Қалқанша безі ауруларының диагностикасы

Қалқанша безі ауруларының диагностикасы

Қалқанша безінің ауруларының диагностикасында көптеген зерттеу әдістері кеңінен қолданылады. Оларды мынандай топтарға бөлуге болады:

  1. қан сарысуындағы тироидты гормондардың концентрациясын анықтау: жалпы және бос тироксин, жалпы және бос трийодтиронин, қайтымды трийодтиронин (т3), тироксинбайланыстырушы белоктар.
  2. қалқанша безінің функциональды белсенділігін анықтау: қалқанша безінде йодтың радиоактивті сіңірілуін зерттеу, трийодтиронинмен сынама, тиролиберинмен сынама, ттг гормонымен сынама, перхлорат калиймен сынама, сынама қалқанша безімен йодтың жұтылу дефектілерін анықтайтын сынама.
  3. Тироидты гормондардың перифериялық әсерлерін анықтайтын сынамалар; негізгі алмасуды зерттеу, қан сарысуындағы липидтерді, қан сарысуындағы креатинфосфокиназаны анықтау, ахилл рефлексінің уақытын (рефлексометрия, рефлексография), электрокардиография, глюкагонга жауап ретінде қан сарысуындағы цамф анықтау.
  4. қалқанша бездің әртүрлі компоненттеріне антиденелерді анықтау: тироглобулин, тиропероксидаза, тироидстимулдейтін және ингибирлеуші иммуноглобулиндерге антиденелерді анықтау.
  5. Қалқанша безінің анатомиялық гистологиялық құрылымын анықтау: қалқанша безді радиоактивті йод немесе технеция көмегімен сканирлеу, қалқанша безіне ультрадыбысты зерттеу (удз), қалқанша безі аймағына рентгенография, контрастілі ангиография немесе лимфография, қалқанша безіне биопсия.

Қан сарысуындағы тироидты гормондардың концентрациясын анықтау.

Қандағы тироидты гормондарды радиоиммунологиялық әдістермен анықтау болмаған кезде қандағы тироидты гормондарды йодтың көмегімен анықтау кең тараған, қандағы белокпен байланысты (белок-байланыстырушы йод). Өкінішке орай, бұл әдіспен қалыпты жағдайда белок-байланысқан йод 90% құрайтын, белокпен байланысқан тироксин ғана анықталмайды және басқа да йодирленген белоктар: альбумин және тироглобулин құрайды және тироидты гормондардың әртүрлі биосинтездік бұзылыстарында және аутоиммунды тироидит кезінде концентрациясы өзгереді. Қан сарысуында белок-байланысқан йод дені сау адамдарда 6-8 мкг/100мл құрайды. Бутанолэкстрагирлеуші йод қалқанша безі гормондарының (т4 және т3) көрсеткіші болып табылады, дені сау адамдарда 3,5-6,5мкг/100мл құрайды.

Жалпы тироксин (т4). Радиоиммунологиялық немесе иммунофлюоресцентті әдіс бойынша зерттеу, қан сарысуындағы тироксиннің концентрациясы дені сау адамдарда 64-150 нмоль/л (5-10 мкг/100мл) құрайды. Бұл әдіс фильтрлі қағазда фиксирленген қан тамшысындағы тироксинді анықтау үшін модифицирленген, қазіргі кезде жаңа туған нәрестелерде гипотирозды анықтауда кең қолданылады. Тироксин жүктіліктің бірінші жартысында ұрықтың қан сары суында анықталмайды немесе әдістің сезімталдық шекарасында орналасады. Жатыр ішілік дамудың соңында оның деңгейі жоғарылайды, ересектермен салыстырғанда минимальды деңгейде болады. Туған соң алғашқы сағаттарда тироксин деңгейі жоғарылайды және постнатальды кезеңнің 2-3-ші күндері қан сары суында тироксин деңгейі ересектермен бірдей болады. 6-жастан кейін тироксин концентрациясы қанда ересектердегідей болады. 60-65 жастан соң тироксин деңгейі қанда аздап төмендейді.

Бос тироксин. Жоғарыда айтылғандай, 99,6% циркулирленген қанда тироксин белокпен байланысқан күйде болады. Дені сау адамдарда қан сары суындаға бос тироксин 10-26 пмоль/л (0,8-2,1 нг/100мл) құрайды. Қалқанша безінің ауруларын диагностикалық зерттеу үшін және жүргізілген емді бақылау үшін, қан сарысуындағы жалпы тироксиннің мөлшері қолданылады. Соңғы жылдары қан сарысуындағы бос тироксинді анықтауда, жаңа қолжетімді әдістер қолданылуда, бұл көрсеткіштер қалқанша бездің белсенді қызметін бағалау үшін және кең көлемде қолдану үшін қажет.қалқанша бездің функционалды активтілігінің көрсеткіштерінің біреуі бос тироксин индексі болып табылады (бти4), ол келесі формула бойынша анықталады: (п.к. иванов және г.а. ткачева, 1982). Осы авторлардың айтуы бойынша, радиотестті invitro процедурасы бос тироксинді индексті табу үшін қажет емес.

