Микробиологиядағы материалды алу және тасымалдау

Зерттеуге арналған материалды алу тәртібі және тасымалдау

Дәрігердің дұрыс диагноз қоюы, науқасқа алдын ала қойылған диагнозына, аурудың кезеңіне байланысты зерттеуге арналған материалды дұрыс таңдап, алып және тасымалдауына тәуелді.

Аурудың кезеңіне байланысты микроорганизмдер жұтқыншақта, мұрын қуысында, лимфа түйіндерінде, қанда, ішекте болуы мүмкін және қоршаған ортаға қақырық, зәр, нәжіс арқылы бөлінуі мүмкін.

Зерттеуге арналған материалды алу тәртібі, мына шарттарды талап етеді:

  1. Материалды ХТП немесе антибиотиктерді қолданғанға дейін алу керек (егер қолданған болса оны ескеру керек).
  2. Материалды стерильді жағдайда алу керек.
  3. Материалды жинайтын ыдыс стерильді болуы тиіс (ескерту: ыдыста дезинфектанттардың да ізіде болмауы тиіс).
  4. Зерттеуге арналған материалды жеткілікті мөлшерде алу керек.
  5. Мүмкіншілігінше материалды тез арада лабораторияға жеткізу керек. Зерттеуге арналған материалдың түріне (микроорганизмнің тобына) байланысты белгілі температураны сақтай отырып, арнайы тасымалдайтын (контейнермен) ыдыспен, кейде арнайы көлікпен лабораторияға жеткізілуі тиіс.
  6. Зерттеуге арналған материалмен бірге міндетті түрде, материалды жіберуші, толық, дұрыстап толтырған жолдама жіберуі тиіс (жіберуші жолдамада науқастың аты жөні, жасы, мекен-жайы, зерттеуге арналған материалдың аты, науқастың жұмыс орны, алынған күні мен уақыты, науқастың алғашқы клиникалық диагнозын жазып, өзінің қолын қоюы тиіс).

Клинико-диагностикалық, микробиологиялық зерттеу тәсілдері

Микробиологиялық зертханаға алып келінген материалды дұрыс зерттеп, анық диагноз қою үшін зерттеуге арналған материалдың түрін (зерттеу барысында материалдың алынған жерін ескеру керек, себебі таза яғни стерильді сұйықтықтардан (қан, плевралық сұйықтық, жұлын сұйықтығы) микроорганизмдер анықталса, ол ауруды білдіреді. Ал қақырықта, нәжісте, жұтқыншақта, тері және шырышты қабаттың бетінде шартты-патогенді микроорганизмдер болғандықтан оны патогенді микроорганизмдерден ажырата білу тиіс), науқастың алғашқы клиникалық диагнозын ескере отырып келесі 4 тәсілдер қолданылады:

  1. Микроскопиялық — (бактериоскопиялық, вирусоскопиялық).
  2. Микробиологиялық — (бактериологиялық, вирусологиялық, микологиялық, протозоологиялық).
  3. Биологиялық (биосынақ).
  4. Иммунологиялық — (тері-аллергиялық, серологиялық).

Айтылған әдістер бір-бірінен зерттеу уақытының ұзақтығымен, сезімталдығымен, ақпараттылығымен ажыратылады.

Микробиология қазақша

Микробиологиялық — диагностикалық тәсілдерінің ақпараттылықтары, артықшылықтары мен кемшіліктері

Микроскопиялық тәсіл — микроорганизмнің морфологиялық, тинкториальдық қасиеттерін білдіреді. Зерттелінетін материалдан жүғынды дайындап, оны бояп (немесе боямай — нативті) микроскоп арқылы көруге негізделген.

Микроскопиялық тәсіл – патологиялық материалдан микроағзаларды микроскоп арқылы көруге болады. Вирустарды электронды микроскоппен көруге болады. Бұл тәсілдің артықшылығы: зерттеу небары 30-60 минутты талап етеді. Егер иммунофлюоресценттік зерртеу тәсілін (ИФА) колданса микроскопиялық тәсілдің нәтижесінің дәлдігін артады. Кемшілігі: диагноз қою үшін микроорганизмдер туралы ақпараттың кемдігі.

