Жүкті әйелдер жеке гигиенасы

Жүкті әйелдер жеке гигиенасы және тамақтануы

Жүктілік кезіндегі әйел ағзасындағы физиологиялық өзгерістер әйелдің өзіне жағымды әсер көрсетеді.  Себебі бұл ағзадағы кейбір функционалды жүйелердің толыққанды дамуына септігін тигізеді. Мұндай жағдайда жүктілік жеңіл ағымда өтеді. Бірақ жүктілік кезіндегі гигиенаны сақтамау, дұрыс тамақтанбау, шектен тыс психикалық және физикалық жүктемеге бұл қалыпты процесстерді бұзып, жүктікті асқынуға алып келеді.Ұрық дамуының тежелуі, бұрын аборт болған, гинекологиялық немесе экстрагенитальді аурулары болған әйелдерде тіпті аз мөлшердегі жағымсыз әсерлер (стресс, психологиялық және физикалық жүктеме) қалыпты жүктілік ағымын бұзуы мүмкін. Мұндай әйелдерде тіпті гигиена мен тамақтану режимін бұзу да жақсы әсерлерге әкелмейді.

Жүкті әйел денсаулығын сақтауға, ұрықтың дұрыс дамуына, жүктілік асқынуын алдын алуға бағытталған гигиена шараларын сақтау қажет.

Дұрыс өмір сүру қалыпты бар әйелдерге жүктілік кезінде өмір сүру дағдыларына өзгерістер енгізудің қажеті жоқ. Дені сау жүктілер бұрынғыдай күнделікті істеп жүрген физикалық және ақыл-ой қызметімен айналыса алады. Жұмыс адамның жүйке жүйесінің, жүрек-қантамыр, бұлшықет, эндокринді және басқа жүйелерінің дұрыс қызмет атқаруына көмектеседі. Қозғалыспен байланысты еңбек қалыпты зат алмасу үшін керек.

Тәжірибе көрсеткендей жүктілердің аз қозғалу (гиподинамия) семіруге, бұлшықет тонусының төмендеуіне, ішек қызметінің төмендеуіне (іш қату –запор), босану актісінің әлсіз болуына алып келеді. Жүктілік ағымына оң әсер ететін физикалық жаттығуларды кеңес ету керек. Бірақ есте ұстайтын жайт, шектен тыс қажытатын ауыр жұмыс жасау, адамды шаршататын ой еңбегінен жүкті әйел алыс болу керек.

Дәрігер жүкті әйелге қазіргі заңнамаға сай ана денсаулығын сақталуына жағдай жасайды. Келесі жағдайлар жүкті әйелге қатаң түрде жасауға болмайтын жұмыстарды қамтиды:

  • Жұмыста жүкті әйелді түнгі уақытта жұмысқа қоймайды. Жұмыс графигі күндізгі уақытты қамту керек;
  • Жедел асығыстықты талап ететін, ауыр жүк көтеретін, вибрациямен байланысты жұмысқа;
  • Жоғары температурада, радиация, иондаушы сәулелер бар жерде;
  • Химиялық заттар және басқа агенттер бар жерде қызмет етуге тиым салынған екенін есте ұстау керек.
  • Жүкті әйелге велосипедпен жүру, мотоцикл және басқа денені қозғалысқа келтіретін, вибрация шақыратын көліктермен жүруге болмайды;
  • Жүгіру, секіру, шапшаң қимылды талап ететін барлық спорт түрлерімен айналысуға мүлдем болмайды.

Кез келген жыл мезгілінде таза ауада қыдыру, серуендеу және басқа да таза ауада болу жолдарын қолданған ұсынылады. Таза ауада болу ұзақтығы және жүру темпі әйел жағдайына байланысты болып немесе өз қалауы бойынша болған дұрыс.

Күніне 8 сағаттан кем емес, жақсы ұйқының болуы маңызды. Ұйқы бұзылған жағдайда гигиеналық шаралар (ұйқы алдында серуендеу, оптимальді бөлме температурасы, бөлмедегі таза ауа) көмектеседі. Ұйықтау үшін ұйықтататын заттарды (снотворные) қабылдау дұрыс емес, себебі ол ұрыққа кері әсерін тигізуі мүмкін.

жүктілік гигиенасыЖыныстық гигиенаға да көп көңіл бөлу керек. Теориялық түрде жүктілік кезінде жыныстық қатынасты тоқтата тұрған дұрыс. Әсіресе жыныстық инфантилизімі бар, жыныс ағзаларының қабыну ауруы бар, бұрын асқынған жүктілігі болған әйелдерде бұл жүктіліктің үзілуіне алып келуі мүмкін. Бірақ  іс жүзінде жыныстық өмірден толықтай бас тарту мүмкін емес екенін ескерсек, тіпті болмаса жыныстық қатынасты жүктіліктің алғашқы 2-3 айында шектеп,  ал жүктіліктің соңғы айларында тоқтатқан дұрыс болады.

Жүкті әйел инфекциялық аурулар бар науқастармен байланыспауы керек. Сонымен қатар әйел ағзасындағы барлық инфекция көздерін жою керек. Мысалы оларға: ангина, тонзиллит, кариес (тісжегі), кольпит, фурункулез және т.б жатады. Дәрігерге жүкті әйелді тексергенде осыған назар аударуы керек.

жүктілер гигиенасыСүт безі емізікшесінің сызаты (трещина) және мастит алын алуға бағытталған шараларды аймақтық дәрігер түсіндіру керек. Ол негізінен күнделікті сүт безін бөлме температурасындағы сумен, балалар сабынымен жуып, орамалмен сүртуден тұрады. Тері құрғақ болса, босануға 2-3 апта қалғанда күн сайын сүт безін (ареолды қоса) нейтральді балалар кремімін жағуға болады. Сүт безі үшін ауа ваннасын күніне 10-15 мин. бірнеше рет жасауға болады. Жалпақ және созылған емізікше болса, әйелге акушер немесе дәрігері массаж жасауды үйретеді. Сонымен қатар кеуде қуысын қыспайтын, ыңғайлы бюсгалтер кию керек.

Жүкті әйел киімі ыңғайлы, кеуде және құрсақ қуысын қысып тұрмайтын болу керек. Синтетикалық емес, нағыз матадан киім киген дұрыс. Оларды жиі жууға ыңғайлы, әрі ауа өткізетін қасиеті жақсы. Терінің тыныс алуын, температура алмасуын, тер бөлу қасиетін тежейтін материалдардан жасалған киімдерді кимеу керек. Кейбір дәрігерлер жүктілік екінші жартысынан бастап бандаж кию ұсынады.

Сонымен қатар жүкті әйелдердің дұрыс тамақтану принціптері тақырыбына материал сізге пайдалы болар, оқи кетіңіз.

Материалды достарыңмен бөлісіңіз
comments powered by HyperComments
НашарОнша емесОрташаЖақсыТамаша (әлі баға қойылмады)
Загрузка...

Ұқсас материалдар ...