Гепатит

Гепатит – бауырдың полиэтиологиялық (гепатотропты факторлар) диффузды қабыну ауруы.

Гепатиттердің  этиотропты жіктелуі :

1.Инфекциялы (вирусты) гепатит:

  • Гепатит A
  • Гепатит B
  • Гепатит C
  • Гепатит D
  • Гепатит E
  • Гепатит F
  • Гепатит G
  • Сарғыш гепатит, цитомегаловирусты инфекция, қызылша, эпидемиялық паротит,
  • Эпштейна-Барр вирусы инфекциясы және әртүрлі вирусты инфекциялар: герпес, Ласса қызбалы қызылшасы, ЖҚТБ сияқты аурулардың компоненті түріндегі гепатиттер.
  • Бактериалы гепатиттер: лептоспирозе, сифилис кезінде.
  1. Токсикалық гепатит:
  • Дәрілік гепатит
  • Әртүрлі химиялық заттармен уланған кездегі гепатиттер
  • Алкогольді гепатит
  1. Сәулелі гепатит (сәулелі аурудың компоненті)
  2. Аутоиммунды аурулар негізіндегі гепатиттер.

Токсикалық гепатит – токсикалық агенттер: дәрілік заттар, тұрмыстық химиялық заттар, пестицидтармен, кәсіби зиянды заттармен т.б. шақырылатын бауырдың зақымдалуы. Бауырдың дәрілік зақымдалуы көбінесе дәрілерді энтеральды қолданғанда дамиды, бұл бауырдың қанмен қамтамасыз етілуінің ерекшеліктеріне және онда жүретін дәрілік заттардың  метаболизміне байланысты. Бауыр тінінің зақымдануы тікелей дәрілердің немесе  олардың метаболиттерінің  гепатоциттерге әсерінен  пайда болады. Бауырдың зақымданулары кезіндегі клиникалық улануларға гепататропты әсерлері бар улар жатады. Гепататропты әсерлері бар заттарға келесі топтың қосындылары жатады:

Хлорлы көмірсутектер – хлороформ, дилоратан, тетрахлоэтан, дихлордифенин, трихлоэтан (ДДТ). Бұл заттар металды заттарды майсыздандыру үшін, пластмассаны шығаруда, май, тері, лакты бояғыш, текстилді, резиналы өндірістерді, смола, каучук, резиналарды еріту кездеріндегі еріткіш заттар ретінде кеңінен қолданылады.  Хлорлы көмірсутектердің кейбір түрлері наркоз ретінде қолданылады. Төрт хлорлы көмірсутегі өрттерді сөндіру кезінде кеңінен қолданылады. Дихлорэтан химиялық фармацевтикалық өндірістерде кеңінен қолданылады. Сонымен қатар ауыл шаруашылығында зиянкестерді жоюда, дезинфекция және дезинсекцияда қолданылады.

Бензол резиналы, химиялық фармацевтикада, лакты бояу және өндірістің басқада салаларында қолданылады.

Анилин  — дәрілік заттармен анилинді бояғыш заттарды алу үшін қолданылатын зат. Анилинді бояғыш, фармацевтикалық өндірісте, смола өндірісінде, каучук вулканизациясын жеделдетуде қолданылады.

Қорғасын – ауыр металл, өндірісте кеңінен қолданылады. РБК-0,01 мг/м3.

  Сынапты органикалық қосындылар – этилмеркурхлорид (гранозан), ауыл шаруашылығында пестицид түрінде қолданылады. РБК – 0,005 мг/м3  құрайды.

Фосфор  — минералды құнартқыштарды алуда  өндірісте кеңінен қолданылады, жұмыс орнында фосфор буы түрінде бөлінудің, фосфорлы көміртегінің, әртүрлі фосфор қосындыларының түзілулерінде қолданылады. РБК —  0,03 мг/м3 құрайды.

Хлор және фосфорлы органикалық қосындылар пестицид түрінде қолданылады.

 

 

Патогенез:

Қанға ферменттердің түсуімен, рибосома диссоциациясы және белок синтезінің бұзылуымен мембраналардың өтімділігі бұзылады, ол бауыр клеткаларына  химиялық заттардың әсерлерінен болады. синтездің күрт төмендеуі бауырда бос май қышқылдарының, триглицеридтер, құрылымды липидтер жиналып, гепатоцидтерде майлы инфильтрацияның дамуына әсер етеді. Токсикалық заттардың метаболизмінің әсерінен бос радикалдар түзіледі, ол мембрананың перекисті қышқылдануына және белсенді ферменттердің босауына, белоктардың денатурациясына, клеткалардың өліміне әкеледі.  Гепатоциттердің құрлымы мен қызметтеріндегі өзгерістер биллирубиннің глюкуролизациясын және олардың ұстап қалу қызметін бұзады. Улардың клетка мембраналарымен әсер ету нәтижесінде лизолицетин түзіледі, ол клеткалардың зақымдануларының екінші этабын тудырады және оның дегенерациясы пайда болады. дегенерация процесі регенерация процесімен қатар жүреді. Дегенерация процесінің күшеюі бауыр клеткаларындағы некроз және бауырда цирроздың дамуымен қатар жүреді.

