Ішек өтімсіздігі

ІШЕК ӨТІМСІЗДІГІ

Ішек өтімсіздігі — ішек бойымен нәжістің әртүрлі себептерімен жүрмей қалуынан туатын ауру. Ішек өтімсіздігін іш бүлігі тобына жататын аурулар ішінде сипаттары көп, қауіп-қатері мол аурулардың бірі.

Ішек өтімсіздігі бұрынғы уақытта дәрігерлерге аян болған. Ең негізгі симптомдары алғашқы мың жылдықта Н.Э.Гален және Гиппократпен айқындалған. Алғашқы орыстардың жұмысында ішек өтімсіздігі Н.М. Максимовичпен Амбодинге көрсетілген (1781).

Қазіргі кезде аса қоркынышты жағдай ішек өтімсіздігінің іш бүлігі тобындағы аурулар арасында жиі кездесуі және өлім пайызының азаймауы. Статистика мәліметтеріне жүгінетін болсақ ішек өтімсіздігімен ауырған адамдардың 4-30 пайызға дейіні шығын болады екен.

Статистика мәліметтеріне қарасак ішек өтімсіздігі болған адамдардың 23-78%-ке дейінгілері ауру басталғаннан бастап 24 сағаттан кейін емделетін көрінеді. Бұл аурудың қауіпті қатерлі екенін осы келтірілген сандардан-ақ айтып отыр. Ішек өтімсіздігі жедел көмек көрсететін хирургтар тәжірибесінде кездеседі. Ол барлық хирургиялық әдіспен емделетін аурулардың 3,5 пайызы. Ал енді іш бүлігі ауруларынан өлген адамдардың 39-40% осы ішек өтімсіздігінен өлетін көрінеді.

 

Ащы және тоқ ішектің анатомиясымен физиологиясы.

Ащы ішектің жалпы, ұзындығы 6,5 – 8,5 м болады. Соқыр ішекке карай түсіп шырышты қатпарларды құрап, бұлшық етпен қабатталған – Баугини заслонкасын түзеді. Бұл бұрыш илеоцекальді деп аталады.

Тоқ ішек тің ұзындығы 1,5 м. Бұдан соқыр ішекті, әкелгіш ішекті, бауыр бұрышы, көлденең – тоқ ішекті, көкбауыр бұрышты, әкеткіш ішекті, сигма тәрізді ішекті және тік ішекті ажыратады.

Ащы ішекпен және тоқ ішектің оң жақ жартысын жоғарғы – шажырқай артериясы канмен камтамассыз етеді. Тоқ ішектің сол жақ жартысын төменгі шажырқай артериясы қанмен камтамассыз етеді. Ішек веналары бір аттас артериялармен сәйкес болады. Төменгі шажырқай венасы жоғарғымен қосылып және көкбауыр венасы портальды венаның бағанын құрайды, ол бауырға қан тасымалдаушы.

Ащы ішекте асқазан және ұйқы безінің көмегімен дайындалған сұйықтықтарды және белоктарды, майларды, көмірсуларды сіңіру үрдісі жүргізіледі.

Тоқ ішекте ең басты судың сіңірілуі болады. Ащы ішектің 2/3 бөлігін алып тастағанда ағзада қоректену бұзылмайды, ол мықын ішектің резекциясында біраз ауыртпашылық тудыруы мүмкін. Ащы ішектің жарығында, ағзаның жүдеуіне және өлімге тез әкелуі мүмкін.

Тоқ ішекті толық алып тастағанда науқастың жағдайы өзгеріссіз, кейіннен жиі және сұйық нәжіс байқалады және де сұйықтықтарды қажет етіп тұрады.

Құрсақ ішілік нәрестеде әртүрлі аномалиялар болуы мүмкін, кейіннен ішек өтімсіздігіне әкеліп соқтырады.

  • Миккаль дивертикуласы. Илеоцекальді заслонкадан жоғары 30-100 см орналасқан және ащы ішектің өсіндісі болып тбылады, соқыр ішектен айырмашылығы шажырқай болмайды.
  • Гиршпрунг ауруы(мегаколон, мегасигма)- бұл тоқ ішектің толығымен кеңеюі немесе бір аймақтағы бөлігінің кеңеюі. Баланың тоқ ішегінің диаметрі 20-22 см болады.
  • Ішек атрезиясы, анустың атрезиясы
  • Мальтротация – 12елі ішектің жоғары тұруы.
  • Асқазан – ішек жолдарының кейбір бөліктерінің қосарлануы.

Ішек өтімсіздігінің этиологиясы (пайда болу себебі):

Жедел ішек өтімсіздігініңдамуында бейім және әсер ету факторларды айырамыз.

1 – топ  бейім болу факторы:

  1. туа біткен себебі (Мерккель дивертикуласы, мальротация, ішек атрезиясы, мықын және соқыр ішектің жалпы шажырқайы, әртүрлі қуыстар, құрсақ қуысына енуі, осының салдарынан ішек түйілуінің қысылуы болады.)
  2. ішектердің түйілуі, күш түсуі, жабысуы, қайырылуы, деформациясы, ішектің басылуы.
  3. ішек қуысында әртүрлі бөгде заттардың болуы (өт тастары, нәжіс тастары, аскаридалар және т.б.). Сонымен қатар ішек қабырғасында (ісінулер тыртықтар) немесе көрші мүшелерде кисталар, жүктілік жатыр және т.б).
  4. мүшелердің артық қозғалуы (сигманың ұзындығы, соқыр ішектің қозғалғыштығы).

Алиментарлы фактор (С.И. Спасокукоцкий, 1908)

  1. тамақтану ережесінің бұзылуы (уақытсыз тамақтану, көп сіңірілуі, қатты тағамдарды қолданғанда)
  2. Толық тамақтанбау, май клеткаларының азаюы, құрсақтағы бұлшық ет тонусының төмендеуі, ішектің моторлыфункциясының өзгеруі.

2-ші топ: Әсер ету факторлары:

  • құрсақ ішілік қысымның жедел көтерілуі
  • Физикалық күш түсу
  • Асқазан жолына көп тамақтың түсуі мен ауыртпашылық тудыруы
  • Ішектің түйілуі немесе салдануы, 30-60 жастағы әйелдерден қарағанда ер адамдар жедел ішек өтімсіздігімен 2 есе ауырады.100 000 ішінен 4-тен 20-ға дейін ауырады. (Перельман И.М, 1937Чухриенко Д.П 1958 ж). Хирургиялық аурулар ішінде орташа кездесетіндер 2-3 %-ды құрайды. (В.И. Стругков, 1956 А.Н.Шабанов 1956).

Енді осы аурумен қысқаша танысып өтейік. Алдымен ішек өтімсіздігі қалай жіктеледі екен соны көрейік. Ішек өтімсіздігі механикалық және динамикалық болып екі топқа бөлінеді.

Механикалық ішек өтімсіздігі кезінде ішектің қуысы әлдеқалай жабылып, бекітіліп қалады. Ішек қуысы бекітіліп қалғанда ішек іргесінің қан айналысы бұзылуына қарай механикалық ішек өтімсіздігі ішек қуысының бітелуі (обтурациялы) және ішектін түйінге қыстырылып қалуы (странгуляциялы) болып екіге бөлінеді.

