Холецистит ауру тарихы

Холецистит ауру тарихы хирургиядан

Науқас туралы жалпы мәліметтер.

 

  1. Фамилиясы, аты-тегі: Кабдыгалиева Сания Агыпаловна
  2. Жасы, жынысы: 25.05.1956 , әйел адам
  3. Ұлты: қазақ
  4. Мамандығы: жұмыссыз
  5. Тұрақты мекен-жайы: 1 мкрн. 17 үй, 45 пәтер
  6. Ауруханаға түскен күні: 2.12.2008ж
  7. Ауруханадан шыққан күні:
  8. Жолдамалы құжаттағы диагноз: Жедел калькулезді холецистит
  9. Түскен кездегі диагноз: Жіті калькулезді холечистит. Қант диабеті, ІІ типті, орташа ауырлықта, инсулинді формалы.
  10. Клиникалық диагноз: Жіті обтурационды флегмонозды-калькулезді холецистит

Науқастың шағымдары.

Түскен кездегі шағымы: оң жақ қабырға астында ауырсыну, жүрек айну, көп ретті құсу, дене температурасының жоғарлауы, жалпы әлсіздік.

Курация кезіндегі шағымы: операция алаңының ауырсынуы, жалпы әлсіздік,

Негізгі аурудың даму тарихы.

Науқастың айтуы бойынша өзін  3 тәулік бойы диетаны сақтамағандықтан оң жақ қабырға астында ауырсыну, жүрек айну, көп ретті құсу, дене температурасының жоғарлауы, жалпы әлсіздік мазалады. 2.12.2008 жылы ургентті клиникаға қаралды. Дәрігер науқасты тексеріп ЖМКА (БСМП) Жедел калькулезді холецистит деген диагнозбен жолдады.

Өмір анамнезі.

  1. Науқас 1956 жылы 25 мамыр айында Семей қаласында дүниеге келген.
  2. Нәресте кезінде тамақтану — табиғи жолмен. Жалпы дамуы өз қатарындағы құрбыларына сай болған,
  3. Шылым шекпейді, арақ-шарап, наркотикалық заттар қолданбайды.
  4. Қант диабеті ІІ тип, инсулинді формалы және артериялық гипертензиямен бұрыннан ауырады.
  5. Ата — анасында және жақын туысқандарында тұқым қуалайтын аурулары жоқ.
  6. Инфекциялық аурулармен ауырмаған, егілулерді өз уақытында алып отырған.
  7. а) жанұясында аллергиялық аурулары жоқ.

б) қан құюлар болған жоқ.

в) вакцина енгізуде аллергия болмаған.

г) суық тию аурулары жылына бір-екі рет (ангина, тұмау).

д) маусымдық аурулары жоқ.

Аурудың қазіргі жалпы жағдайы.

 

  1. аурудың жалпы жағдайы орташа ауырлықта, интоксикация белгілеріне байланысты.
  2. аурудың төсектегі қалпы: белсенді
  3. ақыл есі: анық
  4. бет әлпеті: қалыпты
  5. басы мен мойнын қарау: басының көлемі және қалпы қалыпты, мойында деформациялар байқалмайды.
  6. көз және көз айналасын қарау: көздің асты ісінуі жоқ, жарыққа реакциясы оң.
  7. мұрынды қарау: қалпы өзгермеген және жұмсақ тіндердің деформациясы жоқ
  8. ауыз қуысын қарау: қалпы қалыпты
  9. дене бітімі: дұрыс, конституциясы нормостеник, салмағы 75кг, бойы 172 см.
  10. тері жабындылары:

а) түсі: қалыпты

б) терінің депигментациясы: жоқ

в) терінің эластикасы: қалыпты

г) тері астында : қан құюлулар жоқ

д) терісінің ылғалдығы: ылғалды

е) бөртпелер: жоқ

ж) веналардың варикозды кеңеюі: жоқ.

  1. шырышты қабаттар:

а) түсі: қалыпты

б) энантемалар: жоқ

  1. тері асты май қабаты:

а) тері асты май қабатының дамуы: қалыпты

б) ісінулер: жоқ

  1. лимфа түйіндері: ұлғаймаған
  2. Бұлшықеті:

а) даму дәрежесі: қалыпты

б) тонусы: қалыпты

в) сипап сезгенде: ауырсынулар жоқ

  1. сүйектер деформациясы: жоқ
  2. буындары: қозғалысы қалыпты сипап сезгенде ауырсынбайды

Тыныс алу жүйесі.

