Асқорыту жолының сәулелі диагностикасы

Асқазан ішек жолы мүшелерінің сәулелік диагностикасы

  1. Ас қорыту жолы – ауыз қуысынан басталады, жұтқыншақ, өңеш, асқазан, жіңішке ішек, жуан ішекпен жалғасып, артқы жолмен аяқталады.
  2.  Қосымша мүшелер – сөл бездері, ұйқы безі, бауыр, өт қабы.

Ас қорыту жүйесінің қызметі

  • Бірінші қызметі – асты, суды, минералдар және витаминдерді қабылдау және қорыту. Тағам ақуыз, май және көмірсу ретінде жұтылады, олар кейіннен сіңірілу үшін өңделіу және дайындалуы керек (тағамның қорытылуы қажет).
  • Екінші қызметі – қорытылған тағам бөліктерінің, судың, витаминдердің және қажетті элементтердің ас қорыту жолынан қанға және лимфа тамырларына абсорбциясы (сіңірілуі).
  • Үшінші қызметі –қажетсіз заттарды тығыз шлак түрінде ағзадан шығару.

Асқазан-ішек жолы мүшелерінің сәулелік зерттеу әдістері

1. Рентгенологиялық әдістер:

  • рентгеноскопия
  • рентгенография
  • екі және үш реттік контрастілеу арқылы зерттеу
  • фармакологиялық препараттармен зерттеу
  • томография, бірінші орында КТ

2. Ультрадыбыстық зерттеу:

  • құрсақ қабырғасы арқылы
  • өңеш арқылы (өңештің веналарының варикозды кеңеюінде және қатерлі ісігінде рентгенологиялық зерттемеге болуы мүмкін)
  • ас қорыту мүшелердегі қан айналымды зерттеу үшін доплерографияны қолданады

3. МРТ – өңештің және бауырдың тамырларының және қатерлі ісікті ауруларын анықтауға болады. Гемохроматоз өте жақсы анықталады (темірмен асқын қанығу)
4.  Радионуклидтік зерттеу (бауыр циррозы, көкбауыр ісігі, қан кетуді, тағамның жылжу динамикасы)

Асқазан-ішек жолы мүшелерінің  рентгенологиялық зерттемесінің ерекшеліктері

  1. Зерттемеге дайындық қажет
  2. Рентгеноскопия қажет
  3. Полипозициялы зерттеме қажет
  4. Әрқашанда контрастілеу жүргізу керек
  5. Зерттеуді үш сатыда өткізеді – тығыз толтыру, шырышты қабаттың рельефін зерттеу, екі реттік контрастілеу жағдайында зерттеу.

Рентгенографияны науқасты айнаға қарап отырып жасайды.

Өңеш анатомиясы жөнінде қысқаша мәліметтер

Өңеш – ұзындығы 25-30 см ені 2 см болатын бұлшық етті түтік, Өңеш көмейдің сақина тәрізді шеміршегінің төменгі бөлігінің артынан басталады да, асқазанға қосылған жерімен аяқталады.
Өңештің тарылған жерлері – жұтқыншақтың өңешке ауысқан жерінде, аорта доғасының деңгейінде, сол жақ негізгі бронхпен басылған жерінде, диафрагма деңгейінде. Өңеш диафрагманың ортаңғы нүктесімен салыстырғанда біраз солға және артқа қарай өтеді.Өңеште мойындық, кеуделік және абдоминальды (кардиальды) бөлімдерді ажыратады.

Өңешті зерттеудің әдістері. Өңешті алдыңғы, оң және сол жақ қиғаш, сол жақ бүйір проекцияларда зерттейді.

Өңешті тік тұрған және көлденең жатқан қалыптарда зерттейді. Соңғы тәсілдің мақсаты ол өңештің максимальды ұзын бойында нығыз толтыруға бағытталған. Нығыздап толтырғанда өңештің шекаралары түзу. Өңеште ені 1-2 мм болатын 2-3 бойлап орналасқан қатпарлар болады. Нығыздап толтырғанда өңештің ені 2 см.
Бірнеше ірі сегменттейтін қозғалыс арқылы, яғни құрамындағысын сыққан сияқты перистальтика жасайды.

