Пилоростеноз

Балалардағы пилоростеноз

Пилоростеноз —  спастикалық компоненті бар, туа пайда болған ауру. Пилорустың өткізгіштік қасиеті мен құрылымы, асқазан бөлімінің спазмына тәуелді болады. Осы фактоларға байланысты дерттің клиникасы дамиды. Тура праопрциональды тәуелділік гипертроия немесе спазмге және емдеу нәтижесіне байланысты болады.

Жаңа туылған нәрестелердің асқазаны әртүрлі пішінде болады. Ілгек тәрізді, шолпы түрінде, қапшық тәрізді. Асқазанның түбінен бір немесе екі төмпекшені кездестіруге болады, олардың пішіні дивертикулға ұқсайды. Шырышты қабат біртіндеп қатпар түзеді де, олар көбейе бастайды. Нәрестенің 1 ші айында шырышты қабаттың өсуі тез жүреді. Сондықтан кейбір жағдайларды қатпарлардың төмпеіктенуіне әкеледі де , ішек өтімсіздігінің пайда болуы мүмкін. Беткі және терең бұлшықет қабаттары жұқа, әлсіз, ал ортаңғы иірілмелі аймақта, жақсы дамыған, сөйтіп мықты сфинктер құрайды.

Зерттеушілердің пікіріне қарағанда патологиялық рефлюкс, яғни иінді аймақта жиі пайда болатын спазм бұлшықет қабатының гипертрофиясына әкеледі. Гистологиялық зерттеулер көрсеткендей пилоростеноз кезінде асқазан мен  оның пилорус бөлімінде, көптеген морфологиялық өзгерістер байқалады. Көлденең жолақты бұлшықеттің айналма қабатында гипертрофия мен гиперплазия пайда болады. Олар айналмалы және көлденең жолақты қабатта дәнекер тіндермен аралас болып кездеседі. Бұлшықет қабатының өзгерістері біркелкі емес. Бір науқаста ол ошақты гипертрофия яғни гиперторфиялық талшық бөлігінде ядро пролиферациясы түрінде болса, келесі науқаста ядро мөлшері азайған бұлшықет талшықтарының дистрофиясы түрінде кездеседі.Бағыналық қатамыры қанға толған және жан — жағы қанталаған. Тамыр қабырғасы босаңсыған, эластикалық мембрана жылжыған. Тамыр қуысынан қанға толы эндотели шығып тұрады.

Пилоростеноздың клиникасы

  • Негізгі симптом – қышқыл иіспен фонтан тәріздес құсу, құсық құрамына өт араласпаған;
  • іш қату, аз салмақ қосу;
  • тоқтаусыз құсу кезінде метаболизмдік ацидоз дамуы мүмкін;
  • ауыр жағдайларда геморрагиялық синдром;
  • эпигастрий аймағында, көзге көрінетін перистальтика әсіресе тамақтандырғаннан кейін іштің кебуі;
  • дегидратация, тіндердің тургорының азаюы, нәрестенің іңбегінің ішке батыңқырауы

Құсу жиі кездесетін симптом. Ол пилорус гипертрофиясының кезеңі мен нәресте жасына байланысты емес. Азғана емуден немесе басқа сұйықтықтар ішуден кейін бала мазасызданып, біраз уақыттан соң құсады. Құсық фонтан тәрізді өтсіз. Асқазан сөлі секрециясынан құсық масссалары көбірек, яғни ішкен сұйықтықтың не сүттің мөлшерінен де көп. Құсқаннан кейін бала тынышталады. Құсық массасының иісі қышқыл болады. Құсықтың жиілігі асқазанның пилорус бөлімінің интрамуральды иннервациясының бұзылу деңгейіне тәуелді.

Диагностика

Пальпация – оң қабырға асты немесе эпигастрий аймағында тығыз қозғалмалы ауырсынусыз сопақ құрылым анықталады.

Асқазанның «құм сағат» тәріздес перистальтикасы егер асқазанның пирорустық бөлімі пальпацияланбаса, ультрадыбыстық тексеру, эндоскопия немесе рентгенография (барий пассажы) жүргізеді.

Асқазанның шолу рентгенограммасында ауа анықталады, бариймен сынама жасағанда барийдің асқазаннан шығуының ақырындауы, асқазан қалтқысы каналының жіп тәріздес тарылуы және ұзаруы көрінеді.

Гипохлоремиялық алкалоз белгілері (хлоридтердің төмен, бикарбонаттардың жоғары концентрациясы).