тыныс алу сипаты – мұрын арқылы еркін демалады.

  1. көмекей – даусының сипаты қалыпты, қарлығулар жоқ
  2. кеуде клеткасын қараған кезде: көкірек клеткасы симметриялы, бұғана асты және үсті шығыңқылары өзгеріссіз, жауырын қалпы өзгермеген.
  3. кеуде клеткасын динамикалық қарап көруі: кеуде клеткасы екі жақты бірдей тыныс алу актісіне қатысады. Науқаста кеуделік тыныс алу.

Пальпация.

Қабырға аралықтары ауырсынусыз, дауыс дірілі екі жақта да бірдей.

Перкуссия.

Өкпенің төменгі жиегінің шекарасы.

Топографиялық сызықтар Оң жақ Сол жақ
1. төс маңы сызығы2. бұғана орта сызығы3. алдыңғы қолтық асты

4. ортаңғы қолтық асты

5. артқы қолтық асты

6. жауырын сызығы

7. омыртқа маңы сызығы

VI-қабырғаVI-қабырға аралықVII-қабырға аралық

VIIІ-қабырға аралық

IX-қабырға аралық

X-қабырға аралық

XI-кеуде омыртқасының сүйір өсіндісі

VІI-қабырға аралық

VIII-қабырға аралық

IX-қабырға аралық

X-қабырға аралық

XI-кеуде омыртқасының сүйір өсіндісі

Өкпе экскурсиясы.

 

Топографиялық сызықтар Оң жақ Сол жақ
Тыныс шығару Тыныс алу Тыныс шығару Тыныс алу
1. бұғана орта сызығы2. ортаңғы қолтық асты3. жауырын сызығы 2-3 см3-4 см

 

2-3 см

2-3 см3-4 см

 

2-3 см

3-4 см

 

2-3 см

3-4 см

 

2-3 см

Аускультация.

  1. Кеуде клеткасының әр жерінде везикулярлы тыныс, сырылдар жоқ.
  2. бронхофония: күшеймеген

Жүрек-қан тамыр жүйесі.

Жалпы қараған кезде: патологиялық пульсациялар, жүрек тұсында шығыңқылық жоқ, артериялар мен веналарда өзгерістер анықталмайды.

Пальпация.

  1. жүрек ұшы түрткісі: 6-қабырға аралықта, бұғана орта сызығынан 1 см сыртқа қарай орналасады, биік, резистентті.
  2. кеуде клеткасының дірілі: қалыпты

Перкуссия.

Жүректің салыстырмалы және абсолютті тұйықтығының шекаралары:

шекаралары салыстырмалы абсолютті
Оң жақ 

Сол жақ

 

Жоғарғы жақ

ІV-қабырға аралықта, төстің оң жақ шетінен1 см сыртқа қарайСол жақ бұғана орта сызығынан 1 см сыртқа қарай (V қабырға аралық)

Сол жақ төс сызығынан 1 см солға қарай (ІІІ-қабырға аралық)

ІV-қабырға аралықта, төстің сол жақ шетіне сәйкесV-қабырға аралықта бұғана орта сызығынан 0,5 см сыртқа қарайV-қабырға аралықта сол жақ төс сүйегінен 1 см солға қарай

 

 

Перкуссияда жүректің салыстырмалы тұйықтығының шекаралары : жоғарғы жақ – ІІ-қабырға аралық, оң жақ – парастернальді, сол жақ – бұғана орта сызығынан 0,5 см солға қарай.

Аускультация.

  1. жүрек ырғағы: қалыпты, синусты.
  2. жүрек ырғағы: қалыпты, синусты.
  3. жүрек жиырылу саны: 100 рет

4.Тондар: анық, ритмді

  1. шулар: жоқ
  2. А.Қ-180/100

Ас қорыту жүйесі.

Науқастың тәбеті төмендеген, дәм сезуі, жұтынуы жақсы.

