Ойылу (пролежень) алдын алу

Ойылу

Ойылу – бұл ұзақ жаншылу салдарынан терi және жұмсақ тiндердiң терең зақымдалуы, өлiеттенуiне дейiн. Бейiмделушi факторларға  жергiлiктi қан айналым, иннервация және тiндердiң қоректенуiнiң бұзылуы жатады. Ойылулар сүйек шығындылары бар барлық жерде пайда болуы мүмкiн. Науқас арқасымен жатқанда ойылулар құйымшақта, өкше, жауырындар, шүйде және шынтақ аймақтарында пайда болады. Отырған жағдайда отырғыш төмпектерi, табан, жауырын аймақтарында iшiмен жатқанда қабырға, тiзе, аяқ саусақтары, мықын сүйектiң қырқалары аймағында.

Ойылулардың пайда болуын үш негiзгi фактор шақырады: қысым, қиюшы күш және үйкелiс.

Қысым- өз денесiнiң қысымы әсерiнен тiндердiң қысылуы болады, тiндер басылғанда тамырлар диаметрi кiшiрейедi, ишемия салдарынан тiндер қоректенуi бұзылады. Толық қысылғанда екi сағат iшiнде некроз пайда болады. Сезiмтал тiндердiң қысылуы ауыр төсек орын, тығыз таңғыштар, киiм салдарынан күшейедi.

»Қиюшы күш»- тiндердiң бұзылуы және механикалық зақымдалуы тiкелей емес қысым салдарынан болады. Ол тiндердiң тiреуiш бетiне қатысты ығысуынан дамиды. Төменгi тiндерде микроциркуляция бұзылады, тiн оттегi тапшылығынан некрозданады. Ығысу науқас төсектен төмен жылжығанда немесе төсек басынан қарай көтерiлгенде пайда болады.

Үйкелу – »қиюшы »  керi компонентi, терiнiң мүйiздi қабатының түсiп, оның бетiнiң жаралануына әкеледi. Үйкелiс терi ылғалданғанда күшейедi.

Бұндай жағдайда зәрiн ұстай алмайтын науқастар, көп терлейтiн, ылғалды сiңiрмейтiн және iш киiмдегi науқастар жатады.

Ойылудың белгiсiне ағарған терi ошағының пайда болуы жатады, одан кейiн ол көгередi, шеттерi тегiс емес, эпидермис жұқарады, көпiршiктер пайда болады. Соңымен тiндер некрозы дамиды, ол тiндер тереңiне және жан жағына тарайды. Ем тiндердiң зақымдану дәрежесiне сәйкес жүргiзiледi.

  • I дәреже — эпидермальды және терi қабаттарымен шектелген. Терi бетi бұзылмаған көгерген-қызыл дақпен гиперемия тұрақты болады, қысым әсер етпеген кезде де жоғалмайды. Ем- консервативтi.
  • II дәреже — терi жабындыларының бүтiндiгiнiң терең емес беткей бұзылыстары, бұзылыстар терi асты май қабатына да тараған көгерген — қызыл дақтармен тұрақты гиперемия сақталады. Эпидермистiң ажырауы болады. Ем-консервативтi.
  • III  дәреже — терi жабындыларының бүкiл тереңдiгiнен бұлшық ет қабатына дейiн толық бұзылуы, бұзылыс бұлшық еттiң өзiне де өтедi.
  • IV дәреже — барлық жұмсақ тiндердiң зақымдалуы төмендегi тiндердiң бұзылысымен қуыстың пайда болуы (сiңiрлер, сүйектерге дейiн)

Үшiншi және төртiншi дәрежелер дәрiгер – хирург емiн қажет етедi.

Ойылу алдын алу

Ойылатын жерлер

Күтiм және ойылулар алдын алу

Мақсаты: ойылулардың пайда болуының алдын алу.

Жабдықтану: стерильдi. лоток, салфеткалар, мақта тампондары, пинцеттер; 10% камфора спиртi ерiтiндiсiне немесе 40% этил спиртi ертiндiсiне арналған шыны банка, iш-киiм және төсек орын, жастық тысындағы поролон шеңберлерi, поролонды мақта-марлялы сақиналар.

Кезеңдер Ескерту
1. Төсектi, матрацты, қосымша заттарды, тамақты ұйымдастыру. Науқастың физиологиялық қажеттiлiктерiн ғана емес социальды, психоэмоционалды қажеттiлiктерiн ескерту.
2  Терi жабындыларын күнделiктi тексеру, тәулiгiне 1реттен кем емес (таңертең)
3   Науқастың төсектегi қалпын төсектi көтерiп, оң жақ, сол жақ бүйiрлерiне, iшiне жатқызып әрбiр екi сағат сайын өзгерту; Науқас қалпының түрлерi және оларды өзгерту сырқаттың жағдайына байланысты және олар дәрiгермен тағайындылады.
4   Ойылу пайда болатын мүмкiн жерлерді күнделiктi қарау; құйымшақ, табан, тобық, жауырын, шынтақ, шүйде, тiзе буынының iшкi бетi аймақтарын. Бозарған және қызарған терi ошақтары анықталған жағдайда дәрiгердi шақырып, емдiк шараларын бастау керек.
5 Ойылулар пайда болуы мүмкiн жерлердi күнделiктi бейтарап сабынмен, жылы сумен тәулiгiне 2 рет жуып отыру (таңертең және кешке); орамалмен құрғатып сүрту.

жылы камфора спиртiне немесе этил спиртiне (40С) матырылған салфеткамен өңдеу;

қорғаушы крем жағу

 

Кезеңдер Ескерту
— Ойылу пайда болу мүмкiн жерлердiң жұмсақ тiндерiн массаж әдiстерiмен уқалау. Массажды шығып тұрған сүйектер аймағында жасамайды.
6.Тамақтанғаннан кейiн жайалықтан тамақ қалдықтарын түсiрiп отыру.
7. Төсек орындағы және iш киiмдегi кедiр-бұдырлықты және қатпарларды тегiстеу Бұны әрбiр 2 сағат сайын жасау керек.
8. Жеген тамақтың санын және сапасын анықтау Тамақта белок мөлшерi 1 граммнан кем болмау керек
9. Сұйықтық мөлшерiн тәулiк бойы дұрыс қолдану, 1,5л кем емес 9.00-13.00-700 мл сұйықтық;

13.00-18.00-500мл;

18.00-20.00-300мл;

10. Жастық тысындағы поролон шеңберлерiн науқастың құйымшағы астына, ал поролон шеңберлерiн шынтақ және өкше астына салу. Ойылуға қарсы матрацты пайдалану. Олар терiге қысым көрсетпейдi
11. Түрлi заттарды пайдаланып науқастың төсектегi жағдайын өзгерту
12. Зәр ұстамаушылықта памперстердi әрбiр 4сағат сайын ауыстыру. Ерлер үшiн зәр қабылдағыштарды қолдану.
13. Нәжiсiн ұстай алмағанда, памперстердi ауыстырып шаю
14. Егер науқас жүре алса, оны жүргiзу
15.Кез-келген шараны орындағанда перчатка қолдану. Бұл инфекциялық қауіпсiздiктi қамтамасыз етедi.

Ұқсас материаларды қарай кетіңіз:

  1. Ауыр науқастарды күту
  2. Науқасты қабылдау және санитарлы өңдеуден өткізу

 

Материалды достарыңмен бөлісіңіз
comments powered by HyperComments
НашарОнша емесОрташаЖақсыТамаша (3 бағалар, орташа: 5,00 тен 5)
Загрузка...

Ұқсас материалдар: