Жүктілік физиологиясы

Физиологиялық жүктілік 40 аптаға, немесе 10 акушерлік айға ұзарады. 

Ұрықтану -Ол сперматозоид пен аналық жыныс жасушасының қосылуы. Нәтижесінде зигота пайда болады. Әйел өмірі ұрық дамуына оптимальды жағдай жасауға бағытталған. Имплантациядан бастап ұрықтанған жасушаның нәресте тууына дейін эмбрион- ұрыққа қажетті жағдайлар дамиді. Әйел организмінің адаптациялық- компенсаторлы механизмдерін ұрықтың дұрыс дамуына нығайту керек. Жүктілік гормон- прогестерон.

Әйел өмірінде жатыр ішілік ұрық дамуының 2 кезеңін ажыратады : эмбриональды және фетальды.   Эмбриональды кезең ұрықтанудан басталады, жүктіліктің 3-айның аяқталуына дейін жалғасады. Осы кезеңде барлық ағзалармен жүйелерінің бастамасы дамиды, денесінің, бетінің, аяқ қолының. 

Фетальды кезең  3 айдың басынан басталады, бала туғанда аяқталады. Осы кезде ұрық тез өседі, тіндердің дифференцировкасы болады, ағзалармен жүйелер дамиды, ұрық өміріне қажетті жаңа жүйелер пайда болады. Фетальды кезең 13- 40 аптаға дейін созылады. Осы кезде жыныс ағзаларының даму ақаулары болуы мүмкін. Қыз балада, дәрілердің андрогенды әсерінен. Осыған байланысты сыртқы жыныс ағзаларының кеш дамуымен (12-14 аптада) көрінуі мүмкін.

Адам өмірінің жатыр ішілік кезеңін келесі сатыларға бөледі:

  • Предимплантационды даму
  • Имплантация
  • Органогенез
  • Ұрық кезеңі

Ұрықтанудан кейін зиготаның бөлінуі болады: бластомерлер көбейіп оның комплексы морула деп аталады. Бластомерлердің бөліну процессінде 2 түрін ажыратады:1- ірі және қаралау, 2- ұсақ ашық. Моруланың ортасында ірі және қаралау бластомерлер ол- эмбриобласт. Одан кейін зародыштың жасушалары пайда болады. Ұсақ және ашық бластомерлер эмбриобластті қоршап   трофобласт бастамасы болып саналады – кейін ол имплантациямен тамақтануын қамтасыз етеді. Трофобластпен эмбриобласт ортасында  суға толған қуыс пайда болады- бластоциста. Бластомерге бөліну сатыда жатырға жылжыйды. Миграция 4-5 күн жалғасады. Содан кейін морула сатысында жатырға түседі да бластоцистаға айналады. Осы сатыда имплантация (нидация) болады. Имплантациядан кейін ұрықтың тез дамуы байқалады. Трофобластта біріншілік бүрілер пайда болады. Осы бүрілер ұрықтың  эмбриотрофпен қатынасын үлкейтеді. 

Ұрық келесі 3 жапырақтан тұрады: эктодерма, мезодерма және эндодерма. Осы жапырақтардан ұрықтың тіндері мен ағзалары пайда болады.

  Жұмыртқа компактті қабатқа еніп жан жағынан децидуальды қабатпен қоршаланады. Децидуальды қабат келесі 3 бөлігіне ажыратылады:

  1. decidua parietalis – жатыр ішін жабатын ішкі қабат;
  2. decidua capsularis – жұмыртқа жағынан жабылатын бөлігі жатыр ішінде;
  3. decidua basalis – жұмыртқа мен жатыр қабырғасы арасындағы бөлік.

 Физиологиялық аспектіде функциональды жүйеде «ана- плацента- ұрық» деп 3 бөлікті ажыратады:

  • Ұрықпен ана организмі
  • Анамен плацента организмі
  • Плацентамен ұрық

  Плацента— негізгі ағза, анамен ұрық организмдерін байланыстырушы ағза. Плацентаның функциялары:

  • Трофика мен белок синтезі,
  • Газоалмасу
  • Гормонбөлу және гормонрегуляция
  • АҚҚ Регуляциясы
  • Қан құю регуляциясы
  • Антитоксикалық функциясы
  • Биологиялық  активті заттарды жинау
  • Иммунды регуляция

 Ұрық дамуы1-ай:

1-күн ұрықтану

  • 6-күн имплантация
  • 18-күн жүрек соғу пйда болады
  • Айдың соңында аяқ қолы пайда болады

2-ай

  • Негізгі жүйелер пайда болады
  • Қозғалысы пайда болады
  • Сүттістері дамиды

3-ай

  • Жынысы ажыратылады
  • Тыныс алу
  • Жұту пайда болады

4-ай

  • Адам бейнесі пайда болады
  • Ұзындығы 20-25 см, салмағы 170 гр.

5-ай

  • Қозғалысын сезеді
  • Шаштар пайда болады
  • Салмағы 450 гр. жүрек соғысы естіледі.

6-ай

  • Өмір сүру қабілеті бар
  • Ұстау рефлексы дамиды

7-ай

  • Салмағы 1300-1400гр.
  • Аналық иммунитеті бар.
  • лануго жоғалады

8-ай

  • Салмағы 2200-2300гр.
  • Аналық иммунитеті бар.
  • Баспен келуі.

9-ай

  • Салмағы 3200-3400гр, Бойы-50см.
  • Аналық иммунитеті бар.
  • Ұрық төмен түседі

 

Материалды достарыңмен бөлісіңіз
comments powered by HyperComments
НашарОнша емесОрташаЖақсыТамаша (1 бағалар, орташа: 4,00 тен 5)
Загрузка...

Ұқсас материалдар ...