Жалпы трийодтиронин (т3). Жалпы т3 концентрациясын анықтау үшін қазіргі кезде трийодтиронинге спецификалық антисарысу қолдану арқылы радиоиммунологиялық әдіс қолданылады. Қан сарысуындағы т3 жалпы концентрациясы тироксинге қарағанда шамамен 50 ретке төмен 1,2-2,8 нмоль/л (65-190 нг/100мл) құрайды. Кейбір ғалымдардың айтуынша, ер адамдарда қан сарысуындағы т3 концентрациясы әйелдерге қарағанда 5-10% жоғары. Қан сарысуындағы т3мөлшері жаңа туған балаларда ересектерге қарағанда 1/4-1/3 есебінен болса, 1-2 күннің ішінде концентрациясы ересектердегідей болады. Ерте балалық шақта т3 концентрациясы біршама азаяды, жасөспірім кезінде ересектердегідей болса, ал 65 жастан кейін тироксинмен салыстырғанда біршама азаяды. Тиротоксикоздың әртүрлі формаларында қан сарысуында т3 анықтау дифференциалды диагностикада маңызды орын алады. Сонымен қатар, диффузды токсикалық зобта және түйінді токсикалық зобта т3 көптеп бөлінеді, соған байланысты т3 деңгейі т4 деңгейіне қарағанда ара қатынасы жоғарылайды (қалыпты жағдайда 20 аз, тиротоксикоз кезінде – 20 жоғары).

Бос трийодтиронин. Диализирленген сарысу қолдану арқылы радиоиммунологиялық әдіспен анықталады, 3,4-8,0 пмоль/л (0,25-0,52 нг/100 мл, орташа 0,4 нг/100 мл) құрайды. Бос т3 сандық анықталуы қан сарысуындағы жалпы т3 анықтауға қарағанда кейбір ғалымдардың айтуы бойынша, диагностикалық аз мүмкіндік береді.

Кері трийодтиронин (т3). Кері немесе реверсивті трийодтиронин – гормональды инертті зат, тироксиннің дегидратациясы және конверсиясының өнімі ретінде пайда болады. Кері т3 қан сарысуында радиоиммунологиялық әдіспен анықталады және оның қандағы концентрациясы дені сау адамдарда 0,39-1,16 нмоль/л (25-80 нг/100 мл) құрайды. Диффузды токсикалық зоб кезінде т3 қан сарысуындағы концентрациясы жоғары және гипотиреоз кезінде төмен болады. Жаңа туылған балаларда қан сары суында кері т3 деңгейі бірден жоғары болады, кейін кері т3төмендеп, жалпы т4 жоғарылайды. Кері т3 энергия жеткіліксіз болғанда және ағза өзін қорғай алмағанда (аштық кезінде, дене температурасының жоғарылауы, бүйрек, бауыр аурулары, және жас ұлғайған шақта) жоғарылайды. Сарысулық кері т3 көрсеткішін анықтау диагностикада патогенезінде басты орын т4-тің т3-ке конверсиясының бұзылысын көрсететін, тиротоксикоз және гипотиреозды анықтауға көмектеседі.

Тироглобулин. Қосарлама антидене қолдану арқылы жасалатын өңделген радиоиммунологиялық әдіс тироглобулиннің қалыпты және қалқанша безінің әртүрлі аурулары кезінде тироглобулин деңгейін көрсетеді. Дені сау адамдарда қан сарысуында тироглобулина қалыпты жағдайда 5,1±0,5 нг/мл ( 10 нан- 55-60 нг/мл) құрайды. Қан сарысуында тироглобулиннің жоғарылауы тиротоксикоздың әртүрлі формаларында көрінеді: диффузды токсикалық зоб, аутоиммунды тироидит, көп түйінді токсикалық және токсикалық емес зоб, эндемиялық зоб, қалқанша бездің рагы және метастазы кезінде. Қалқанша безінің медуллярлы рагы кезінде, қан сарысуында тироглобулин көрсеткіші қалыпты немесе төмен болады. Қан сарысуындағы тироглобулиннің тироидті концентрациясы тиротоксикоздың клиникалық кезеңдеріне сәйкес келмеуі мүмкін. Науқастарда қан сарысуындағы тироглобулин мониторингі папиллярлы немесе фолликулярлы қалқанша безі рагына байланысты өткерген тироидэктомиядан соң маңызды рол атқарады. Тотальды тироидэктомиядан кейін қан сарысуындағы тироглобулин көрсеткіші бірден төмендейді 5 мкг/л ( 5 нг/мл ). Операциядан кейін қанда тироглобулиннің 10 мкг/л (10 нг/мл) жоғары болуы, рецидив беруін немесе қалқанша безінің рагы метастазын көрсетеді.