Аурудың обтурациялы түріне себеп болатын мынадай жағдайлар: іш қуысындағы ағзалардың бір-бірімен жабысуы, туа біткен ақаулар, қатерлі және үра ісіктер, кездейсоқ ішек ішіне түскен заттар, әр түрлі ішек қуысында пайда болатын тастар, аскарида құрттары, ішекті әртүрлі қабынғаннан кейінгі қалатын тыртық және т.б.

Ішектің түйінге қыстырылуы түріне: ішек бұралуы (заворот), ішектің түйінделуі (узлообразование), ішектің жарық тесігінде қысылып қалуы, ішектің бір бөлігінің екінші бөлігіне енуі (инвагинация) жатады. Аурудың бұл түрі өте қауіпті, өйткені, ауру басталысымен ішек іргесінің қан айналысы нашарлап, аз уақыт ішінде түйінге қыстырылған ішек өліеттеніп кетеді де, жидіп жарылады. Оның ішіндегі нәжіс іш қуысына құйылып, іш астарының қабынуы перитонитке әкеліп согады.

Нәжістің ішек бойымен жүрмей қалуы кейде оның қуысы тарылмай, ешқандай заттармен не ісікпен бекітілмей, тек жиырылып созылу қабілетінің (перистальтика) бұзылуынан болады. Аурудың бұл түрін динамикалық ішек өтімсіздігі деп атайды. Перистальтика екі түрде бұзылады. Бірде ішек іргесі қатты жиырылып тұрып қалады. Бұл статистикалық түрі, кейде ішек іргесі жиырылмай созыла береді, бүл паралитикалық түрі. Динамикалық іш өтімсіздігіне себеп болатын жағдайлар:

  • Іштің жарақаттануы
  • Іш астарының сыртына қан ұюы. Іш астарының кабынуы. Бүйрек шаншуы.
  • Ішек іргесіндегі құрт аурулары
  • Жүрек инфарктісі Невроздар
  • Миға қан кұйылуы
  • Никотин
  • Кокаин
  • Қорғасынмен улану
  • Қандағы кальцийдің азаюы

Ішек өтімсіздігінің пайда болу себептерінен басқа ішектің түйілу деңгейіне байланысты жоғары және төмен түйілулері болады.

Ішек өтімсіздігі кезінде болатын өзгерістер. Ең алдымен ішек өтімсіздігінің механикалық түрі туралы, обтурациялық ішек өтімсіздігі кезінде ішек қуысы жіңішкеріп қалады, не болмаса мүлдем жабылады. Ішек көбіне іш жағынан таспен, ісікпен, аскарида тобымен, кездейсоқ заттармен бекіп, жабылып қалады. Ішек қуысы сыртынан ісікпен, не жабысу процессімен, қабыну кезіндегі ісікпен басылып қалады. Көбіне ішектің бекітілген жерден жоғарғы бөлігі зардап шегеді. Ішек қуысы қай деңгейде бекітіліп қалса да оның іргесі бұзыла бастайды. Кедергіге дейінгі ішек бөлігі кеңейеді, қан тамырлары білеуленіп, қан жүрісіне нашарлайды, ішектің ішкі қабаты қанталап кетеді. Бастапқы кедергіге дейінгі ішектің түсі қызарады, одан әрі іседі, біраздан соң ішектің басылып не бекітіліп қалған жерінің қан айналысы нашарлайды өлі еттеніп шіриді. Уақыт өте келе жарылады. Кедергіден кейінгі ішек әбден босап қалады, ішектің сыртқы түсі көпке дейін өзгермейді, бірақ ішектің бұл бөлігі де қабынып, бүліне бастайды. Кедергіге дейінгі ішектің он бес- жиырма сантиметрі ал кедергіден кейінгі ішектің он сантиметрдей бөлігі өлі еттеніп қарайып кетеді. Қабыну және бүліну процессі ішектің ішкі қабатынан басталады да біртіндеп басқа қабаттарына жалгасады. Қан айналысы нашарлағанда қан тамырларынан қанның сұйық бөлігі ішек қуысына құйылады. Кейде тіпті іш қуысна құйылады да сарысу пайда болады. Ішек өтімсіздігі болғандағы сарысу қан аралас болады. Сарысуға тез арада микробтар қосылып іріңге айналады.

Ішек өтімсіздігінің обтурациялық түрінде бұл айтылған өзгерістер кедергінің деңгейіне қарай дамиды. Кедергі тым жоғары болса, соғұрлым өзгерістер де жылдам пайда болады. Өйткені, организм аз уақыт ішінде қанның сұйық бөлігінен ферменттер, тұздар, тағы сондай өмір сүруге керек заттардан айрылып қалады. Ішек қуысы бірден бекітіліп қалмай біртіндеп жіңішкерген кедергіге дейінгі ішек іргесі қатайып кеңейе береді.

Ішек өтімсіздігінің странгуляциялық түрі кездескенде ішектегі өзгерістер өте айқын және әрқилы болады. Өйткені, ішек өтімсіздігіне тек ішек іргесі ғана қатысып қоймайды, оган қан тамырлары, нерв талшықтары өтетін шажырқай да ілігеді. Странгуляциялық ішек өтімсіздігі төрт түрде кездесетінін жоғарыда келтірілген болатынбыз. Енді соларға тікелей тоқталайық.

Ішектің бұралуы ішектің өз осінің айналасында бұралып, ширатылып қалуы. Түйін көбіне еркін қозғалыста болатын ішек бөліктерінде болады. Көбіне бүралып қалу ашы ігцекте, шажырқайы ұяң болып кездескенде сигма тәріздес ішекте, мықын ішегі мен бүйен шажырқайы бір болып кездескенде болады. Ішектің бұзылып қалуы шығыс Европа елдерінде жиі кездесетін көрінеді. Ішек бұралуы көбіне үлкен ер адамдарда кездеседі. Ішедсгің қан айналысының бұзылуы бұралу шырайына қарай білінеді. Егер ішек өз осі бойымен 180° бұралса қан айналысы өзгермеуі мүмкін. Ал 270-360°-қа бұрылғанда шажырқайда өтетін қан тамырлары әбден қысылып қалады да ішек аз уақыт ішінде өліеттеніп кетеді

Ішек өтімсіздігі

Ішектің бұралуы

Аурудың ең ауыр түрі ішек өтімсіздігі. Ішек өтімсіздігі ішектердің бір бірімен байланып түйнектелуі. Түйнекке ащы ішек бөліктері мен тоқ ішек қатысады. Ішек түйнектелгенде ауру адамның қалпы күрт нашарлап кетеді. Түйнек басталған кезден 12 сағат ішінде қайтыс болып кеткен туралы байқаулар арнаулы әдебиеттерде кездеседі. Аурудың бұлай тым жеделдеуіне түйнекке қатысқан ішектердің тым аз уақыт ішінде өлі еттенуі және түйнекке әдетте ішектің көптеген бөліктері қатысатындықтан ішке сарысу (жалқаяқ) көбейіп, адам денесіндегі су күрт азайып кетеді. Ішектің өлі еттенуі ішек ішінде микробтардың сарысуға араласып перитониттің іріңдеу түріне айналады. Осы айтылган өзгерістер өте тез дамитындықтан түйнек болған адам арасындағы өлім проценті өте жоғары 40-50% ке дейін барады.