Ауық қуысын қарағанда тілі-таза, ылғалды; шырышты қабаттар ашық қызыл түсті; тілінде емізіктер айқын көрінеді; тістерінде кариес жоқ; жұтқыншағы-бос, бадамша бездері өзгеріссіз.

Іші дұрыс формалы, симметриялы, пальпацияда жұмсақ, оң жақ қабырға астында ауырсыну байқалады. Ортнер, Кера, Мерфи симптомдары оң. Құрсақтың тітркендіру симптомы  жоқ.

Щеткин-Блюмберг симптомы теріс, ішектер перистальтикасы сақталған.

Терең пальпацияда: тоқ ішектің төмендеген бөлімі сол жақ аймағында анықталады, цилиндр тәрізді, жұмсақ, аздап қозғалмалы, ауырсынусыз. Тоқ ішектің көлденең бөлігі асқазанның төмеңгі шекарасынан 2-3 см төмен, доға тәрізді иілген, көлденең орналасады. Асқазанның үлкен иілімі кіндіктен 2 см жоғары, дененің ортаңғы сызығының 2 жағында орналасқан. Асқазанның кіщі иілімі, қалтқысы пальпацияланбайды.

Перкуссияда: тимпаникалық реңді дыбыс естіледі. Асқазанды перкуссиялағанда асқазанның төмеңгі шекарасы кіндіктен 3 см жоғары орналасқан.

Аускультацияда: ішектердің қозғалысы кезінде дыбыстар шықпайды, ішектердің моторикасы сақталған.

Бауыр пальпациясында ауырсынады.

Курлов бойынша өлшемдері: 10*9*7 см.

Бауыр шекаралары.

Сызықтар Жоғарғы шекара Төмеңгі шекара
Оң жақ төс маңыОң жақ бұғана орта сызығыОң жақ алдыңғы қолтық асты сызығы

Сол жақ төс маңы сызығы

VIІ-қабырғаVI-қабырға

 

 

VI-қабырға

 

Х-қабырғаОң жақ қабырға доғасының төменгі шетіОң жақ қабырға доғасынан 2 см жоғары

Сол  жақ қабырға доғасының төменгі  шеті

Көкбауыр ауырсынусыз, ұлғаймаған.

Нәжісі бұрмаланған, стулы үнемі.

Зәр шығару жүйесі.

Жалпы қараған кезде мықын аймағында, бел тұсында ісінулер жоқ.

Ұрғылау симптомы 2 жақтан да теріс.

Қуық қасаға үстінен жоғары пальпацияланбайды, перкуссияда анықталмайды. Несепағар нүктелерінде ауырсыну жоқ.

Зәр шығаруы еркін, ауырсынусыз.

Эндокринді жүйе.

Бой өсуінің бұзылысы жоқ, бірақ салмағы 73 кг.

Қалқанша безі жалпы қарағанда көрінбейді, пальпацияланбайды. Екіншілік жыныс ағзалары дамымаған.

Жүйке жүйесі.

Дәм және иіс сезуі сақталған. Есту және вестибулярлы аппараттары өзгеріссіз. Мимикалық бұлшықетері қалыпты, жұтынуы еркін, сөйлесуі бұзылмаған. Науқастың жүруі қалыпты жағдағыдай. Гиперкинездер жоқ қалтырау болмайды, рефлекстері сақталған. Беткей және терең сезімталығы сақталған. Дермографизм ақ. Менингиальді симптомдар теріс.

Болжам диагноз және оны негіздеу

Науқастың шағымдарына сүйене отырып: оң жақ қабырға астында ауырсыну, жүрек айну, көп ретті құсу, дене температурасының жоғарлауы, жалпы әлсіздік.

Науқастың анамнезіне сүйене отырып: науқастың айтуы бойынша өзін  3 тәулік бойы диетаны сақтамағандықтан оң жақ қабырға астында ауырсыну, жүрек айну, көп ретті құсу, дене температурасының жоғарлауы, жалпы әлсіздік мазалады. 2.12.2008 жылы ургентті клиникаға қаралды. Дәрігер науқасты тексеріп ЖМКА (БСМП) Жедел калькулезді холецистит деген диагнозбен жолдады.

