Паротитті инфекция

Паротитті инфекция (parotitis) – қызба, жалпы интоксикация, құлақ маңы безінің және басқа да безді ағзалардың қабынуымен жүретін жедел вирусты жұқпалы ауру.

  • Өлім жағдайы өте сирек болғанымен, бедеулік, кереңдік, диабет, панкреатит және т.б. ауруларды шақыруымен қауіпті.
  • Синонимдері: мысқыл, свинка, құлақ маңы безінің қабынуы

Этиологиясы

  • Қоздырғышы: Paramyxoviridae тұқымдасының сүзбелі вирусы – Pneumophilis parotitis жатады.
  • РНҚ вирусы, 2 қабығы бар.Рисунок1

Эпидемиологиясы

  • Инфекция көзі: ауру адам.
  • Жұғу жолы: ауа-тамшылы.
  • Көбінесе 5-15 жас аралығында, ер балалар ауырады.
  • Контагиозды индекс 50-85%.
  • Қайталанған жағдай өте сирек, 0,4-1,1%.
  • Аурушаңдық жиі қысқы және көктемгі мезгілде кездеседі.

Патогенезі

  • Ену қақпасы: ауыз қуысының, мұрынның, жұтқыншақ, көз конъюктивасының, бадамша бездердің шырышты қабаттары.
  • Вирус ауыз қуысынан сілекей бездерін зақымдайды, көбейеді, қанға түседі, вирусемия байқалады.
  • Қанмен айналып, аталық безді,қалқанша және ұйқы безді, миды зақымдайды.

Жіктелуі:

Типтік түрлері:

  • Бездік (сілекей, ұйқы, жыныс бездері, т.б.)
  • Жүйкелік (менингит, менингоэнцефалит)
  • Қосарланған

Ауырлығы бойынша: жеңіл, орташа а типтік түрлері:

  • Жасырын
  • Симптомсыз

        Клиникасы

  • Ерекшелігі: инфекциялық процестің дамуы инкубациялық кезеңнің циклділігімен сипатталады. Продормнан кейін клиникалық симптомдары дамып жазылуымен аяқталады.
  • Инкубациялық кезең орташа 18-20 күн, 11 күнге дейін қысқарып 23 күнге дейін ұзаруы мүмкін, продромсыз өтуі мүмкін.
  • Продормальды кезеңнің ұзақтығы әркелкі, жиі 1-2 күн, симптомдары да әр түрлі.
  • Аурудың басы 38-39С-қа дейін көтерілуімен және шықшыт безінің алдымен бір жақтық, кейін екінші жағының ісінуімен сипатталады. Алдымен ісіну құлақтың артында және төмен яғни емізікті ісікпен төменгі жақ тармағының арасында орналасады.
  • Құлақ қалқаны жоғары және артқа ығысады, сырғалық қалқияды, бастың пішіні алмұрт тәрізді болады. Ісіну жұмсақ қамыр сияқты, пальпацияда онша сезімтал емес. Бұғанаға дейін ісіну байқалады. Терісі бозғылт, қабынулы өзгеріссіз. Шайнағанда ауырады. Естуі төмендейді.

Рисунок4

Клиникалық ағымының ауырлығы бойынша (М.А.Селимов):

  • Жеңіл түрінде: жергілікті көріністері айқын, температурасы қалыпты немесе аз уақытта көтеріледі.
  • Орташа түрлерінде: интоксикация симптомдары және жергілікті белгілері орташа айқындылықта. Температура 37,5-38С.
  • Ауыр түрінде: жергілікті зақымдану және интоксикация өте айқын, қызуы 39-40С.

Вирус бездер іскенге дейінгі 1-6 күн  бойына және клиникалық симптомдар пайда болғаннан кейін 4 күн бойы бөлінеді. Науқас инкубациялық кезеңнің соңынан кері даму кезеңіне дейін жұқпалы

  • Атиптік түрі – жүйке жүйесімен, безді ағзалардың (жақ астылық, тіл астылық, жыныстық, көкіректік бездер, ұйқы безі т.б. безді ағзалар) зақымдануы.

Паротитік инфекция кезінде ОЖЖ зақымдалуы жиі кездеседі: серозды менингиттер, менингоэнцефалит.

  • Қосарланған түрлеріне: орхит, оофарит. Өте сирек: ларингит, бронхит, конъюктивит, отит, остиомиелит, полиартрит, эндокардит, нефриттер болуы мүмкін.

Ажырату диагностикасы:

  • Жақ асты лимфоаденит (инфильтрат төменгі жақ бұрышында орналасады, пальпацияда ауырады, лимфа түйіндерінің контуры бөлініп тұрады, аңқада – баспа).
  • Перидонтитпен (жақ аумағында орналасады, кареозды тіс пен қызылиектің ісінуі болады).
  • Ауыз-жұтқыншақ күлі – токсикалық түрінен (ауыз-жұтқыншақта өзгерістер, ісіну, жабынды)

Лабораторлық диагностика:

  • Иммунологиялық зерттеулер: КБР.
  • Серологиялық зерттеулер арнайы антиденелер титрінің ауру барысында көтерілуі.
  • ИФА+ПЦР-диагностикасы

Емі

  • Симптоматикалық ем
  • Төсектік режим, диета, поливитаминдер, ыстықты түсіретін препараттар (анальгин, парацетамол);
  • Зақымдалған бездерді қыздыру (УВЧ, УФО)
  • Ауыр жағдайда реконвалесценттің сарысуын (20-25 мл) немесе гаммаглобулин қолданылады.
  • Анальгетиктер, ауру сезімін басатын, ұйыктататын дәрілер тағайындалады.

Алдын алу

  • Науқасты 9-10күн жекелеу
  • Паротитпен ауырмаған 10 жасқа дейінгі балаларды науқаспен қатынаста болған күннен бастап 21 күнге дейін науқаспен қатыстырмау.
  • Ошақта вакцинация жасалады.
  • Иммунопрофилактика: аттенунирленген Ленинград-3 штамынан алынған тірі вакциналар қолданылады. 12-15 айлық кезінде. Ревакцинация 6 жаста.
  • Комбинирленген вакциналар:
  • MMR-ІІ, приорикс.
Материалды достарыңмен бөлісіңіз
comments powered by HyperComments
НашарОнша емесОрташаЖақсыТамаша (әлі баға қойылмады)
Загрузка...

Ұқсас материалдар ...