Странгуляциялык ішек өтімсіздігіне іш қуысындағы болған ауруларда, операциядан кейін органдардың бір бірімен жабысуы себеп болады. Аурудың бұл түрі өте жиі кездеседі. Көбіне аппендицит туралы жасалған операциядан кейін болады. Олай болатыны аппендицит өте жиі кездеседі және қабыну процесінен кейін әдетте ағзалардың жабысып қалуымен аяқталады.

Ішектің бір бөлігіне екінші бөлігінің енуі (инвагинация) әртүрлі болып кездеседі. Жоғарғы не төмен кейде бүйірлес. Ащы ішектің тоқ ішекке, ащы ішектің ащы ішекке, ащы ішектің бүйенге енуі жиі кездеседі.

Инвагинация іш өтімсіздігінің екі түріне де жатады. Ішектің бір бөлігі екінші бөлігіне енгенде оның қуысы бекітіледі де аурудың обтурациялық түрі болса, инвагинацияға ішек шажырқайымен бірге қатысы онда аурудың странгуляциялық түрі болады.

Аурудың ағымы аурудың жасына байланысты әртүрлі жағдайда кездеседі. Жас балаларда өте жедел қатты ауыратын болса, үлкен адамдарда сипаты біртіндеп айқындалады, кейде созылмалы түрге айналуы мүмкін. Инвагинацияға қатыскан ішек шіріп тесіледі де, нәжіс іш қуысына құйылып перитонитке әкеліп соғады.

Ішек өтімсіздігі ауруының қай түрі кездессе де ауруға тек ішек қана қатысып қоймайды, оған бүкіл организм жауап береді. Ауру ошағынан басталған импульстардан бастап зат алмасу процессіндегі өте күрделі өзгерістер адам денесіндегі органдар мен системаларга әсерін тигізеді.

Ауруды зерттеудегі мен күрделісі оның дамуы. Бұл мәселе әлі шешілді деуге болмайды, сонда осы кезге дейін аурудың дамуын қалай түсінетінімізді айта кетелік. Аурудың дамуын түсіндіру үшін көптеген теориялар ұсынылған. Оларға улану теориясы, рефлекторлық нерв теориясы, гуморальдық, дегидратация теориясы, ас қорыту сөлдері айналысының бұзылуы және т.б. жатады. Әр теория тұтас процесстің бір бөлшегін қарағандықтан бұларға жеке-жеке мән бергенмен басын қосып әр теориядан ауруды түсіндіретін жерін ғана алған жөн болса керек.

Ішек өтімсіздігі ауруының дамуын талқылағанда ауру негізін түсіндіретін көп жағдайларға көңіл бөлу керек. Ішек өтімсіздігінің қай түрін алсаңыз да бәріне тән белгі нәжістің ішек бойымен қозғалысының тоқтауы. Осыған байланысты ішек қуысындағы астын қорытылуы бұзылады. Ішек өтімсіздігіне қатысқан ішек іргесі қабынады. Қанның сұйық бөлігімен қоса су, ақуыз, әлектролиттер көп мөлшерде жоғалады да осы өзгерістер басқа органдарға әсер етеді.

Ішек өтімсіздігі ішектің жоғаргы бөлігінде болса аурудың сипаттары жылдамданып, шектегі және жалпы өзгерістер аз уақыт ішінде үдеп кетеді. Странгуляциялы түрінде де ауру сипаттары тез арада айқындалады.

Ішек өтімсіздігінің әртүрінде ауру дамуының ерекшелігі бар. Ол ішек іргесіндегі қан айналысын нашарлауына, ауруға ішектің қай бөлігі қатысқаны, улану дәрежесі және аллергиялық реакцияга байланысты.

Ауру дамуының жалпы схемасына көз жіберсек нәжістің ішек бойымен қозғалуы кенет тоқтағанда міндетті түрде іш ауырғаны сезіледі. Іш ауруының күштілігі аурудың кейбір түрлерінде шок жағдайына дейін барады. Ауру импульстарына бүкіл организм болып ең алдымен жоғарғы нерв жүйесі, жүрек және қан тамырлары жүйесі, гипоталамус, гипофиз, бүйрек безі, ұйқы безі, бауыр және бүйректер жауап береді. Күшті ауру импульстарына жауап ретінде қан айналысында күрт өзгерістер болады. Қан қысымы төмендейді. Егер импульстер тоқтамай ауру ошағы сөнбей тұра берсе, мидағы қозу және тежелу процесі бұзылады да, оның өмірге маңызы зор мүшелерге реттеу ықпалы нашарлайды. Нерв жүйесіндегі бұл өзгеріс тек аурудың негізгі кезін жойғанда ішек өтімсіздігінің ыдыратқанда басылады.

Нәжіс жүрісіне кедергі пайда болғанға дейін ішек бөлігі өте қатты қозғалысқа түседі. Перистальтика басында өте қызу жүрсе біраздан соң бәсеңдеп әбден тоқталады да, ішек жиырылу қабілетінен айрылады, әрі қарай ішек ішіне жиналган нәжіс, жел бәрі оны керней береді. Ішек бүрлерінің тамақ сіңіруі бәсеңдеп тоқталады. Осы кезде ішектің кедергіден төменгі бөлігінде керісінше тамақ сіңіруі өте жоғарылап кетеді де ішек босап қалады.

Ішек іргесіндегі қабыну процесі алдымен ішкі қабатында болса уақыт өте келе барлық іргесіне тарайды. Іш қабатындагы эпителий босап, оның барьерлік қызметі нашарлайды. Осы кезде ішек ішін жайлаған микробтар іш қуысына өте бастайды. Іш қуысына жиналган сарысу іріңдеп, іш астары қабынады.

Ішек қозғалысы бәсеңдеп тоқтаған соң оның ішіндегі сұйық заттар көбейе береді және оның улы қасиеті арта түседі. Олай болатын себебі ауырмай түрған кездегі ішек іштің жайлайтын микробтар улы түрге айналып олардың дамуына қолайлы жағдай туады. Бұл жағдай аурудың дамуына негізгі үзіктер деуге болады. Ішек қуысындағы өзгерістер тек кедергіге дейінгі бөлікте ғана болмай одан жоғары жалғаса береді де аурудың жалпы жағдайы нашарлайды.

Ауру дамуындағы негізгі факторларына организмнің суды әлектролиттерді, белок және ферменттерді жоғалтуы жатады. Бір тәулікте ас қорыту жүйесінде 8-10 л суық зат бөлінетін көрінеді. Оның ішінде тікелей 1500 мл, қарын сөлі 2500 мл, өт 500 мл, ащы шек -300 мл, ұйқы безінің сөлі -700 мл. Бұлардың бәрінің құрамында көптеген электролиттер, белок және ферменттер бар. Осы сұйық зат құрамындағы су клеткалардан тысқарылаудың 60% болады. Ал организм клеткадан тысқары судың 3/1 айырылса, қанның құрамында өте үлкен өзгерістер болады. Ішек өтімсіздігі кезінде аз уақыт ішінде клеткадан тысқары жердегі судың жартысына дейін жоғалтып оны қайтарып ала алмайды. Ондай шығын тәулігіне 2,5 л дейін барады. Сонымен ауру адам тәулігіне 10-12 л судан айрылады. Оның өзі қанның көлемін азайтып қоюландырады және жүрек пен қан тамырларының жұмысына күш түсіреді.

