Жатыр мойны эрозиясы

Жатыр мойны эрозиясы

Жатыр мойны эрозиясы әйел адам ауруларының ішіндегі жиі кездесетін аурулардың бірі. Казіргі кезде көптеген факторлар осы ауру туындауына әсер етеді. Өмір сүру барысында әйел адамдардың жартысы осы ауруды бастан өткізеді деп айтуға болады. Сондықтан, осы сұрақтың актуалдығы маңызды.

Жатыр анатомиясы

Жатыр кіші жамбас астауында орналасқан және кіші жыныс мүшелерінің жалғасы болып табылады. Жатыр аумағы толықтай қынаппен жатыр мойны арқылы бірігеді. Жатыр құрылымы бойынша бірнеше бөліктен тұрады: түбі, денесі және жатыр мойны. Жатыр мойны қынапқа шығарылған, жатырдың  тар бөлігі болып саналады. Сыртынан жатыр мойны көп қабатты түлемейтін шырышты эпителимен қапталған, ол қынап шырышты қабатымен ұқсас құрылымды болып келеді. Ортаңғы қабатын бұлшықет тіні қаптайды, талшықтардың бағыты – циркулярлы. Сондықтан, жатыр мойнының осы қабатының басты қызметі жатыр мойны каналының тесігін тарылту. Жатыр мойны каналында өзіндік канал, сыртқы (жатыр мойны мен қынап аумағының шекарасында) және ішкі араң (жатыр аумағы мен жатыр мойны шекарасында) болады.

Жатыр мойны шырышты қабаты қалыпты кезде және эрозия кезінде микроскоптан көрінісі.

Қалыптыда жатыр мойны сыртқы бөлігі көп қабатты эпителимен қапталған. Микроскоп арқылы бұл эпителий бірнеше қатарлы бір қабаттың ішінде және қабаттардың арасында тығыз жанасқан ядро клеткаларынан тұрады. Бұлшықет және шырышты қабат шекарасында шырышты қабаттың базальды қабаты орналасқан. Осы қабаттан эпителий клеткалары өз бастауын алады. Ақырындап базальды клеткалар бөліну арқылы жаңа эпителиалды клеткалар береді. Олар, жаңа клеткалар қосылған сайын сыртқа қарай ығыстырыла бастайды. Осы үздіксіз процеске байланысты шырышты қабаттың үздіксіз жаңаруы жүреді, ол дефектісінің жазылуы және инфекция енуіне механикалық бөгет болады.  Жатыр мойны эпителиінің құрылымы жатыр мойны сыртқы жағының шырышты қабатынан өзгеше болып келеді. Басты өзгешелік, эпителидің бір қабаттылығы және оны құрайтын  жасуша құрылымына байланысты болады. Бұл клеткалар цилиндр формалы болады (сондықтан, эпителий цилиндрлік деп аталады). Бірақ, бұл клеткалардың басты ерекшелігі арнайы мойындық шырыштың синтезі, ол механикалық түрде микробтар мен химиялық заттардың қынаптан енуіне бөгет жасайды.

Эрозия деген не?

Эрозия –  эпителий тініндегі дефект. Жатыр мойны эрозиясы туралы айтсақ, ол жатыр мойнының сыртқы жағы, қынаптық бөлігінің дефектісі. Бұл дефект кезінде жатыр шырышының құрамының бүтіндігі өзгеріске ұшырайды, эпителий жіңішкереді. Маңыздысы дефект базальды қабатқа тиіспейді, сондықтан эпителидің қалпына келуі (регенерация) жүреді. Егер базальды қабат зақымдалса, дефект бір қабатты цилиндрлік эпителимен жабылуы мүмкін (псевдоэрозия дамиды) немесе оның орнында тыртықты тін дамиды.

Жатфсыр мойын эрозия көрінісі

Жатыр мойны эрозиясының көрінісі.

