суындағы кортизол мөлшерінің төмендеуі, АКТГ енгізгенге реакцияның болмауы.

Кушинг синдромы

Себептері: кортикостероидтармен ұзақ уақыт емделу, гипофизбен АКТГ көп бөлінуі, бүйрек үсті безінің гормоналды-белсенді ісігі, кортиколиберин немесе АКТГ эктопиялық өндірілуі, мыс, өкпенің ісігінде. Бұл гипофиздің адренокортикотропты гормон өндіруінің жоғарлауымен негізделеді. Бұл гормон гипофиздің микроаденомасымен немесе эктопирленген кортикотропиномамен өндіріледі. Кушинг синдромы бүйрек үсті безі қыртысының біріншілік зақымдалуы кезінде дамиды. Бүйрек үсті безінің гормоналды-белсенді ісігі кортикостерома деп аталады. Ол қанға көп мөлшердегі глюкокортикоидтарды өндіреді. Глюкокортикоидтар мөлшерінің көп болуы қандағы гипофиздің адренокортикотропты гормонының мөлшерін төмендетеді және бүйрек үсті безінің қалған тіні атрофиялық өзгерістерге ұшырайды. Клиникасы:проксималды бұлшықеттер әлсіздігі, дененің семіруі, май өркеші, ай тәрізді қызыл бет, безеулі бөртпе, белок жетіспеушілігінен терінің жұқаруы, артериалды гипертония, гипергликемия, остеопороз, психикалық бұзылыстар, депрессия. Іш аймағы, иық аймағы, бөксе және сан аймағында қызғылт-көк түсті созылған сызықтар-стиялар.

Әйелдердегі гирсутизм (шаш өсудің жоғарлауы). Бүйрек үсті безі қыртысынан еркек жыныс гормоны андрогеннің өндірілуінің жоғарлауынан әйелде шаш көп өседі және ол әйелдерде етеккір циклінің бұзылысын шақырады. Лабораторлы диагностика: қан сары суында және тәуліктік зәрде кортизол мөлшерінің жоғарлауы.

Ұқсас материалдарды оқи кетіңіз:

  1. Етеккір циклының бұзылыстары
  2. Етеккір алды синдромы
  3. Етеккір циклінің қызметі
  4. Жыныстық жолмен берілетін аурулар

 

Материалды достарыңмен бөлісіңіз
comments powered by HyperComments
НашарОнша емесОрташаЖақсыТамаша (1 бағалар, орташа: 5,00 тен 5)
Загрузка...

Ұқсас материалдар ...