Асқазан және он екі елі ішектің анатомиясы жөнінде қысқаша мәліметтер

Асқазан – асқазан-ішек жолының ең кең бөлігі. Асқазан бос болғанда ол семіп қалған сияқты болып көрінеді. Тамақтанған соң асқазанның көлемі айтарлықтай үлкейеді. Асқазанның пішіні мен өлшемі оның құрамындағы затпен толуының дәрежесіне байланысты, сондықтан олар өзгермелі. Орналасуы мен пішініне адамның конституциялық ерекшеліктері әсер етеді.

  • Өңештік-асқазандық байланыс – өңеш пен асқазан арасындағы тесік.
  • Кардиальды сфинктер – айналмалы бұлшықет.
  • Түбі – бүйірінде кардиальды бөлімнің үстінде жатқан шар тәрізді бөлік
  • Денесі – асқазанның тік бөлігі
  • Антральды бөлігі – шамалы кеңеюге ұқсас көлденең бөлігі
  • Пилорус өзегі – антральды бөлімнің жалғасы
  • Пилорус – бұлшық етті сақинамен қоржалған тесік.
  • Кіші және үлкен иірімдерді ажыратады.

Асқазанның рентгендік анатомиясы

Асқазан құрсақ қуысының жоғарғы бөлігінің сол жағында орналасқан, асқазанның түбі диафрагмаға бекіген және сонымен бірге қозғалады.
Қалыңдыңы 5-8 мм қатпарлар денесінде және кіші иірімінде ұзынан бойлап орналасқан, ал түп жағында қиғаш, үлкен иірімі жағында көлденеңінен және антральді бөлімінде ұзыннан бойлай орналасқан.
Он екі елі ішектің пилорусы және (луковица)! Артқа қарай бұрылған
Асқазан шекарасының кіші иірім жағы әрқашанда тегіс, ал үлкен иірімі асқазанның толу дәрежесіне байланысты.

Асқазан ішек сәулелі зерттеу жолдары

Он екі елі ішектің анатомиясы

Он екі елі ішек (ОЕІ) – жіңішке ішектің бірінші бөлігі. Ұзындаға 20-24 см. ОЕІ ұйқы безінің басымен тығыз жанасып жатады.
ӨЕІ (луковица), төмен түскен бөлікті, көлденең және жоғары өрлеген бөліктерді ажыратады. ОЕІ төмен түскен бөлігіне жалпы өт және ұйқы безінің жалпы өзектері ашылады. ОЕІ пен ащы ішектің қосылған жері онекіеліктік – ащы ішектік иілім деп аталады. Бөл бөлік Трейтц байламымен бекітілген, осы жерде жіңішке ішектің шажырқайының түбірі басталады.
ОЕІ қатпарлары көлденең, шырышты қабықта қауырсынның сүретін салып орналасқан.

Он екі елі ішектің зерттеу әдістері. ОЕІ асқазанмен бірге зерттейді. Оның перистальтикасы мен қызметіне байланысты жай зерттеулер кезінде нығыздап толтыруға қол жеткізу қиындыққа соғады.
Қажет болса зондты (слайдта көрсетілген) және жасанды гипотония жағдайында зондсыз дуоденография жүргізуге болады.  Альтернатива – Асқазан және ОЕІ контрастілеу арқылы КТ жүргізу

Жуан ішектің рентгендік анатомиясы

Жуан ішек жіңішке ішекпен қосылған жерінен құрсақтың оң жақ төменгі квадрантынан басталады. Жуан ішек артқы жолға құрсақтың перифериясын айналып барады. Ұзындығы шамамен 1,5 м, ал диаметрі 6 см.
Шырышты қабатының рельефі көлденең (гаустр ішінде) және ұзыннан бойлаған (гаустр арасында) қатпарлардан құралған.
Тоқ ішекті бір (газбен немесе барий ерітіндісімен) немесе екі түрлі контрастілеу арқылы зерттейді. Контрасты зат клизма арқылы енгізіледі. Бұл әдістің аты ирригоскопия.