Қандағы тироксин байланыстырушы белок. Қан құрамындағы тироксин байланыстырушы белокты анықтау қан құрамындағы белоктың тироксинмен толық қанығуына негізделген. Егер қандағы эндогенді тироксин көрсеткіші жеткіліксіз болса (гипотироз), онда қан сарысуындағы белгіленген тироксин қандағы белокпен көп көлемде байланысқан күйде болады және, керісінше, қандағы тироксин концентрациясы жоғары болғанда (диффузды токсикалық зоб) экзогенді йодирленген тироксиннің сіңірілуі осындай сарысуда төмен болады. Қандағы тироксин байланыстырушы белоктың сандық анықталуының көрінісі, жүктілік кезінде, эстрогендерді қабылдағанда, андрогендерді және басқа да гормондарды қабылдағанда концентрациясы өзгереді. Бұл әдіс клиникалық практикада қан сарысуындағы жалпы т3 жәнет4 зерттеуге қосымша ретінде кеңінен қолданылады. Бұдан басқа, қан сарысуындағы тироксин байланыстырушы белокты анықтау үшін радиоиммунологиялық әдіс қолданылады. Осы әдіс бойынша анықтаған кезде тироксин байланыстырушы белоктың көрсеткіші 1,2-2,2 мг/100 мл болады.

Қалқанша бездің функционалды белсенділігін анықтау.

Тиротропты гормонды анықтау. Қалқанша бездің қызметі тікелей тиротропинмен және гипофиздің алдыңғы бөлігінің бақылаумен болады. Сондықтан қан сарысуындағы тиротропин деңгейі қалқанша бездің қызметіне жауап береді. Соңғы жылдары қан сарысуындағы ттг гормонын анықтауда радиоиммунологиялық әдіс үлкен өзгеріске ұшырады. Осындай, төмен сезімталдық стандартты радиоиммунологиялық әдіспен анықтауда қан сарысуындағы ттг 1-2 мкед/мл құрады; 2-лік генерация әдісінде (иммуннорадиометриялық әдіс– irma) – 0,1-0,4 мкед/мл, 3-лік генерация әдісінде (иммуннохемилюминометриялық әдіс-icma) – 0,005-0,05 мкед/мл болды. Соңғы әдістің көмегімен l-тироксинің артық дозасын немесе науқастарда қалқанша бездің тежелу кезеңін, қалқанша бездің рагымен зардап шеккендерді диагностикалалауға болады.

Қалқанша безінде радиоактивті йодтың сіңірілуі. Қалқанша безі ауруларында диагностикада кең қолданылатын тесттің бірі, радиоактивті изотопты йод (131i) 1-3 мкки дозада тамыр ішіне немесе ерітінді немесе капсула түрінде ішке енгізіледі. Радиоактивтілік 2, 4 және 24 сағаттан соң жүргізіледі. Қалыпты жағдайда қалқанша бездің радиоактивті йодты сіңірілуі 24 сағаттан кейін 7 — 30% дейін болады. Йодтың көптеп сіңірілуі диффузды-токсикалық зоб кезінде бақыланады, гипотироз кезінде азаяды. Қалқанша бездің йодпен сіңірілу жылдамдығы ағзаның йодпен қанығуына байланысты, сондықтан науқас сынамаға дейін құрамында йод, бром бар препараттарды қабылдамау керек. 131i жартылай бұзылу уақыты 8 күнге дейін, сондықтан соңғы уақытта басқа изотоптарды қолданады: 123i жартылай бұзылу уақыты 13 сағат, 132i – 2,3 сағат немесе 99 mtc – 5 сағат; 123i 100-200 мкки дозада ішке тағайындалады, қалқанша безімен сіңірілген радиоактивтілік 24 сағаттан кейін анықталады. Радиоактивтігінің процентін изотопты қабылдағаннан 6 сағаттан кейін де анықтауға болады, себебі қалқанша безінде йодтың сіңірілуі айтарлықтай жоғары болады. Технеция, қалқанша безінде йод сияқты қармалып ұсталады, бірақ органикалық қосылыстарға қосылмайды. Диффузды токсикалық зобтың диагностикасы және сканерлеу үшін 99 mtc кеңінен қолданылады, гипотироз кезінде бұл изотоп қолданылмайды және бұл кезде 131i қолданылады .

