Аппендэктомия операциясы

Аппендэктомия операциясы (отасы). Қабынған құрт тәрізді өсіндіні алып тастау жолдары.

Аппендэктомия операциясы жайлы материалды оқымас бұрын Жедел аппендицит ауруы жайлы толықтай мәліметті оқып шығыңыз.

Аппендэктомия — хирургия саласындағы жиі кездесетін операциялардың бірі.  Негізгі көрсеткіш жедел және созылмалы аппендицит және  құрт тәрізді өсіндінің ісіктері. Операцияны көп жағдайда жергілікті анестезия арқылы жасайды. Наркозды сирек, көбінесе балаларда қолданады..

Операция техникасы. Алдыңғы құрсақ қабырғасына Волков—Дьяконов—Мак Бурней бойыншы тілік жасайды. Тері және тері асты клечаткасын ашады, қан аққан тамырларды қысқыш арқылы қысып, жіңішке кетгутпен байлайды. Терілік жара шеттеріне дәке салады және Кохер зонды бойынша немесе пинцетпен іштің сыртқы қиғаш бұлшықетінің апоневроз талшықтарының бойымен ашады. Ашылған апоневроз шеттерін қысқышпен шетіне қарай тартады, перимизиді ашады және ішкі көлденең, қиғаш бұлшықеттерін талшық бойымен ашады. Терілік жара бойымен бұлшықеттерді тартады, кейін париетальды ішпердемен бірге алдыңғы құрсақ клечаткасын итереді. Ішпердені екі анатомиялық пинцетпен қамтып оны конус тәрізді көтеріп, аздаған биіктікте скальпель немесе қайшымен кеседі. Құрсақ кесіндісін жоғары және төмен қарай кеңейтеді. Ішперде шеттеріне Микулич қысқышымен дәкелі салфеткаларды фиксациялайды.

Аппенэктомия

1.Аппендэктомия. Алдыңғы құрсақ қабырғасына Волков—Дьяконов—Мак Бурней бойыншы тілік. Іштің сыртқы қиғаш бұлшықетінің апоневрозын ашу.

соқыр ішекті алып тастау

2. Аппендэктомия. Алдыңғы құрсақ қабырғасына Волков—Дьяконов—Мак Бурней бойыншы тілік. Іштің ішкі қиғаш және көлденең бұлшықеттерінің бөлінуі. (расслаивание)

соқыр ішекті кесу

3. Екі пинцет арасында париетальды ішастарды ашу.

Аппенэктомия. Ішастарды кесу

4. Жарақат ұзындығы бойына париетальды ішастарды ашу.

Құрсақ қуысында экссудат болған жағдайда оны аспират немесе дәкелі салфеткамен сорып алады. Жара шеттерін өткір емес ілмек арқылы ашады. Кейін соқыр ішекті табады және ақырын анатомиялық пинцет арқылы ұстайды, жараға шығарады және дәкелі салфеткамен ұстайды. Егер құрт тәрізді өсінді ішекпен бірге жараға шығарылмаған жағдайда оны іздеу үшін ішекті taenia libera бойынша алып жараның төменгі бұрышында өсінді негізі пайда болғанша іздейді. Өсінді ішпердесіне 5—6 мл 0,5 % новокаин ерітіндісін енгізеді. Кейін құрт тәрізді өсіндіні ақырындап анатомиялық пинцет арқылы ұстап, құрсақ қуысынан алып шығарады. Егер құрт тәрізді өсінді жараға шығарылмаған жағдайда оны сұқ саусақпен шығарады. Егер болбырлы өсінді болса оны ақырын ағытады, ал тығыз өсінділер болса қысқыш арасында ағытады. Шығарылған өсіндіні ішперденің жоғары шыңына жақын жерде салынған жұмсақ Шами қысқышымен фиксациялайды. Одан кейін жуан жібек немесе кетгут жіптерімен Дешан инесі арқылы немесе қан тоқтатқыш қысқыш арқылы өсінді негізінде ішпердені байлайды. Егер ішперде байлауы үшін кетгут жіптері қолданылса, оны міндетті түрде үш түйінмен байлайды. Ішпердеге лигатураны тым төмен орналастыруға болмайды, себебі соқыр ішекті қамтамасыз ететін артериалды тармақтар байланып тасталуы мүмкін. Қысқа ішперде болған жағдайда оны екі – үш аймақпен байлайды. Жіптердің шеттерін қысқышқа алады және қайшымен құрт тәрізді өсіндіге жақынырақ ішпердені кеседі.

Аппенэктомия. Соқыр ішекті алып шығу

5. Аппендэктомия. Соқыр ішекті жараға шығару.