Организмдегі судың жетіспеушілігі (дегидратация) тіндерде осмостық қысымды өзгертіп, ішек қуысындағы сіңіру процессін төмендете түседі және қорытылған заттардың дұрыс тарауына бөгет жасайды. Белоктардың ыдырауы күшейе түседі. Ақыры организмде белок жетіспей қалады.

Кедергіге дейінгі ішек қуысында жиналған сумен, қарын және ішек сөлімен қоса, құсықпен ауру өте көп электролиттер мен белоктардан айырылады. Қан және тіндерде кальцийдің жетіспеуі ішектің перистальтикасын төмендете түседі, жүрек етінің күшін азайтады, ол қан қысымының төмендеп кетуіне әкеліп соғады. Қан құрамында хлоридтер өзінің әдеттегі шамасынан екі есе төмендеп кетеді.

Организмнің улануына қабынудың үдей түсуі, белок ыдыраған кездегі қалдықтары, микробтардың және оның токсиндерінің көбеюі және олардың қанға сіңуі әсер етеді. Аса көп өзгерістер бауырда, бүйректе, бүйрек безінде, гипофизде болады.

Іш өтімсіздігі кезіндегі өзгерістер өміріне өте қауіпті. Оларды тек ем шараларын жүргізіп бөгеуге болады. Өзді өзінен ішек өтімсіздігі ыдырауы некен саяқ. «Ауруды уақытында емдемесе өлім әшкере етеді» — деген мәтел осы ауру туралы айтылған ба деп қаласың.

Ауру сипаттары. Аурудың ең басты белгісі іш ауруы. Іш ауруының іш бүлігі тобына жататын аурулардан ерекшелігі толғақ секілді әлсін-әлсін үстауында. Іш ауруы кенеттен көбіне түн мезгілінде басталады. Аурудың кенеттен басталуы ішектің бұралуын, түйілуін және бір ішектің екінші ішекке енуін сипаттайды. Іш аурулар алдында көп уақыт тамақ ішпей жүріп, тамақты қомағайлықпен ішіп жеп қою, ауыр жүк тасу, іш өтуі не керісінше қатуы, іштің қатты соғылуы сияқты жағдайлар болуы мүмкін.

Кейбір ауруларды іш ауруы қатты білінбей біртіндеп басталады. Аурудың бұлай басталуы көбіне тоқ ішектің қатерлі ісіктерінде болады. Ауру көп уақыт ішінің кеуіп, жайсыз болғанын сезіп жүреді де, іш ауруы кейін басталады.

Странгуляциялық ішек өтімсіздігі, әсіресе, ішектің жоғарғы бөлігінде болғанда, іш ауруынан өте күштілігімен сипатталады. Ауру адам ыңырсып жатады, көмек сұрайды. Ал перистальтика толқыны қайта келгенде іштің ауырғаны одан сайын күшейеді де, адам қатты ыңырсиды не болмаса айқайлайды. Бұл кезде адам жанын қоярға жер таба алмай төсекке біресе былай, біресе былай жатып тыныштық табаны жайлы күй іздейді. Ауру ұстамасы ептеп басылады да екі үш, кейде 10-15, не болмаса 30 минуттан соң қайта күшейеді. Ауру ұстамасы көбіне бір екі минуттей болады. Аурудың осылай толғақ секілді қайталауы медицина термині бойынша илеусті ауру деп аталады. Илеуіс латынша ішек бұралуы, өтімсіздігі деген мағына.

Ауру басталған кезде ауру ұстамасы арасында іш ауырғаны жиырма отыз минуттай әбден жойылып кетеді. Оны әсіресе жас балалардан өте айқын көруге болады. Ауру ұстамасы арасында ойнап күліп отырған бала бір мезгілде шыр етіп жылайды, осы жерде ішіне қол тигізбейді.

Ауру ұстамасы кезінде кейбір адамның ішінде шуылдаған, қорылдаған шу пайда болады. Іштегі әртүрлі дыбыстардың күштілігі сондай көрші бөлмелерге естіледі. Дыбыстардың пайда болуы іш ауруының басталуымен сәйкес келеді. Біраз уақыттан соң іш ауруы қайталап жаңағы іштегі қорылдап, шырылдаган дауыстар қайта басталады. Ол дыбыстар ішек ішіндегі нәжіс пен газдардың ішектердің жіңішкерген жерінен өткен кезде өте кеңейген ішек ішіндегі нәжіс пен газдардың қозғалысы кезінде естіледі.

Ішек өтімсіздігінің обтурациялық түрінде іш ауруы көпке дейін толғақ тәрізді және онша қатты болмайды. Паралитикалық түрінде іш сыздап кернеп ауырады және біртіндеп үдейді.

Спастикалық түрі кездескен обтурациялық өтімсіздік кезінде болатын толғақ тәріздес болып ауырады.

Аурудың негізгі сипаттарының бірі құсу. Іш ауру ұстамасы секілді құсу да ауруға біраз азап шектіреді.

Ішек өтімсіздігінің странгуляциялық түрі болған кезде құсық рефлексті негізде пайда болады да ауруға ешқандай жеңілдік келтірілмейді. Ішек өтімсіздігінің деңгейі жоғары болса құсық өте жиі келеді. Алдымен қарын ішіндегісі құсықпен шығады, сосын өтпен қоса ұлтабар ішідегісі, одан соң ащы ішектің жоғарғы бөлігінің ішіндегісі құсықпен шығады. Олай болатын себебі ішек перистальтикасы бәсеңдеп әбден тоқтаған кезде қарын қатпары босап ашылып қалады да ұлтабар ащы ішек ішіндегілері қарынға құйылуы мүмкін. Әрі қарай құсық иесі өте жағымсыз болып кетеді. Іш өтімсіздігі көлденең тоқ ішегі тұсында болғанда мықын ащы ішегі бүйенге жалғасқан жеріндегі сфинктер, ашылып тоқ ішектегі нәжіс ащы ішекке құйылады. Микробтардың өте жылдам таралуынан құсықтан иісі тіпті үлкен дәрет иісіндей жағымсыз болып кетеді. Құсықтың мұндай жағымсыз иісі ішек өтімсіздігі көп уақытқа созылғанда болады.

Ішек өтімсіздігін баяндайтын ауру сипаттарының бірі үлкен дәреттің тоқтап, желдің шықпай қалуы. Ауруды басталған кезде іш ауырғанына жауап ретінде не ішек бойындағы пайда болған кедергі үлкен дәретті тоқтатты, желді шығармай тастаса, аурудың дамыған кезінде іш астарының қабынуы қосылғанда үлкен дәрет тоқтауын ішек парезінен білу керек.

Ішек өтімсіздігінің деңгейі жоғары болғанда, ішектің төменгі бөлігіндегі нәжіс, жел шығуы мүмкін. Бірақ, оның өзі клизмадан кейін болады. Ауру басталғаннан кейін өз бетімен үлкен дәрет келмейді. Клизмадан кейін кейде дәрігердің ауру туралы ойын шатастырып жібереді.