Трийодтиронинмен төмендету сынамасы. Тироидты гормондардың кері байланыс арқылы ттг секрециясын төмендету қабілетіне негізделген. Осының нәтижесінде қалқанша безінде йодтың сіңірілуі төмендеуі бақыланады. Науқас трийодтиронинді 100 мкг дозада (таңертең және кешке 50 мкг) 7 күн қабылдайды. Қалқанша безінде йодтың сіңірілуі трийодтиронинді қабылдағанға дейін және кейін анықталады. Препаратты қабылдамай тұрғандағымен салыстырғанда дені сау адамдарда йодтың сіңірілуі т3 қабылдағаннан кейін 50% ға төмендейді. Науқастарда трийодтиронинмен сынама жүректің ишемиялық ауруларында, жүрек жеткіліксіздігінде тағайындалмайды, қарт шағында экзогенді т3 әсерінен “тиротоксикалық жүрек” дамуы мүмкін. Осындай жағдайда трийодтирониннің орнына тироксинді (таңертең) бір уақытта 3мг 7-10 күн қабылдайды, осыдан кейін қалқанша бездің радиоактивті сіңірілуі қайталап анықталады. Диффузды токсикалық зобта, тиротоксикалық аденома кезінде йод сіңірілмейді. Трийодтиронин және тироксин қабылдаған соң қалқанша безімен радиоактивті йодты сіңірілуі төмендесе науқаста диффузды токсикалық зобтың жоқтығын көрсетеді. (тиротоксикоз).

Тиролиберинге сынама. Трийодтиронин сынамасы сияқты мақсатпен жүргізіледі, бірақ информативтілігі бойынша және жағымсыз әсерінің болмауына байланысты т3 сынамасынан асып түседі. Қандағы ттг, т3, т4, тироксин байланыстырғыш белокты анықтау үшін, тиролиберинді енгізбес бұрын анықтайды, 200-500 мкг тиролиберин енгізген соң, 20 және 60 минуттарда ттг деңгейі анықталады, ал 4 сағаттан кейін — т3 және т4 анықталады. Дені сау адамдарда тиролиберинді енгізген соң бастапқы деңгеймен салыстырғанда ттг деңгейі 20 минуттан соң 5 есеге жоғарылайды. Диффузды токсикалық зоб кезінде тиолилиберинге жауап ретінде ттг жоғарыламайды, біріншілік гипотироз кезінде ттг концентрациясы бастапқы деңгейімен салыстырғанда 20-25 есеге жоғарылайды. Тиролиберинмен сынама , т3 сынамасы сияқты, диффузды токсикалық зоб емі кезінде медикаментозды емді жалғастыру немесе хирургиялық ем тағайындау сұрағын шешу үшін қолданылады. Тиролиберинді енгізгеннен кейін 4 сағат өткен соң дені сау адамдарда қан сарысуында т4 пен т3 жоғарылауы сияқты ттг жоғарылайды, негізгі деңгейімен салыстырғанда т3 70% жоғарылайды. Сондай ақ, дифференциалды диагностикада тиролиберинмен сынама гипотироздың екіншілік және үшіншілік түрлерін анықтауда қолданылады.

Ттг мен сынама стимуляциясы. Тиротропин арқылы қалқанша безімен йодты қармауы немесе қанға тироидты гормондарды шығаруға негізделген. Осы мақсатта ттг гормонын бұлшықет арқылы 5-10 ед бір реттік немесе осындай иньекцияны 3 күн бойы жасайды. Бұрын бұл мақсатта ттг-ны ірі қара малдан алған, ал қазіргі уақытта – адамның рекомбинантты ттг – сы қолданылады. Қалқанша безінің йодты сіңірілуін зерттеу 24 сағат ішінде ттг – ны енгізгенге дейін және кейін жүргізіледі. Осымен қатар радиодиагностиканы қолданбай қан сарысуында т4 және т3 зерттеуін осы параметрлерге сай анықтауға болады. Ттг гормонымен стимуляциядан соң, қалқанша безінде йодтың сіңірілуі дені сау адамдарда бастапқы деңгеймен салыстырғанда 50% жоғарылайды, сондай – ақ қан сарысуында т4 жоғарылауы 1 мкг/100 мл деңгейінде болады. Екіншілік гипотиреозбен зардап шеккен адамдарда қалқанша безінде радиоактивті йодтың сіңірілуі ттг стимуляциясынан кейін 2 есеге жоғарылайды, ал біріншілік гипотиреоз кезінде ттг- ны енгізгеннен кейін радиоактивті йодтың сіңірілу деңгейі төмен болады. Екіншілік ұзаққа созылған, диагностикаланбаған гипотиреозда ттг – ны бір реттік енгізгенде, сәйкес жауап шақырмайды, сондықтан осы жағдайда 3 күндік ттг – мен стимуляция жүргізіледі. Қалқанша безінің қызмет атқармайтын, бірақ қалыпты тінін анықтау үшін, мысалы тиротоксикалық аденома кезінде, қандағы тироидты гормондардың әсерінен гипофиздағы ттг секрециясын тежеледі, сол үшін ттг гормонымен үш реттік стимуляция жасап, кейін қалқанша безін сканерлеу қажет. Қазіргі кезде біріншілік гипотиреозды диагностикалау үшін қан сарысуындағы ттг деңгейін анықтауда қарапайым тест қолданылады.