Этиологиясы (пайда болу себебі)

Жатыр мойны эрозиясының басты себебі  анықталмаған, себебі ол көп факторлы ауру болып табылады. Басты әсер етуші факторлар:

  1. Венерологиялық аурулар – кейбір түрлері жатыр мойны шырышын зақымдап, дефект туындауына әкеледі. Оларға: микоплазма, уреплазма, хламидия жатады. Бұл инфекциялар эпителий клеткасында тіршілік етіп, өзінің өмір сүру әрекетінің өнімдерімен шырышты қабатты зақымдайды және ұзақ уақыттық қабыну реакциясын туындатады.
  2. Қынап микрофлорасының зақымдалуы – бұл жағдай вагиноз немесе қынап дисбактериозы деп аталады. Бұл жағдайда микрофлора балансы бұзылады, қалыпты микрофлораның проценттік ара қатынасы өзгереді, нәтижесінде қабыну процесі мен эрозия туындауына әкеледі.
  3. Контрацептивтерді дұрыс пайдаланбауынан болған жарақат, жарақаттық гинекологиялық манипуляциялар немесе операциялар. Бұл кезде механикалық және физикалық факторлар әсерінен шырышты қабатта дефект туындауы мүмкін.

Осы аталған механизмдер жатыр мойны зақымдалуларына әкеледі, эпителий зақымдалып, кейін жара беткейі пайда болады. Инфекциялық процестер ұзақ уақыттық қабыну процессін туындатады, ол өз кезегінде эпителиді зақымдайды. Эрозия болған кезде жыныстық жолмен жұғатын аурулар инфекциясының берілу қаупі жоғарылайды.

Симптомдары

Жалпы жатыр мойны эрозиясы кезінде ешқандай шағымдар байқалмайды. Көп жағдайлар жоспарлы түрде гинекологиялық тексерілуден өткен кезде болады. Бірақ кей жағдайларда іштің төменгі бөлігінде ауырсынулар байқалуы мүмкін, генитальды қатынас кезінде үдей түседі. Кейбір жағдайларда аздаған қанды бөліністер байқалуы мүмкін және жыныстық қатынас кезінде үдей түседі.

Жатыр мойын эрозиясы

Жатыр мойны эрозиясының дамуының қауіп факторлары:

  • Венерологиялық аурулардың ұзақ ағымы
  • Қынап дисбактериозының ұзақ ағымы
  • Иммунодефициттік жағдайлар
  • Жыныстық өмірдің ерте басталуы
  • Жыныс жолдарының жиі жарақаттары: аборт, медициналық манипуляциялар, контрацептивтерді дұрыс қолданбау.
  • Гормональды фонның өзгерістері

Диагностика

Жатыр мойны эрозиясы диагнозын дәрігер гинеколог қана жатыр мойнын айнамен визуалды қарап айта алады. Обьективті себептерге байланысты осы аурудың басқа диагностикалық әдістері жоқ. Кей жағдайда эрозия диагностикасы үшін арнайы құрылғы (кольпоскоп) қолданады, шырышты қабатты арнайы бояғыштармен бояйды. Бұл бояулар шырышты қабаттың дефектерін анық және жақсы көрінетін етеді.

Жатыр мойын эрозиясын емдеу

Бұл патология емі комплексті түрде өтуі қажет. Бірінші орында қалпына келуге кедергі жасатын факторлардың алдын алу қажет – осы мақсатпен әртүрлі препарат түрлері тағайындалады.

