Варфарин никомед препараты

Варфарин Никомед – (негізгі әрекет ететін белсенді  заты – Варфарин) .

Фармакологиялық тобы – тура емес антикоагулянт.

varfarin

Дәрілік зат құрамы

Таблеткалар 1 таблеткада
Келесі белсенді заттарды құрайды:
Натрий варфарині 2,5 мг
Көмекші заттар: лактоза; кукуруза крахмалы; кальцийдің  гидрофосфат дигидраты; индигокармин; магния стеарат

Фармакологиялық әсері – антикоагуляциялық әсер көрсетеді, яғни қан ұюының, қан тамырлар тромбозы мен эмболиясының  алдын алу үшін қолданылады.

Дәрілік заттың фармакологиялық әсері:

Варфарин таблеткаларының құрамында  қан ұюын болдырмайтын элементтер бар.  Препарат   К витаминінің  бауырда түзілуін уақытша баяулатады  және (II, VII, IX, X) қан ұю факторларының қан плазмасындағы концентрациясын азайтады.

Препараттың қан ұюға қарсы әсері оны қабылдаған соң , 26-72 сағаттан кейін ғана басталады. Максимальді әсері  5-7 күннен кейін ғана болады.

Дәрілік затты қабылдауды тоқтатқан соң,  К витаминінің бауырдағы синтезі мен (II, VII, IX, X)  қан  ұю факторларының плазмадағы мөлшері  4-5 тәуліктен соң қалпына келеді.

Веналар тромбозы кезінде дәрігерлер көбінесе тура емес антикоагулянттарды тағайындайды. Себебі, тура емес антикоагулянттар К витаминін белсенді формаға айналдыратын эпоксидредуктаза ферментін тежейді. Сондықтан да, тромбтардың қайтадан түзілуінің алдын алады бұл препаратпен .

Фармакокинетикасы

Асқазан-ішек жолдарынан толық сіңеді. Қан  плазмасы ақуыздарымен  байланысуы  97–99%. Бауырда метоболизмге ұшырайды.

Варфарин организмнен өтпен бірге  белсенді емес метаболиттер түрінде шығпрылады. Белсенді емес метаболиттер  асқазан ішек жолдарында реарбсорбцияланады да, зәрмен бірге шығарылады.

Варфаринді қолдану көрсеткіштері

  • Операциядан кейінгі тромбоздардың алдын алу
  • Өкпе артериясының жедел тромбозы мен эмболиясы
  • Ишемиялық шабуылдар мен инсульттар
  • Миокард инфарктінің профилактикасы ретінде немесе миокард инфаркті болғаннан кейін асқынудың алдын алу үшін
  • Жүрекшелер фибрилляциясының тромбоэмболиялық асқынуларын болдырмау үшін
  • Жүрек клапандары зақымдалғанда және жүрек клапандарының протездездері болғанда

Варфаринді қолданудың қарсы көрсеткіштері:

  • Препаратқа жоғары сезімталдықтың болуы
  • Кез келген локализациядағы қан кету
  • Қан кетуге жоғары қауіп бар жағдайлар: геморрагиялық диатез, өңеш веналарының кеңеюі, артерия аневризмасы, асқазан жарасы
  • Ашық жаралар болса, операциядан кейінгі жараларда
  • Бактериальды эндокардит
  • Геморрагиялық инсульт
  • Тамырішілік шашыранды қан ұю синдромы (ДВС-синдром)
  • Жүктіліктің бірінші триместрі және жүктіліктің 36-40 апталарында
  • Бауыр мен бүйректің аурулары болса
  • C және S ақуыздарының жетіспеушілігі
  • Есте сақтаңыз! Жұлын пункциясынан кейін де қолдануға болмайды!
  • Қатерлі артериялық гипертензия
  • Бас ми ішілік қан құйылу
  • Есте сақтаңыздар! Босанғаннан кейін 48 сағат өтпей, дәрілік затты қолдануға болмайды!

Варфаринді қолдану ережелері

Тәулігіне бір рет , бірдей уақытта ішу керек. Препаратты қолдану ұзақтығын әр науқасқа өзінің дәрігері жеке анықтайды. Дәрігердің кеңесінсіз қолданбаңыз!

Емдік курсты бастамас бұрын  коагуолограмма анализінен МНО мөлшерін анықтайды.

Механикалық жүрек клапаны бар науқастардың және  асқынуы бар жедел инфаркт миокарды болған болса  , коагуолограмма анализіндегі  МНО мөлшері 2,5-3,5 болу керек.

Өкпе артериясының веноздық тромбозы және эмболиясының профилактикасы  кезінде , жүрекшелер фибрилляциясы кезінде (механикалық  жүрек клапандары ақауына қатысы жоқ фибрилляция болса ), ауыр дилятациядық кардиомиопатия болса , науқастың коагуолограмма анализіндегі МНО мөлшері  2,0-3,0 болу керек.

Бұрын ешқашан варфарин қолданбаған науқастардың дәріні қабылдау ережесі

Бастапқы дозасы 5 мг/тәулігіне (2 таблетка күніне) – алғашқы 4 күнде осы дозамен қабылдаймыз.

5-күні МНО мөлшері анықталады. МНО мөлшеріне сәйкес, дәрігер келесі дозаны өзі айтады.

Бұрын варфарин қолданған науқастардың дәріні қабылдау ережесі

Бастапқы дозасы  — қалыпты дозадан 2 есе доза. Алғашқы 2 күнде . 3-4 күні демеуші дозаны қабылдайды. 5-күні МНО мөлшері анықталады. МНО мөлшеріне сәйкес, дәрігер келесі дозаны өзі айтады.

Жазған: Молдаханов  Еркебулан

Семей мемлекеттік медицина университетінің интерн дәрігері

Материалды достарыңмен бөлісіңіз
comments powered by HyperComments
НашарОнша емесОрташаЖақсыТамаша (әлі баға қойылмады)
Загрузка...

Ұқсас материалдар ...