Герпесті инфекция

Грек тілінен герпес – қазақша жорғалаушы, жайылмалы мағына береді.

Вирустармен қоздырылатын, жиі терінің, шырышты қабаттардың және ішкі ағзалардың зақымдалуымен сипатталатын ауруды герпес деп атайды. Қазақ халқында бұрынан белгілі болып келе жатқан ұшық ауруын тудырады.

герпес вирусыБасқа да вирустар секілді герпес вирусы да өзіне келесі құрылымдардан тұрады:

  • Вирион
  • ДНҚ молекулалық құрлымы
  • Нуклеокапсид
  • Суперкапсид
  • Сегмент

Herpesviridae тұқымдастығына жатады. Олар келесідей жіктеледі:

  • α герпес вирусы
  • β герпес вирусы
  • γ герпес вирусы

α герпес вирусы:

  • Қарапайым герпес вирусы
  • ВПГ-1 ВПГ -2
  • Желшешек вирусы
  • Белдемелі герпес вирусы

β герпес вирусы:

  • Цитомегаловирус
  • Герпестің 6 типі
  • Герпестің 7 типі

γ герпес вирусы:

  • Эпштейн Барр вирусы
  • Беркит лимфомасының
  • Капоши саркомасының
  • Мұрын жұтқыншағы карциномасының қоздырғыштары

Герпес вирустың негзгі жұғу көзі залалданған адам болып табылады. Ол жанасу арқылы, ауа тамшылы, жыныстық, вертикальді жолмен жұғады.

 Герпесті инфекцияның жіктелуі:

Тарау механизмі бойынша Жүре пайда болған

-біріншілік

-рецидивті (екіншілік)

Туа біткен

Инфекциялық процесстің ағымы бойынша Латентті – тасымалдаушылық

Локальді

Таралған

Генерализденген (висцеральды, диссеминирленген)

Қабыну орнына байланысты Тері: жалпы герпес, герпетиформды экзема, жаралы – некрозды герпес, зостер тәрізді герпес.

Шырышты қабаттар: стоматит, фарингит, тонзиллит.

Жоғары тыныс алу жолдары: жедел респираторлы аурулар.

Көз: кератит, иридоциклит,

кератоконьюнктивит, ирит.

Урогенитальды ағзалар: уретрит, цистит, вульвовагинит, цервицит.

Жүйке жүйесі: менингит, энцефалит, менингоэнцефалит.

Ішкі ағзалар: эзофагит, пневмония, гепатит.

Ауырлығына байланысты -жеңіл

-орташа

-ауыр

Біріншілік герпес 80-90% адамдарда жасырын түрінде болады. Тек қана кішкентай балаларда афтозды стоматит, ЖРВИ түрінде көрінеді.

Рецидивті герпес – көбінесе тері зақымымен өтеді. Типті түрінде ауыз-мұрын маңайында орналасады, бірақ та терінің басқа жерлерін де зақымдауы тиіс. Көбінде рецидив кезінде бөртпелер бір орнында шыға береді, кейбіреулерінде орынды ауыстыруымен өтеді. Рецидивтердің жиілігі жылына 1-2 рет, 10-20 ретке дейін.

Типті түріндегі герпесті бөртпе – гиперемияланған және ісінген (везикулалар). Бөртпе шығар алдында тері қышып, сыздап, ісініп, қызарады. Ауырсыну герпесті бөртпелерге тән емес. Көпіршіктер біраздан кейін жарылып, орнында эрозиялар қалыптасады, лезде қабықшамен тегістеледі. Эпителизация тыртықсыз өтеді. Процесстің ұзақтығы 5-7 күн. Кейде субфебрильды қызба мен шамалы интоксикация қатар жүреді. Маңайындағы лимфа түйіндері үлкеюі мүмкін. Иммунды жетіспеушілігі бар организмде қабыну таралған түріне айналады. Бұл жағдайда бөртпелер денеге, шаш арасына, аяқ-қолына таралып, жайылған эрозиялар қалыптасып, айқын уланумен өтеді.

Атипті түрлері (қарапайым герпестің абортивті ағымы, саусақтардың ұшына):

  • ісікті
  • зостер тәрізді алақан мен табандарға папулезды элементтер шығуы.

Генитальды герпес – жасырын түрінде өтуі тиіс – вирус зәр шығару және жыныс ағзаларында сақталады.

Рецидив кезінде бөртпелер жыныс мүшелеріне шығады, жиі циститпен асқынады, әйел адамдарда генитальды герпес вульвовагинит, цервицит, уретрит, сальпингит, эндометрит түрінде өтуі мүмкін.