Обьективті белгілерге сүйене отырып: тілі ылғалды, іші дұрыс формалы, симметриялы, тыныс алу актісіне қатысады. Пальпация кезінде жұмсақ, оң жақ қабырға астының ауырсынуы. Ортнер, Кер, Мерфи симтомдары оң. Құрсақтың тітіркендіру симптомы жоқ. Оң жақ мықын аймағында операциядан кейінгі тыртық бар (аппендэктомия), жағдайы қалыпты.

Болжам диагноз қоямын:

Жіті калькулезді холецистит. Қант диабеті ІІ тип, орташа дәрежелі, инсулинді формалы.

Тексеру жоспары:

  1. ЖҚА
  2. ЖЗА
  3. Қанның биохимиялық анализі
  4. Қанды RW-тексеру
  5. Нәжісті құрт және қарапайымдыларға тексеру
  6. ФГДС
  7. ЭКГ
  8. Іш қуысы ағзаларын УДЗ.

Лабораториялық және инструментальді зерттеу мәліметтері:

  1. Ж.Қ.А. 3.12.2008
Көрсеткіштер нормада науқаста интерпритация
Нв 120-140 г/л 120 г/л N
эритроциттер 3,7-4,7*1012 3,6*1012 N
лейкоциттер 4,0-8,0*109 9,0*109 N
ЭТЖ 2-15 мм/сағ 12 мм/сағ N

9.12.2008

Көрсеткіштер нормада науқаста интерпритация
Нв 120-140 г/л 123 г/л N
эритроциттер 3,7-4,7*1012 3,7*1012 N
лейкоциттер 4,0-8,0*109 5,0*109 N
ЭТЖ 2-15 мм/сағ 40 мм/сағ N

Қорытынды: Динамикада лейкоциттер 9,0*109/л дан 5,0*109/л-ға дейін азайды. Ал ЭТЖ 12 мм/сағ-40 мм/сағ дейін көтерілді.

  1. Ж.З.А. 3.12.2008
Көрсеткіштер нормада науқаста интерпретация
түсі сабан сары сабан сары N
мөлдірлігі мөлдір мөлдір
сал.тығыздығы 1008-1026 1016 N
реакция әлсіз қышқыл сілтілі N
белок жоқ іздер N
лейкоциттер 0-6 қөру аймағында 3-5 N
эритроциттер 0-2 0-1-2 N
жалпақ эпителий аз мөлшерде бірлікте N

9.12.2008ж

 

Көрсеткіштер нормада науқаста интерпретация
түсі сабан сары Сабан сары N
мөлдірлігі мөлдір мөлдір
сал.тығыздығы 1008-1026 1010 N
реакция әлсіз қышқыл қышқыл N
белок жоқ 0,083 N
лейкоциттер 0-6 қөру аймағында 2-3 N
эритроциттер 0-2 бірлікте N
жалпақ эпителий аз мөлшерде бірлікте N

Қорытынды: Зәрде протеинурия (белоктар — 0,083).

  1. БХ анализ. 3.12.2008ж
Көрсеткіштер нормада науқаста интерпритация
Жалпы белок 66-87 г/л 77,0 N
Несеп нәрі 2,3-8,3 ммоль/л 6,4 N
Амилаза 12-32 м/г 12,0 N
Глюкоза 3,05-6,38 ммоль/л 9,3 N
АлТ 0,60 мккат/л 0,64 N
Жалпы билирубин 22,2 мкмоль/л 15,4 N
Тимол мынамасы бірлікте 2,75 N

Қорытынды: Қанда қант мөлшері жоғары (9,3 ммоль/л).

  1. Қанды RW-тексеру 7.12.2008

Қандағы қант мөлшері – 9,2 ммоль/л

  1. Нәжісті ішек құрттарына зерттеу. 3.12.2008 ж.

Нәжісте ішек құрттары анықталған жоқ.

  1. ФГДС 4. 12.2008ж

Науқас дайын болмағандықтан ФГДС жасалған жоқ.