 

Клиникасы: кәсіптік аурулар ағымы бойынша жедел және созылмалы болуы мүмкін.

Жедел уланулар кезінде бауырдың ауыр зақымданулары токсикалық заттардың химиялық қасиеттеріне байланысты емес, ол әсер ету концентрациясымен анықталынады. Химиялық заттардың гепатотоксикалық әсерлері  улануларға дейінгі бауырдың қызмет ету жағдайларына байланысты. Бұрындары вирусты гепатитпен ауырған және ішімдікті көп қолданған адамдарда гепатотропты улармен жедел уланулар ауыр түрде өтеді.

 

Жедел уланулар кезіндегі бауыр жетіспеушіліктеріне микрогемат-уриядан массивті қан кетулерге дейінгі  геморрагиялық синдромдардың дамулары тән. Осы кезде қанның ұю және ұюға қарсы жүйелерінде өзгерістер анықталынады: фибринолитикалық белсенділіктің жоғарлауына байланысты гипокоагуляция және гепарин құрамының жоғарлауы байқалынады.

Бауырдың зақымдану белгілері бұрыннан бері жұмыс істеген адамдарда  және ауырсыну, диспепсиялық синдромдармен қатар жүреді. Науқастар ауыздарындағы ашты дәмге, тәбеттерінің төмендеулеріне, тұрақсыз нәжіс, оң жақ қабырға астындағы тұйық ауырсынуларға, әсіресе ашты және майлы тамақтан кейін күшейе түсетін.  Оң жақ қабырға астындағы ауырсынулар  ұстама тәрізді болуы мүмкін, ол оң жақ қолға және оң жақ қабырға астына таралуы мүмкін.

Алкоголь(этил спирті) бауыр зақымдануының ең жиі себептерінің бірі болып табылады. Бұл келес і механизм  бойынша жүзеге асады:

Гепатоциттер энергияны алкогольден ала бастайды май қышқылдарының қышқылдану процестері тоқтап (бұл қалыпты жағдайдағы энергия көзі болып табылады), май қышқылдары клеткаларда жинақтала бастайды, яғни майлы дистрофия дамиды  токсин болып табылатын алкоголь клеткаларда жиналып, оны зақымдайды           өлген жасуша маңында қабыну процесі дамиды  алкоголь коллагеннің түзілуін белсендіреді қақпа жүйелері мен терминалды венулалардың фиброзы.

  • Майлы дистрофия, әсіресе орталық вена маңында;
  • Гепатоциттарда Мэллори гиалинінің жинақталуы.

Созылмалы токсикалық гепатит. Гепатотропты заттардың субтоксикалық дозаларының ұзақ уақыт әсері кезінде сүлелі токсикалық гепатит дамиды. Сүлелі токсикалық гепатитке аурудың баяу дамуы тән, ол  холецистит белгілерінсіз диспепсиялық шағымдармен, бауыр көлемінің ұлғаюы, бауыр клеткаларының қызметтерінің бұзылуларымен

Бауырдың арнайы қызметтерінің біріне белокты синтездеу қабілеті, соның ішінде альбуминді синтездеуде жатады. Токсикалық гепатиттің бастапқы түрлерінде қан сары суындағы альбумин деңгейі төмендейді, ал айқын түрінде осы төмендеу айқынырақ болады.

 

Қарап тексерген кезде склераның әлсіз иктериялығы,  сирек тері жабындыларының сарғаюлары байқалынады. Бауырдың көлемдерінің ұлғаюы,  пальпация кездерінде жиектерінің ауырсынулары, өт қабының тітіркену симптомы оң болады(Ортнер, Мерфи, френикус симптомы). «Тамырлар жұлдызшалары» және «алақандағы эритема» көкбауырдың ұлғаюларындай сирек анықталынады.

Ауырсыну синдромы өт қабының және өт жолдарының дискинезиясымен байланысты, ол дуоденалды зондтау кезінде анықталынатын өт қабының жиырылу қызметтерінің бұзылуларымен байланысты, яғни рефлекс болмайды (В порциясы алынбайды) немесе баяулайды (В порциясы спазмолитиктерді қайта енгізгеннен кейін кешігіп шығады). Ұлтабарда қабыну элементтері анықталмайды.