Асқазан перистальтикасын анықтау үшін нәрестені жарық бөлмеде арқасымен жатқызып 10 — 15 минут бақылау қажет. Перистальтикалық толқын тезірек пайда болу үшін, еміздігі бар бөтелкемен сүт беріп, іштің жоғарғы бөлігін алақанмен сипалайды. Ішті қараған кезде бірінші болып түсетіні, төменгі бөліктің түсіңкі ал жоғарғы бөліктің шығыңқы болуы. Пайда болған асақазан перистальтикасының түрі құмсағат тәрізді, кеңейген жоғарғы жағы және төменгі толқын ортасы қысылған күйде болады. Толқын бірнеше рет периодты түрде қайталанады.

Науқастардың 28% нәжістің тоқтап қалуы мен түсінің өзгеруі болады. Оның себебі ішектерге тамақтың аз мөлшерде түсуі. Нәжіс қою-жасыл түсті болады. Көптеген балаларды нәжіс тоқтап қалуы кездеседі. Зәр мөлшері мен оны шығару жиілігі тұрақты емес. Ол көбініесе стационарға кеш түскен кезде байқалады. БХА —  аминаза, липаза, сілтілі протеазаның, қордағы сілтінің белсенділіктерінің жоғарлауы немесе төмендеуі, гиперкалиемия, альбуминдердің төмендеуімен, альфа — гамма глобулиндердің жоғарлауы. Гипертрофикалық пилоростеноз кезінде асқазанды рентгендік контраст пен тексеру қажеттілігін айтқан.

Балаларды тексеру үшін көкірек қусынынң, құрсақ қуысының жалпы шолу рентгенографиясынан бастайды. Құрсақ қуысындағы ішек бұрмаларында аз мөлшердегі газ анықталады.

Асқазанды контрастты зерттеу үшін 50-60 мл 5% барийді ана сүтімен араластырып беріп, контрастты заттың жылжу жылдамдығын қадағалау арқылы диагноз қояды. Егер балады пилоростеноз болса, асқазан сиымдылығы 90 мл дейін болады. Зерттеу 3 бағытта тура бүйірден және сол жақ артқа қарай қиғаш қаратылып жүргізеді. Осыдан кейін 4 сағаттан соң қайталайды, ал егер асқазан бос болмаса контрастты жіберген соң 6, 8, 10 сағаттан кейін зерттеуді қайталайды.

Пилоростеноз қазақша

Пилоростеноз:
а) жалпы тексеру
б) контрастты затты бергеннен кейін 2 сағаттан соң барий
ерітіндісінің асқазаннан ішекке өтуінің тежелуі байқалады

 

Пилороспазм Пилоростеноз
Туғаннан  басталған құсу Құсу  көбінесе нәрестенің 2 апталық жасынан  басталады
Жиі кездесетін құсу Сирек кездеседі
Құсық мөлшері аз Құсу «фонтан тәрізді», көп мөлшерде, құрамында  тамақ бар
Құсық кезінде шыққан  сүт көлемі емізілген сүттен аз болады Құсу кезінде шыққан сүт мөлшері емізілген сүттен көп болады
Нәжіс қатаюы, кейде өз еркімен  шығуы Күнделікті нәжістің  қатаюы
Зәр шығару саны аз Зәр шығару саны өте азайған (6-ға  жақын)
Терісі  бозғылт емес Терісі бозғылт, қатпарланған, маңдайында  әжімдер  бар
Асқазан перистальтикасы  сирек Асқазан перистальтикасы жақсы  көрінеді, жиі, «құм сағатқа» ұқсайды
Нәресте мазасыз Нәресте аз мазасызданады
Салмағы  өзгермеген, немесе  шамалы ғана азайған Аз уақытта дене салмағының азаюы
Туғандағы дене салмағымен салыстырғанда стационарға түскендегі дене  салмағы көп Туған кездегі дене салмағының салыстырғанда стационарға  түскендегі дене салмағы  аз
Пилоротомия операциясы

Фреде-Рамштедт бойынша пилоромиотомия операциясы

Ұқсас материалдарды қарай кетіңіз:

  1. Балалардағы асқазан ойық жара ауруы
  2. Қазақстандағы балалар хирургиясы
  3. Балаларда жүргізілетін функционалды сынамалар

 

Материалды достарыңмен бөлісіңіз
НашарОнша емесОрташаЖақсыТамаша (6 бағалар, орташа: 5,00 тен 5)
Загрузка...

Ұқсас материалдар:

Пікір қосу

Арқылы кіру: 
Авторизация
*
*
Арқылы кіру: 

десять − 5 =

Тіркелу
*
*
*
Арқылы кіру: 
Перейти на страницу

два × четыре =