Перхлорат калимен сынама. Тироидты гормондардың биосинтездік бұзылысын, соның ішінде органификациялық йод процессін анықтау үшін қолданылады. Стандартты проба келесідегідей жүргізіледі. Науқас радиоактивті йодтың индикаторлы дозасын қабылдайды да, 2 сағат ішінде әрбір 15 минут сайын қалқанша безінде йодтың сіңірілуі тіркейді. Осы уақыт өткеннен кейін науқас 600 мг – 1 г перхлорат калийды қабылдайды, келесі 2 сағат ішінде әрбір 15 минут аралығында қалқанша безінің радиоактивтілігі бекітіледі. Қалыпты жағдайда қалқанша безінің йодты сінірілуі тез органификацияланады және кейін одан шығарылмайды. Органификация бұзылысы болған кезде, қармалған радиоактивті йод қалқанша безінде бейорганикалық формада қалып қояды және тез арада бәсекелес заттармен оңай ығыстырылады, көбіне перхлорат калиймен. Қалыпты қалқанша безінде алғашқы екі сағатта қармалған радиоактивті йод көлемі кейінгі екі сағатта перхлорат калийді қабылдағаннан кейін өзгермейді. Ферменттің бұзылысы кезінде және онымен байланысты йодтың органификациялық бұзылысы кезінде радиоактивтілік 5 % -дан артық төмендейді. Бұл пендред синдромында сондай – ақ, йодтың органификациялануын тежейтін метилтиоурацил, мерказолил, парааминосалицил қышқылы сияқты фармакологиялық препаратттарды қабылдағанда болады. Бұндай жағдай аутоиммунды тироидит кезінде немесе радиоактивті йодтың емін қабылдағанада кездеседі. Перхлорат калий сынамасына 99 mтс қолдану көрсетілмеген, себебі қалқанша безінде технеций органифицирленбейді. Соңғы кезде бұл тестті қысқа уақыт ішінде жүргізу үшін модификация жүргізіледі. Науқас 131i немесе 132i индикаторлы дозасын қабылдайды, 1 сағат өткен соң қалқанша безінің йодты сіңірілу қабілеті анықталады. Кейін науқас перхлорат калийдің жоғарыда көрсетілген дозасын қабылдайды және қайталамалы радиоактивті йодтың сіңірілуін 11/2 және 2 сағат ішінде анықтау жүргізіледі.

Бұдан басқа, 20 минуттық перхлорат натриймен сынама жүргізіледі. Радиоактивты йодты көктамыр ішіне енгізеді, 10 минут өткеннен кейін көктамырға 200 мг перхлорат натрийді енгізеді. Радиоактиті йодты енгізгеннен соң 20 минут ішінде қалқанша безінің изотоптарды сіңірілуін санайды. Қалыпты жағдайда қалқанша безінің радиоактивтілігі бірінші және екінші 10 минут ішінде өзгеріссіз болады. Егер 10 минут ішінде перхлорат натрий енгізілген соң радиоактивтілік 0,5 % және одан да төмен болса, йодтың органификациялану процесінің бұзылысын білдіреді. Қалқанша безінің радиоактивтілігі 1% және одан да жоғары төмендеуі хашимота жемсауында көрінеді.

Қалқанша безінің йодты сіңірілуінің ақауын анықтауға сынама. Қалқанша безі арқылы йодтың сіңірілуі ферментті жүйе қарауында болатын, белсенді процесс ол қалқанша безінде ғана емес, асқазан, сілекей және сүт бездерінде қызмет атқарады. Қалқанша безінде бұл жүйенің жеткіліксіздігі болғанда анологиялық өзгерістер жоғарыда көрсетілген ағзаларда пайда болады. Науқастарда радиоактивты йодтың индикаторлы дозасын қабылдаған соң 1 сағаттан кейін сілекей мен қан сарысуында радиоактивтілік бірдей деңгейде анықталады. Қалыптыда сілекей мен қан сарысуында радиоактивтілік ара – қатынасы 10 (20:1-40:1) тең. Туа біткен қалқанша безінде йодтың сіңірілу ақауларында бұл ара – қатынас 1 және одан төмен ара- қатынаста төмендейді.

