Қант диабеті кезіндегі аяқ күтімі

Диабетикалық аяқты болдырмау

Қант диабетінің негізгі асқынуларының бірі ол диабетикалық аяқ (ағылшынша diabetic foot). Ол қандағы қант деңгейінің патологиялық түрде жоғары болып, ұзақ уақыт жүргенде, аяқтағы қан тамырлар мен нервтердің өзгерісі нәтижесінде пайда болады.

Науқастарда келесідей шағымдар пайда болады:

  • тырнақ формасының өзгеруі, аяқтағы мүйізделу (мазоль) көбею;
  • аяқ терісінің саңырауқұлақтармен зақымдалуы
  • аяқтың ұйып қалу, терісіндегі құмырсқа жүргендей сезімі және басқа да тері сезімталдығының өзгеруі.
  • аяқ формасының өзгеруі.

Бұл кезде аяқтың жаралануға, инфекциялануы және травматизациясы жоғарылай түседі. Нәтижесінде аяқта жылдам іріңді некротикалық процесстер, асқынған жағдайда ампутацияға дейін жетеді.

Диабетикалық аяқты болдырмау үшін келесідей ережелерді сақтау қажет.

  • Күнделікті аяқтарыңызды жылы сумен жуу, судың температурасы 30 – 35 С
  • Тері түріне қарай сабынды таңдаңыз, құрамында алкоголь бар түрлерін таңдамаған дұрыс.
  • Жуып болған соң аяқты толықтай құрғатыңыз, әсіресе бақай аралықтарын.
  • Тері құрғақ, жарылған болса терінің тым құрғақ екенін білдіреді және оның алдын алу үшін крем жағу қажет, бірақ бақай аралықтарына жақпаңыз.
  • Пемза арқылы қатты теріні алып отырыңыз және пемзаны жаңартып отыру қажет, себебі онда саңырауқұлақтар болуы мүмкін
  • Аяқтағы мозольды ешқашан кеспеңіз және мозольге арналған пластырь қолданбау қажет.
  • Аяқты жылытатын грелка қолданбаңыз, себебі аяқ сезімталдығының төмендеуіне байланысты күйік алуға болады.

Диабетикалық аяқ

  • Күнделікті аяқ башпайларына арналған гимнастика жасау қажет, башпайларды жазу, бүгу
  • Күнделікті таза ауада 30 минуттай серуенге шығыңыз
  • Тырнақтарды алған кезде үшкір шеттерін қалдырмаңыз, ол басқа башпайларды жарақаттауы мүмкін.
  • Аяқ киімді таңдаған кезде жайлы, аяқты қыспайтын түрін таңдаңыз
  • Аяқ киімді күннің екінші жартысында таңдаңыз, себебі ол кезде аяқтар ісініп, өзіңізге сай аяқ киімді дәл табасыз
  • Күнделікті аяқ киімді қараңыз, бөгде заттар жоқтығына және ұлтарақтың дұрыс жатқанына мән беру керек
  • Күнделікті носкиді ауыстырып тұрыңыз және ақ түсті носки таңдаңыз, себебі ақ түстен жарақат бірден байқалады.
  • Ешқашан жалаңаяқ немесе носкисіз жүрмеңіз
  • Жаяу жүрген соң аяқта мозоль немесе жарақат жоқтығына қараңыз
  • Күнделікті аяқты тексеріп отырыңыз, ең алдымен төменгі жақтан табанды қараңыз, ол үшін айна қолдануға болады, тырнақ және башпай арасында саңырауқұлақты ауру пайда болмауына мән беріңіз ( ол жиі қызару және ақ түсті дақ арқылы көрінеді)

Ұқсас материалдарды қарай кетіңіз:

  1. Диабеттік кетоацидозды кома
  2. Диабет мектебі
  3. Қантсыз диабет

 

Материалды достарыңмен бөлісіңіз
comments powered by HyperComments
НашарОнша емесОрташаЖақсыТамаша (1 бағалар, орташа: 5,00 тен 5)
Загрузка...

Ұқсас материалдар ...