Ауру сипаттарының ішінде тағы бір жиі кездесетіні іштің кебуі. Іш кебуінің көбіне ішек бұралысы болғанда айқын көрінеді. Іш іргесі кеуіп кеткен ішек тұсында қампайып көтеріліп тұрады, ал іштің басқа бөліктері бұрынғы қалпында қалады да, іштің ауырмай тұрған симметриясы бұзылады. Арық адамдарда іш іргесінен бұралып қалған ішекті байқауға болады. Аурудың бұл сипаты бір кезде «қисық қарын» деп аталған. Ауру басталған кезде іштің кебуі ауру ұстамасы кезінде ғана болады. Аурудың динамикалык түрі кездескенде әсіресе, ішек парезі болған жағдайда іш жалпы біркелкі кеуіп тұратындықтан бұл белгі оларда болмайды.

Егер бұралып қалған ішек не кедергіге дейінгі ішек босамайтындай жағдай болса әбден кеңейіп, перистальтикасы жоғалғанда да іштің кебуі басылмайды.

Ауру басталған кезде бірер сағат ішінде көп аурулардың тамыр соғуы сирейді, ал қан қысымы көтеріледі. Уақыт өте келе тамыр соғуы жиіленеді де, қанның қысымы төмендей бастайды. Ауру ұстамасы кезінде адам тынышсыз болса, одан кейін ыңырсығаны басылып тыныш жатады. Демалысы тамыр соғуына сәйкес ауру дамыған сайын жиіленіп, бара бара үстірттік пайда болады. Қатты дем алған кезде іш ауыратын болғандықтан демалыс үстірт болады. Температура бастапқы кезде әдеттегідей, ауру үдей келе көтеріліп 38°-ге дейін барады.

Тіл көпке дейін дымқыл болады, бірақ, ауру басталысымен қатпарланады. Ауру басталған кезде тіл ағарып қатпарланса, іш астары қабынғанда қоңыр не жасылданып кетеді және құрғайды. Ауыздан жағымсыз іс келеді. Ал ауру асқынған кезде иіс сасық болады.

Уақыт өте келе ауру сипаттары өзгере бастайды. Өте күшті іш ауруы бәсеңдейді. Ішек парезі басталған соң ауру ұстамы басылады да, іш үнемі ауырып тұратын болады. Іштің кебуі біркелкі тамыр соғуы жиіленеді де, ауру жағдайы өте нашарлайды. Бұл айтылғандардың бәрі іш астарының қабынуын көрсететін ауру сипаттары.

Ішек өтімсіздігінің деңгейі өте төмен обтурациялық түрі болса, ауру жағдайы 2-3 күндей, кейде одан да ұзақ уақыт орташа болып төмендейді. Бірақ, ауру жағдайы күрт өзгеріп нашарлағанда оны емдеуге келмей қалады. Осыған орай ішек өтімсіздігі басталған кезден ауру жағдайы нашар деп есептеп, осы тұрғыдан ем шараларын жоспарлау керек.

Организмдегі судың жоғалуы, улану, қан айналысының нашарлауы, іш органдарының азып білінуі уақыт өткен сайын үдей түседі. Осы өзгерістердің қай уақытта тоқтап, кейде қйта қалпына келетін мезгілді білу өте қиын.

Жалпы аурудың басталғаннан аяғына дейінгі уақытты үш кезеңге бөлуге болады.

  • Бірінші, бастапқы кезеңде іш ауруы, іш ұстамасы мен шок болады
  • екінші аралық кезеңде қан айналысы нашарлайды, денедегі су азаяды (дегидратация), іш ауруы бәсеңдеп ауру ұстамасы азаяды
  • үшінші соңғы (терминальді) кезең. Аурудың бұл үш кезеңі бір біріне ауысып отыруын қадағалау қиын. Кейде ауру ағымы өте жылдам болады.

Ауру 5-6 сағат ішінде өліп кетуі мүмкін. Ал кейде ауру сипаттары біртіндеп дамуы да соңғы кезеңі 6-7 күннен кейін басталады.

Ішек өтімсіздігінің деңгейі жогары болса денедегі судың азайғандығы болатын ауру сипаттары:

  • шөлдеу
  • ауыздың құрғауы
  • көздің үңірейіп, мұрынның үшкірленуі
  • кіші дәрет мөлшерінің азаюы
  • тез арада өтетін арықтау ерте білінеді.

Қан кұрамындағы кальций мөлшерінің азаюы дене козғалысының төмендеуін, бұлшық еттер тонуысының төмендеуінен, ұйқышылық пайда болуы, есінен танып сандырақтағынынан байқалады.

Егер ішек өтімсіздігі уақытында жойылмаса ауру тағдыры көбіне организмде болып жатқан өзгерістердің қауіптілігіне байланысты.

Іш өтімсіздігі көбінесе іш астарының қабынуымен тынады. Іш астары қабынуы өте қауіпті, ауру аяқталып келе жатқанын көрсететін қауіпті белгі. Перитонитпен асқынғанда адам ешнәрсеге көңіл аудармай, селсоқ жатады. Іш ауруының күштілігі бәсеңдегенмен үнемі ауырып тұрады да күшейе бастайды. Ауру бетінен мазасызданған қорқу нышанын көруге болады. Құсудың орнына үнемі ықылық атып лоқсыған кезде иісі жаман қаракүрең зат үнемі келіп тұрады. Екі көзі үңірейіп мұрны сүйірленіп, денесі қоңыр тартып кетеді, ауру ауызымен дем алады, еріндері безеріп жарылып, тістері қоңырқай қатпарланады. өзі үстірттік демалыстық қатты ықылық бөліп отырады. Іш кеңіп үлкейеді, тыңдағанда ішек шуылы естілмейді. Тамыр соғуы жиіленіп, қан қысымы төмендейд. Улану белгілері үдей түседі. Кіші дәретінің мөлшері азайып кетеді. Зерттеуге келетін мүшелерде өте азған. Бүлінген өзгерістерді байқауга болады, біртіндеп негізгі өмір сүруге маңызды мүшелердің жұмысы нашарлап, өмір өше бастайды. Аурудың соңғы кезеңінде аяқ қол көгеріп суыйды. Бұл кезең көбінде өліммен аяқталады.

Ішек өтімсіздігімен ауырған адамның өліміне перитонит басты себеп болады. Ішек өтімсіздігінен өлімге болатын екінші жағдай — организмде болатын өзгерістер — судың көп мөлшерінде жогалуы дегидротация, интоксикация, қан күрамын және қанның азаюы, барлық зат алмасу процесінің бүлінуі. Осы айтылган өзгерістер өмір сүруге ең маңызды мүшелерді (жүрек, бауыр, бүйрек, ми) аздырып бүлдіреді де өлімге әкеліп соғады.

Ішек өтімсіздігінің странгуляциялық түрі болғанда оған ішектің көп бөліктері қатысқанда жоғары келтірілгендей, ауру бірнеше сағаттың ішінде іштің қатты ауырғанынан болатын шоктан қайтыс болады. Жүрек қан тамырлары өкпе, бауыр, бүйрек аурулары да бар адамдарда ішек өтімсіздігі болса осы айтылган мүшелердің қызметінің бұзылуы не жетіспеушілігі аурудың сәтсіз аяқталуына себеп болады.

Мысалы, жүректе ақауы бар адамда жүрек қызметі нашарлайды, өкпесі ауыратын адамның демалысы нашарлайды т.т. Кейде ауру іш астары асқыну кезеңіне жетпей осы органдардың қызметі нашарлауынан қайтыс болып кетеді.