жараға құрт тәрізді өсіндіні шығару

6. Аппендэктомия. Құрт тәрізді өсіндіні жараға шығару.

Аппенэктомия

7. Аппендэктомия. Құрт тәрізді өсіндінің ішастарын байлау.

Аппенэктомия, ішастарды байлау

8. Аппендэктомия. Құрт тәрізді өсіндінің ішастарын кесу.

Өсінді мобилизациясынан кейін одан соқыр ішекке 1—1,5 см қашықтықта жіңішке жібекпен серозды- бұлшықеттік кисетті тігіс салады. Өсінді негізін екі Кохер қысқышымен қысады. Олардың біреуі  — төменгі  — шешеді және пайда болған жүлге бойынша өсіндіні кетгут жібімен байлайды. Лигатура және екінші қысқыш арасынан құрт тәрізді өсіндіні скальпель арқылы кеседі, ал  культяға йод ерітіндісін жағып кисетті тігіске енгізеді. Кейде кисетті тігіс үстіне үлкен герметикалық үшін Z-тәрізді тігіс салады.

Кисет тігісімен ішастарды тігу

9. Аппендэктомия. Соқыр ішекке өсінді айналасынан кисетті тігіс салу.

соқыр ішекке тігіс салу

10. Аппендэктомия. Құрт тәрізді өсіндіні байлау.

құрт тәрізді өсіндіні кесу

11. Аппендэктомия. Құрт тәрізді өсіндіні кесу.

Ішекті ішке салу кезі

12. Аппендэктомия. Құрт тәрізді өсіндінің культясын кисетті тігіс ішіне енгізу.

Z тәрізді тігіс салу

13. Аппендэктомия. Z-тәрізді тігіс салу.

Өсінді ішпердесінің культясы құрсақ қуысындағы басқа мүшелерге жабысып қалуы мүмкін (шарбы майы, ішек ілмектері), ол ішек өтімсіздігіне әкеледі, сондықтан оны кисетті немесе Z-тәрізді тігіске байлау қажет. құрт тәрізді өсіндіні алып тастаған соң, соқыр ішекті құрсақ қуысына орналастырады. Өсінді ішпердесінен қан ақпайтынына көз жеткізген соң, құрсақ қабырғасының жарасын сатылап толықтай тігеді. Ішастарды үзіліссіз кетгут тігісімен тігеді, ал бұлшықет, апоневроз және тері асты май клечаткасын түйінді кетгут тігісімен тігеді. Теріге түйінді жібек тігістерін немесе металл скобкаларын салады. Кейбір жағдайларда жедел аппендицит кезінде құрсақ қуысына антибиотиктер енгізу үшін жіңішке резиналы немесе хлорвинил түтігін дренаждайды. Резиналы түтік құрсақ қуысында іріңдік болса (выпот) және соқыр ішектің флегмонозды өзгерістері болса орналастырылады. Аппендикулярлы абсцессты ашқан соң резиналы түтікпен бірге құрсақ қуысына бір – екі дәкелі тампон енгізеді.

Ретроградты аппендэктомия

Құрт тәрізді өсіндіні ретроградты алу, өсіндіні жараға шығара алмаған кезде жасайды, ол көбінесе өсіндінің ретроцекальды орналасуында немесе оның айналасындағы мүшелер мен тіндермен бірігіп өсуінде болады. Бірігіп өскен тіндерден өсіндіні бөліп алған соң, инфицирленудің алдын алу үшін, құрсақ қуысын дәкелі салфеткамен шектеу қажет. Ретроградты жолмен құрт тәрізді өсіндіні алып тастау үшін ішекті жараға максимальды түрде тартады және taeniae келу орнына байланысты оның негізін іздейді. Кейін бітісіп кеткен тіндерді бөліп, өсіндіні негізінен қысқышпен қысады, сосын ашып және дистальды орналастырады. Пайда болған жүлге бойынша өсіндіні жуан кетгут жібімен байлайды және қысқыш пен лигатура арасынан кеседі. Өсіндінің екі жағынан да йод ерітіндісімен жағады. Өсінді соңын қысқыш үстінен дәкелі салфеткамен орайды, ал культяны кисетті тігіске салады. Осыдан кейін, өсіндіден тартып, ақырындап оның ұшына дейін ішперде аймақтарын сатылы түрде қысқыштар арасынан кеседі. Мобилизденген өсіндіні алып тастайды.  Ішперде культясын бітіскен тіндермен бірге кетгутпен байлайды. Лигатуралардың сырғуын алдын алу үшін оларды қысқыш астынан тіккен дұрыс. Ішперде культясын байлаған соң, соқыр ішекті құрсақ қуысына енгізеді. Құрсақ қабырғасындағы жараны сатылап тігеді.

