Диабеттік нефропатия

Диабеттік нефропатия

Диабеттік нефропатия (Киммельстил-Уилсон синдромы, диабеттік гломерулосклероз) — термині барлық артерия, артериолла, тостағанша және түтікше жүйесінің зақымдану комплексі қант диабеті кезінде көп мөлшерде бүйрекпен бөлінетін көмірсулар, майлардың бұзылған метаболизмінің көптеген өнімдері бүйрекке әсер етуі нәтижесінен пайда болады.

Эпидемиологиясы

  • Диабеттік нефропатия 1 типті қантты диабеті бар науқастардың 35 % анықталады, жиі ер адамдарда және қантты диабеттің 1 типі 15жасқа дейін дамығандарда
  • Қантты диабеттің 2 типінде диабеттік нефропатия 25 % европалық нәсілде және 50 % азияттық нәсілде дамиды.

Диабеттік нефропатия қауіп факторы

  • Дамуының қауіп факторы:
  • Генетикалық бейімділік
  • Ер жынысы
  • Егде жас
  • Қантты диабет ұзақтығы

Өршуінің қауіп факторы:

  • ҚД алғаш анықталған науқастарда альбуминурия
  • созылмалы гипергликемия
  • гиперхолестеринемия
  • артериалды гипертензия
  • Шылым шегу

Моггенсен классификациясы :

  • 1 саты— гиперфункция сатысы, бүйрек гипертрофиясы
  • 2 саты— гиперфункция сатысы, бүйрек гипертрофиясы
  • ІІІ саты— бастапқы нефропатия сатысы — тұрақты микроальбуминурия (зәрдегі альбумин мөлшері 300 мг/тәул дейін)
  • IV саты — айқын клиникалық нефропатия сатысы — протеинурия ( зәрдегі ақуыз — 300 мг/тәуліктен артық), АГ, шумақшалы фильтрация жылдамдығы төмендейді, бүйрек тіні биопсиясында — 50-75% артық шумақшалар склерозы
  • V саты — СБЖ. Қандағы креатинин мөлшері жоғарылаған (0,132 ммоль/л артық), шумақшалы фильтрация жылдамдығы күрт төмендейді

Клиникасы:

  • Диабеттік нефропатия негізінен кеш кезеңде диагностикаланады, себебі аурудың алғашқы кезеңінде еш белгісіз өтеді
  • Науқаста протеинурия басталғаннан бастап аз уақытта ісінулер пайда болады, олар диуретиктермен емдеуге резистентті болып келеді
  • Ісінулермен қатар артериалды гипертензия дамиды, олар антигипертензивті препараттармен жақсы емделеді
  • Диабеттік нефропатия өршуіне байланысты Дана-Зуброда феноменіне мән беріледі: СБЖ өршуі кезінде гликемия мөлшері азаяды және науқас қан құрамындағы қант мөлшерін реттеуге мұқтаждығы азаяды, азайғанның салдарынан тағайындалған препараттардың дозасын реттейді

Диффузды гломерулосклероз мезангий мен базальды мембрананың эозинофильді қалыңдауымен сипатталады. Түйінді гломерулосклероз (Киммельстил-Уилсон синдромы) домалақ түйіндер, ортасында гомогенді және периферия бойынша қабаттарға ажыратылады. Бұл түйіндер жиі тостағанша маңында жиналады және бірігеді. Түйінді гломерулосклероз диабетке спецификалы, бірақ диабеттік нефропатиямен науқастардың 25—35% ғана анықталады.

Диабеттік нефропатия қазақша

Диагностикасы:

  • Диабетикалық нефропатия скрингтен өткізу қант диабеті бар науқастарда жылына бір рет микроальбуминурияға тестілеу жүргізіледі
  • Креатинин мөлшерін анықтау керек, шумақшалы фильтрация жылдамдығын анықтау үшін (ШФЖ).
  • Ерлерге норма: ШФЖ=100-150 мл/мин, әйелдерге норма = ШФЖ 85-130 мл/мин.
  • Протеинурия болуы диаетикалық нефропатияның қайтымсыз болуын көрсетеді ол ерте, не кеш созылмалы бүйрек жеткіліксіздігіне әкеледі.