Сонымен, ішек өтімсіздігімен ауырған адам көптеген шиеленесі мол ауыр жағдайға душар болады. Аурудың немен қалай, тынатыны ішек өтімсіздігінің түріне, оның деңгейіне және адамның ауруға қарсы тұратын кабілетіне, қосалқы аурулардың жоғына байланысты болады.

Диагноз (ауруды айыру) қою үшін жоғарыда келтірілген ауру сипаттарын білу қажет, оған қоса біраз лабораториялық зерттеулер жүргізу керек. Әрине, ауру зерттеу әдістері тек дәрігер қолында болғандықтан іш ауырысымен ауруды дәрігерге апарған, не болмаса дәрігерді ауруға шақырған жөн.

Норенберг – Чарквиани бойынша ішек өтімсіздігінің ағымында 3 кезең ажыратылады.

  • 1-кезең. Бастапқы кезең жақын арады дамиды. Осы кезеңнің  доминирленген симптомы болатын ауырсыну, жиі асқынуы болатын шок жағдайы. Құрсақ қуысын рентгенограммаға қайта түсіргенде газды көпіршік анықталады, бірақ сұйықтық деңгейі байқалмайды.
  • 2-кезең. Аралық кезең (12-36 сағат) Осы кезеңге гемодинамикалық ығысу және пульстің жиілігі тән, АҚ қысымының төмендеуі. Ауырсыну өзінің ұстама тәрізді сипатын жоғлтып, ауырсыну тұрақты болып тұрады. Іш кепкен ассиметриялы ішек перистальтикасы тыныштық жағдайда ауысып тамшы тамғандай шу естіледі. Нәжіс тоқтап ауаға толады. Эритроцитоз гипергемоглобинутрия – қанның ұю, құрғау болады. Жиі клойбер табақшасы  анықталады “шайқалу шуы” оң.
  • 3-кезең. Кеш немесе терминальді 36 сағаттан соң дамиды. Функциональды өзгерістер және тұрақты болады. Гемодинамика бұзылысының өршуі: пульс жиі, кіші, АҚ қысымы төмен, тілі құрғақ, “терка” нәжіс иісті құсық, алигурия іш кепкен, перистальтикалар жоқ. Көптеген клойбер табақшасы.

 

Рентгенологиялық өзгерістер.

Жедел ішек өтімсіздігінде келесі рентгенологиялық өзгерістері бар: Клоибер табақшасы – сұйықтық деңгейі купала тәрізді оның үстінде табақшаның түбіне ұқсас болып тұрады.

Науқасты қозғалтқанда деңгей өзгереді. Странгуляционды өтімсіздікте 1 сағаттан кейін табақша пайда болады, ал обтурацияда 3-5 сағаттан кейін. Табақша саны 1-ден 15-ке дейін және одан да көп болуы мүмкін.

Жедел ішек өтімсіздігі кезіндегі дифференциялдық диагноз.

  1. жедел аппендицит
  2. асқазанмен 12 елі ішектің тесілуі
  3. жедел панкреатит
  4. мезинтермальді тамырлардың трамбозымен эмболиясы
  5. жедел холецистит
  6. жатырдан тыс жүктіліктің үзілуі
  7. бүйрек коменасы
  8. алиментарлы интоксикация
  9. пневмония
  10. миокард инфаркті
  11. жүктілік және ЖІӨ
  12. жыныс безінің айналуы.

1.Жедел аппендицитпен – жедел аппендицит кезінде ауру сезімі орташа ауырлық болады, яғни ылғи мықын аймағының оң жақ бөліміне беріледі және де сол жерде бұлшықеттің ауыруы мен тырысуы болады. Керек жағдайда ауырсыну сезімі жойылмалы, ал құрсақ қабырғасы жұмсақ ауырсынусыз. Аппендицит кезінде науқастың қимылдары тыныш, ал өтімсіздік кезінде тынымсыз. Ішек өтімсіздігінде Клатбер тостағаншалары пайда болады.

2.Ойық жарада – пышақ сұққылағандай ауыру, құрсақ қабырғасы аурсынусыз, тез кернеу, тақтай тәрізді іш. Щеткина – Блюмбет симптомы лезде оң. Науқас өзіне қолайлы қалыпқа келіп, бауыр үстіне перкуссия жасағанда тимпаникалық дыбыс. Құсу өте сирек кездеседі. Ойық жара кезінде құрсаұ қуысын рентгеноскопия жасағанда диафрагма күмбезі астында газ бар.

3.Жедел холецитте – ұстама тәрізді ауру, оң жақ қабырға астында бұлшықет тырысуы, дене температурасының 38-39С өт қабы пальпацияланады, сарғаю оң жақ иыққа ауырсыну иррадияциясы және жауырынға.

4.Жедел панкреотитте – қатты ауырсыну, қал жағдайы ауыр, құсу. Ауырсыну эпигастрит аймағында локализденіп арқаға иррадиацияланады, сол жақ жауырынға және де белді орап ауыру болады. Зәр анализінде диастаза жоғары 256-1024 бірлік, Вольчемуту бойынша да көп қайталанбалы құсу.

5.Аналық безінің кистасында – тұрақты ауыру, бірақ толғақ тәрізді емес, ісік кіші жамбастан келеді. Құрсақ қуысының рентгенографиясында КН симптомы – жоқ.

6.Жатырдан тыс жүктілікті үзуде – науқастың қалпы өз — өзін ұстауы тыныш (етеккірінің) бұзылуы тән, бірақ барлық жағдайларда емес, ал жатырдан тыс жүктілік болады. Анемия, бозғылт. Нв- төмен болды.

7.Бүйрек шаншуы – іште жиі ауырсыну, құсу науқастың тынымсыз болуы, іштің желденуі, жұмсақ іш (жалпы симптом). Бүйрек шаншуы кезіндегі ауырсыну сезімі белаймағында және шаб аймағына иррадиацияланды. Дизуриялықбұзылыстар болуы мүмкін, симптом Пастернацкий оң зәр анализінде – эритроцит, лейкоцит, ақуыз.

8.Алиментарлы интоксикация – жалпы симптомы: іште жиі ауырсыну, құсу, жұмсақ іш, ауырсынусыз. Бірақ алиментарлы интоксикация кезінде іште ауырсыну жиі іш өтуден кейін басталады. Іш арқылы білінбейтін әлсіз перистальтика анықталады. Дене температурасы көбінесе жоғары болады.

9.Пневмония — өкпенің төменгі бөліктеріндегі пневмония ығысқан, ішек өтімсіздігіне әкеледі. Пневмонияға тән көріністер: жоғары температура 40 С –қа дейін, жиі дем алу, ауыскультация кезінде сырылдар, пневра қуысының үйкелу шуылы, перкуссия кезінде тұйықталған, ең маңыздысы рентгенологиялық мәліметтер (өкпедегі қараю)

10.Миокард инфарктісі – гастрологиялық және абдоминальдық формасы ығысқан ішек өтімсіздігіне әкелуі мүмкін. Бірақ инфаркт кезінде жүрек әлсіздігі, тұйықталған тондар, жүрек шекараларының кеңеюі, жиі және  аритмиялық пульс, ЭКГ арқылы диагнозға дәлелдеуге болады.