Құрт тәрізді өсіндіні қысу

14. Ретроградты аппендэктомия. Құрт тәрізді өсіндіні қысу.

Кисетті тігіс салу

15. Ретроградты аппендэктомия. Құрт тәрізді өсіндіні негізінен байлау.

құрт тәрізді өсіндіні байлау

16. Ретроградты аппендэктомия. Құрт тәрізді өсіндіні кесу.

Ішекке кисетті тігіс салу кезі

17. Ретроградты аппендэктомия. Құрт тәрізді өсіндінің культясын кисетті тігіске салу.

Қысқыштармен қысу

18. Ретроградты аппендэктомия. Бітіскен өсінділер және құрт тәрізді өсіндінің ішпердесін қан тоқтатқыш қысқыш арасынан кесу.

ішекті қысу

19. Ретроградты аппендэктомия. Құрт тәрізді өсіндінің ішпердесін тігу және таңу..

Егер өсінді тіндермен тығыз бітіскен болса және оны бөлектеу техникалық қиын болса, онда субсерозды өсіндіні бөлектеу қажет. Ол үшін өсіндінің серозды қабатын ақырын кеседі және жақын бұлшықет қабатынан сылып алады. Осылай өсінідіні ұзына бойы бөлектеп алуға болады. Өсіндіден қан кетуді қысқа уақыттық тампонада арқылы тоқтатады.

Құрт тәрізді өсіндінің ішперде артынан орналасу кезіндегі аппендэктомия

Егер құрсақ қуысында бітіскен тіндер болмаса және өсінді табылмаса, онда өсіндінің ретроперитонеальды орналасуын ойлау керек. Құрт тәрізді өсінді тоқ ішектің жоғарылаған бөлімінің артында орналасады және жоғары ұшымен бүйректің төменгі полюсіне жетуі мүмкін. Құрт тәрізді өсіндінің құрсақ артында орналасуы кезінде оны ашу үшін париетальды ішпердені 10 -15 см аралықта кеседі және соқыр ішек пен тоқ ішектің жоғарылаған бөлігінен 1 см сыртқа қарай кері жүреді. Соқыр ішекті сылып алады және ішке қарай итереді және құрт тәрізді өсіндіні анықтайды да оны негізінен бөлектеп дәкелі ұстағышпен немесе қысқышпен алады. Ұстағышпен өсіндіні тартып ішастарлық клечаткадан бөлектейді және сәйкес тамырларды байлайды. Кейін өсіндіні байлап және кеседі, ал культясын кисетті тігіске енгізеді. Егер бітіскен тіндерден өсіндіні жоғарыда айтқан әдіспен бөліп ала алмаса, онда  ретроградты аппендэктомия жасалады.

Ішперденің артындағы соқыр ішек

20. Өсіндінің ішперде артынан орналасуындағы аппендэктомия. Париетальды ішастарды кесу сызығы.

аппенэктомия

21. Өсіндінің ішперде артынан орналасуындағы аппендэктомия.  Құрт тәрізді өсіндінің негізіне дәкелі ұстағышты әкелу.

Аппенэктомия кезіндегі тамырларды кесу

22. Өсіндінің ішперде артынан орналасуындағы аппендэктомия. Құрт тәрізді өсіндіге сәйкес тамырларды кесу.

құрт тәрізді өсіндіні кесу

23. Құрт тәрізді өсіндіні кесу.

Ішекті тігу

24. Құрт тәрізді өсінді кесілген. Оның культясы кисетті тігіске енгізіледі.

Өсіндіні алып тастаған соң, соқыр ішекті орнына енгізеді және кесілген ішперде қабырғаларын үздіксіз кетгут жібімен тігеді. (рис. 441). Егер өсіндіде үлкен деструктивті өзгерістер болмаса, құрсақ қуысы жарасын толықтай тігеді. Алайда өсіндінің ретроцекальды орналасуында қабыну процесі ішастар асты клечаткасына да таралады. Бұндай жағдайда ішастар асты аймағын дренирлеу керек, оны қосымша бел аймағынан кесу арқылы немесе алдыңғы құрсақ қабырғасындағы операциялық жарадан жасаған дұрыс.

ішастарды тігу кезі

25. Өсіндінің ішперде артынан орналасуындағы аппендэктомия. Париеталды ішпердені тігу.

Ұқсас материалдарды қарай кетіңіз:

  1. Жедел флегманозды аппендицит
  2. Жедел аппендицит
  3. Жедел аппендицит асқынулары

 

Материалды достарыңмен бөлісіңіз
comments powered by HyperComments
НашарОнша емесОрташаЖақсыТамаша (1 бағалар, орташа: 5,00 тен 5)
Загрузка...

Ұқсас материалдар ...