  1. Қынап микрофлорасын қалпына келтіру. Қынап дисбактериозының емі кезінде антибактериальды препараттар қолданылады. Антибиотиктердің арқасында қынаптың барлық бактериялары азаяды. Антибактериальды емнен соң, шырышты қабатты пайдалы микрофлорамен орналастыру қажет. Ол арнайы препараттар эубиотиктармен іске асады, олар пайдалы бактерия культурасынан тұрады. Бұл препараттар ішке және жергілікті қолданылады.
  2. Эктопирленген эпителиді жою. Соның ішінде, егер псевдоэрозия болса. Бұл жағдай эрозия аумағын жауып тұрған, мойындық эпителидің өсіп кетуімен жүреді. Сол арқылы дефект жабылады, бірақ жатыр мойны сыртқы қабатының қалыпты, көп қабатты жалпақ эпителидің қалпына келуі болмайды. Бұл жағдайда шырышты қабаттың қалыпты жағдайының қалпына келуі үшін эктопирленген мойындық эпителиді алып тастау қажет. Ол эктопирленген эпителиді химиялық бұзу арқылы алады. Сол мақсатта  Солковагин, Ваготил препараттары қолданылады. Бұл препараттар локальды қолданған кезде химиялық күйік реакциясы сияқты әсер етеді, нәтижесінде бір қабатты эпителидің түсуі жүреді. Сонымен қоса эктопирленген эпителиді күйдіру арқылы да кетіруге болады.
  3. Эрозияның қалпына келуінің стимуляциясы. Егер қынап микрофлорасы қалпына келсе, дефект орнында эктопиялық эпителий болмайды, онда эпителидің қалпына келуін белсендіру қажет. Эффективті болып витаминді препараттар және клеткалардың бөлінуі мен жара жазылуына әкелетін препараттар қолданылады (метилурацил, солкосерил мазь).
  4. Ағзаның иммунды қалпын стимуляциялау. Эрозия емінде басты жағдай иммунитетті жоғары деңгейде ұстау. Жақсы иммунитет дисбактериоз туындауына кері әсер етеді, кейбір венерологиялық аурулармен инфицирленуді төмендетеді, зақымдалған тіндерді тез қалпына келтіретін басты жағдай болып табылады. Иммунды жүйенің белсенді әрекетінсіз, шырышты қабаттың зақымдалған аймағының толықтай қалпына келуі мүмкін емес. Иммунитетті жоғарылату мақсатында витаминді препараттар, иммуностимуляторлар қолданылады. Бірақ, иммунитетті жоғары деңгейде ұстаудың басты қағидасы рациональды тамақтану, еңбек және демалыс, белсенді өмір сүру салты. Сонымен қоса, психо-эмоциональды фон иммунитетке әсер етеді, сондықтан стресстің алдын алу қажет, күнделікті физикалық және психикалық жүктемені азайту қажет.

Эрозияны күйдірудің мақсаты

Жатыр мойны эрозиясы  – ол ұзақ процесс. Бұл диагноз емдеуші дәрігердің ұзақ уақыттық бақылауынан соң қойылады. Егер медикаментозды ем шырышты қабат дефектісінің емделуіне әкелмесе, зақымдалған аймақты күйдіреді.

Парадоксальды болғанмен, бірақ көп жағдайда бұл процедура жазылу немесе толықтай тыртық пайда болуына әкеледі. Мәселе, күйдіру айқын қабыну реакциясына әкеледі, ол қалпына келу процесстерін іске қосады, қан айналымы жоғарылайды, қабыну аймағына иммунды жасушалардың миграциялауына әкеледі. Бұл өзгеріс комплекстеріне байланысты күйдіру эрозияның жазылуына немесе тыртықтануына әкеледі.

Эрозияны күйдірудің түрлері

Бүгінгі таңда күйдірудің көптеген түрлері бар. Өзгешелік ағза тініне әсер ететін эффектіге байланысты. Сондықтан, оның әсерін толықтай түсініп білген дұрыс.

Жатыр мойны диатермокоагуляциясы

Ағза арқылы тоқ өткен кезде локальды күйік пайда болады. Бұл әдісте проблема тоқ бұлшықеттерге әсер еткенде, оның жиырылуын туындатады, нәтижесінде ауырсыну пайда болады. Барлық босанған әйел адамдар толғақ кезіндегі ауырсынуларды жақсы біледі. Бұл әдістің оң әсері бұндай құрылғы барлық гинекологиялық кабинетте бар және бағасы да қымбат емес. Бұл әдістің кері жағы коагуляциялық тіндердің шамадан артық зақымдалуы және қатаң тыртық пайда болып, тіпті жатыр мойны деформациясы пайда болуы мүмкін. Сонымен қоса, жараның ұзақ уақытты жазылуы, бөліністер, ауырсынулар байқалады. Бұл әдістен кейін қалпына келу уақыты 6 аптаны құрайды.

Жатыр мойны криодеструкциясы.