Микробиологиялық тәсіл — (бактериологиялық, вирусологиялық, микологиялық, протозоологиялық) — өте тиімді, ақпараттылығы өте жоғары тәсіл, микроорганизмнің таза дақылын бөліп алып, оның морфологиялық, дақылдық, биохимиялық, антигендік қасиеттеріне байланысты идентификациялауға (талдауға) негізделінген. Микроорганизмнің таза дақылын бөліп алып, оның патогенділігін лабораториялық жануарлар арқылы (in vivo), немесе қоректік орта арқылы токсин түзілуін (in vivo), зерттеу арқылы, сонымен қатар антибиотиктерге сезімталдығын анықтауға және фаготипирлеуге болады.

Микологиялық зерттеу бактериологиялық зерттеуге қарағанда жеңілдеу, себебі көбінесе микоздарда микроскопиялық тәсіл жеткілікті.

Микробиологиялық зерттеу тәсілінің көмегімен бактериотасымалдаушыларды анықтауға болады.

Кемшілігі: жұмысының көптігі және ұзақ уақыт алатандығы.

Биологиялық (биосынақ) тәсіл — сезімтал лабораториялық жануарлардың микроорганизмдерге сезімталдығына негізделген. Ол үшін жануарлардың жасын, салмағын, түрін ескере отырып микробтың таза дақылымен немесе алынған зерттелінетін материалдың өзімен жарақаттайды. Бұл тәсілде, жасанды қоректік ортада өспейтін патогенді микроорганизмнің таза дақылын бөліп алуға және оның патогенділігі мен вируленттілік дәрежесін анықтауға болады.

И м м у н о л о г и я л ы қ — (тері-аллергиялық, серологиялық) т ә с і л д е р — серологиялық дигностикасы және жасушалық (Т-жүйесі) және гуморальдық (В-жүйесі) иммунитетке баға беру тәсілдері және тері-аллергиялық сынақ (диагностика) жатады.

Серологиялық диагностикада науқас адамның қан сарысуында арнайы антиденелердің түзілуі мен ауру барысында жиналуына негізделінген. Серологиялық зерттеу әдісі вирусты ауруларға диагноз қоюда кең қолданады (себебі, ағзасында вирусқа қарсы көптеген антиденелер түзіледі), және вирустың таза дақылын бөліп алудың қиындығына байланысты серологиялық зерттеу әдісін қолдану қолайлы және эпидемиологиялық анализде ифекциялық ауруларды анықтауда маңызы өте зор.

Тері-аллергиялық сынақ кейбір инфекциялық ауруларды (туберкулез, бруцеллез, туляремия) зерттегенде ағзаның антигендерге жоғары сезімталдығын анықтау мақсатында қолданады. Микробиологиялық және иммунологиялық зерттеулердің нәтижесі аурудың кезеңіне тығыз байланысты.

Клинико-диагностикалық, микробиологиялық зерттеу нәтижелерін бағалау. Диагноз қоюда аурудың қоздырғышы болып табылатын патогенді микроағзаларды шартты-патогенді микроағзалардан ажыратып анықтау негізгі орын алады. Патологияда шартты-патогенді микроағзаларды бағалау үшін келесі критерийлер қолданылады.

  1. Қалыпты жағдайда сау адам ағзасының стерильды болып келетін сұйықтықтарынан микроағзалардың бөлінбеуі.
  2. Зерттеуге арналған материалда, әсіресе дисбактериоз кезінде, шартты-патогенді микроағзалардың өте көп бөлінуі.
  3. Науқастан алынған материалдан бір түрге жататын микроағзалардың қайта-қайта бөлінуі.
  4. Әртүрлі материалдаң ұқсас шартты-патогенді микроағзалардың бөлінуі.
  5. Белгілі бір процесстің қоздырғышы болып есептелетін микроағзалардың шартты-патогенді микроағзалармен салыстырғанда жұп қан сарысуында антидененің титрінің еселеп өсуі.
  6. Шартты-патогенді микроағзалармен жасалған аллергендерге науқаста тері-аллергиялық сынақтың оң болуы.
  7. Госпитальды инфекция кезінде науқастан алынған материалдардан ұқсас микроағзаның дақылының бөлінуі.
  8. Науқастың жалпы жағдайының жақсаруымен микроағзаның эллим немесе сандық азайуымен дәлелденген және клиникалық жағдайда жүргізілген антибактериальды терапияның эффективтілігі мен лабораториялық зерттеу нәтижесінде анықталған микроағзаның антибиотиктерге сезімталдығының сайма-сай келуі.
Материалды достарыңмен бөлісіңіз
comments powered by HyperComments
НашарОнша емесОрташаЖақсыТамаша (2 бағалар, орташа: 5,00 тен 5)
Загрузка...

Ұқсас материалдар ...