11.Мезициальды қан тамырларының эмболиясы және тромбозы – симптомдары: ішек өтімсіздігімен ұқсас болып келеді. Бұнда іштегі қатты ауырсыну, жалпы жағдайы ауыр, жүрек айну, іштің жұмсақ болуы, іштің кебуі және қатуы калиопс пен шоктың жылдам дамуы. Ішек инфарктісі кезінде көбінесе перистальтикасы болмайды, кішігірім іштің кебуі, динамикалық өтімсіздік, нәжісте қан болу және т/к ішекті саусақпен қарағанда егде жастағы адамдарда атеросклероз жүрген ауруларында ішастар зоптамырының тромбозы жиі болады. Салыстырмалы диагностика кезінде механикалық өтімсіздіктен қан тамыр бітелуін рентгенологиялық зерттеуден анықтауға болады.

Ішек өтімсіздігі бар ауруды емдеу тәсілдері. Іш бүлігі тобына жататын ауруларды емдеу проблемасындағы өзекті сұрақтардың бірі — ем шараларын ұйымдастыру ішек өтімсіздігі бар ауруларды емдегенде бірінші болып қойылады. Емдеуді ойдағыдай ұйымдастырмайынша хирургиялық көмекті толық болады деу қиын. Егер көптеген клиникалардың іш өтімсіздігін емдегендегі нәтижелеріне көз салсаңыз осы аурудан өлген адамдардың көбі дәрігерге кеш келгені байқалган. Осындай шығатыны ауруханаға кеш жатқызу, ауру асқынған сайын оның негізгі сипаттары жойылып диагноз қою қиындайды, одан әрі ем шаралары уақытында қолданылмайды, операция кеш жасалады. Байқасаңыз, бір-біріне ұштасып жатқан себептер. Бірақ, оның түп негізінде аурудың дәрігерге кеш қаралуы. Осы кітапшаны жазуға себеп болған осы жайлар болатын.

Емдеу процесі мынадай сатылардан тұру керек.

  1. Ем шараларының ең басты бөлігі аурудың дәрігерге ерте қаралуы.
  2. Одан кейін ауруды уақытында аурухананың хирургиялық бөлімшесіне жатқызу.
  3. Ауруханада дәрі дәрмек арқылы өмір сүруге маңызды органдарды болган өзгерістерді, қан құрамындағы өзгерістерді түзету үшін ем қолдану.
  4. Уақытында және толық жасалган операция .
  5. Ем шараларын операциядан кейін әрі қарай жалғастыру.

Емдеу шараларының бірінші сатысы туралы осы тараудың басында ғана айтылды. Уақытында дәрігерге қаралған ауруларда аурудың асқынуы болмайды. «Қаралған қарап қалмайды», — деп қазақ бекер айтпаған. Іш ауруымен дереу дәрігерді шақырмай өз бетінше ыстық басып, не ауруды басатын дәрі-дәрмек қолданып уақытты оздырған дұрыс болдырмайды, қайта аурудың сипаттарын өзгертіп ауруды айырып диагноз қоюға кедергі келтіреді.

Ішек өтімсіздігі бар екені не сол туралы болжам болған адамды дереу хирургиялық бөлімшесі бар ауруханаға жеткізу керек. Есте ұстайтын жағдай үйдегі құсық мөлшерін, оның түрін, құсықта не бар екенін білу қажет.

Ауруханаға әкелісімен дәрігер диагноз қойып, ем шараларын қолдана бастайды. Арнаулы әдебиеттерге қарағанда ішек өтімсіздігімен ауруханага түскен адамдардың 57- 70% -ке дейіні дәрі-дәрмек арқылы емделетін көрінеді. Әрине, ол адамдар тек ауру басталған кезде келгендер арасынан. Дәрі-дәрмекпен емдеуді бастау үшін дәрігер аурудың қай кезеңде түскенін бақылайды. Егер ауру іш астары қабынған кезде келгендей болса бірер сағат дайындықтан кейін дереу операцияга алынады.

Дәрі-дәрмекпен емдеу үшін ауруды сұрыптап алады. Емнің бұл тәсілі ішек өтімсіздігінің динамикалық түрі және механикалық ішек өтімсіздігінің кейбір түрлерінің (айта кетсек, іш органдарының бір-бірімен жабысып қалган кезде, инвагинация, ішек бұралуы, обтурациялық түрінің деңгейі төмен болғанда) бастапқы кезінде қолданылады. Дәрі-дәрмекпен емдеу алдында қарынға зонд жіберіп оны жуады. Одан кейін новокаин блокадасын жасайды және клизма койылады. Новокаин блокадасы ішек өтімсіздігінің динамикалық не механикалық екенін айыруға көмектеседі және одан кейін іш ауруы ептеп басылады. Кейде ішек спазмасын басу үшін платифиллин, атропин деген дәрілер қолданылады.

Аурудың жаңа басталған кезінде осы шаралардың өзінен кейін аурудың жағдайы жақсаруы мүмкін. Нәжістің ішек бойымен жүрісінің қалыптасқанын, үлкен дәретінің келгенін, жел шыққанын және іш ауырғаны басылып, адам бойына жеңілдік пайда болғанын білуге болады. Кейін тұрған іш басылады.

Егер осы жасалған ем шараларынан нәтиже шықпаса — ауруды операцияға дайындай бастайды.

Операцияға дайындау мерзімі — 3-4 сағаттан аспау керек. Осы мерзім ішінде ауруды жан жақты зерттеп, диагнозды қайтадан тұжырымдайды және жоғарыда айтылған қандағы және өмір сүруге маңызды зор мүшелердегі өзгерістерді жойып қызметін қалпына келтіруге тырысады.

Ол үшін қан көлемін орнына келтіру үшін көптеген қан құрамын алмастыра алатын ерітінді заттар вена арқылы жіберіледі. Ол үшін полиглюкин, реополиглюкин, гемодез, глюкоза ертінділері, ас тұзының физиологиялық ертіндісі, әлектролиттер ертінділері, витаминдер, гормондар қолданады. Оларға қоса кейде белоктық препаттар не қан құю шараларын жүргізген жөн.

Ауру түсінде іш астары қабынғаны білінген ауруды қан қысымы әдеттегі шамаға дейін көтерілген соң бірер сағат дайындап операция жасаса сәтті аяқталуы ғажап емес.

Операция наркоз беріп жасалады. Операция ішті ашып (лапоротомия) ішек бойындағы кедергіні анықтап іш өтімсіздігін түріне қарай және ішек іргесіндегі өзгерістерге қарай операцияның мөлшерін белгілейді.

Егер ішек өтімсіздігін органдарының бір біріне жабысу процесімен негізделген болса, жабысқан жерді айырып ішекті босатып алады, 270-360° бұралған ішекті кері қарай бұрап орнына келтіреді, инвагинация болса — ішек ішінде енген ішекті ептеп шығарып алады, ішек өтімсіздігі болса — түйнектегі ішек іргесі өзгермесе, оны ептеп шешеді. Операцияның келесі сатысында босатылған ішектің өмір сүру қабілеті бар ма, жоқ па, соны айыру. Егер ішек өлі еттеніп қарайса, онда өлі еттенген тұсқа дейін 30-40см, қарайған жерден кейін 15см жерін кесіп алып (резекциялап), ішекті қайта жалгайды. Одан соң іштегі сарысу, жалқыаяқты әлектр сорғышпен сорып алып, антисептикалық ертінділермен жуады.

