Әйел бедеулігі

бедеулікӘйел бедеулігі –репродуктивті жастағы әйелдің бала көтере алмау қабілеті.

Негізі себептері:

  1. Психогенді факторлар;
  2. Овуляцияның бұзылуы;
  3. Түтікті-перитонеалді фактор
  4. Әртүрлі гинекологиялық фактор,
  5. Иммунологиялық себептер;

Психогенді фактор. Жанұядағы конфликтті жағдай, жұмыстағы стресс, жыныстық өмірге қанағаттанбау, жүктіліктен қорқу, немесе керісінше қатты бала қалау да әйел ағзасындағы овуляцияны (аналық без дамуы) бұзып, бедеулікке алып келеді.

Эндокринді бедеулік. Овуляцияның өзгеруімен, соның ішінде етекірдің лютеинді фазасының жетіспеушілігінен болады.

Ановуляторлы бедеулік. Репродуктивті жүйенің кез келген бөлімінің зақымдалуынан пайда болады. Негізгі себептері: гиперандрогения, гиперпролактинемия, гипоэстрогенемия, зат алмасу бұзылыстары (семіру, дене салмағының жеткіліксіздігі), сонымен қатар Иценко –Кушинг, қалқанша без ауруы жатады.

Етекірдің лютеинді фазасының жетіспеушілігі. Аналық бездің сары денесіндегі гипофункциясымен (яғни, қызметінің төмендеуінен) пайда болады. Ол өз алдына жатыр бұлшықетінің (эндометрий) трансформациясын бұзады. Нәтижесінде ұрықтану калыпты өтіп, бірақ эмбрион жатыр қуысына жабыса алмайды. Яғни ұрық имплантациясы жүрмейді. Жүктіліктің алғашқы уақытында ақ түсік пайда болады.

Лютеиндік фазаның жетіспеушілігі гипоталамо-гипофизарлы-аналық без жүйесінің дұрыс қызмет атқармауынан, травма, нейроинфекциядан, стресстен, қабыну жағдайларынан кейін пайда болады.

Түтікшелі және перитонеальді бедеулік.Түтіктік бедеулік жатыр түтігінің функциональді белсенділігінің бұзылуынан немесе олардың органикалық зақымдалуынан пайда болады.  Бұл көбінесе стресс, простогландиндер синтезінің бұзылуы, стероидты гормондар бұзылысы, гиперандрогения кезінде байқалады.әйел бедеулігі

Жатыр түтігінің органикалық зақымдалуы оның өтімсіздігіне алып келеді. Мұның себебі жыныс ағзаларының қабыну аурулары (гонорея, хламидиоз, жыныс ағзасының туберкулезі), кіші жамбас органдарына операциялар, эндометриоз және басқа себептерден болады.

Перитонеальді бедеулік жатыр қосымшаларының бір біріне жабысуынан (спаечный процесс). Мұның себебі де жыныс ағзаларының қабыну аурулары, кіші жамбасқа операция жасалу болып келеді.

Гинекологиялық аурулардағы бедеулік. Жатыр қуысына эмбрионның жабысуының (имплантация) бұзылуынан пайда болады. Оның себебі: жатыр ішілік перде (туа пайда болады), синехияларда, эндометриоз, жатыр миомасы, эндометрий полипі кезінде байқалды.

Иммунды бедеулік. Әйел ағзасында ер адамның сперматозоидтарына қарсы антиспермалді антиденелердің түзілуімен түсіндіріледі. Олар өз кезегінде сперматозоидтарды жатыр мойыныда, эндометрийде (жатыр бұлшықетінде), жатыр түтікшелерінде фагацитозға ұшыратып жойып жібереді.

Көп жағдайда 48% әйелдерде жоғарыда аталған бедеулік себептерінің бір ғана себебі анықталса, қалғандарында екі не одан да көп себептері бірге келеді.

Әйел бедеулігін емдеу.

Психогенді бедеулігі бар әйелдерге психоневролог кеңесі керек. Маман әйел жағдайын бағлалай отырып, транквилизатор, седативті препарат, сонымен қатар психотерапевтикалық ем тағайындайды. Басым көпшілік жағдайда осындай ем оң нәтиже береді.

Эндокринді бедеулік. Бас миындағы органикалық өзгерістер анықталса әйелге нейрохирург қаралуына жіберілу керек. Гормональді бұзылысты адекватты түрде эндокринді жүйені емдеумен жазуға болады.

Семіру кезінде дене салмағын қалпына келтіру аса маңызды болып табылады. Кей жағдайларда тек қана дене салмағын қалыптыға келтірудің өзі ақ, гонодотропиндердің өндірілуін түзеп. Бедеуліктен айырылуға алып келеді.

Сонымен қатар овуляцияны белсендіруші препараттар (эстроген-гестаген препараты, кломифен, экзогенді гонадотропин) тағайындалады.

Түтікті –перитонеальді бедеулік кезінде жатыр түтігінің қалыпты анатомиялық өткізгіштігін қалпына келтіру керек. Ол үшін оперативті лапороскопия (немесе лапоротомия) жасалады. Перитонеальді бедеулікте жабықан бөлімдерді қалпына келтіріп, коагуляция жасайды. Қазіргі кезде жатыр түтігінің зақымдалуы болса, зақымдалған аумақты хирургиялық жолмен алып тастап, кейін экстркорпоральді ұрықтандыру жүргізеді.

Иммунологиялық бедеулік. Ағзадағы бар инфекция көздерін емдеуден басталады. Содан кейін овуляцияның басталуына 2-3 күн қалғанда таза эстрогендер препаратын тағайындайды. 6 ай бойы жыныстық қатынасқа тек мүшеқаппен (презерватив) түсу қажет. Сол кезде әйел ағзасына ұзақ уақыт сперматозоидтар түспеген жағдайда, иммунокомпетентті жасушалар қызметі төмендейді). Уақыт өткеннен кейін мүшеқапты пайдалану тоқтаған соң, қалыпты жүктілік келеді.

Бұл әдеттегі әдістер көмектеспеген жағдайда заманауи бедеулікті емдеу технологиялары қолданылады. Ол жайлы мына сілтемеден оқи аласыз.

Материалды достарыңмен бөлісіңіз
comments powered by HyperComments
НашарОнша емесОрташаЖақсыТамаша (1 бағалар, орташа: 5,00 тен 5)
Загрузка...

Ұқсас материалдар ...