Геморрагиялық қызба

Геморрагиялық қызба — бұл жедел қызба аурының вирусты этиологясы. Патогенезінде көбінесе қан тамырлардың зақымдалуымен жиі бақыланады, ол тромбогеморрагиялық синдромның дамуымен жүреді. Қанның жалпы анализінде көбінесе лейкопениямен, тромбоцитопения анықталады.

Геморрагиялық синдром ішіндегі белгілі төрт вирус тұқымдастары:

Аренавирустар (Arenaviridae)

  • Ласс вирусы ( Ласса қызбасы )
  • Хунин вирусы (Аргентин қызбасы)
  • Мачупо вирусы (Боливий қызбасы)
  • Гуанарито вирусы (Венесуэль қызбасы)
  • Сэбия вирусы (Бразиль қызбасы)

Буньявирусы (Bunyaviridae)

  • Вирусты  геморрагиялық қызбаның бауырлық синдромы
  • Крым-Конго қызбасы вирусы
  • Рифт мекенінің вирусты қызбасы

Филовирустар(Filoviridae)

  • Марбург вирусы
  • Эбола вирусы

Флавивирусы (Flaviviridae)

  • леса Киассанур ауруының вирусы (Къясанур)
  • омск  геморрагиялық қызбасының вирусы
  • Сары қызба вирусы
  • денге қызбасының вирусы

Диагностикасы. Диагнозды серологиялық және вирусологиялық зерттеу әдістері дәлелдейді. Серодиагностика үшін антидене анализінің келесі әдістерін қолданады:

  • РН (нейтрализациялау реакциясы)
  • РТГА (гемагглютинацияны тежеу реакциясы)
  • РСК (комплемент байланыстырушы реакциясы )
  • РИА (радиоиммунды анализ) жұпты сарысулар

Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы:

(синонимі: Конго-Қырым-Хазер геморрагиялық қызбасы, крымск-конголезски қызбасы, ортаазиялық геморрагиялық қызбасы, карахалак; Crimean-Congo hemorrhagic fever, Crimean hemorrhagic fever — англ.) – жедел вирусты ауру, табиғи ошақты зооноздыға қатысты. Екі толқынды қызбаны мінездейді, жалпы интоксикациямен және тромбогеморрагиялық синдроммен жүреді.

Конго-Қырым ауруын алғаш рет рессей дәрігерлері 1944 жылы  тапқан, кейін бұл ауру Конгода, Нигерияда, Сенегада, Кенияда смпатталған.

гемморагиялық қызбаКонго-Қырым геморрагиялық қызбасы вирусының ең жиі кездесетін аумақтары. Көріп тұрғанымыздай Қазақстан Республикасы аумағы қауып қатерлі аумақ ішіне кіреді.

Конго  -Қырым геморрагиялық қызбасының эпидемиологиясы:

Вирустың резервуары болып майда жабайы құрт құмырсқалар жатады: орман тышқаны , кішкентай сарышұнақ, русак-қояны, құлақты кірпі. Кене тасмалдаушы және сақтаушы болып табылады, Hyalomma туыстастығынан шыққан. Ауру көбінесе маусымдық мезілдерге байланысты, әсіресе мамыр және тамыз айларында көп кездеседі (биздің елде көбінесе). Ауру көбінес Крымда байқалады, Астраханскта, Ростовск ауданында, Краснодарда және Ставропольскте және Орталық Азияда, Қытайда, Болгарияда, Югославияда, көбінесе Африка елінің Сахараның оңтүстігінде байқалады (Конго, Кения, Уганда, Нигерия және т.б.).

Көбінесе ауру адамдардың  80%нің жастары  20 пен 60 жас аралығында шалдығады.

Патогенезі. Инфекция көзі болып көбінесе кененің шаққан жері яғни тері немесе майда жарақаттар кезінде  ауру адаммен қарым қатынас кезінде  қан арқылы беріледі (аурухана ішілік жұқтыру ). Инфекциямен зақымдлған жерде ешқандай өзгерістер байқалмайды. Вирус қанға өтеді және  ретикулоэндотелиальды жүйенің клеткаларында жинақталады.Екіншілк зақымдалу кезінде айқын массивті вирустармен жалпылама интокцикация белгілері  байқалады,қантамырлардың эндотелилері зақымдалады және айқын әртүрлі дәрежедегі  тромбогеморрагиялық синдром байқалады.

конго қырым қызбасынауқас адамның көзіндегі өзгерістер

Конго -Қырым геморрагиялық қызбасының асқынулары — сепсис, өкпенің ісінуі, ошақты пневмония, созылмалы бүйрек жеткіліксіздігі, отит, тромбофлебит пайда болуы мумкін.

конго қырым геморрагиялық қызба

Диагноз және дифференциальды диагнозы. Эпидемиологиялық жағдайларды ескере отырып (эндемиялық аймақтарға баруы, мерзім, әртүрлі жердегі аурушаңдықтың көрсеткіштері және т.б.) және клиникалық симптомдарға енгізделеді: жедел басталуы, тез арада пайда болатын және айқын өте тез арада тромбогеморрагиялық синдром байқалуы мүмкін, толқын тәрізді дене температурасы, лейкопения, анемизация және т.б.

Конго -Қырым геморрагиялық қызбасының белгілері және ағымы 

  • Инкубационды кезеңнің ұзақтығы 1 және 14 күн аралығында (жиі 2-7 күн). Продромальды көріністер болмайды. Ауру байқаусызда басталуы мумкін,ауру деп аурудың басталған бастапқы алғашқы сағаттарынан басталаған айтуға болады. Дене температурасы тез көтеріледі және кей кезде аурудың жеңіл түріндеде дене температурасы 39-40°С барады.
  • Бастапқы кезеңдерінің өзіндеде жалпылама интоксикация белгілерін көруге болады, көптеген инфекциялық ауруларда болуы мумкін. Бастапқы кезінің өзі 3-4 күнге созылуы мумкін ( 1 мен 7 күн).Бұл кезде өте жоғарғы қызбамен жіне қатты әлсіздікпен көрінеді,қақсаушылық дененің, бастың ауруымен,бүкіл дененің қақсап ауруы, қатты бастың ауруы, бұлшық еттердің және суставтардың ауруы байқалады.
Материалды достарыңмен бөлісіңіз
comments powered by HyperComments
НашарОнша емесОрташаЖақсыТамаша (әлі баға қойылмады)
Загрузка...

Ұқсас материалдар ...