Егер обтурациялық ішек өтімсіздігі кездессе, онда оның түріне қарай операция тәсілдері қолданылады. Ең қиын ішек ісігі болғанда хирург ісік шалған бөлігін кесіп алып тастаған соң ішекті қайта жалғай алмайды, өйткені, кедергіге дейінгі ішек әдетте өте кеңейіп созылып кетеді, ал керісінше кедергіден кейінгі ішек бөлігі жиырылып диаметрі кішірейіп қалады. Ондай жағдайда ішекті бүйірге уақытша шығарып қояды. Жарты жыл не бір жылдан соң ішекті қайта жалғайды. Егер обтурация негізінде ішек тастары болса — онда ішек қабырғасын тіліп тасты алып тастауга болады. Ішек іргесінің тілінген жері тігіледі.

Операциядан кейін ем шаралары әрі қарай жалғаса беру керек, өйткені, операцияға дейінгі жіберген дәрі-дәрмек қан құрамындағы және органдардағы өзгерістері бірден жойып жібере алмайды. Операцияның өзі де организмге әсерін тигізбей қоймайды, сондықтан емдеудің осы кезеңі өте қиын болады. Интоксикацияға қарсы күрес жетіспейтін қан құрамын қалпына келтіру, зат алмасу, процессін қалыптастыру, микробтарға қарсы күрес операциядан кейінгі емнің негізгі мақсаты болады.

Венаға жіберетін дәрі-дәрмектер қан анализдері арқылы қайта қаралып белгіленеді. Жүрек, өкпе, бүйрек, бауыр қызметтеріне үнемі байқау жүргізіп мүмкіншілігіне қарай, керек уақытында тиісті дәрілер жіберіліп отырады.

Егер операция дер кезеңде жасалса аурудың жағдайы бірер күнде жақсарып, бірте- бірте сауығып кетеді. Ал, ауырган адам ауруханаға кешігіп, асқынып түскенде организмдегі болған өзгерістердің айқындағына сәйкес операциядан кейін жан жақты ем қолданылады.

Емдеу нәтижесі туралы бірер сандарды осы тараудың басында аурудың қатерлі екені туралы айтылғанда келтіргенбіз. Осы күнге дейін ішек өтімсіздігі аурудың емдеу нәтижесін қанағаттандырарлық деп айтуға болмайды. Аурудың 78% дейінгісі ауруханаларга ауру басталған соң 1 тәуліктен кейін түсіп көрінеді. Кешігіп түскен аурулар арасында өлім осы күнге дейін көп.

 

Ішек өтімсіздігі кезіндегі басқа операция тәсілдері.

  1. айналмалы анастомоз
  2. экторостомия, цекостомия
  3. некрозға ұшыраған ішекті алып шығу тәсілі.

Операциядан кейін науқасты функциональді төсекке фавлеров кейпінде (яғни басын көтеріп) жатқызады.

 

 

Сифонды клизманың тәсілі.

  • дәрігердің қатысуымен жасалынады, оң немесе терісін қорытындысына көзін жеткізу керек.
  • Н О бөлме температурасындай, бірақ суық емес, мөлшері 1 шелек немесе оданда көбірек.
  • Сифонды клизмада ыңғайлысы жуан асқазан зонды, оған түтік арқылы үлкен варонка жалғанады, 1-1,5 л су сыйады

Жансыздандыру – эндотрахальды наркоз. Операция – аралық лапаратомия, құрсақ қуысына ревизия жасалынады. Хирург ішектің жабысқан жерін ажыратады. Шажырқай түбіне 200-400 мл 0,25 новокаин ерітіндісі енгізіледі, өйткені афферентті импульстан ОЖЖ қоршау үшін.

Алдымен соқыр ішеккке көңіл бөлінеді. Егер ол үрленген болса, онда жабысқан жерін тоқ ішектен іздеу керек, егер жабысқан болса онда ащы ішектен ізделінеді. Жабысқан жерден жоғары ішек үрленген ішек түйіні цланозды түсте, сұйықтық пен толған, перистальтикасы болу. Жабысқан түйіннің төменгі жерінде ішек жабысып тұрады.

Операцияны ішек түйінінің үрленген жеріне жасалуға нұсқау берілген, өйткені құрсақ  қуысына ревизия жасауға және жабысқан жерді табуға кедергі болғандықтан операция көрсетілген. Тік ішек арқылы зонтты енгізіп тоқ ішекті босатады.

Тік ішекті пункция неменсе энтеротомия арқылы босатады, көбінесе саумалау көмегімен ащы ішек тоқ ішекке ығысады, ол одан жуан зонд арқылы шығады. Жабысқан жерден айналған ішекті босатып оның өмірге қабілеттілігін құрсақтың шығыңқы жері ориентация беруі мүмкін.

  1. Қанды экссудат ішектің өмір сүру қабілеттілігінің төмендеуін айтады.
  2. Қарайған – гемморогиялық немесе хорозды иіс ішектің некрозын айтады.

Ішектің өтімсіздігін зерттеп болған кейінішек түсі қалыпты жағдайға келсе, онда ішек өмір сүру қабілеті бар деп есептеуге болады. Ішек перистальтикасы қалыптасады, серозды қабығының жылтырлығы сақталады, тамыр пульсациясы жақсарады, венада тромбтар болмайды.

Егер ішек перистальтикасы болмаса, түсі цианозды қарайған дақ, тамыр пульсациясы көбінесе, онда ішекті қайтадан резекция жасалынады. Хирург ішектің қысылған жеріне және странгуляционды ауыртпашылыққа ерекше көңіл аударады. Қалыпты жағдайдан өзгерген және  көлденең көк сызық пайда болады. Осы жағдайда ішектің қай жерінде күмән тудырады, сол жерге резекция жасау керек. Ішек резекциясы – сау тінге дейін жалынады. Ішектің біткен жерін 30-40-70 см аралықта некроздың көрінген шекарасына дейін қиылыстырады, ал әкеткішті 15 см аралықта. Егер ішек түбінен қан кетсе онда ішек өмір сүру қабілеттілігі сақталған деп көңіл аудару керек. Шырыш түсі қалыпты дңгейге дейін ішекке резекция жасалынады. Ішек резекциясы шажырқайда байланудан басталады, ал ішекті кесу кейінге қалдырады. Шажырқайды қиылыстырады және балаған кезде артериальды доғаның бірінші қатарынан төмен болмау керек.

Анастомоз ұшына  бүйірді ұшына бірнеше қисығырақ қиылыстырады. Бұл қоректенудің қамтамасыз етуі. Тігілген ұшын салфеткамен оралады.

Бірінші қатардағы кетгут тігісін 4 мм-дей тесілген жерден төмен тастайды.Осы қатардың үстінен серозды – бұлшық ет тігісі салынады, бөлек, түйіншектелген. Шажырқайды кенгутпен тігеді ішектің 2 м резекциясы асқортуға қатыспайды деуге болмайды.

 

 

Материалды достарыңмен бөлісіңіз
comments powered by HyperComments
НашарОнша емесОрташаЖақсыТамаша (әлі баға қойылмады)
Загрузка...

Ұқсас материалдар ...