Демпинг синдром

Операциядан кейінгі демпинг синдром

Демпинг-синдром (ағылшынша dumping – cброс). Gilbert пен Dunlop асқазан резекциясынан кейін пайда болатын патолгиялық жағдайды солай атаған.  Асқазан резекциясынан кейін жиі кездесетін асқынудың бірі. Демпинг синдром дегеніміз айқындылық дәрежесі әртүрлі әлсіздік ұстамалары, олар тамақтанғаннан кейін пайда болатын тамырлық және нейровегетативті бұзылыстармен сипатталатын посталиментарлы симптомокомплекс.

Демпинг синдром асқазан резекциясынан кейін (әсіресе, Бильрот ІІ), гастрэктомия, ваготомия, пилоропластикадан кейін дамиды.

Селективті проксимальді ваготомиядан кейінгі жиілігі – 0,9%, бағаналы ваготомиямен пилоропластикадан кейін – 10-22%, әйел адамдарда асқазан резекциясынан кейін 100% кездеседі.

Патогенезі. Даму механизмін түсіндіретін бірнеше теориялар бар:

  1. Механикалық теория – асқазан қалтқысының клапандық аппаратының бұзылысы, жаңа асқазан-ішектік байланыс асқазан тұқылының тағамнан босауы т\жылдам жүріп, он екі елі ішек шырышты қабатын тағам қалдықтары тітіркендіріп, асқорытудың ішектік фазасы тез қысқарады.
  2. Осмостық теория – асқазан тұқылынан тағамның он екі елі ішекке тез түсуі асқорыту заттарының тез ферментативті гидролизіне әкеледі де, ішек қуысындағы осмостық қысымның жоғарылауына әкеледі. Ішек қуысындағы қысымды теңестіру үшін тамырдан сұйықтық пен электролиттер шыға бастайды. Сонымен қатар вазоактивті аминдер де бөліне бастайды: гистамин, кининдер, вазоактивті интестинальді полипептид және т.б. вазодилатация жүреді. Ұйқы безінің ішкі және сыртқы секреторлы функциясы өзгереді. Гипогликемиямен ауысатын гипергликемия байқалады. Ұйқы безінің секретінде ферменттер концентрациясы төмендейді. Нәтижесінде айналымдағы қан көлемі азайып, тахикардия, жалпы әлсіздікке, бас айналуға, естен тануға және АҚҚ-ның басында төмен түсуімен, кейін жоғарлауымен сипатталады. Ерте вазомоторлы синдромдар: жүрек айну, диарея пайда болады.

Клиникалық көрінісі. Науқастар әлсіздікке, тершеңдікке, бас айналуға, жүрек қағуына шағымданады. Іштің шұрылдауы, айқын кесетін сипаттағы ауырсыну және ауырсынудан кейін профузды диарея байқалады. Демпинг синдромының ауырлығына байланысты келесі 3 түрін ажыратады:

  • Жеңіл дәрежесінде науқастар тәтті және сүт тағамдарын көтермейді. Осы тағамдарды қабылдау оларда әлсіздік, жүрек айну, ұйқышылдық,тершеңдік, бас аййналу шақырады. Пульстің жиілеуі байқалады. АҚҚ қалыпты. Бұл симптомдар тамақ қабылдағаннанн кейін бірден не 10-30 мин кейін пайда болады. Дене массасының дефициті 5 кг-нан аспайды. Еңбекке қабілетілік бұзылмайды.
  • Орташа дәрежесінде клиникалық көрінісі айқын. Қандай тағам қабылдаса да әлсіздік, жүрек айну, бас айналу, құлақтың шуылдауы, эпигастрий аймағында ауырлық сезімі шағымдары пайда болады. Тахикардия, тері қабаттарының бозаруы, және қызаруы, қол саусақтарының дірілдеуі байқалады. Олар 35-60 минутқа созылады. Ұстаманың қызған шағында науқастар жатып қалады. Дене массасының дефициті 10кг. Еңбекке қабілетттілік төмендеген.
  • Ауыр дәрежесінің ағымы қандай тағам қабылдаса да ауыр реакцияның пайда болуымен және 1,5-2,5 сғатқа сақталуымен сипатталады. Осы уақыт аралығында науқастар горизонтальді жағдайда болуға мәжбүр. Пульс 30 рет минутынан жоғарылауы тән. Систолоалық қысым жоғарылап, диастолалық қысым төмендейді. Әлсіздік пароксизмдері жартылай естен тану не толық естен танумен аяқталуы мүмкін. Бұл жағдай гипогликемиямен сипатталады. Нервті-психикалық, алдын ала астеникалық синдром прогрессирлейді. Тағам млшерін азайтып, айқын белокты-витаминді жеткіліксіздікке, минералды алмасудың бұзылуына әкеледі. Дене массасының дефициті 10 кг-нан артық. Еңбекке қабілеттілік жойылады.

Диагностика.

