Қан тобын анықтау

Қан тобын анықтау

Қан тобын цоликлондар Анти А және Анти В көмегімен анықтау

  • Құрғақ пробиркаға венадан қан алып, тыныштыққа қояды сарысу бөліну үшін 20-30 минутқа.
  • Ақ пластинкаға (планшетке) солдан оңға қарай : анти –А, анти – В, және анти – Д цоликлондарын тамызамыз. Жоғарғы жағына қан тобын анықтайтын адамның фамилиясы мен инициалдарын жазады.
  • Анти — А, Анти – В, Анти- Д цоликлондарын үлкен тамшымен (0,01 мл) тамызады.
  • Антитела тамшылары жанына зерттейтін қаннан кіші тамшыдан (0,01- 0,03) құямыз да араластырамыз.
Қан тобын анықтау

Қан тобын анықтау үшін цоликлондар

  • Пластинканы 3 минут шайқап тұрып бақылаймыз, цоликлондар мен эритроциттер агглютинациясы бастапқы 3 – 5 секундта байқалады.
  • Анти – А цоликлоны және анти – В цоликлондарымен агглютинация жоқ болса, онда қан 0 (I) топқа жатады.
  • Егер тек анти – А цоликлонымен агглютинация (+) байқалса, онда қан А (2) топқа жатады
  • Егер тек анти – В цоликлонымен агглютинация (+) байқалса, онда қан В (3) топқа жатады
  • Егер анти – А цоликлоны және анти – В цоликлондарымен агглютинация бар болса (+), онда қан АВ (4) топқа жатады.

Ұқсас материалдарды қарай кетіңіз:

  1. Қан кету. Қан ағуды тоқтату жолдары
  2. Қан түзу жүйесі ауруларын тексеру әдістері
  3. Жалпы қан анализі мен жалпы зәр анализіне дайындық ережелері.
  4. Қан өндіру (гемоцитопоэз)

 

Материалды достарыңмен бөлісіңіз
comments powered by HyperComments
НашарОнша емесОрташаЖақсыТамаша (1 бағалар, орташа: 5,00 тен 5)
Загрузка...

Ұқсас материалдар ...