Бұл әдіс тіндерді локальды қатыруға негізделген. Бұндай қатыру арқылы қатқан тіндердің бұзылысы туындайды. Процедура ауырсынусыз, диатермокоагуляция сияқты бұлшықет тінінің спазмы болмайды. Тіндердің қатуы аздаған тереңдікке жасалады. Бірақ, криодеструкция  кезінде қатырылған тіндердің көлемін анықтау қиынға соғады. Бұл ұзақ уақыттық қалпына келу және процедурадан кейінгі бөлініс мөлшерінің көп болуы байқалады. Қалпына келу кезеңі 4-6 апта.

Жатыр мойнының лазерлі коагуляциясы.

Казіргі кезде бұл әдіс ең эффективті болып табылады. Жоғарыда аталған әдістерге қарағанда жақсы жағы көбірек. Лазерлік сәуле локальды, контактілі емес беткейдің қыздырылуына әкеледі. Лазерлі құрылғыда сәулеленуді дозалау болғандықтан, тіндерге әсері дәрігер гинеколог арқылы индивидуальды шешіледі және шырышты қабатты әртүрлі тереңдікте қыздыруға мүмкіндік береді, нәтижесінде зақымдалу әсерін төмендетеді және тіндердің оптимальды көлемдегі деструкциясына әкеледі. Лазердің осы ерекшелігіне байланысты қалпына келу ұзақтығы максимальды түрде қысқарады және асқынулардың пайда болуы азаяды. Лазерлі коагуляцияны орындаған кезде эрозияның толықтай эпителизациясы жүреді, ал тыртық пайда болған кезде, тыртықтану көлемі минимальды болады. Қалпына келу кезеңі 4 апта.

Жатыр мойны эрозиясын радиотолқынды емдеу.

Эктопирленген эпителиді хирургиялық алып тастау әдісі арнайы құрылғы Сургитрон арқылы іске асады. Алдын ала дайындықтан соң, эктопия аймағына белгілі жиіліктегі радиотолқындар жергілікті аймақтың тіндеріндегі температураның жоғарылауына әкеледі.  Осы әдіс арқасында эктопирленген эпителидің беткей деструкциясы жүреді және миомтердидің терең қабаттары зақымдалмады. Бұ л әдіс эктопирленген эпителиді ары қарайғы тыртықтанусыз алуға көмектеседі.

Жатыр мойнын күйдіргеннен кейінгі  іс – әрекет.

Жатыр мойны шырышты қабатын күйдірген соң, сол жерде жара пайда болады. Оның тезірек жазылуы үшін оптималды жағдай туындату қажет, функциональды тыныштық, микрофлораны қалпына келтіру, дәрігердің гигиеналық шараларын қатаң ұстану. Соған байланысты кез келген генитальды қатынас болмауы керек. Жазылуға әкелетін дәрілер, антибактериальды медикаменттер және  тезірек жазылуға оптимальды жағдай жасайтын эубиотиктер қолдану керек. Жыныстық тыныштық индивидуальды түрде шешіледі. Көп жағдайда ол кезең 4 аптаны құрайды. Толықтай қалпына келу уақытын анықтау үшін, дәрігерге барып қаралған дұрыс.
Медикаментозды емдеу ұзақтығы дәрігермен индивидуальды түрде науқастың жалпы жағдайына және эрозия себебіне байланысты болады.

Күйдіруге дайындық бірнеше этаптан тұрады:

  • Қынаптың микрофлорасын қалпына келтіру
  • Жыныстық жолмен жүретін ауруларға тексерілу
  • Венерологиялық аурулар анықталған кезде, комплексті түрде анықталған инфекцияларды емдеу.
  • Кей жағдайларда алдын ала биопсия алу (қынап шырышты қабатынан қалыпты аймақтан алу) кейінгі микроскопиялық зерттеу үшін.
  • Иммунды дефицит жағдайларда ағзаның қорғаныш қассиеттерін стимуляциялайтын комплексті ем жүргізілу қажет.

Жатыр мойны эрозиясы кезіндегі болжам.

Өз уақытында және адекватты ем кезінде толықтай жазылу мүмкіндігі жоғары. Бірақ, ауру үдеген кезде эрозия өлшемі бойынша үлкеюі мүмкін және қатерлі түріне айналып, қан кету, бедеулікке дейін әкелуі мүмкін. Сондықтан, жатыр мойны эрозиясының емін кейінге қалдырмау  немесе үстіртін қарамау керек.