ЭКГ 4.12.2008ж

P-Q- 0,58//

P-R-0,14//

QRS- 0,08//

Q-T- 0,30//

ЖЖЖ – 102 рет/минутына

Қорытынды: синусты тахикардия, ЖЖЖ-102 рет минутына, электр осі горизонтальді қалыпта, сол жақ қарыншаның гипертрофиясына тенденция

У.Д.З. (бауыр, өт қабы, ұйқы безі, көкбауыр, бүйрек). 4.12.2008 ж

Фамилиясы: Кабдыгалиева С.А. 1956 ж.

Диагнозы: Жедел калькулезді холецистит

Бауыр.

Оң бөліктің қалыңдығы – 13,6

Сол бөліктің қалыдығы – 8,4

Бауырдың контуры – тегіс

Жаңғырық құрылымы – ұсақ бөлшекті

Жаңғырық тығыздығы – қалыпты

Қақпа вена – 1,1

  1. Өт қабы.

Пішіні – дұрыс

Өлшемі – 5,1х3,2

Қаптың қабырғасы – қалыңдаған, 0,4 см

Қаптың қуысы – өартқы қабырғасының артында ұсақ конкременттер

  1. Ұйқы безі.

Басының өлшемдері – 2,6

Денесі – 1,3

Құйрығы – анықталмайды

Жаңғырық құрылымы – диффузды

Жаңғырық тығыздығы – ұлғайған

  1. Көкбауыр

өлшемері – 3,0х4,0

Контуры – тегіс

Жаңғырық құрылымы – біртектес

Жаңғырық тығыздығы – қалыпты

  1. Бүйректер.

Оң бүйрек өлшемі – 10,3х5,3

Ұлпаның қалыңдығы – 1,8

Тостаған-астау жүйесі – ұлғаймаған

Сол бүйрек өлшемі – 10,6х5,5 (қалыпты орнында)

Ұлпаның қалыңдығы – 1,8

Тостаған-астау жүйесі – ұлғаймаған

2 өкпенің де эхогендігі қалыпты.

Қорытынды: Өт жолдарында канкременттер анықталады

Салыстырмалы диагностикасы.

Белгілері Науқаста Аппендицит Асқазан және он екі елі ішектің перфорациялық жарасы Бүйрек тас ауруы
Ауырсыну сипаты Жоғары интенсивті-лікті Батып ауырсыну Пышақ сұққандай Ұстама тәрізді қатты ауырсыну
Локализациясы Оң жақ қабырға доғасы астында Алдымен кіндік маңында, 6 сағ. соң оң жақ мықын аймағында Эпигастрий аймағында Бел аймағында көбінесе бір жақтан
Иррадиациясы Оң жақ иыққа, оң жақ жауырынға, оң жақ иық үстіне Оң жақ мықын аймағында ғана ауырсынады Эпигастрийдің кең аймағында Сыртқы жыныс ағзаларына, санның алдыңғы-ішкі беті
Пайда болу себебі Диетадағы кемшіліктер майлы, өткір тағам Құрт тәрізді өсіндінің қабынуынан Диета сақтамау Бүйрек қуыстарында, зәр шығару жолдарында тас болу
Іш бұлшықеттерінің қатуы Оң жақ қабырға астында Оң жақ мықын аймағында айқын Іштің барлық жерінде «тақта тәрізді іш» Әлсіз немесе жоқ
ЭКГ Өзгерістер жоқ Син тахикардия біраз Син тахикардия Өзгерістер жоқ
ЖҚА Лейкоцитоз, ЭТЖ жоғарылауы Лейкоцитоз, ЭТЖ жоғарылауы Лейкоцитоз, ЭТЖ жоғарылауы, анемия Анемия
ЖЗА протеинурия Өзгерістер жоқ Өзгерістер жоқ Гематурия, протеинурия, лейкоцитурия, цилиндрурия

Операция: Холецистоэктомия «түбінен»

Операция, 2.12.2008 ж. Холецистоэктомия «түбінен», бауыр асты аймағын дренаждау.

Интубациялық наркозбен, операциялық аймақты водокаинмен залалсыздандырылған. Кейін лапоротомия және құрсақ ағзаларының ревизиясы жүргізілді. Осы кезде өт қабы флегманозды өзгерген. Холедох кеңеймеген. Бауыр мен ұйқы безі асқынусыз.

