Ауыр науқастарды күту

Жалпы жағдайы ауыр науқастарға қарау және күту

Ауру адамды әлсіретеді. Тез қалпына келіп, сауығып кету үшін науқасқа арнайы күтім қажет.

Науқас адамды күту оны емдеудің аса маңызды бөлігі болып табылады.

Көп жағдайда дәрі қажет болмауы да мүмкін, ал жақсы күтім барлық уақытта қажет. Жақсы күтімнің негіздері мыналар:

Науқас адамға тыныштық қажет. Науқас таза ауа келіп тұратын жарық, таза, ыңғайлы жерде демалуы керек. Ол қатты салқындап қалмауға да, ыстықтауға да тиіс емес. Егер ауа салқын болса немесе науқас тоңазып қалса — оның үстіне ақжайма немесе жамылғы жабыңыз. Ал егер айнала ыстық болса, науқас ыстықтаса — үстіне ештеңе жаппаңыз.

Сұйық. Барлық дерлік ауру кезінде, әсіресе қызу немесе іш өту  кезінде — науқас көп сұйық: су, шай, шырын, сорпа және т. б. қабылдауы керек.

Жеке гигиена. Науқас адамның таза болуы маңызды. Оны күн сайын жуындыру керек. Егер ол өте әлсіз, төсектен тұруы қиын болса, онда оны жылы суға шыланған губкамен немесе ылғал матамен сүртіңіз. Оның киімі, ақжаймасы, жамылғы қабы да таза болуға тиіс Төсекте үгінді және тамақтың қалдығы болмауын қадағалаңыз.

Жақсы тағам. Егер науқас тамақ ішкісі келсе, тамақ беріңіз. Көпшілік ауруға айрықша диетаның қажеті жоқ.

Науқас көп сұйық ішуге және нәрлі тамақ жеуге тиіс. Егер науқас өте әлсіз болса, онда ол қаншалықты тамақ іше алса, күніне әлденеше рет соншалықты нәрлі тамақ беріңіз. Егер қажет болса, тамақты езіп немесе оны сорпа және шырын түрінде беріңіз.

Қуатты тағам беру де маңызды. Мысалы: күріштен, бидайдан, арпадан, картоптан және ұнтақ жармадан жасалған ботқа. Бұл тағамдарға қант және өсімдік майын қосу күш (қуат) береді. Әсіресе ол тамақты аз ішсе, оны көптеп тәтті сусындар ішуге ынталандырыңыз.

Кейбір ауруларда диета сақтау қажет болады!!!

ауыр науқасты дұрыс күту

ӨТЕ АУЫР НАУҚАСҚА АЙРЫҚША КҮТІМ ҚАЖЕТ

1.Сұйық

Өте қатты ауыратын адамға барынша көп сұйық ішу айтарлықтай маңызды. Егер ол бірден көп сұйық іше алмаса, онда аз-аздан бөліп—бөліп беріңіз. Егер ол бір жұтып қана қойса, онда оған әр 5—10 минут сайын беріңіз.

Адамның күн сайын қанша суйық ішетінін қадағалаңыз. Ересек адам күн сайын 2 литр сұйық ішуге немесе одан көп ішуге тиіс және бір бақыр несеп бөлуге (60 см3 күніне 3—4 рет) тиіс. Егер науқас жеткілікті дәрежеде сұйық ішпесе, аз несеп бөлсе не онда сұйықтың азаю белгісі пайда болса, онда оны көп сұйық ішуге көндіріңіз. Ол әдетте тұзы аз, нәрлі сұйық ішуге тиіс Егер ол оны ішкісі келмесе, онда регидрациялық сусын беріңіз. Егер науқас оны қажетінше іше алмаса, онда сұйықтың жетіспеу белгілері күшейіп, медицина қызметкері оның тамырынан ертінді құяды Егер науқас аз-аздап, жұтымдап ішуге көнсе, онда тамырдан ертінді құюдың қажеті де болмайды.

  1. Тағам

Егер адам өте қатты ауырып, қатты тағам жей алмаса, онда оған көже, сүт, шырын, сорпа және басқа нәрлі сұйықтар беріңіз.

Жүгері, арпа немесе күріш ботқасы да жақсы, бірақ оларды белоктік тағамдармен қосып беру керек. Көжені жұмыртқадан, фасольдан, жақсылап езілген еттен, балықтан немесе тауық етінен дайындау қажет. Егер науқас бір ішкенде азғантайдан ғана ішсе, онда күніне аз-аздап бірнеше рет ішуге тиіс.

  1. Тазалық

Жеке гигиена ауыр науқастар үшін қажет-ақ. Оны күн сайын жылы сумен жуындыру керек.

Төсегін және кірлеген, ылғалданған, қан тиген сайын киімін алмастырып отыру қажет. Жұқпалы аурумен ауыратын науқастың төсегі мен киімін байқап ұстап-тұтқан жөн. Микробтарды өлтіру үшін барлығын да хлор қосылған ыстық, сабынды сумен жуыңыз.

  1. Науқастың төсектегі қалпын өзгерту

Өте әлсіз және өзі аударылып жата алмайтын адамды, күніне бірнеше рет аударып жатқызу керек. Бұл ойықты болдырмайды.

Көптен ауыратын баланы анасы жиі-жиі қолына алып отырғаны жөн.

Науқастың жатқан қалпының жиі өзгеруі өкпе қабынуының болмауына көмектеседі — бұл ұдайы төсекте жататын әлсіз және ауыр науқастарға үнемі қауіпті. Егер науқастың температурасы көтеріліп, жөтеліп және дем алысы жиілей бастаса, онда өкпесі қабынған болуы мүмкін.

  1. Өзгерістерді қадағалау

Сіз науқастың жағдайындағы кез келген өзгерістерді қадағалап отырыңыз, бұл өзгерістер оның жағдайының жақсарғанын немесе нашарлағанын білдіреді. Оның өмірлік мәні бар белгілерін және мыналарды күніне 4 рет жазып қойыңыз:

Науқасты күту

Сондай-ақ науқастың қанша сұйық ішкенін және күніне неше рет кіші және үлкен дәретке отырғанын жазып қойыңыз. Бұл мәліметтерді денсаулық сақтау қызметкерлері мен дәрігерлер үшін сақтап қойыңыз.

Науқастың ауруы елеулі немесе қауіпті екендігі жөнінде сізді хабардар ете алатындай белгілерді қадағалап отыру өте маңызды.

Ұқсас материалдарды қарай кетіңіз:

  1. Науқасты қабылдау және санитарлы өңдеуден өткізу
  2. Емдеу сақтандыру мекемелерінің түрлері

 

Материалды достарыңмен бөлісіңіз
comments powered by HyperComments
НашарОнша емесОрташаЖақсыТамаша (5 бағалар, орташа: 4,60 тен 5)
Загрузка...

Ұқсас материалдар: