Паранефрит

 Паранефрит дегеніміз бүйрек маңы майлы тіндерінің қабынуымен жүретін процесс.

Паранефрит пайда болу себебі (этиологиясы): ауруды негізінен стафилококк, ішек таяқшасы және басқа да микроорганизмдер тудырады.

Біріншілік және екіншілік паранефритті ажыратады. Біріншілік паранефрит бүйрек ауруы болмаған кезде дамып, паранефралды клетчатка аумағын гематогенді (қан арқылы) жолмен инфекция түсуінен болады. Көбінесе ағзада іріңді қабыну аурулар болған жағдайда (панариций, фурункул, остеомиелит, пульпит, ангина және т.б) дамиды. Сонымен қатар біріншілік паранефрит дамуына бел аумағынан травма алу да себеп болады.

Екіншілік паранефрит бүйректегі іріңді-қабыну ауруының асқынуы ретінде дамиды. Мысал ретінде: бүйрек карбункулы, бүйрек абсцессі, пионефроз және т.б. Паранефралды клетчаткаға инфекция көрші ағзалардан да (параколит, параметрит, парацистит, аппендицит өкпе абсцессі) келуі мүмкін.

Локализациясына байланысты паранефритті алдыңғы, артқы, жоғарғы, төменгі және тотальді түрлерін ажыратады. Ең жиі артқы паранефрит дамиды. Себебі бүйректің артқы бөлімінде май тіні жақсы дамыған. Көп жағдайда паранефрит біржақтық болады. Екіжақтық паранефрит сирек кездеседі.

Қабынуға байланысты паранефрит жедел және созылмалы болып бөлінеді.

Паранефрит клиникалық көрінісі:

Жедел паранефрит бастапқы сатысында еш клиникалық симптомдарымен көрінбейді. Тек дене температурасының 39-40 С ге дейінгі көтерілуі, тоңазыту (озноб) байқалады. Тек 3-4 тәуліктен кейін интенсивтілігі әртүрлі бел аумағындағы ауырсыну, бел аумағын пальпация жасағанда бұлшықеттердің жиырылуы, костовертебральді бұрыштан  палпация кезінде ауырсыну. Уақыт өте келе бір жаққа сколиоз анықталады, себебі ауырған аумақта қорғаныс ретінде бұлшықеттер жиырылып, науқас бір жаққа қарай еңкейіп жүреді. Паранефралды клетчаткаға пункция жасағанда іріңнің шығуы іріңді паранефрит екеніне сөзсіз дәлел бола алады.

Жалпы жедел паранефрит клиникасы іріңдіктің орналасуына, инфекция вирулентттілігіне байланысты болады. Мысалы іріңдік ошағы жоғары жақта орналасса, диафрагма астылық абсцесс, жедел холецестит, пневмония, плевритке ұқсауы мүмкін. Төменгі паранефрит жедел аппендицит тәрізді өтуі мүмкін. Алдыңғы типті паранефритте асқорыту ағзаларының ауруларына тән белгілер анықталуы мүмкін.

Созылмалы паранефрит көбінесе созылмалы калькулезді пиелонефрит немесе жедел паранефрит асқыну ретінде дамиды. Кейбір жағдайда созылмалы паранефрит оперативті емнен кейін (паранефралды клетчаткаға зәрдің түсуінен) пайда болады.

Паранефрит диагностикасы.

Жедел паранефритті анықтауда рентген суреті айтарлықтай көмек береді. Рентгеноскопия кезінде ауырған жақтағы диафрагма экскурсиясының шектелуін байқауға болады. Ультрадыбыстық зерттеу жедел іріңді паранефрит кезінде іріңді ошақты дәл табуға мүмкіндік, ал созылмалы паранефрит кезінде оның құрылымының біркелкі емес екенін анықтайды. Созылмалы паранефрит диагностикасы жедел түріне қарағанда қиынрақ.

Паранефрит емі.

Жедел паранефриттің бастапқсы сатысында антибактериальді терапия науқастың айығуына көмектеседі. Қоздырғыш көзі стафилококк болғандықтан, көп жағдайда пенициллинмен емдеу (ампициллин 0,5 г нан 4 рет тәулігіне бұлшықетке енгізу), II-III дәрежелі цефалоспориндермен (цефуроксим, аксетил, цефаклор және т.б), макролидтермен (эритромицин 0,25-0,5 г 4 рет күніне, бұлшықетке енгізу). Егер паранефрит қоздырғышы граммтеріс бактерия болса онда емді фторхинолон және аминогликозидтермен жүргізу керек.

Антибактериальді еммен қоса, науқас иммундық жағдайын жоғарылататын ем: пентоксил, қан плазмаларын құю, витаминдер, глюкоза ерітіндісі және т.б жүргізеді.

Іріңді паранефрит кезінде хирургиялық ем қажет. Ем мақсаты люмботомия, паранефральді абсцессті ашу, дренаж қою жүргізіледі. Арты және төменгі бөлікте шектеліп орналасқан паранефритте іріңдікті ультрадыбысты сканер бақылауымен пункция жасау керек.

Материалды достарыңмен бөлісіңіз
comments powered by HyperComments
НашарОнша емесОрташаЖақсыТамаша (әлі баға қойылмады)
Загрузка...

Ұқсас материалдар ...