Шырышты қабаттардың зақымдалуы:

  • жедел герпесті стоматит немесе созылмалы рецидивті герпесті стоматит түрінде өтеді.

Көбінесе балаларда кездеседі. Көздің герпесті зақымдары недәуір жиі кездесуде – кератоиридоциклиттер (кератоувеит), иридоциклит, увеит, хориоретинит т.б. түрінде кездеседі.

ОЖЖ зақымы келесі түрлерінде өтуі тиіс:

  • субклиникалық
  • герпесті менингит
  • әлсіз диффузды энцефалит
  • ауыр диффузды менингоэнцефалит
  • соңы қолайсыз локальды энцефалит

Перифериялық жүйке жүйесінің зақымы:

  • ганглионит
  • ганглионеврит
  • ретикулоневрит
  • полинейропатия түрінде өтеді.

Висцеральды түрлері: герпесті гепатит, ас қорыту және тыныс алу жолдарының зақымдалуы.

Герпесті инфекцияның патогенезі:

  1. Вируыс адам ағзасына шырышты қабаттары арқылы енеді;
  2. Эпителийде көбейіп залалданған жасуша некрозы пайда болады;
  3. Некроз ошақтары, везикулалар түзіледі;
  4. Вирусемия пайда болады;
  5. Антидене түзіледі;
  6. Вирус паравертебральды сенсорлы ганглийлерде лимфа түйіндерде сақталады;
  7. Рецидив береді;

герпес вирусы

Герпесті инфекция клиникалық көріністері:

  • Кең тараған түрі қарапайым герпес
  • Элементтері жиі ауыз айналасында, ерін шетінде, құлақ маңында
  • Алғашында бөрпелердің орнында қызу, шаншу сезімі, сосын қызарып ісінеді, тері және шырышты қабаттарда везикула пайда болады (0.1-0.3 см)
  • 1-2 аптаға созылады, қызба, жалпы әлсіздік, аймақтық лифма түйіндер улкейген. Көпіршік ішінде серозды сұйықтық, басқа ауру қосылса іріңді болады
  • 3-5 күннен кейін серозды сұйықтық жарылып қабыршақтанады
  • 7-9 күннен кейін іссіз жазылып кетеді

герпес вирусгерпес вирусы кезіндегі терідегі өзгерістер

Герпес вирусынан келесі аурулар туындайды:

  • ВПГ1- жиі герпестік гингивостаматит түрінде
  • ВПГ2- генитальды герпес, жаңа туған балалар герпесі және герпесті менингоэнцефалит,
  • Желшешек- тері және шырышты қабаттарда папулезді везикулезді бөрпелермен,
  • Белдемелі герпес — жүйке талшықтарының үстіндегі тері зақымдалады. Бөрпелер жиі бетте, мойында, омыртқа аралық жүйкелер бойымен шығады
  • Жұқпалы мононуклеоз — қызба, лимфаденит, гепатоспленомегалия, тонзиллитпен
  • Цитомегаловирусты инфекция — қатерлі ісік түріне дейін білінеді.

Диагностика. Анықтау әдістері:

  • Цистоскопиялық- жағындарды Романовский Гимзе бойынша бояу, ЦПД ны табу үлкен көп ядролы клеткалар, вакуолизация, ядролардың қосылуы, Каудри денешіктері байқалады;
  • Вирусологиялық — тауық эмбриондарына жұқтыру, ИФ, ИФА, ПТР
  • Экспресс әдістері иммунохимиялық , биохимиялық, молекулярлы биологиялық
  • Серодиагностика

Зерттеуге алынатын жұғынды материалдар:

  • Бөрпелерден
  • Шайындылардан
  • Жұлын сұйықтығынан
  • Қаннан
  • Зәрден алынады

Герпесті вирусты инфекцияны емдеуде вирусқа қарсы препараттар:

  • Ацикловир
  • Валацикловир
  • Ганцикловир
  • Фамцикловир
  • Алпиразин

Жергілікті вирустарға әсер ететін майлар (мазь):

  • Бонафтон
  • Бромуридин
  • Теброфен
  • Флоренал
  • Оксалин

Иммунокорректорлар:

  • Эндогенді интерферондардың индукторлары
  • Циклоферон
  • Бактериальды сұйық интерферонның индуктроы
  • Интерферондар
  • Интерлейкин
  • Ронколейкин
  • Беталейкин

Витаминотерапия:

  • В1
  • В6
  • В12
  • Аскорбин қышқылы
  • Рутин
  • Антигистаминді препараттар
Материалды достарыңмен бөлісіңіз
comments powered by HyperComments
НашарОнша емесОрташаЖақсыТамаша (әлі баға қойылмады)
Загрузка...

Ұқсас материалдар ...