Көкірекаралық кеңістік анатомиясы

Кеуде аралық (медиастинум)

Кеуде аралығы немесе көкірекаралық (медиастинум) деп-алдыңғы жағынан-төстің артқы бетімен, қапталынан- медиастиналды плеврамен, артынан-кеуде омыртқаларының денесімен және қабырға бастарымен шектелген кеуде қуысының бөлігін айтады. Төменде ол диафрагмамен шектелген, ал жоғарыда мойын аймағына жалғасады. Өкпенің түбірлерінің артынан өткізілген фронталды жазықтық арқылы кеуде қуысын алдыңғы және артқы аралыққа бөледі.

Кеуде аралығын алдыңғы және артқы деп бөлудің тәжірибелік маңызы зор. Себебі алдыңғы немесе артқы кеуде аралығында орналасқан ағзалардың патологиясының өз ерекшеліктері бар. Мысал ретінде іріңді медиастиниттердің даму ерекшеліктерін және оларға ену жолдарын айтуға болады.

Көкірекаралық

Көкірекаралықтың алдыңғы және артқы болып жіктелуі

Алдыңғы кеуде аралық ағзалары:

Кеуде ішілік фасция астында болбыр шел қабаты, одан тереңірек белгілі реттілікпен, кеуде аралық ағзалары:

  • Айырша без;
  • Жоғарғы қуыс вена (иықбас сабауы сол және оң жақты)
  • Жүрек
  • Жүрек қабы
  • Аорта
  • Өкпе артериясы
  • Өкпе венасы
  • Көкет нерві
  • Кеңірдек
  • Бронхтар

Артқы кеуде аралықтың топографиялық анатомиясы

Артқы кеуде аралықта орналасқан мүшелерге:

  • Төмендейтін аортаның кеуде бөлігі, одан басталатын артқы қабырға аралық артериялар;
  • Өңеш және онымен қатар жүрген кезбе нервтер;
  • Кеуденің лимфатикалық өзегі;
  • Сыңарсыз және жартылай сыңарлы веналар, оларға құятын қабырға аралық веналар;
  • Симпатикалық бағанның кеуде бөлігі;
  • Үлкен және кіші құрсақтық нервтер;
  • Лимфа түйіндері жатады.

Көкірекаралық деңгейлері:

  • Жоғарғы: кеуденің жоғарғы бөлімінен кеңірдектің бифуркациясына дейінгі аймақ.
  • Төменгі:
  • Алдыңғы: кеуденің алдыңғы бөлімінен перикардқа дейін;
  • Ортаңғы: перикардтың алдыңғы париетальды жапырақшасынан кеңірдек бифуркациясына дейін;
  • Артқы: кеңірдек бифуркациясының артқы жағынан омыртқаға дейін;
Көкірекаралық анатомиясы

Көкірекаралықтың бүйірінен қарағандағы құрылымы

Кеуде қуысының лимфалық түйіндері

Кеуде қуысының лимфа түйіндері  екі топқа жіктеледі.: алдыңғы көкірек аралықтың лимфа тамырлары, түйіндері және артқы көкірек аралықтың лимда тамырлары, түйіндері.

Алдыңғы көкірек аралықтың лимфа түйіндеріне, nodi lymphatici mediastinales anteriores жоғарғы көкірек аралықта орналасқан түйіндер жатады. Оларға  аорта доғасының алдыңғы беткейінде жіне иықбас  веналарында орналасатын жалғыз түйіндер қатары кіреді.

Кеуде маңы (парастернальные) лимфа түйіндері, nodi lymphatici parasternales, a. thoracica interna жолымен орналасады.

Сүт безі маңы (парамаммарлы) лимфа түйіндері, nodi lymphatici paramammarii ,a. thoracica lateralis –тің төменгі бөлігінің жолында орналасады.

Предперикардиалъды лимфа түйіндері , nodi lymphatici prepericardiales, және латеральды перикардиальды лимфа түйіндер , nodi lymphatici pericardiales laterales, перикардтың төменгі –алдыңғы және латеральды беткейінде жататын жалғыз түйіндер болып табылады.

Жоғарғы диафрагмалық лимфа түйіндер, nodi lymphatici phrenici superiores , алдыңғы және артқы көкірек аралықта орналасады. Алдыңғы көкірек аралықта диафрагманың VI қабырғаға, қылыш тәрізді өсіндіге және төменгі қақпа венасына бекітілген жерлерінде орналасады.

Артқы көкірек аралықта келесі лимфа түйіндерді ажыратамыз.

Қабырғааралық лимфа түйіндер, nodi lymphatici intercostales, қабырға басында орналасады.

Омыртқаалды лимфа түйіндері, nodi lymphatici prevertebrales, омыртқа бағанасының кеуде бөлімінің төменгі бөлігінде алдыңғы жағынан орналасады.

Артқы көкірек аралық лимфа түйіндер, nodi lymphatici mediastinales posteriores.

Өкпелік юкстаөңештік түйіндер, nodi lymphatici juxtaesophageales pulmonales, қңешке жақын өкпе қақпасының деңгейінде орналасқан.

трахеобронхиальды лимфа түйіндер, nodi lymphatici tracheobronchiales, трахеяның кеуделік бөлігінде және өкпе түбірінде орналасқан. Төменгі және жоғарғы трахеобронхиальды лимфа түйіндерді ажыратамыз, nodi lymphatici tracheobronchiales superiores et inferiores . Жоғарғы трахеобронхиальды лифа түйіндер өкпе қақпасынан бастап трахеяның бөлінетін жеріне дейін, ал төменгі трахеобранхиальды трахеяның негізгі бронхтар арасында бөлінуіне дейін орналасады.

Трахея маңы лимфа түйіндері, nodi lymphatici paratracheales, трахеяның екі жақ қыры және алдыңғы беткейлерінде орналасады.

Ұқсас материалдарды қарай кетіңіз:

  1. Кеуде қуысы. Қабырғалар
  2. Кеуде қуысының зақымдануы. Қабырға сынуы. Асқынуы.

 

Материалды достарыңмен бөлісіңіз
comments powered by HyperComments
НашарОнша емесОрташаЖақсыТамаша (1 бағалар, орташа: 5,00 тен 5)
Загрузка...

Ұқсас материалдар ...