 

Рисунок2Гепатомегалия (асқынуы)

Лабораторлы зерттеулер:

міндетті:
қанның жалпы анализі– ЭТЖ жоғарлауы, эозинофилия;

жалпы ақуыз – қалыпты;
ақуыз фракциялары –альфа-2, γ-глобулин деңгейі жоғарлаған ;
• қан сарысуындағы  биллирубин және оның фракцияларында жалпы билирубин жоғарлаған;
• АсАТ – белсенділігінің жоғарлауы;
• АсАТ – белсенділігінің жоғарлауы;
• ЩФ – жоғарлауы;
• протромбин индекс і– төмендеуі;
•  вирусты гепатиттердің сарысулық маркерлері – жоқ.

 

Инструментальды зерттеу әдістері:
міндетті:
• құрсақ қуысын УДЗ

–гепатомегалия, паренхиманың акустикалық тығыздығының ұлғаюы, спленомегалия.
Көрсеткіштер болса:
• бауыр биопсиясы, гистологиялық зерттеу жүргізу– строманың қабынулық инфильтрациясы, гепатоциттердің  некрозы, ацинустардың III немесе I зонасында.

 

Гепатиттің барлық түрлерінде жасалатын ем- негізгі ем:

1.Бауырға уытты әсер ететін дәрмектерді тоқтату
2.Улы заттармен  (пестицидтермен,фосфор туындыларымен т.б)   жанасуыды  дер кезінде тоқтату.
3. Алкогольді ішімдікті доғару
4. Инсоляциядан ,вакцинациядан ,қыздырынудан сақтану ( саунада жуынудан бас тарту)
5.Ауыр дене қызметімен шұғылданбау
6.Дитотерапия
7. Ішектік детоксикация

Бауыр ауруларында диетотерапия тағайындалады:
№5 диета Витаминдер жеткілікті болу керек.Бұл кезде бауыр ауруларында майдың мөлшерін оншалықты шектемейді – тәулігіне берілетін майдың мөлшері 100г ( 50 г өсімдік, 50 г мал майы). Майды аса шектесе, бауырдың регенерациясы тежеледі және майға еритін витаминдердің тапшылығы пайда болады.Майдың мөлшері тек сарғайғанда шектеледі.
Белоктың мөлшері тәулігіне 120 г, көмірсулар 500 г болу керек. Тыйым салынатын тағамдар: шұжықтар, сосиски, капуста,ысытылған немесе консервант қосылаған тағамдар.

Алкогольдік гепатиттің емі:

1) Парентеральдік детоксикация :
Вена ішіне 200-300 мл глюкозаның   5-10% ерітіндісі +эссенциале 10-20 мл немесе 4 мл липой қышқылының 0,5% ерітіндісі +4 мл пиридоксиннің 5 % ерітіндісі + 4 мл тиаминнің  5 % ерітінідісі немесе – 100-150 мг кокарбоксилаза +  5 мл пирацетамның 20 % ерітіндісі.
Ем курсы- 5-7 күн;
Вена ішіне гемодезді 200-400 мл немесе неогемодезді немесе глюконеоднзді тамшылатады. Ем курсы -2-3 инфузия.

2. Метаболизді жақсарту :
поливитаминдік комплекстер : витамин Е 1 капсуладан күніне 2-3 рет 1-2 ай; фосфадпен 0,05 г күніне 3 рет- 25-30 күн, рибоксин 0,2 г күніне 3 рет 10-14 күн;
эссенциале 2 капсуладан күніне  3 рет 1-2 ай, әрі қарай 3-4 капсуладан 3-6 ай;
реамберин 200-400 мл вена ішіне  тамшылатып 2-10 күн.

Профилактика
•зиянды әдеттерден аулақ болу;

  • анамнезінде реакция анықталған дәрілерді тағайындамау;
    • созылмалы бауыр ауруы болса гепатотоксикалық әсері бар дәрілерді бермеу;
  • жеке басының дәрілерге сезімталдығын тексеру(мүмкіндігінше).

Токсикалық гепатиттердің алдын алу сұрақтарын шешу кезінде алдын ала және кезеңді түрдегі медициналық тексерулердің маңызы зор. Жұмысқа алар алдындағы алдын ала тексерулер үшін жұмысшының токсикалық гепатитпен және алкогализммен зардап шекпейтінін гепатотропты заттармен жұмыс істеудің қарсы көрсеткіштерінің болмауына қатал түрде қадағалау жасау керек.

Материалды достарыңмен бөлісіңіз
comments powered by HyperComments
НашарОнша емесОрташаЖақсыТамаша (әлі баға қойылмады)
Загрузка...

Ұқсас материалдар ...