Тироидты гормондардың перифериялық әрекетін көрсететін сынамалар

Негізгі алмасу. Негізгі алмасудың көлемін анықтау тіндік деңгейде тироидты гормондардың биологиялық эффектісінің көрсеткіші болып саналады. Қалыпты жағдайда бұл көрсеткіш негізгі алмасудың – 10 -нан +10% құрайды. Гипотиреоз кезінде – негізгі алмасудың төмендеуі, ал диффузды токсикалық зоб кезінде жоғарылауы байқалады.

Қан сарысуындағы липидтер мөлшері. Көп жағдайда қалқанша безінің бұзылысы салдарынан холестерин көрсеткіші өзгергендіктен, тироидты гормондарды анықтауда объективті критерий болып саналады. Гипотиреоз кезінде қан сарысуындағы холестерин деңгейі жоғарылайды, ал тиреотоксикоз кезінде төмендейді. Сәйкесінше қандағы холестерин өзгерістеріне басқа липидтердің фракцияларының өзгерістері де болады: фосфолипид, лецитин, триглицерид және бос май қышқылдары.

Қан сарысуындағы креатинфосфокиназа мөлшері. Гипотиреоз үшін қан сарысуында креатинфосфокиназа мөлшері жоғары болып саналады. Тироидты гормондармен, әсіресе трийодтиронинмен алмастырушы терапия жүргізгенде гипотиреозбен сырқаттанған науқастарда төс артында ауырсыну немесе басқа да жүректің ишемиялық ауруларының басқа көріністері үдеуі мүмкін. Бірақ, қан сары суында креатинфосфокиназа деңгейінің жоғарылауы жедел миокард инфарктісінің көрінісі ретінде болатын резорбционды –некротикалық синдром ретінде саналмайды. Гипотироидты жағдай компенсацияланғанда креатинфосфокиназа мөлшері калыптыға келеді. Егер гипотиреоз кезінде алмастырушы терапияны бақылау үшін қандағы тироидты гормондарды жүйелік анықтау мүмкіншілігі болмаса, креатинфосфокиназа көрсеткішін анықтауға болады. Полиомиелит, кең көлемді операцияларда, бұлшық ет дистрофиясында және жарақаттарында бұл көрсеткіш жоғарылауы мүмкін. Гипотиреозбен ауыратын науқастарда қан сарысуында креатинфосфокиназаның жоғарылауы лактатдегидрогеназаның мөлшерінің жоғарылауымен жүреді. Гипотиреоз кезінде жыныс гормондарымен байланысатын ақуыз, қан сарысуындағы ангиотензинконвертирлеуші фермент мөлшері жоғарылайды.

Тобықтың ахилл рефлексінің уақытын анықтау. Гипотиреоз кезінде өкше рефлексімен (ахилл) қатар, терең сіңір рефлекстерінің жылдамдығы баяулайды. Өкше рефлексінің уақыты дені сау адамдарда 230-390 мс құрайды, фотоэлемент (рефлексометрия) арнайы аппараты көмегімен анықталады. Тиротоксикоз және шамалы айқындалған гипотироз кезінде рефлекс көрсеткіштері қалыпты жағдайда болуы мүмкін. Рефлекстің өткізілужылдамдығы гипотиреоз кезінде алмастырушы терапияның нәтижелігінің объективті көрсеткіші болып саналады. Рефлекстің баяу өткізілуі атеросклероз, қантты диабет, гипокалиемия, нейросифилис, саркоидоз және басқа аурулар кезінде көрінеді.

Қалқанша без ауруларын диагностикалау

Қалқанша бездің орналасуы

Электрокардиография. Қалқанша безінің аурулары кезінде, көбінесе гипотиреоз кезінде экг – да өзгерістер болады. Гипотиреозға тән белгілер: брадикардия, r тісшесінің амплитудасының төмендеуі, т тісшесінің инверсиясы. Гипотироз компенсациясы кезінде бұл экг өзгерістері қалпына келеді. Гипотиреоз кезінде электрокардиографияны кең түрде тағайындауға болады, әсіресе балалық шақта.