Әрқашанда жуан ішектің барлық бөлімдері зерттеледі!

Контрасты затты пероральды бергенде жуан ішектің біртіндеп толуында диагностикалық мағына жоқ! Зерттеуді кем дегенде екі сатыда жүргізеді: нығыздап толтыру және рельефін тексеру. Егер ісікке күмәндансақ міндетті түрде екі түрлі контрастілеуді қолданамыз.

Жуан ішектің екі түрлі затпен контрастіленуі. Екі түрлі контрастілеу үшін алдымен жуан ішекті барий қоспасымен толтырады, кейін ішекті босатқан соң және рельефін зерттеп болған соң клизма арқылы газ енгізеді.

Жіңішке ішектің рентгенологиялық зерттемесі

Бұлшықет тонусы жақсы кезінде жіңішке ішектің ұзындығы шамамен 4-5 м. Жіңішке ішекті контрастілеуші затты ауыз арқылы сатылап беріп толтырады. Көбінесе бұл зерттемені асқазан және ОЕІ зерттеген соң бірден жүргізеді. Барлық бөлімдерді зерттеу үшін екі сағаттан астам уақыт кетеді. Аш ішекті пен мықын ішекті олардың орналасуы және көрінісіне қарап ажыратады. Аш ішектің қатпарлары ОЕІ тәрізді қауырсын тәрізді айналмалы. Мықын ішектің ішкі қатпарлары біршама тегіс. ОЕІ-тен мықын ішектің дистальды бөліміне қарай жіңішке ішектің диаметрі кішірейе бастайды.

Жіңішке ішекті зерттеу кезіндегі жоғарғы клизма.

Жоғары клизма (энтероклизма) – аш ішекке енгізілген зонд арқылы контрасты затты енгізу
Әрқашанда екі түрлі контрастілеуді жүргізеді.
Екі түрлі контрастілеумен жасалатын энтероклизмаға көрсеткіштер:  жіңішке ішектің өтімсіздігінде, аймақтық энтерит, мальабсорбция синдромы.

Процедура:

  1. Арнайы катетерді ОЕІ-пен жіңішке ішек қосылған жерге дейін енгізеді.
  2. Сұйық барий қоспасын дозалап енгізу,
  3. Ауаны немесе метилцеллюлозаны дозалап береміз. Метилцеллюлоза берген дұрыс, себебі ол ішектің қабырғасымен жанасып оны жереді.
  4. Рентгенография.

Жіңішке ішек интубациясының әдістері. Аш ішектің проксимальды бөліміне енгізілген бір тесікті назогастральды зонд арқылы суда еритін йодталған контрасты затты немесе барийдің сұйық қоспасын енгізеді. Рентгенограммаларды жай күнделікті зерттеудегі аралықтарда жасайды – 30мин, 1 сағ, 2 сағ.

Көрсеткіштер: ішек өтімсіздігі

Зерттемелер нәтижесін оқу әдістері.

Асқазан-ішек жолының кез келген мүшесін зерттеген кезде мыналарды оқиды:

  • Нығыздап толтырғанда: мүшенің орналасуын, өлшемін, пішінін, шекараларын, перистальтикасын, қозғалғыштығын;
  • Шырышты қабаттың рельефін оқығанда: санын, орналасуын, диаметрін, бағытын, үздіксіздігін, қатпарлар қозғалғыштығын, сонымен қатар перистальтиканың әртүрлі кездерінде рельефтің өзгеруін.

Нығыздап толтырған кезде мүшенің орналасуы, пішіні, өлшемі және шекаралары анатомиялық, ал перистальтикасы физиологиялық нормаларға сай келуі керек.

Шырышты қабаттың рельефін оқыған кезде шырышты қабаттың қатпарлары жақсы модельденуі тиіс, олардың бағыты калибрі анатомиялық нормаларға сай болуы керек.