Жатыр мойны эрозиясының көрінісі.

Жатыр мойны эрозиясын жиі жағдайда кездейсоқ профилактикалық тексерілу кезінде айна арқылы қарауда анықтайды. Зақымдалған аймақ домалақ формалы, ашық – қызыл түсті, қабыну реакциясыз болады. Бірақ, дұрыс емес формалы эрозиялар да болады. Мойындық каналдың тесігіне жақын жерде зақымдалған эпителий орналасады. Құрал арқылы осы жерге тигенде жеңіл қансырауы мүмкін. Зақымдалған аймақтың тереңдігі мен көлемін анықтау үшін жатыр араңын әртүрлі бояулармен бояйды (3-5% уксус қышқылы, Люголь ерітіндісі). Осындай бояулар арқасында эрозия жақсы көрінетін болады.

Жатыр мойнын күйдірудің кері әсері.

Жатыр мойнын күйдірудің кері әсері күйдіру түріне байланысты. Процедураның бірнеше түрлері болады:

  • Диатермокоагуляция;
  • Криодеструкция;
  • Химиялық деструкция;
  • Лазеротерапия.

Көптеген асқынулар диатермокоагуляциядан соң байқалады (электр тогымен күйдіру). Осы әсерден соң цервикальды каналдың төменгі бөлігінде тыртық пайда болады. Нәтижесінде жатыр мойны каналы тарылады, кейін жүктіліктің туындауына кері әсер етеді және босану кезінде де жатыр мойны жыртылуы ықтимал. Сондықтан, бұл әдіс жүкті немесе босанбаған әйелдерге ұсынылмайды. Тағы бір кем жағы эндометриоздың дамуы – жатырдың ішкі қабатына сай эпителидің жатыр мойнына ауысуы. Эндометриоздың алдын алу үшін күйдіруді менструальды циклдың екінші жартысында орындау қажет.

Криодеструкциядан соң (эрозияға сұйық азотпен әсер ету) тыртық пайда болмайды, ал цервикальды канал өзінің эластикалық қасиетін сақтайды, бірақ ол қысқаруы мүмкін. Бұл әдіспен әсер ету тереңдігі шектелген, сондықтан криодеструкция жатыр мойны шырышты қабатының беткей дефектісі кезінде көрсетілген. Формасы дұрыс емес эрозиялар да осы әдіспен емделмейді, себебі азот сау тінге түсуі мүмкін. Криодеструкциядан соң бала  көтеру және қалыпты жүктілік әбден мүмкін.

Химиялық деструкция кері әсері жоқ, тек аздаған өлшемдегі дефекті кезінде жасалады. Тағы бір кемшілігі қайталама сеанстар жасау, толықтай жазылу үшін 3-5 процедура қажет.

Лазерлі ем – жағымсыз әсері және қарсы көрсеткіштері жоқ ем түрі. Одан кейін тыртық қалмайды, әсер ету тереңдігін қолмен орнатуға болады және сау тіндер зақымдалмайды.

Жатыр мойны эрозиясы кезінде бөліністер болған кезде

Әйел адамның ішкі жыныс мүшелері әртүрлі зиянды факторлардан сақтанады. Көп қабатты жалпақ эпителий жатыр мойны және қынапты қаптап тұрады және жатыр ішіне әртүрлі микробтардың енуінен қорғайды.  Гормональды фонның өзгерістері кезінде немесе қынапқа зиянды микробтар енген кезде, қышқылды – сілтілі жағдай өзгереді және шырыш көлемі ұлғаяды. Осы факторлар жатыр мойны эрозиясының дамуына әкеледі. Жатыр мойны шырышты қабатындағы эрозия аздап қансырауы мүмкін, жиі ол сексуальды қатынастан соң байқалады.  Қанды бөліністер эрозияның міндетті көрісі емес. Ол жиі жағдайда қынапта патогенді флора болуының және қабынудың барын көрсетеді. Сондықтан, қабынуға қарсы күрес жүргізу қажет:  антибиотиктер, аэрозоль және мазь ретінде (Олазоль, Левовинизоль, Мирамистин, Вагинорм С), жатыр мойнын  облепиха майымен немесе солкосерил майымен өңдеу. Бұл әдіс эрозияның емі емес, олар тек оның алдын алуға көмектеседі.

