Қазақстандағы балалар хирургиясы

Балалар  хирургиясы   — балалардың бойындағы іштен туа біткен және жүре пайда болған аурулар мен  кемістіктердің пайда болу себебін (этиологиясын), дамуын (патогенезін),  белгілерін (клиникасын), анықтау  тәсілдерін (диагностикасын), емдеу  жолдарын  зерттейтін және  оларды операция жасау арқылы емдейтін ілім.

ҚР балалар хирургиясы жалпы хирургия  мен педиатриядан өз алдына жеке  ғылыми-тәжірибелі пән ретінде 1940 жылы  Мәскеуден арнайы 6ілім алып, маманданып  келген Е.Д.Черкасованың көмегімен  бөлініп шықты деуге болады.

1957 жыл  —   Алматы мемлекеттік медицина институтыныц құрамында    балалар хирургиясы кафедрасы ұйымдастырылды-   кафедра меңгерушісі болып медицина ғылымының кандидаты доцент Е. Д.Черкасова.

1964 жыл — дәрігерлердің білімін жетілдіру институтында балалар хирургиясының доценттік курсы — меңгерушici  м.ғ.к. доцент Г.И.Раушанбах.

 

Рисунок136Камал Сәруарұлы Ормантаев 1959 жылы С.Ж.Аспандияров атындағы мем-лекеттік медицина  институтын бітірген.Профессор, «Қазақстан ғылымына еңбегі сіңген қайраткер», Қазақстан Республикасы ғылым академиясының корреспондент мүшесі, Қазақстан Республикасы ғылым академиясының академигі.110-ден аса медицина ғылымының кандидаттарын, 11 ғылым докторларын дайындады. 13 ғылыми еңбектер мен конференциялардың жинағының, 7 монография, 40-тан астам өнертабыстың , 1 патенттің  және 310-ден астам ғылыми  мақалалардың авторы.

 

 

 

 

 

 

 

 

 Қазақстанда балалар хирургиясының дамуна үлес қосқан ғалымдар:

  • профессор С.Д.Терновский
  • академик Ю.Ф.Исаков,
  • профессор С.Я.Долецкий,
  • профессор Э.А.Степанов,
  • профессор Г.А.Баиров,
  • профессор В.Е.Щетинин.
  • профессор А.Г.Пугачев
  • академик М.Я.Студеникин,
  • балалар проктолог А.И.Ленюшкин,
  • портальды гипертензия бойынша жетекші маман А.Ф.Леонтьев,
  • патоморфолог И.М.Потапова,
  • уролог П.К.Яцык,
  • нефролог В.И.Наумова

 

БАЛАЛАР ХИРУРГИЯСЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

1)нәрестелердегі шұғыл хирургиялық  коррекцияны қажет  ететін даму ақаулары   (өңеш атрезиясы, туа біткен ішек өтімсіздігінің  түрлері, анустың атрезиясы, кіндік  бауының эмбриональдық жарықтары және т.б.);

  • Нәрестелерде кездесетін хирургиялық аурулар (мысалы, пилоростеноз);
  • Өсіп келе жатқан организмге тән аурулар (жеке алғанда, гематогендік остеомиелит).

2)Ересектерде  кездесетін кейбір хирургиялық аурулар балаларда кездеспейді немесе казуистикалық сирек кездеседі.

3)Балаларда және ересектерде де кездесетін кейбір хирургиялық аурулар, балаларда  клиникалық сипаты бойынша  ерекшеліктенетіндіктен басқа  диагностикалық және  емдік әдістерді қолдануды  қажет етеді

4)Ересектер хирургиясымен салыстырғанда балаларда хирургиялық емдеуді жоспарлаудың ерекшелігі –  емнің баланың жасын ескере отырып,    тек оның өмірін сақтап  қалуға  ғана емес, сонымен қатар баланың  әрі  қарай толық жетілуін де сақтап  қалуға     бағытталуы

5) Баланың психикасының толық жетілмеуі барлық хирургиялық операциялар мен кейбір манипуляцияларды  жалпы наркоз қолдану  арқылы  жасауды талап  етеді.

6)Бала организміндегі ағзалардың көлемінің кішілігі, олардың қабырғасының жұқалығы және жарақаттануға   бейімділігі  операция техникасысының жоғары  болуын   талап етеді.

7)Баланың жасы қаншалықты кіші болса, операцияға дайындық және  операциядан кейінгі кезеңдерді жүргізу кезінде  соншалықты мұқияттылық қажет.

8)Баланың юристтік тұрғыдан қабілетсіздігі   және   оның  психикасының   дамуының толық  жетілмеуі  балалар хирургтары  тарапынан  деонтологиялық принциптерді сақтауды  талап етеді.

 

Деонтология принциптері:

   Науқас мен  дәрігердің  қарым-қатынасына байланысты принциптерді «деонтология» ұғымы біріктіреді. Педиатрияда бұл принциптерді медициналық қызметкерлер мен баланың ата-анасы, туысқандары арасындағы қарым-қатынас негізінде ажырату керек.  өйткені   бұл принциптер    емдеудің  маңызды  мәселелерін  шешеді (операция жасауға, қан, белокты сұйықтықтар құюға, зерттеу жүргізуге және  т.б. рұқсат алу).

Тексеру әдістері:

  • Физикалық тексеру әдістері: пальпация, перкуссия, аускультация және т.б.
  • Жалпы қарау: ұйқы кезінде қарау, медикаментозды ұйқы кезінде  тексеру
  • Арнайы тексеру әдістері: эзофагоскопия, ФГДС, ФКС, бронхоскопия, бронхография, пункционды биопсия, ангиография, эндоскопия
  • Тексерудің жаңа әдістері: ультрадыбыстық, КТ, МРТ.
Материалды достарыңмен бөлісіңіз
comments powered by HyperComments
НашарОнша емесОрташаЖақсыТамаша (әлі баға қойылмады)
Загрузка...

Ұқсас материалдар ...