Глюкагонға жауап ретінде қан плазмасындағы цамф мөлшерін анықтау. 1мг глюкагонды көктамырға енгізгенде, қан плазмасындағы цамф мөлшері өзгереді. Тиреотоксикоз кезінде цамф жоғарылауы көрінеді, ал гипотиреоз кезінде мөлшері төмендейді. Қандағы цамф – тың өзгерісі бауырдағы осы циклды нуклеотидтің бөлініп шығуымен байланысты. Бұл тест креатинфосфокиназа сынамасы сияқты спецификалық болып саналмайды, ол эндокриндік және басқа да жүйелі ауруларда оң болып саналуы мүмкін.

Қалқанша безінің компоненттеріне антиденелерді анықтау.

Адам ауруларының аутоиммунды механизімдері алғаш рет қалқанша безі ауруларында сипатталған және қазіргі кезде анық диффузды токсикалық зоб кезінде, офтальмопатия (аутоиммунды офтальмопатия), дермопатия, аутоиммунды тироидит және басқа қалқанша безі ауруларында осы механизм іске осылатыны анықталған. Қалқанша безінде антиген ретінде тироциттің келесі ақуыздары іске қосылады: тироглобулин (мол.м. 660 кда, 5496 аминқышқылынан тұрады және фолликулярлы коллоидтің негізгі компонентін көрсетеді), қалқанша безінің пероксидазасы немесе тиропероксидаза (мол. М. 102 кда, молекула 926 амиқышқылды қалдығынан тұрады, тироциттің апикалды мембранасымен тығыз байланысты), ттг-ге рецептор (мол. М. 100 кда, 744 аминқышқылынан құралады).

Тироглобулиндерге антиденелер анықтау. Тиреоглобулинге антиденелерді анықтау үшін әртүрлі әдістер қолданылады: преципитация әдісі, оухтерлони диффузия техникасы, пассивті гемагглютиниция реакциясы, иммуноэлектрофорез, комплемент бекіту реакциясы, иммунофлюресцентті және радиоиммунологиялық әдістер және т.б. Жоғары сезімталдық радиоиммунологиялық әдіс бар болғанымен, лабораторлық зерттемелерінде көбінесе преципитация және пассивті гемагглютинация әдістерін көп қолданады.

Пассивті гемагглютиниция реакциясында латекс немесе танин қышқылымен өңделген соң, адамның тироглобулинімен сенсибилизденетін, қойдың эритроциті қолданылады. Тироглобулиндерге антиденелер болғанда, осылай сенсибилизденген эритроциттердің агглютинациясы көрінеді. Пассивті гемагглютиниция реакциясының көмегімен, тироглобулиндердің антиденелері 90-98% аутоиммунды тироидитпен сырқаттанатын науқастарда, 40-60% идиопатикалық гипотирозбен сырқаттанатын науқастарда, 20-30% диффузды токсикалық зобпен және 5-6 % қалқанша безі обырымен сырқаттанатын науқастарда кездеседі. Дені сау адамдардың қан сары суында бұл реакция теріс, бірақ дені сау адамдардың 5-10% оң нәтиже көрсетуі мүмкін. Бұл көрсеткіш сау адамдарға емес, аутоиммунды тироидиттің субклиникалық формасы бар науқастарға қатысты.

Тироглобулиндердің антиденелерін анықтау үшін ең қарапайым әдіс, ол преципитация реакциясы. Бұл әдіс 60 % хашимото зобында, 15-20% идиопатикалық гипотирозбен сырқаттанатын науқастарда, 1,5-2 % диффузды токсикалық зобпен және 3% қалқанша безі обырымен сырқаттанатын науқастарда оң нәтижесін көрсетеді. Дені сау адамдардың қан сары суында преципитация реакциясы теріс. Бұл реакция пассивті гемагглютиниция реакциясымен салыстырғанда сезімтал болып келеді, бірақ қалқанша безінің ауруларының диагностикасында толығымен қолданады.

Тиропероксидазаға антиденелер.тиропероксидаза немесе бұрын микросомальді антиген деп аталған, ол тироцит пен көпіршіктердің апикальді бөлігінің мембранасының липопротеині болып келеді және онда қайта синтезделген тироглобулин болады. Тиропероксидаза антиденелерін анықтау, тироглобулиннің антиденелерін анықтау әдістері сияқты жүргізіледі. Тиропероксидаза антиденелері 95% аутоиммунды тироидитпен сырқаттанатын науқастарда және 85% диффузды токсикалық зобпен сырқаттанатын науқастарда анықталады. Бұл антиденелерді науқас адамнан анықталса, аутоиммунды генез екенінін көрсетеді, кейде қалқанша безінің обыры кезінде де тиропероксидаза антиденелері анықталады.

