Іріңді тендовагинит

Іріңді тендовагинит  — патогенді микрофлора енуінен немесе синовиальды қабықтың дистрофиялық өзгерісінен болатын сіңір қынабының қабынуы. Инфекциялық және асептикалық тендовагинит деп бөлінеді.

Этологиясы:

Тендовагинит негізгі этиологиясында микробтар жатыр. Олардың қатарына стрептококк, стафилококк, грам теріс бактериялар, спецификалық бактериялар (туберкулез микобактериясы, бруцелла, спирохета ). Соңымен қатар адамдардың бір типті қозғалысында ( спортсмендер мен жұмысшыларда да ) тендовагинит дамуы мүмкін.

Клиникалық ағымы бойынша тендовагинит:

  1. жедел
  2. созылмалы

                 

Жедел бейспецификалық тендовагинит — ірінді микрофлораның зақымдалған синовиальды қынапқа түскенен пайда болады. Синовиальды қынапта алдымен серозды, артынан ірінді экссудаттың пайда болып қан айналым бұзылысымен сипатталады.

I және V саусақ іріңді тендовагинитінде іріңнің шынтақ жіліктің синовиалды қапшығына түсуі тендобурситке әкеледі. 80% жағдайда кәрі және шынтақ жіліктің синовиалды қапшығы байланысқан болғандықтан U-тәрізді білезіктің флегмонасы дамуы мүмкін. Уақыттылы ем болмаса және флегмонаны бейадекватты ашқанда сіңір шажырқайының басылып қалуынан некроз дамуы мүмкін.

Созылмалы инфекциялық тендовагинит спецификалық микрофлорамен (туберкулез микобактериясы, бруцелла, спирохета). Синовиальды қынаптың туберкулезі экзо- және эндогенді зақымданудан п.б. Ауырсыну аз, баяу үлкейетің, синовиальды қынаптың және буын қапшығының домбығуымен сипатталады.

Клиникасы: Температураның жоғарлауы, қалтырау, ауырсыну, аймақтық лимфоденит, ісінулер, саусақтарды мәжбүрлі қалпыпта ұстауы.

іріңді тендовагинит

Диагностикасы:

Тендовагинитті анықтау үшін: анамнез, физикалық зерттеу мәліметтерге, кей жағдайда – рентгенологиялық зерттеулерге көңіл бөлінеді.

Анамнез жинауда: ауырсыну сезімі мен ісіңудің п.б. уақытын, зақымданудың себебін, инфекцияның анатомиялық ерекшелігін және микробиологиялық сипаттамасын аңықтау қажет.

Емі: Консервативті және операция жасалады. Сіңір қынабың ашу, экссудатты алу, қуыс ревизиясы мен санациясы стационарда жүргізіледі. Некроз бен сіңір еруіңде резекция жүргізіледі. Саусақ иммобилизациясы және антибиотикотерапия қажет.

Тендовагинитте тілу(а) және дренаждау(б) әдісі

Іріңді тендовагинит 

 Тендовагинит кезіндегі операциялық тілу сызықтары:

А) I саусаққа

Б) II, III и IV саусаққа

В) V саусаққа

Іріңді тендовагинит

Материалды достарыңмен бөлісіңіз
comments powered by HyperComments
НашарОнша емесОрташаЖақсыТамаша (әлі баға қойылмады)
Загрузка...

Ұқсас материалдар ...