Холецистоэктомия «түбінен» өт жолы мен артериясынан бөлек екі реттен байланып жасалынды. Ложе кетгутпен тігілген. Гемостазға бақылау. Бауыр асты аймағының жеке контроаппертуралы тілімдері арқылы дренажды түтік қойылды.

Жараға қабатты тігістер салынды. Асептикалық таңу.

Макропрепарат: алынып тасталынған өт қабы флегманозды өзгерген, қабырғасы қалыңдаған.

Клиникалық диагнозды және оны негіздеу.

Болжам диагноз негізінде: оң жақ қабырға астында ауырсыну, жүрек айну, көп ретті құсу, дене температурасының жоғарлауы, жалпы әлсіздік.

Науқастың анамнезіне сүйене отырып: науқастың айтуы бойынша өзін  3 тәулік бойы диетаны сақтамағандықтан оң жақ қабырға астында ауырсыну, жүрек айну, көп ретті құсу, дене температурасының жоғарлауы, жалпы әлсіздік мазалады. 2.12.2008 жылы ургентті клиникаға қаралды. Дәрігер науқасты тексеріп ЖМКА (БСМП) Жедел калькулезді холецистит деген диагнозбен жолдады.

Обьективті белгілерге сүйене отырып: тілі ылғалды, іші дұрыс формалы, симметриялы, тыныс алу актісіне қатысады. Пальпация кезінде жұмсақ, оң жақ қабырға астының ауырсынуы. Ортнер, Кер, Мерфи симтомдары оң. Құрсақтың тітіркендіру симптомы жоқ. Оң жақ мықын аймағында операциядан кейінгі тыртық бар (аппендэктомия), жағдайы қалыпты.

Лабораторлы- инструментальді зерттеулер негізінде:

ЖҚА Нв-120г/л, эритроциттер – 3,6х1012 /л, лейкоциттер – 9,0х109 /л, ЭТЖ-12, қандағы қант -9,3 ммоль/л. Зәрде протеинурия.

УДЗ зертеуінде өт жолдарында конкременттер анықталған.

Операция, 2.12.2008 ж. Холецистоэктомия «түбінен», бауыр асты аймағын дренаждау.

Интубациялық наркозбен, операциялық аймақты водокаинмен залалсыздандырылған. Кейін лапоротомия және құрсақ ағзаларының ревизиясы жүргізілді. Осы кезде өт қабы флегманозды өзгерген. Холедох кеңеймеген. Бауыр мен ұйқы безі асқынусыз.

Холецистоэктомия «түбінен» өт жолы мен артериясынан бөлек екі реттен байланып жасалынды. Ложе кетгутпен тігілген. Гемостазға бақылау. Бауыр асты аймағының жеке контрааппертуралы тілімдері арқылы дренажды түтік қойылды.

Жараға қабатты тігістер салынды. Асептикалық таңу.

Макропрепарат: алынып тасталынған өт қабы флегманозды өзгерген, қабырғасы қалыңдаған.

Жоғарыдағы мәліметтер негізінде мынандай клиникалық диагноз қойдым:

Жіті обтурационды флегмонозды-калькулезді холецистит

Емдеу жоспары:

  1. тәртібі – төсектік
  2. диета №0
  3. инфузионды терапия
  4. спазмолитиктер
  5. антибиотиктер
  6. ішке суық басу
  7. динамикалық бақылау

Rp.: Sol. Na.Cl 0,9%-400,0             вена ішілік

        Sol. K.Cl 4%-30,0

Rp.: Sol. Zymomycini 30%-2,0

       D.S. 2,0×3 рет бұлшықетке

Rp.: Tab. Enalaprili 10,0

       D.S. 2,5×2 рет (АҚ бақылау)

Rp.: Tab. Verapamili  40,0

       D.S. 1×3 рет

Rp.: Tab. Haeparini  20,0

       D.S. 2,5×2рет

 Rp.: Sol. Promedoli  2%

       D.S. 1,0 бұлшықетке ауырсыну кезінде

Rp.: Sol. Dimedroli 1%

       D.S. 1,0 грамнан бұлшықетке

Қабылдаған ем нәтижелерінде науқастың жағдайы жақсарған.