Жатыр мойны эрозиясының халық медицина тұрғысынан емдеу.

Халық емі  айқын қабыну болмаған кезде ғана эффективті болады.

  • Облепиха майы. Тіндердің жазылуына әкеледі және қабынуға қарсы, антисептикалық әсер көрсетеді. Майға сіңірілген тампонды, қынапқа түнге қарай енгізу, ем ұзақтығы 1,5-2 апта. Жатыр мойнын майлы тампонмен сүрту. Қабыну азаяды, қынап микрофлорасы қалпына келеді және эпителий жазылады.
  • Эвкалипт майы. Антисептикалық, қабынуға қарсы, вирусқа қарсы және саңырауқұлаққа қарсы әсерлі; тазаруды және эпителий қалпына келуін тездетеді. Майға енгізілген тампонды қынапқа түнге қарай салады, емдеу ұзақтығы 1,5-2 апта. Майды қолданар алдында майлы негізбен араластыру қажет (ланолин, вазелин), ара қатынасы – 3-5 тамшы майды, 10-20 г майға араластыру. Базелик майымен араластыруға болады. (1-2 тамшы). Микрофлораны қалпына келтіреді, бөліністі азайтады, қабынуды төмендетеді, бөліністің жағымсыз иісін азайтады, жергілікті иммунитетті жоғарылатады.
  • Эвкалипт жапырағы. Антисептикалық, қабынуға қарсы, вирусқа қарсы және саңырауқұлаққа қарсы әсерлі, эпителидің тез жазылуына әсер етеді. Тұндырма ретінде 2 шай қасық өнімді 1 стакан сумен араластырып қолданылады. Жарты сағатқа булы қайнатпаға (паровая баня) қойып, сүзіп, мақталы тампонға жағып, қынапқа тампонды енгізіп, түнге қарай қалдырады.
  • Алоэ, каланхоэ шырыны және майы. Антисептикалық және тез жазылтатын әсерлі, қабынуға қарсы және вирусқа қарсы, саңырауқұлаққа қарсы әсерге ие. Тоңазытқышта 12 күн сақталған алоэ жапырақтарын (7-10 дана) жасыл қабығынан аршып, (желе тәрізді бөлігі қалу қажет) 100 мл май  – зәйтүн, шемішке немесе бидай өсіндісінің майын құю. Екі апта қараңғы, суық жерде сақтау қажет. Алоэ немесе каланхоэдан шығарылған шырынға мақталы тампонды сіңдіріп, қынапқа енгізу және түнгі уақытқа қалдыру. Майды тампонға сіңдіріп, жатыр мойнын сүртуге болады. Нәтижесінде қынап микрофлорасы қалпына келеді, қышу мен ауырсыну азаяды, эрозияның тезірек жазылуына әкеледі.
  • Итмұрын майы. Жергілікті иммунитеттің жоғарылауы; тіндердің қалпына келуін тездетеді, қабынуға қарсы әсер етеді. Майға сіңдірілген тампонды қынапқа тәулігіне екі рет салу. Майды  (2-3 тамшы) майлы негізбен араластыруға болады  (вазелин немесе ланолин) – 10 г. Қосындыдан шар жасап, қынапқа енгізу немесе тампонды қынапта қалдыру түнге қарай. Эпителидің тезірек жазылуына әсер етеді, қабынуды азайтады, жергілікті тіннің микроб және вирустарға қарсы әсерін жоғарылатады.

Жатыр мойны эрозиясын үй жағдайында емдеу.

Үй жағдайында жатыр мойны эрозиясын емдеу қабынуға қарсы заттармен, кейін күйдіру жүргізілу қажет. Дәрілік шөптермен емделудің қажеті жоқ, себебі олар уақытша ғана жақсару береді.

