Ашық жарақаттар, жаралар, травмалар

Құрсақ қуысының травмалары әртүрлі механикалық әсерлерден пайда болып, ашық және жабық болып бөлінеді.

Адам ағзасының жаралануын анықтау үшін денені бірнеше бөлікке бөледі:

  1. Бас, омыртқа, және жұлын -нейрохирургия;
  2. Мойын;
  3. Кеуде;
  4. Құрсақ- жалпы профильді хирургия;
  5. Тірек қимыл жүйесі -травматология және ортопедия;

Осы аталған анатомиялық бөліктердің біреуі ғана зақымдалса онда бұл изолирленген травма, екі немесе одан да көп бөліктерінде кездессе қосылған (сочетанный) деп аталады. Сонымен қатар травмалар механикалық энергия әсерінен ғана емес, басқа зақымдаушы факторлардан пайда болса (термиялық, химиялық, сәулелік) мұндай травманы комбинирленген деп атайды.

Ашық жарақаттың негізгі көрінісі тері жабындыларының бүтіндігінің, шырышты және ішкі ағзалардың бүтіндігінің бұзылуы. Жара суық қарумен (холодное оружие) немесе тұрмыстық заттармен (қайшы, шанышқы, біз және т.б) тиуі мүмкін. Сыртқы көрінісіне байланысты жаралар: сұғылған (колотый), кесілген (резаный), шабылған (рубленный) болып бөленеді.

Сұғылған жаралардың сыртқы түрі алдамшы болады. Себебі бір қарағанда жара көлемінің кіші болуы, көп жағдайда қан ағу көрінісінің болмауы жеңіл түрдегі жара деп ойлауға алып келеді. Бірақ, мұндай жаралардан өмір үшін маңызды ағзалардың (асқазан, бауыр, бүйрек, ірі қан тамырлар) жаралануына әкеледі. Сондықтан осындай жаралар толыққанды тексеруді қажет етеді.

Ал келсіген жаралар болса, негізінен өткір заттармен жанаспалы қозғалыстан пайда болып, айқын көріністерді береді. Тері, теріасты қабат, тамырлар кесілуінен кейінгі қанау көріністерін аңғару оңай. Бірақ осындай жаралар сирек жағдайда беткей болып қана қоймай, тереңдей еніп, ішкі ағзаларға қауіп туғызады. Көпшілік жағдайда хирургтер сұғылған-кесілген жаралармен жұмыс істейді. Бұл кезде жоғарыдағы екі жараның да бірге кездесуі байқалады.

Шабылған жара қазіргі кезде сирек кездеседі. Олар зақымдалған аймақтың жаппай бұзылуымен негізінен куде, бас, мойын аумағында көрінеді. Металл заттардан басқа шабылған жараны басқа конструкциялы заттар да жасай алады. Мысалы жиі кездесетін жол көліп апатында адам автомобиль шынысына соғылғанда, қатты жел соққанда ұшып келе жатқан тас, кірпіш, шыны бөлінділері (көбінесе жер сілкінуі кезінде кездеседі) де себеп бола алады.

Ең соңында жыртылған жара өз алдына ерекше орынды алады. Мұнда тіндердің созылуы, тесілуі, жыртылуы байқалады. Бұлар иттер, жабайы жануарлар тістеуінен пайда болады.

Атылған жаралар ең қауіпті жаралардың бірі. Бұл жаралар сипаты атылған қару-жарақ калибрі, түрі, ара қашықтығына байланысты болады. Бірақ бұған қарамастар көп жағдайда бірдей жарақаттар пайда болады.

Атылған оқтың әсері жұмсақ тіндерді тесіп қана қоймай, оның жоғары кинетикалық энергиясы арқасында айналасында пайда болатын қысылған ауа да жұмсақ тінерді жаншып, тесілген жерден сыртқа тіндерді шашады. Оқтың траекториясы бойында жатқан сүйектер шашыранды түрде сынып, көп жағдайда айналадағы тіндерге зақым келтіреді. Жоғары жылдамдықпен келген оқ айналадағы жұмсақ тіндерде аз уақытқа пульсирленуші қуыстың пайда болуына алып келеді. Ол өз алдында тіндер ішінде жарылыс болғанмен пара -пар. Бұл қуыстың пайда болуы тіндерді оқтың диаметрінен 10 есе үлкен аймақты зақымдауына алып келеді. Бұдан шығатын тұжырым тіпті аз ғана калибрлі оқтың өзі жоғары жылдамдықпен ұшатындықтан, айналадағы тіндеріне 10 есе үлкен жара жасап зақымдайды. Оқ тиген жерде 3 зақымдалу пайда болады: ерте канал аумағы, біріншілік травмалық некроз аумағы (контузия), екіншілік травма аумағы (молекулярлы соғылу).

Барлық атылған жаралар оқтық (пулевые), бытыралық (дробовые), шашыранды (осколочный) болып бөлінеді. Әсіресе қазіргі заманауи қарулардан тиген оқтың зақымдаушы күші өте күшті. Ал автоматты қарудың әсерінен адамның тірі қауы екіталай жағдай.

Атылған жаралардың ерекше тобына жататын жарылудың әсерінен пайда болатын жарақаттар. Мұндай жарақаттар хирургтердің тәжірбиесінде көбінесе ланкестердің (террорист) шабуылынан кейін көп кездеседі. Зақымдаушы фактор жарылғыш заттың күшіне байланысты болады. Ашық аумақта (далада) мұның әсері онша біліне қоймаса, ал жабық үйлер, кеңістіктер ішінде кіші жарылғыш заттың өзі қауіп тудырады. Бұл жағдайда зақымдаушы әсерді тек шашыранды оқтар ғана емес, жоғары температура әсерінен күю, жарылу толқын (баротравма) болып табылады. Яғни бұл жағдайда комбинирленген травма көрініс береді.

Материалды достарыңмен бөлісіңіз
comments powered by HyperComments
НашарОнша емесОрташаЖақсыТамаша (әлі баға қойылмады)
Загрузка...

Ұқсас материалдар ...