  1. 50% 150мл глюкоза ертіндісімен тест жасалынады. Оны ішкенннен кейін пайда болған шағымдара, пульс динамикасына, АҚҚ; ЭКГ тіркемесін алады.
  2. Демпинг синдромынынң рентгенологиялық белгілері:
  • Барий қорытпасынан асқазанның тез босауы;
  • Жіңішке және тқ ішектің перистальтикасынынң күшеюі, инерттілікке дейін ауысуы мүмкін.
  • Барий қорытпасының 1/3 не ½ бөлігінің ащы ішеккке 1-2 минутта түсуі.
  • Жіңішке ішек тонусының біркелкі еместігі;
  • Энтерит белгілері.
  1. Эндоскопиялық белгілеріне 2,5-3 см гастродуоденальді не гастроеюнальді байланыстың болуы, жіңішке ішек құрамы асқазан тұқылында болуы кездеседі.

Емі. Жеңіл және орташа дәрежесінде консервативті ем қолданылады. Оған:

  1. Диетотерапия: жиі жоғары калориялы аз мөлшермен тамақтану (күніне 5-6 рет), тығыз және сұйық тағамдар бөлек-бөлек беріледі.
  2. Эвакуацияны баяулату және ащы ішек перистальтикасын төмендету үшін – координакс беріледі.
  3. Октреотид – соматостатинннің синтетикалық аналогы беріледі (тері астына).
  4. Орын басу терапиясы жүреді, оған тұз қышқылды пепсинмен панкреатин, панзинорм, фестал, абомин, В және С тобының витаминдері тағайындалады.
  5. Қан, плазма, белокты гидролизатттар, протеин және альбумин құйылады.

Хирургиялық емге көрсеткіш:

  • демпинг синдромның ауыр дәрежесінде
  • орташа дәрежелі демпинг синдром әкелгіш ілмек синдромыиен, прогрессирлеуші арықтаумен және созылмалы панкреатиттің ауырсынбалы формасымен бірге кездескенде жасалады.

Бұрын демпинг синдромның ауыр дәрежесін.де 2 түрлі операциялық араласулар жасаған:

  1. Бұрын салынған асқазан-ішектік байланыс тесігінің диаметрін кішірейту;
  2. Гастроэнтероанастомоз реконструкциялары, Бильрот ІІ бойынша орындалғандар Бильрот І бойынша реконструкцияланады.

Асқазан-ішектік байланыстың реконструкциясы үшін:

  • Захаров-Генлей бойынша изоперистальтикалық жіңішке ішектік трансплантант асқазан тұқылы мен он екі елі ішек арасына салынады.
  • Геррингтон бойынша антиперистальтикаллық жіңішке ішектік трансплантаттар, тоқ ішектік трансплантат асқазан-еюнальді және асқазан-дуоденальді анастомоздардың реконструкциясы үшін қолданылады.
  • Ваготомия, асқазан мен ішектің моторикасын төмендетеді. Ол реконструктивті операциялармен бірге жасалажы.
  • Асқазан-ішектік байланыстың мөлшерін кішірейту анастомоз аймағына гофрирленетін тігіс салынуымен сипатталады.
  • Ащы ішектің бастапқы бөлімдерінің денервациямен.

Демпинг синдром қазақша

Кеш демпинг синдромы

 

Кеш демпинг синдром (гипогликемиялық) синдром тамақтанғаннан кейін 2-3 сағаттан кейін дамиды. Асқазан резекциясын жасаған 10-15% науқастарда кездеседі.

Lapp және Dibold 1931 жылы асқазан резекциясы жаслған науқастарда гликемиялық криз болатынын байқаған.  Кейін Beckerman гипогликемияның клиникалық көріністерін жазған болатын.

Патогенезі. Ерте демпинг синдром кезінде иммунореактивті инсулиннің патологиялық көп өндірілуін негізделген. Қандағы глюкозаның жоғары концентрациясы ерте демпинг синдром кезінде  аралық мидағы кезбе нерв орталықтарын тітіркендіреді. Кейін қанға компенсаторлы түрде инсулиннің түсуі болады, оның көп мөлшері гипогликемия шақырады.

Клиникалық көрінісі. Тамақ ішкеннен кейін 2-3 сағаттан кейін  әлсіздік, бас айналу, аштық сезімі және эпигастридегі ауырсыну шағымдары пайда болады. Ұстама кезінде брадикардия, АҚҚ төмендеуі, тері қабаттарының бозаруы, тершеңдік пайда болады. Гипогликемия тамақ қабылдаудың арсы ұзақ болғанда дамуы мүмкін.  Гипогликемияның алдын алу үшін жиі-жиі тамақтанып, қант не печеньені өзімен бірге алып жүреді.

Диагностика. Депмпинг реакция тамақ қабылдағаннан кейін төмендейді немесе жоғалады. Ұстама кезінде глюкоза мөлшері 4,10-2,70 мкмоль/л.

Емі. Асқазан-ішек трактысының моторлы-эвакуаторлы функциясын жақсарту үшін метоклопрамид б/е, не ішке, сульпирид не цизаприд қолданылады. Егер ол көмектеспесе редуоденизация жасау керек.

Оперативті емнің аумағы дуоденопластикамен редуоденизацияны қамтиды. Ащы ішектік трансплантат асқазан  тұқылы құрамының эвакуациясын баяулатады.

Материалды достарыңмен бөлісіңіз
comments powered by HyperComments
НашарОнша емесОрташаЖақсыТамаша (1 бағалар, орташа: 5,00 тен 5)
Загрузка...

Ұқсас материалдар ...