Асқазан-ішек жолдары ауруларының рентгеносемиотикасы

Шырышты қабаттың рельефінің өзгеруі:

  • Қатпардың немесе қатпарлардың калибрлерінің үлкеюі немесе кішіреюі;
  • Иірілген қатпарлар;
  • Қатпарлар көрінбейжді [модельденбейді] («тақыр» рельеф);
  • Шырышты қабаттың рельефінің патологиялық қайтақұрылуы;
  • Қатрпардың немесе қатпарлардың ригидтілігі;
  • Қатпарлардың үздіктілігі (обрыв);
  • Қатпарлар бағытының өзгеруі (конвергенция немесе дивергенция).
  • Шырышты қабаттың ақауы [дефект] (ниша),

Нығыздап толтырған кездегі өзгерістер:

  • Мүшенің орнынан жылжуы,
  • Мүшенің бір немесе барлық бөлігінің кеңеюі
  • Шекараларының дұрыс еместігі,
  • Перистальтиканың болмауы (выпадение), әлсіреуі, күшеюі.,
  • Қабырғаларының қатаюы (Ригидность)
  • Шырышты қабаттың ақауы [дефект] (ниша),
  • Толудың ақауы (ісік)

Өңештің қатерлі ісігі. Оң жақ қиғаш проекцияда жасалған өңештің рентгенограммасында толудың ақауымен қабырғалардың біркелкі емес желінуі анықталады. Ақаудың үстінде үзіліс (обрыв) және өңеш қабырғасының ілінуі [нависание] көрініп тұр.толу ақауының төменгі полюсінда қалыңдаған шырышты қабаттың қатпарының үзілгені көрінеді.

Асқазан денесінің кіші иірімінің жарасы. Жараның тура белгілері – шырыштың немесе «нишалардың» ақауы. Каллезді жара кезінде қабыну төмпешігін (вал) көруге болады, яғни жаралы ақаудың айналасында толудың ақауы және шырышты қабаттың қатпарларының конвергенциясы.  Асқазан жарасының жанама симптомдары – гиперсекреция, гипертонус және гипермотильділік.

Он екі елі ішектің жарасы. Нығыздап толтырған кезде жасалған асқазанның оң жақ қиғаш проекциясының рентгенограммасында үлкен иірімнің тегістелуіне байланысты ОЕІ-тің пиязшығының [луковица] деформациясы анықталады. Осы жерде шырышты қабаттың үш бұрышты «ниша» түріндегі ақауы анықталады. Екінші «ниша» ОЕІ көлденең бөлігінде пиязшықтың [луковица] артында орналасқан.

Пилорустың тыртықты тарылуы

Асқазан жарасының асқынулары:

  • Тыртықты деформациялыр
  • Пилорус стенозы,
  • Пенетрация,
  • Перфорация
  • Қан ағу

Панкреатит кезіндегі ОЕІ-тің өзгерісі. Жасанды гипотония кезіндегі дуоденография. Жасанды гипотония кезінде жасалған ОЕІ рентгено-граммасында ОЕІ шекарасының тегістелуі, оның қабырғаларының ригидтілігі және дуоденальды терезенің үлкеюі анықталады. Бұл өзгерістер ұйқы безінің басының аймағындағы қабыну процессінің нәтижесі.

Асқазанның қатерлі ісігі. Тік проекцияда асқазанды жартылай толтырып түсірген рентгенограммада асқазанның антральды бөлімінде кіші иірім бойымен шекарасы бұдырлы толу ақауы анықталады. Шырышты қабаттың қатпарлары ақау аймағында үзіледі.

Жуан ішектің қатерлі ісігі. Жуан ішектің көзделген рентгенограммасында толудың айналмалы ақауы анықталады. Оның үстіңгі жағындағы қабырғасы ілініп тұрады. Ішекті босатқан соң зерттегенде қатерлі ісікке тән симптом анықталады – тістелген алма симптомы.

Ұқсас материалдарды қарай кетіңіз:

  1. Сәулелі диагностика әдістері
  2. Асқорыту жүйесінің аурулары. Себептері. Емі.
  3. Ас қорыту жүйесіне әсері бар дәрілер

 

Материалды достарыңмен бөлісіңіз
comments powered by HyperComments
НашарОнша емесОрташаЖақсыТамаша (2 бағалар, орташа: 5,00 тен 5)
Загрузка...

Ұқсас материалдар ...