Диабеттік нефропатия скринингі

  • протеинурия болмаған жағдайда микроальбуминурияға тексеру керек
  • инсулинге тәуелді қант диабеті: жылына 1 реттен кем емес, ауру басталғаннан 5 жылдан кейін немесе жылына 1 реттен кем емес қантты диабет диагнозы 12 жасқа дейін қойылғанда (қантты диабет пубертатты кезеңнен кейін дамығанда)
  • инсулинге тәуелсіз қант диабеті: жылына 1 рет қантты диабет диагнозы қойылғаннан бастап

Диабетикалық нефропатия емі

  • Гликемия мөлшерін қадағалау
  • Аз ақуызды диета (тәулігіне 1кг дене салмағына 1 грамм ақуыз)
  • АҚ қалпына келтіру
  • Бүйрек ішілік гемодинамиканы қалпына келтіру(АПФ ингибиторлары)
  • Липидтер мөлшерін қалпына келтіру

Микроальбуминурия сатысы (зәрмен альбумин экскрециясы 30 — 300 мг/тәул)

  • Көмірсу алмасуы компенсациясы (ДГ айқындығын төмендетеді; микроальбуминурия кезеңінде ДГ керісінше дамуы мүмкін)
  • АПФ ингибиторы (нефропротективті эффект) — каптоприл, эналаприл, рамиприл, периндоприл, фозиноприл
  • Гиперлипидемия коррекциясы: статиндер — симвастатин, ловастатин, флувастатин, аторвастатин, правастатин

Протеинурия сатысы

  • Гликемия компенсациясы
  • Аз ақуызды диета (0,7–0,8 г/кг)
  • Антигипертензивті терапия (мақсатты АҚ— 130/85 мм сб.): АПФ ингибиторы, кальций антагонистерін қолдану, орталық әсерлі препараттардықолдану. Кальций каналдарының блокаторынан ренопротекторлы қасиетке ие — амлодипин (Норваск) және лацидипин.
  • Ангиотензин II рецепторының антагонистерінен лосартан, ирбесартан, кандесартан тағайындауға болады. Көп центрлі рандомизирленген деректер бойынша бұл топ препараттары АҚ эффективті түсіріп қана қоймай, ренопротективті де әсер көрсетеді
  • нефротикалық синдромды емдеу (ілмекті диуретиктер, индапамид)
  • Гиперлипидемия коррекциясы
  • Анемия коррекциясы (эритропоэтин препараты 100–150 ЕД/кг/апта, темір препараттары)
  • Электролитті бұзылыстар коррекциясы
  • Қанның реологиялық қасиетін жақсарту: сулодексид 600 ЕД/тәулігіне, аптасына 5 күн 3 апта бойы, сосын 2 капсуладан 250 ЕД 2 р/тәул 2 ай

Созылмалы бүйрек жеткіліксіздігі сатысы

  • сол принциптер сақталады
  • негізгісі: инсулин дозасын азайту немесе аз уақытқа қолданбау (инсулинге қажеттілікті азайту), қант диабетінің 2 типті науқастарды инсулинге ауыстыру
  • креатинин концентрациясы 300 мкмоль/л — ақуызды азайту 0,6 г/кг/тәул кетостерил қосу (қажетті аминқышқылы)
  • креатинин мөлшері 300 мкмоль/л болғанда АПФ ингибиторын сақтықпен тағайындайды, себебі ол шумақшалы фильтрация жылдамдығын төмендетеді, қанда калий концентрациясын жоғарылатады
  • нефротикалық синдромда—600–1000 мг/тәулік дозаға дейін фуросемид
  • Гемодиализ (перитонеальды диализ)
  • Біріншілік гломерулонефритке қарағанда, бастапқы кезеңде жүргізіледі: шумақшалы фильтрация жылдамдығы <15 мл/мин, креатинин >600 мкмоль/л.
  • Трансплантация көрсеткіштері: креатинин >500–600 мкмоль/л, шумақшалы фильтрация жылдамдығы <10 мл/мин (міндетті шарттары: 60жасқа дейін және ЖИА, іріңді процесс, магистральды қантамырлар атеросклерозы болмауы).

Болжамы:

  • Дер кезінде ренопротекторлы антигипертензивті заттарды, антиоксиданттарды, микроциркуляцияны жақсартатын препараттарды сонымен қатар гликемияны адекватты коррекциялау арқылы диабетті нефропатия кезінде бүйректің сақталуын жоғарылатуға мүмкіндік туады. (яғни, гемодиализді тағайындау уақытын шегіндіруге болады)
  • ҚД 1типінде 7 жыл ішінде 42%,
  • ҚД 2 типте— 10 жыл ішінде 72%;
  • қанның липидті спектрін қосымша коррекциялау арқылы—54% және 84% -ға дейін.

Ұқсас материалдарды қарай кетіңіз:

  1. Қант диабеті кезіндегі аяқ күтімі
  2. Диабеттік кетоацидозды кома
  3. Қантсыз диабет
  4. Балалардағы жедел нефротикалық синдром
  5. Нефротикалық сидром

 

Материалды достарыңмен бөлісіңіз
comments powered by HyperComments

Материал авторы

желіде жоқ 13 часов

KazMedic

Медик+ админ!

Пікірлері: 0Материалдары: 792Тіркелу: 01-10-2014
НашарОнша емесОрташаЖақсыТамаша (1 бағалар, орташа: 5,00 тен 5)
Загрузка...

Ұқсас материалдар:

Авторизация
*
*
Арқылы кіру: 
Тіркелу
*
*
*
Арқылы кіру: 
Перейти на страницу