Күнделік

5.12.2008ж  -37,70С ТАЖ-22рет Науқастың жалпы жағдайы орташа дәрежелі,ауырсыну сипатына ЖСЖ-100рет  байланысты. Дене температурасы 37,70С, төсектегі қалпы белсенді. Тәбеті жақсы, терісі қалыпты түсте, тілі ылғалды, жабынды жоқ, шырышты қабықтары өзгеріссіз. Лимфа бездері ұлғаймаған. Операциялық жара таңу кезінде құрғақ, таза, бөліністер жоқ, ескі таңғыш алынып таза асептикалық таңғыш салынды. Тыныс алу жиілігі 22рет/мин., мұрын арқылы, еркін. Пальпацияда жара маңайында аздаған ауырсыну, инфильтрат жоқ. Ps – 100 рет/мин. АҚҚ – 180/100 мм.с.б.б.

5.12.2008ж  ауруханадағы күні: 5 күн. t-37,20С ТАЖ-22рет  Науқастың жалпы жағдайы қанағаттанарлық,ешқандай шағым-  ЖСЖ-100рет  шағымдары жоқ. Дене температурасы 37,20С, төсектегі қалпы белсенді. Тәбеті жақсы, терісі қалыпты түсте, тілі ылғалды, жабынды жоқ, шырышты қабықтары өзгеріссіз. Лимфа бездері ұлғаймаған. Операциялық жара таңу кезінде құрғақ, таза, бөліністер жоқ, ескі таңғыш алынып таза асептикалық таңғыш салынды. Тыныс алу жиілігі 22рет/мин, мұрын арқылы, еркін. Пальпацияда жара маңайында аздаған ауырсыну, инфильтрат жоқ.  Ps – 100 рет/мин. АҚҚ – 180/100 мм. с.б. б.

Болжам: науқастың өмірі жайындағы болжамы жақсы, өміріне еш қауіп төніп тұрған жоқ, жарасы жазылып келе жатыр, ағымы барысында еш патологиялық ауытқулар жоқ. Ауыр көтеруге болмайды, тек жеңіл-желпі жұмыстар ғана.

Науқастың қорытынды диагнозы:

Клиникада анықталған мәліметтермен, динамикада бақылаған өзгерістермен, салыстырмалы диагнозбен және спецификалық лабароторлық зертеу нәтижелері бойынша мынандай қортынды диагноз қойдым:

Жіті обтурационды флегмонозды-калькулезді холецистит

  Шығару эпикризі.

Науқас, Кабдыгалиева Сания Агыпаловна, 2.12.2008 жылы ЖМКА (БСМП) келіп түскен.

Түскен кездегі шағымдары: оң жақ қабырға астында ауырсыну, жүрек айну, көп ретті құсу, дене температурасының жоғарлауы, жалпы әлсіздік;

Жолдама диагнозы: Жедел калькулезді холецистит;

Лабораториялық және инструментальді зерттеу нәтижелеріне сүйене отырып:

ЖҚА Нв-120г/л, эритроциттер – 3,6х1012 /л, лейкоциттер – 9,0х109 /л, ЭТЖ-12, қандағы қант -9,3 ммоль/л.  Зәрде протеинурия;

Э.К.Г. нәтижесіне сүйене отырып: синусты тахикардия, ЖЖЖ-102 рет минутына, электр осі горизонтальді қалыпта, сол жақ қарыншаның гипертрофиясына тенденция;

У.Д.З. (бауыр, өт қабы, ұйқы безі, көкбауыр, бүйрек) нәтижелеріне сүйене отырып: өт жолдарында конкременттер анықталған;

Дәрілік заттармен ем жүргізілді:

— инфузионды терапия

— спазмолитиктер

— антибиотиктер

— ішке суық басу

Қабылдаған ем нәтижелерінде науқастың жағдайы жақсарған, тәбеті жақсы, көңіл күйі жақсы.

Науқастың жағдайы жақсарды,соңғы анализдері жақсы. Сондықтан мен бұл науқасты ауруханадан шығаруға шешім қабылдадым.

Материалды достарыңмен бөлісіңіз
comments powered by HyperComments
НашарОнша емесОрташаЖақсыТамаша (әлі баға қойылмады)
Загрузка...

Ұқсас материалдар ...