Екінші коллоидті антигендерге антиденелер. Екінші коллоидті антиген құрамында йод жоқ коллоиттің белогы болып келеді. Оған аутоиммунды тироидит кезінде антиденелер анықталады, бірақ диффузды токсикалық зоб кезінде де 50% да кездеседі, 8-10% сау адамдарда да кездесуі мүмкін. Екінші коллоидті антигендерге жеделдеу тироидит кезінде антиденелер 60% науқастарда кездеседі де жазылғаннан кейін болмайды. Бұдан басқа, қалқанша безінің аутоиммунды сырқаттанған науқастарда қан сары суында тироксинге және трийодтиронинге антиденелер анықталады.

Тироидстимульдеуші антиденелер. 1958 ж. Мак-кензи қаннан ттг анықтайтын әдісті айтты, ол үшін ақ тышқандарды алған. Зерттеуді ақ аналық тышқандарға жүргізген және зерттеуге йоды төмен тағамдарды беріп және эндогенді ттг төмендету үшін т3 берілген. Бұл жануарларға қалқанша безімен сіңірілетін радиоактивті йодты енгізіледі.

Бірнеше күннен соң ағзадан неорганикалық радиоизотоп шығарылған соң, біраз уақыттан кейін, қалқанша безінде радиоактивті органифицирленген (тироидты гормондарға қосылған) йод қалады. Ттг енгізгеннен кейін қанға тироидты гормондар тез босатыла бастайды және қандағы максималды радиоактивтілігі 2 сағаттан кейін пайда болады да инъекциядан кейін 9 сағатқа жақын уақытта төмендей бастайды. Қантты диабетпен диффузды токсикалық зобпен ауыратын науқастарда қан сарысуындағы гамма-глобулин ттг гормоны сияқты қалқанша безіне стимулдейтін әсер көрсетеді, бірақ қандағы радиоактивтілік пикі ттг енгізгеннен кейін 2 сағаттан кейін емес, 9 сағаттан кейін білінеді. Бұл глобулиндер қалқанша бездің ұзақ әсерлі стимуляторы болып аталған – латс ( long-actingthyroidstimulator- lats). Бұл әдіс үшін 0,5 мл қан сарысуы қажет, егер науқастарға сарысу емес, одан изолирленген g-глобулин қолданылса бұл әдістің сезімталдығы артады. 45-50% науқастарда бұл әдісті қолдану барысында диффузды токсикалық зоб кезінде қан сарысуында латс анықталады. Диффузды токсикалық зобпен ауыратын науқастардың қан сарысуынан, қалқанша безін экстракты өңдеуінің болжамынан мак-кензи әдісінде латс нейтрализацияның алдын алатын тағы бір g-глобулиннің бір типі анықталған. Бұл глобулин, латс-протектор деп аталып, қалқанша бездің стимулдейтін қасиетіне ие болады және 60-70% диффузды токсикалық зобпен ауыратын науқастарда анықталады.

Жоғарыда аталаған әдістердің сезімталдығын жоғарылату үшін қалқанша безінің стимуляторы деп аталатын әдісті ойлап тапты. Бұл әдіс диффузды токсикалық зобпен ауыратын науқастарда ттг және қан сары суындағы глобулиндердің адамның қалқанша безі тінінде эндоцитозды стимуляциялауға негізделен. Зерттелетін науқастың қан сары суымен клетка экспозициясынан пайда болған, коллоидтың клетка ішілік тамшыларын санап, тироидстимулирлеуші иммуноглобулиндер арқылы адамның қалқанша безінің стимуляторын санайды. Тироидстимулирлеуші антиденелерді анықтау диффузды токсикалық зоб, тиротоксикалық аденома, офтальмопатия, претибиальды микседема арасындағы дифференциальды диагностика үшін және жүктілердің диффузды токсикалық зобы және нәрестелердің тиротоксикозы арасында диагностика үшін, сонымен қоса емнің бақылауы ретінде қолданылады.

Ұқсас материалдарды қарай кетіңіз:

  1. Қалқанша безінің анатомиялық құрылысын анықтау
  2. Қалқанша безінің сцинтиграфиясы
  3. Қалқанша без анатомиясы мен физиологиясы

 

Материалды достарыңмен бөлісіңіз
comments powered by HyperComments

Материал авторы

желіде жоқ 13 часов

KazMedic

Медик+ админ!

Пікірлері: 0Материалдары: 792Тіркелу: 01-10-2014
НашарОнша емесОрташаЖақсыТамаша (1 бағалар, орташа: 5,00 тен 5)
Загрузка...

Ұқсас материалдар:

Авторизация
*
*
Арқылы кіру: 
Тіркелу
*
*
*
Арқылы кіру: 
Перейти на страницу