  • Олазоль (левомицетин;анестезин;бор қышқылы; облепиха майы, хлорамфеникол) Ауырсынуды басатын, қабынуға қарсы және микробқа қарсы заттар. Эрозия жазылуына әсер етеді. Препаратқа сіңірілген тампонды қынапқа тәулігіне 3 – 4 рет салу қажет. Қолданар алдында интимді аймаққа тазалау жүргізу қажет. Қабынуды азайтады, ауырсыну және қышыманы азайтып, қынаптан бөліністерді азайтады.
  • Левовинизоль (левомицетин, хлорамфеникол) Қабынуға қарсы әсерлі, микробқа қарсы әсерлі. Тіндік дефектің жазылуына әсер етеді. Препаратқа сіңірілген тампонды қынапқа аптасына 3 рет түнге қарай енгізу қажет. Қынаптан бөліністерді азайтады, қабынуды азайтады.
  • Мирамистин (мирамистит, динатрий тұзы) Микробты қоздырғыштардың көптеген түрлеріне антисептикалық әсер, саңырауқұлаққа қарсы әсер, жыныс жолдарының вирусты инфекциясын өлтіреді, жергілікті иммунитетті жоғарылатады, эпителидің тезірек қалпына келуіне әсер етеді. Осы препаратқа сіңірілген тампонды күнделікті қынапқа енгізу, емдеу курсы бір апта. Жүктілік кезінде қолдануға рұқсат етіледі. Қабынуға қарсы зат, қынаптан бөліндіні азайтады, эпителиалды дефекттің алдын алады, қынап флорасын тазалайды.
  • Вагинорм С (аскорбин қышқылы) Антисептикалық әсер, микробтар мен вирустарға жергілікті қорғаныш функциясын жоғарылатады. Қынаптың  рН қалпына келтіреді. Таблетканы терең қынапқа енгізу қажет. Тәулігіне 1 рет, түнге қарай қолданылады. Емдеу курсы бір апта. Қайталап қолдануға болады. Жүктілік кезінде қолдануға болады. Қабыну әсерін төмендетеді, бөліндінің азаюы, қынаптың қышқылды – сілтілі жағдайының қалпына келуі жүреді.
  • Солкосерил мазь. Эпителиалды қабаттың регенерациясын қалпына келтіреді. Мазьды тампонды қынапқа тәулігіне 1-2 рет қолданады.
  • Облепиха майы. (каротин және каротиноидтар қоспасы; токоферол; хлорофиллды заттар және глицерид). Тіндердің жазылуын тездетеді. Қабынуға қарсы, антисептикалық әсерге ие. Майға сіңірілген тампондар түнге қарай қынапқа енгізу, емдеу ұзақтығы 1,5-2 апта. Жатыр мойнын мақталы тампонмен және маймен сүртуге болады. Қабынудың азаюы, қынап микрофлорасының қалпына келуі, эпителидің жазылуы жүреді.

Босанбаған әйел адамдарда жатыр мойны эрозиясын емдеу.

Емдеуге  химиодеструкция және  лазерлі ем қолданылады. Егер эрозия өлшемі үлкен болмаса, химиялық әдіске тоқталуға болады, ал лазеротерапия әртүрлі тереңдік пен өлшемдегі дефекттерге қолданылады. Егер эрозия өлшемі 2 см болса, альтернативті емдеу әдісі – ультра сәулелену арқылы физиотерапиялық стимуляция қолданылады.
Егер ауру жүкті әйелде байқалса, бала туғанға дейін күйдіруді орындаудың қажеті жоқ. Тек, егер эрозия өлшемі минимальды және қабыну болмаған кезде. Егер, қабыну болса, бірақ зақымдалған аумақ кішкентай болса, қабынуға қарсы және регенерациялаушы заттар қолданылады  – Олазоль, Левовинизоль, Мирамистин, Вагинорм С, облепиха майы, солкосерил мазьі.

Ұқсас материалдарды қарай кетіңіз:

  1. Жатыр мойынының және денесінің фондық рак алды аурулары
  2. Жатыр лейомиомасы
  3. Жатырдан тыс (эктопиялық) жүктілік
  4. Жатыр мойыны обыры
  5. Түтікшелі жатырдан тыс жүктілік
  6. Жатыр және қосалқылары. Анатомиясы

 

Материалды достарыңмен бөлісіңіз
comments powered by HyperComments
НашарОнша емесОрташаЖақсыТамаша (1 бағалар, орташа: 5,00 тен 5)
Загрузка...

Ұқсас материалдар ...